Ойын бизнесі туралы заң қабылданды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 июл 2024
  • Мемлекет басшысы ойын бизнесі мен лотерея қызметіне қатысты Заңға қол қойды. Сондай-ақ, нормаға денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, құмар ойындарға бәс тігуге тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған тұлғалар қосылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға бәс тігуіне шектеу қойылады. Ол талапты сақтамағаны үшін жұмыстан шығару шарасы да қарастырылған.
    «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
    Бізді RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
    Watch us on satellite TV, RUclips and social networks. Leave your comments under this video!
    #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана

Комментарии •