Абдулхамит Райымбергенов - "Қазанғап пен Үсен төре күй тартысы"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 июл 2020
  • Абдулхамит Райымбергенов - "Қазанғап пен Үсен төре күй тартысы"
    «Dombyra» телеарнасы - қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 130

  • @user-ky1bw5ue1d
    @user-ky1bw5ue1d 5 дней назад +1

    Керемет, жасай беріңіз!

  • @user-pz6yn5og5x
    @user-pz6yn5og5x 3 года назад +46

    Ой, Әбеке, мың жасаңыз. Сіздің домбыра тартқаныңыз төбемді көкке жеткізді.Есіл- дертім Қазанғап күйлерін тыңдап, сол кісі туралы нақты деректерді тыңдау еді, сол арманыма жеттім. 2-3 жыл бұрын Ақтөбеге тойға барғанда, Қазанғаптың күйін тыңдадым.Қандай керемет, жан Қазанғап атамыз. Сізде кереметсіз, қазақтың күйлерін зерттеп, халыққа жеткізген. Жаныңыз жамандық көрмесін, от- басыңыз, бала- шағаңыз аман болсын. Сізге бір өтініш , Домбыра арнасына айтыңызшы, ән айтатын, күй тартатын адамның аты- жөнін ақсары түске ақпен жазбасын, қараға ақпен бе, әйтеуір түсінікті етіп жазсын. Қай жақтың күйі екенін домбыра қағысынан шамалаймын. Егер, жан- тәнімен беріліп домбыраны тартса, ол күй кіші жүздікі, ал, кербезденіп, шертсе, ол орта жүздікі. Бұрын Домбыра телеарнасын көп тыңдайтын едім, қазір қарағым келмейді. Себебін жоғарыда айттым. Менің білгім келеді, күйді кімнің шығарғанын, мүмкін болса шығу тарихы және кімнің орындағанын. " Көргеннен көз ақы алады",- деген мәтел мендейлерді мезгеген екен.Сізге көп рахмет шын көңілден.

    • @user-oq2mn9yi6c
      @user-oq2mn9yi6c 2 года назад +1

      ,Abdyjxamit Aha Rakmet! Ajja sizge yzak hymir sijasin

    • @user-ou6hp3pv1x
      @user-ou6hp3pv1x Год назад

      Абдулхамит рахымет саған қартаима

  • @userbaya7093
    @userbaya7093 4 года назад +25

    Рахмет абдулхамит иним!!! Казак домбрасыз тусинилмейди! Казак жигити деген атка лайыксыз! Каракалпак аган профессор.алеуов усербай

    • @user-mr1yz5ef9z
      @user-mr1yz5ef9z 3 года назад +5

      Ассалаумалейкум абеке иним коргениме куаныштымыз мен сизды ертеде теледидардан корып едым домбра уйрену мектебынен браз тусник алып едым Рахмет кол аягына дерт бермесын узак гумыр тилеймыз...

  • @sembaevilias2557
    @sembaevilias2557 3 года назад +13

    Көкіл керемет күй!!!!

  • @user-so5tz1mk8c
    @user-so5tz1mk8c 3 месяца назад +1

    Супер 🤝🧏

  • @user-jt9be3vs2c
    @user-jt9be3vs2c 4 года назад +17

    Керемет жарайсың күйші ұстаз

  • @user-xl8dj3bi2l
    @user-xl8dj3bi2l 3 месяца назад +4

    Алла разы болсын

  • @user-fd5jr5sf6l
    @user-fd5jr5sf6l 3 года назад +22

    Абеке рахмет сизге осылай казахтын куйин дариптей беригиз коп жасаныз!

  • @user-cz4ic2wq5n
    @user-cz4ic2wq5n 4 года назад +25

    Бәрекелді, Ақсұңқар құс күйі қосылып әдемі аңызымен толықтырып тұр.Керемет

  • @zhaszhas6810
    @zhaszhas6810 3 года назад +14

    Оттин дуние куйин тынданаган кезде козден жас агып кетти ау

  • @user-lt9yx6zn4x
    @user-lt9yx6zn4x 3 года назад +14

    Жарайсың Абеке!!! Көп жаса!!!

  • @rims4297
    @rims4297 3 месяца назад +3

    Это просто божественно лучше ничего не слышал

  • @user-ho9hh8li3f
    @user-ho9hh8li3f 3 года назад +69

    1979 жылы әкем Бақыт Басығараевты Әбдулхамиттың әкесі Ақтөбеге үйіне шақыртты. Ол кезде Әбдулхамит консерваторияны бітіргелі жүр екен. Диплом жұмысы Қазанғап күйлері болса керек. Бір шегініс жасайын. Мен ол кезде педучилище студенті едім, домбырадан маған сабақты Әбекеңнің әкесі Ысқақ Райымбергенов беретін. Ол кісі үзілісте дәлізге шығып кеткен еді, мен соны пайдаланып, ол кезде беймәлім "Құс қайтару" ("Қиту-қиту қайт-қайт") күйін шерте бастадым. Ағай ести сала жедел кірді де, сұрақтың астына алды, кімнің күйі, қайдан үйрендің т.б. Мен әкемнің күйші екенін, өмірінше Қазанғап күйлерін тартатынын жеткіздім. Сөйтіп, әкемді бұл кісілер ауылдан шақыртып, барлық күйлерді күй тарихымен бірге жазып, үйренді. Әкем сол кезде Әбекеңе риза болды, зейінді екен, дәлме-дәл нотаға түсірді, дәл орындап шықты деп. Қазір тыңдап отырмын, әкемнің баяндауы да, орындауы да дәлме дәл көшірме болған екен. Тек Әбекеңе бір назым бар, осылай күйді орындап, тарихын баяндаған кезде Бақыт Басығараевтан дәл осы күйінде естіп едім деп бір аузына алмайтыны қиын. Әкем марқұм күйді оның тарихын кімнен үйренгенін айтып отыратын. "Шынаяқ тастар"," Көкіл", "Күйшақырғыш Ақжелең", Құс қайтару, Өттің дүние, кеттің дүние т. Б. көп күйлерді о баста 1979 жылы әкемнен жазып алғаны бізге жақсы мәлім ғой... Әрине, шығармашылығын ол одан кейін де жетістірген шығар, бірақ қазаңғаптанушылығының бастауын марқұм менің әкем бастап берген еді. Өттің дүние...

    • @iska7662
      @iska7662 2 года назад +11

      Қапа болмаңыз, шындық қап түбінде жатпайтын қанжар сияқты, бір күні тесіп шығады. Әкеңіз болмаса бұл күйді білмес педік бәлкім? Марқұм әкеңіз қазіргі бөріалалар емес өнерін ақшаға сататын, болашақ ұрпақтың қамын, тәрбиесін ойлаған адам екен. Аруағы разы болсын.

    • @user-uc8ng5lr2f
      @user-uc8ng5lr2f 2 года назад +1

      @@iska7662 ц бұл

    • @user-uc8ng5lr2f
      @user-uc8ng5lr2f 2 года назад +10

      Күйді тартатын жастар болу керек күй өлмейді,себебі Қазанғаптың ұрпақтары Шалқар өңірінде жеткілікті

    • @user-li7rn5mj8f
      @user-li7rn5mj8f Год назад +3

      ​@@iska7662 .

    • @salamatkenesov8949
      @salamatkenesov8949 Год назад +6

      Акку куйии де Казангаптики гой. Кус кайтару сол шыгар балким.

  • @hursaylebaidildaeva523
    @hursaylebaidildaeva523 4 года назад +25

    Керемет аңыз әңгіме айттыңыз рахмет, шіркін сол заманның төрелері де неткен ұлтжанды болған, ханынан бастап карашасына дейін өнер сүйгіш салт дәстүріне берік балганы қайран етеді. Қазір ше қазір бәрін ақшамен олшейтын болдық кой әр берден соң сол қырқылған ку қағазға табынып кетпесек ед. Ал мына кісілер ге мың алғыс ұлтымыз дың құндылық тарын дәріптеп елге жеткізіп отырған

  • @user-fs7ko4ug3c
    @user-fs7ko4ug3c 3 года назад +23

    Керемет Аға Қазанғап күйін нағыз бабымен тартасызау жүз жасаңыз ата баба қолдап

  • @altertaletoriel8460
    @altertaletoriel8460 3 месяца назад +3

    Қандай рухани азық бердіңіз, көп рақмет❤

  • @abrahamsteinberg8374
    @abrahamsteinberg8374 4 года назад +25

    Керемет, бурын естимеген куйлерди тындадым!!!

    • @user-zr7kk8qp2g
      @user-zr7kk8qp2g 3 года назад +1

      Абдулхамит ага коп жасаныз.

  • @bolathanbolathan3238
    @bolathanbolathan3238 Год назад +6

    Керемет аңгиме куи, көне қарт куишилер куи шертип аңызын аитатын еди ғои.

  • @user-yj1kl7lp9t
    @user-yj1kl7lp9t 3 года назад +9

    Керемет !

  • @magabak1720
    @magabak1720 Год назад +4

    Қандайкеремет!қазақ болғанма мақтанамын!біздің мәдениетміз әлде-қашан әлемнің алдна шыққан екенғой!осы асыл қасиетмізден айрып қай-жайдағы болмайтын дінни уағыздамалармен ұлттық мәдениетмізді шайтанның-үні деп хараметіп жүрген надан сорлылар қаншама!?қандай-сезім қандай адамгершлік!бізді осындай асыл қасиетмізден мал-жанмыздан осы сртқык-үштермен яғный орыстармен және жат діннифанаттар(мозикахарам дейтін) айруға күнібүгінгедейін атслсып жүргені жоқпа!?осындай үндермен өзі-ара ойын жеткізетін қазақтан-артық кім-бар?шыңғысқанғада осы екі-ішекпен жеткібедіма!?жасасвн қазақғым менің!рахмет аға,қандай керемет жеткізңіз!Алла-сізге қуатберсін!осындайшежрелерді көптеп жеткзңіз,ұрпақтар білсін,солкездегі қазаөтың қандай керемет екнін елестетіп еріксіз көзіме жастолды!төрелер қандай десеңізші?!қазіргі сорлы бейшара дүниеге тоймайтын қорқау билкті тізгндеген жетесіздер, халқпен санаспайтын сорлы басшларды ойлап көңлім босап отқан жайымбар!Алла сізге қуат берсін!рахмет!!!Е.ж

  • @abdilazhinkurmanbayev9919
    @abdilazhinkurmanbayev9919 Год назад +17

    Күй құдіретін ұғыныуы үшін қазақ баласына жасынан қазаққы ертегі аңыз әңгімелер,жыраулар жырын тыңдап, ұғына өссе,есейе келе ұлтын сүйер азамат болып өсері анық.
    Ата баба сара жолымен,қасиет қадірімен далаға деген шексіз миірімімен әр бұтасын,әр төбесін қадірлей қастерлей өтері анық.
    Күй жан тереңінен,тылсым табиғат,бабалар рух сарынынан ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таба бермек.

  • @kopekasarbay8388
    @kopekasarbay8388 Год назад +4

    Рахмет. Абдулхамит өте тамаша ата бабаларымыздың өткен өмірін өнерін өте әдемі әсерлі етіп баяндап бердің. Үлкен рахмет. Тек сенен бір өтінішім, мына бізің қазіргі домбыра тартып жүрген жастарға күй тарту біреу артыңнан автоматпен қуып келе жатқандай сабалау емес бабымен күйдің мағынасын тыңдаушыңа жеткізе білу екенін ұғындырсаң құба құп болар еді.

  • @davidg.5292
    @davidg.5292 3 месяца назад +2

    Спасибо. Юрта жаксы.

  • @user-zc1xx9hj7v
    @user-zc1xx9hj7v 2 года назад +8

    Көп рахмет сіздің домбыра тартуыңыз маған ұнайды Алла сізге қуат берсін

  • @user-nz7ti9lf6w
    @user-nz7ti9lf6w 2 года назад +23

    Хамит аға жасай бер,сіз кейінгі ұрпақтық күй перісіз халыққа береріңіз көп болсын сау болыңыз

  • @user-ry7nv2sv4z
    @user-ry7nv2sv4z Год назад +2

    Керемет бәрі қайырлы берекелі құтты сәтті болсын мың алғыс рақымет.

  • @user-bk5zo7sl6x
    @user-bk5zo7sl6x 2 года назад +5

    Аға əлла разы болсын

  • @user-nf5sz7uc8t
    @user-nf5sz7uc8t 3 года назад +6

    Айналдім қазақ ім💪♥♥♥♥

  • @user-hi6ee2ys8n
    @user-hi6ee2ys8n 4 месяца назад +3

    Агатай күйлериңе көп рахмет. Мың жасаңыз.

  • @user-jk6ro8fj6g
    @user-jk6ro8fj6g 4 года назад +23

    Сіздің мұрагер бағдарламаңыз маған өте қатты ұнайды. Сізге алғысымыз шексіз! Күйдің тарихымен естіген керемет

  • @user-ez6pt3cw3t
    @user-ez6pt3cw3t 2 года назад +4

    Рахмет.

  • @user-ke8eo8ug4o
    @user-ke8eo8ug4o 7 месяцев назад +3

    Абдулхамит інім өркенің өссін!!!

  • @user-nf5sz7uc8t
    @user-nf5sz7uc8t 3 года назад +23

    Қазақ да домбыра ат көлікміз аман, еліміз аман болсын 😭😭😭😭😭♥♥

  • @user-zr8yv6oc7p
    @user-zr8yv6oc7p 4 месяца назад +2

    Шіркін домбыра ✨✨✨🧚🧚🧚💖💖💖

  • @user-es9cy1ly8g
    @user-es9cy1ly8g 3 месяца назад +1

    Бүлкілдет шіркін бүлкілдет.

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +8

    СУПЕР игра. Помню я слушал завараженный на свадьбе у СЕБЯ.

  • @user-qe4zr6pg3n
    @user-qe4zr6pg3n Год назад +2

    Хамит ага куйынгандай жаксы омырын узакболсын саубол

  • @user-dq8vu9nc4w
    @user-dq8vu9nc4w Год назад +3

    Абеке коп жасаныз.Казангап жакемнин керемет куйлерин тартып конилимизди котерип тастадыныз.жанагы бир тарткпн куйинизди биздер Кокилдин Каратоси деп айтушы едик

  • @user-ce7ii9md7f
    @user-ce7ii9md7f 3 года назад +4

    Рахмет аға

  • @syanziyakuptileuova1297
    @syanziyakuptileuova1297 4 года назад +6

    Бәрекелді!

  • @tuletayshalamanova2324
    @tuletayshalamanova2324 Месяц назад +1

    Керемет!
    Күй өнерінің жастарына жұғысты болсын!

  • @user-yu7di8pi2m
    @user-yu7di8pi2m Год назад +11

    Нағыз қазақ аман болсын

  • @banzaikbanzaik6923
    @banzaikbanzaik6923 7 месяцев назад +2

    Керемет әңгіме,куй.Осыны әрі жалғайтын жастарымыз тыңдап журген жок,осыны мектепте балалардың кішкетай кезінен бастап тыңдатып үйрету керек

  • @user-ho8qj8zc2s
    @user-ho8qj8zc2s 2 года назад +4

    Жасай беріңіз, аға.

  • @user-xt7kg7ev9o
    @user-xt7kg7ev9o Год назад +7

    Өркенің өссін.Домбыра шанағынан күмбірлеген әуенді сазды күйлерің көп болсын. Қазақта шүкір күйші көп. Бірақ соның ішінде өзіме ұнайтын екі күйші бар. Бірі жерлесім Маңғыстаулық Сержан Шәкратов екіншісі осы Абдулхамит ініміз. Денсаулық ұзақ өмір тілеймін Күйші азаматтарымыз аман жүрсін.

  • @ultzhandyqazaq
    @ultzhandyqazaq 2 года назад +10

    Керемет, сізге көп рахмет. Осы дәстүр әрмен карай жалғасын тауып жалғаса берсе екен. Кейінгы кезде осы әлкисса былай, - депті деп айтып отыратын орындаушылар кемде- кем сиякты.

    • @user-yq3kf7cg3y
      @user-yq3kf7cg3y Год назад

      😅😅❤щ

    • @RuslanMaqsetov-hf2sy
      @RuslanMaqsetov-hf2sy 4 месяца назад

      Ои́ кереметкереиетеситип куанып калдым казак азаматымыз сауболсын нокистен орынаи ападан сэлем ошпесбакыт мыкты Ден саулык тилеимин кулактын курышын кандырдын ракмет

  • @user-xt1ez8lm2r
    @user-xt1ez8lm2r 2 года назад +4

    Керемет соз жок

    • @user-jv2jl1fv7z
      @user-jv2jl1fv7z Год назад

      Қандай керемет аяқ астынан күи шығару деген, ол кезде нота деген білмеген солай бола тұра, күшілерге елден елге тараған,қалай ойда сақтау қабілеті мықты болған деимінда.

  • @user-iq5wp9qd5f
    @user-iq5wp9qd5f Год назад +1

    Керемет рахмет

  • @user-zr8yv6oc7p
    @user-zr8yv6oc7p 3 месяца назад +1

    Уақыт сәтімен амандық болса білетін боламыз.
    Шоқтығы бйік тірі күй 💎💎💎осы домбыраның шынайы үні екені анық . Естіген, түсінген адамның жанын тербейді . Қазанғаптың күйлері ұлтымыздың мақтанышы құнды өлмес -өшпес мұрасы . Қазақ болғаныңызға мақтаныңыз 🍀🍀🍀🦋🦋🦋🎆🎆🎆🌟🌟🌟

  • @user-nx5vf7bu7h
    @user-nx5vf7bu7h 4 года назад +4

    Керемет

  • @Aybat_Karibay
    @Aybat_Karibay Год назад +1

    Керемет ❤❤❤💯💯💯

  • @user-th5sl5in5t
    @user-th5sl5in5t 4 года назад +15

    Мен домбыра тартып үйренгім келеді менің атым Аяулым жасым он жаста

    • @user-th5sl5in5t
      @user-th5sl5in5t 4 года назад +2

      Маған келіскен қазақи адамдарға рахмет мен домбыраны жақсы көремін әр бір қазақ домбыраны білу керек.

    • @abrahamsteinberg8374
      @abrahamsteinberg8374 3 года назад +1

      Ізденіп тұрған адам табады

    • @tanymal
      @tanymal 3 года назад

      Инстаграмда @kz.dombyra парақшасынан үйрене аласыз

  • @user-uz1fk4xn4e
    @user-uz1fk4xn4e 10 месяцев назад +1

    Беу ,, замандас ,курдас сизге куаныштымын ,шыгармашылык табыс коп тилеймын ...

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +3

    КАТИМА АПАЙ МОЯ ПЕРВАЯ УЧИТЕЛЬНИЦА. КРАСАВИЦА И ТРЕБОВАТЕЛЬНАЯ. МАМА ЭТОГО КАЗАХА КОТОРЫЙ МОЛЧИТ КОГДА КАЗАХ ЗАЧМОРИЛСЯ ПЕРЕД ШАПЫРАШТЫ НАЗАРБАЕВЫМ.

  • @user-td7se6es6u
    @user-td7se6es6u 4 года назад +5

    👍👍👍

  • @user-bh4mi7je5w
    @user-bh4mi7je5w 5 месяцев назад +1

    Өте керемет, мағынасы өте керемет

  • @user-xo5iv6lo6v
    @user-xo5iv6lo6v 4 месяца назад +1

    Бул куулордун бир эки ооз жырын кошо айтсанышы туганым

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +5

    ТІСІМДЕ ЕМЕС ТҮСІМДЕ ҚАЗЫ ҚАРТА ЖАЛ ЖАЯ. НА МАЖОРНОЙ НОТЕ.КҮЙ ТАРТШЫ КҮЙ.

  • @Dombrat23
    @Dombrat23 2 года назад +2

    11.55 Аксункар кус куйi куууууштi!

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +4

    Әй қазы қарта жал жая жеген күн. Келеді аспан бұлттанып и т.д..

  • @user-on7ss9ev4h
    @user-on7ss9ev4h 3 месяца назад +2

    Менин бир усынысым бар. Мемлекет басшылары депутаттар халыққа оздеринжурттын нагыз қалаулы улдары екенин корсетип қандай өнерлері барлығын корсетип күй андерин басқадай өнерлері барлығын елге паш етип экраннан коринип тұрса. Болмаса халық олардың шындыгына сенбейди.

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +9

    ОН ИГРАЕТ . ДОМБРА ГОВОРИТ

  • @Bdmitr814
    @Bdmitr814 4 года назад +4

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-gp9fk4yp8z
    @user-gp9fk4yp8z 4 года назад +5

    👍👍

  • @user-pc1vm1ys6c
    @user-pc1vm1ys6c Год назад +1

    🔥🔥🔥🔥🔥

  • @azhekalovedosdos6187
    @azhekalovedosdos6187 Год назад +3

    Үсен төрені тарихтан неге оқымағанбыз

  • @user-gd7bq3rp4q
    @user-gd7bq3rp4q 4 года назад +4

    👏👏

    • @hursaylebaidildaeva523
      @hursaylebaidildaeva523 4 года назад +1

      Султан сәлем, сен осы Полит каз арнасында пікір жазып жүретін жігіт емессын ба?

  • @user-ly2et9jh1p
    @user-ly2et9jh1p Год назад +3

    Супер. "Қиту-қиту, қайт" күйі мен "Құс қайтару" екеуі бір шығарма ма?

  • @qazaqnomad2849
    @qazaqnomad2849 Год назад +1

    Осы ағамыз жақсы шертеді домбыраны. 👍💯

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +3

    ДОМБРАНЫҢ ҮНІ ЖОҚ. ҚАЙДА МЕНІҢ АҚЫНЫМ ҚОЛЫМА МЕНІ АЛАСЫҢ . ЕКІ ҚҰЛАҚТЫ БІР ҮНГЕ ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢЫН ЖЫРЛАЙСЫҢ.ХАЛҚЫҢ СЕНІҢ ЕТ ЗАРЛАУЫН АЙТТЫМА. ҚАЗЫ ҚАРТА ЖАЛ ЖАЯ ЕКІНІҢ БІРІ ЖЕГЕН КҮН.ЕАЯҒЫМ КҮС БОЛСАДА ЕТТЕН ТІСІМ ҚЫШЫҒАН. БҮГІНДЕ АЙТАМ АҚЫН ЖОҚ. АҚЫН БОЛСА МЕН ҚАЗАҚ ТІСІМДІ ЕТСІЗ ШҰҚЫҒАН.

  • @user-fk9do3kc5z
    @user-fk9do3kc5z 3 года назад +5

    Казангап атамыз руы торе актобенин шалкар ауданы бурынгы айшуак совхозынын территориясында улкен борсык кумнын шетинде кыстагында жерленген .ал жаз жайлауы шекаралас карабутак ауданы талдык совхозынын территория сында казангап деген табигаты адеми жер бар.сол атамыздын жайлауы еди деп айтып отырушы аксакалдар

    • @user-fs7ko4ug3c
      @user-fs7ko4ug3c 3 года назад

      Қазанғап руы Шанышқылы Қабақ руы Таласбай Құттыбай аталығының арасына келген ата бабасы.Талдықта болды деген дерек болмады ешқашан толықтырып жазыңызшы бәлкім рас та болар

    • @user-el3vu7ih7b
      @user-el3vu7ih7b 3 года назад

      @@user-fs7ko4ug3c талдықта Қазанғап деген жер бар

    • @Kassak70
      @Kassak70 2 года назад +1

      Қазанғаптың руы ұлы жүз шанышқылы ,ешқандай төре емес,төре ол Үсен төре

  • @user-vx2dx5ht4t
    @user-vx2dx5ht4t 3 года назад +5

    Бұл дегенің басындағысы Қайран да менің Еділім ғой. Қазанғаптыкі емес Қазтуғандыкі.

    • @AaD-wz9xg
      @AaD-wz9xg 3 года назад +1

      @@iska7662 , Көкіл күйін Қазтуғанның жырына әуен етіп үйлестірген Ақселеу Сейдімбек. Б.Тілеуханның айтып жүргені сол.

  • @abrahamsteinberg8374
    @abrahamsteinberg8374 4 года назад +8

    Ширкин ай, куйдин орындау барысында тарих

  • @user-cy2gv5xq3p
    @user-cy2gv5xq3p 2 года назад +5

    Ертеде мен Ақтөбеге жақын жер-
    де , Қандағаштан 50-60 шакырым
    дай жерде ай далада , қырдың ба-
    сында Қонжар деген жерде жетім
    балалар үйінде болып едім.
    Тап сол Қонжар Үсен-Төренің ауы
    лы болған шығар ... Осы жазға-
    нымды білетін біреу көрсе - айтып
    жіберсе екен ! Күтемін. Рахмет.
    Құрлысын керуен - сарай деп те
    болжауға болады , канализация-
    ның ізі бар еді , төменде бұлақ ,
    орман , 2-3 шақырымдай жерде
    Ойыл өзені ... ауылдар ...

    • @user-do4wu6ch3k
      @user-do4wu6ch3k 6 месяцев назад

      Мен Үсен Төре атамыздың ұрпағымын.Естуімше,атамыздың ауылы Қарғалы ауданында болған.Сіздің айтып отырғаныңыз басқа жерлер сияқты.Дегенмен де,сіздің солай пайымдауыңызға қандай себеп әсер етті?Неліктен осындай тұжырымдамаға келдіңіз дегенім

    • @user-cy2gv5xq3p
      @user-cy2gv5xq3p 6 месяцев назад

      @@user-do4wu6ch3k Қазанғапты
      тартатын домбырашылар Үсен-
      Төрені көп айтады: ОЛ кісі де үл-
      кен ДОМБЫРАШЫ болған екен.
      Өзі бай адам және Заманында
      Бизнестің да маңайында болған
      сияқты көремін. Сауда-Ярмарка-
      ларға жақын болған сияқты, Қо-
      ныс САУДА жолында, Қалаларға
      жақын орналасқан сияқты ...
      Яғни ҚҰЛАШЫ кең адамға ұқса -
      тамын.
      Менің айтып жүрген ҚОНЖАРым
      тап осының бәріне САЙ қоныс ...
      Темір, Ақтөбе, Қандағаштарға жа-
      қын Жолдың үсті, Өзен, Былақ, Жайылым ...
      Ауылдың құрлысын айтайын: Ко-
      нысы КВАДРАТ формасында өте
      ойланып салынған Караван-сарай
      Квадраттың бір жағы 100 метр -
      ден кем емес. Үйлер, қоймалар,
      сарайлар - бәрі бар. Бұрыштағы
      бір үй күйдірген қызыл кесектен
      әшекейлеп салған, төбесі шатыр.
      Квадратқа кіретін Қақпа бар жә -
      не есіктер да бар.
      Ойда жоқта ауланың ішінде бір
      жер опырылып еді ішінен КАНА-
      ЛИЗЦИЯның құдығын байқадым.
      Жоғарыдағы айтылған қызыл ке-
      сек үйдің ПОДВАЛынан Латынша
      жазылған Қазақ тілінде кітапты да көріп едім ...(екінші кластамын
      Соғыстан кейінгі уақытта Детдом
      дар көрінген жерлерде, көптеген
      жерлерде болды. Шамасы айдала
      дағы Қонжардың ыңғайы Детдом
      ға ыңғайлы болған шығар деп ой-
      лаймын.
      Қазірде ауылдың ізі ғана бар. Мектеп та, тұрғын үйлер да бар
      еді ... Ал енді бұл ауылды Үсен -
      Төренің ауылы деп мен Домбы -
      рашылардың әңгімесіне қарап
      және өзімнің ой-өрісіме қарап ай
      тып жүрмін. Себебі мен Үсен-Тө
      ре болсам тап сол жерге қоныста
      нар едім деймін ... Сұрастырып
      көрсең бәрі әлі сайрап тұр, таба -
      сын да, таңданасын да ...
      Сау болыңыз.

  • @user-wi7by7gy7n
    @user-wi7by7gy7n 2 года назад +1

    Ассалаумағаләйкүм күй тыңдарман халқым,Райымбек аға сізде Қожакелді Амановтың жазылған видеотаспалары барма.

  • @user-hu1oc8ev3f
    @user-hu1oc8ev3f 3 года назад +2

    Alladan habar. Dombyra tv jana jaye new Qazaqstan Kazahstan Europa VARSHAVA aeroporty. Akzer Alla Qajy Mekkeden Prezident ООН Ақзер Бекзатова РК ҚР Akzer Bekzatova Nursultan Astana AKORDA NAZARBAEV TOKAEV Kazahstan Qazaqstan

  • @user-mn7hy9ms6p
    @user-mn7hy9ms6p 3 года назад +4

    Усен торе деген кім болды
    екен. Басшы ма?
    Бес торенің бірі болар
    Бес торе куйіндегі..

    • @user-fs7ko4ug3c
      @user-fs7ko4ug3c 3 года назад +1

      Үсен төре Шыңғыс тұқымы Арынғазы хан тұқымы Орынбор Қарақамыс Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесінің базарбасы сауатты ел ьасқарған мықты күйші болған.Қарғалы бойында жерленген атақты Қамбар Медетовтың қайынатасы болған

  • @user-dw1mb5bm4o
    @user-dw1mb5bm4o 10 месяцев назад

    Қазанқаппен ұлы Тәттімбеттің руы қандай екенін салт- дәстүрі айтады.
    Қазанқап- Албан- Алжан ,Қожамәмбет- Сіргелі, Бұзау- Тана
    Албан - Алжан- Әлі- Көшек..

  • @altertaletoriel8460
    @altertaletoriel8460 3 месяца назад +1

    Қазақ деген ол домбыра, екеуін ажыратуға болмайды. Бір туған. Домбыраның да адамның бойындағы сияқты жеті көзі бар қасиетті, вибрациясы жоғары, рухыңды көтересің. Куйлер көп тыңдаңыздар, рақмет ағамызғс

  • @user-fz2lz5uq5k
    @user-fz2lz5uq5k 11 месяцев назад

    Бірінші тартканы Казтуғанның еділім әні емеспе.

  • @user-nf5sz7uc8t
    @user-nf5sz7uc8t 3 года назад +2

    Нұр бот тіңдаңдар

  • @user-kj9ok2cr1b
    @user-kj9ok2cr1b Год назад +1

    Х00

  • @user-th5sl5in5t
    @user-th5sl5in5t 4 года назад +8

    Домбыра асыл мұра ғой

    • @bayanbaibagisova7777
      @bayanbaibagisova7777 4 года назад +3

      Тамаша. Рақмет аға

    • @user-nf8ku9xk9x
      @user-nf8ku9xk9x 4 года назад +3

      Рақмет Әбеке бір жасап қалдым күй тыңдап әкемді еске алып алла сізге денсаулық берсін күйгі бабалардың әруағы сізді қолдап жүргей

  • @meiramkul7132
    @meiramkul7132 Год назад

    Ол 5 от

  • @user-qx9zs3sn3r
    @user-qx9zs3sn3r 3 года назад +2

    ҮНІ ЖОҚ ДОМБРАНЫҢ .сайрасаң сайра қазы қарта жал жая түсімде емес түсісімде. Стер КАК всегда райымбергеновый стирают мои КОМЕНТЫ

  • @lazzatzhusipbekova3368
    @lazzatzhusipbekova3368 5 месяцев назад +1

    Керемет

  • @user-eh7du9ds7g
    @user-eh7du9ds7g 3 года назад +4

    Керемет