Ата сен кеткелі Жомарт Аманғалиев оқыған Айбек Созақбай
HTML-код
- Опубликовано: 28 дек 2024
- “Ата сен кеткелі”
Тәте, ақ тәтемау, тәтетайым,
Бар кезіңде болған ем, саған уайым.
Сен кеткелі өзгеріп кетті бәрі
Қателікшіл боп кетті қазір жайым.
Неге ерте түсінбегем бұрын бәрін,
Сөздеріңнің енді ұқтым шырындарын.
Алса дағы жасымды орда бұзар
Енді ғана қатайды буындарым.
Алла берген бар деуші ең- сыйың, бағың .
Сен кеткелі бұзылдым, қиындадым.
Бұған дейін сіз жайлы жазбағаным
Жоқтығыңды келмеді мойындағым .
Көңілің кең, бұлақтан тұнықсың ау,
Байқалтпадың ішіңнен тыныпсың ау,
Соңғы сәттер жаныңда бола алмадым
Соны ойласам, тарылады тыныс мынау.
Кете бардың асылым, алатаудай.
Көндім енді тағдырға шара қандай,
Атыңа кір келтіріп табаланбай-
Ақылыңмен, жолыңмен келембе деп,
Артыма көп қараймын жаралы аңдай.
Жасырып неғыламын,
өкпелімін, ағайын-бауыр, барлығына.
Түсіп кеткен дүние сандығына.
Көріп тұрып қалайша жыламайын?
Шағып жатыр шыбындай жанды мына.
Тың едің ғой атам ау, жас жігіттей.
Сабырмен саралаушы ең, қатты кетпей.
Сая болдың тау едің, бәйтеректей
Мәңгілікке кеткеніңді көтере алмай,
Көрінемін содан мен тас жүректей.
Ішім күйіп, терістеу кеттім бүгін ,
Білемін жақтырмайсың,
Кетсем де, мені бірақ жат қылмайсың,
Сырласқым келіп жүрген түрім осы.
Неге тәте түсіме кеп тұрмайсың.?
Құлағымда, ақылың Әзілдерің .
Ақылсыздау сықбұтым қазір менің
Бұл балам сорлы болып кетті деме.
Енді тұрам , бұрын мен әзілдедім.
Сөзің еді құлы бол сыйлағанның
Сол сөзіңнен күш алып ышқынамын
Айналамның барлығын дос қыламын
Бүгін мұңнан тұманым басты қалың
Мен Әбестен тараған тұяғы едім
Қайда кетіп қалдың дар жақсыларым
Бәрі өзгерді,сенен бұрын шықпағандар,
Жақсылықтың қадірі жұқпағандар,
Өзің жайлы жақсы сөз айтып жатыр
Қадіріңді, арымен сақтағандар.
Өмірді өрлігіңмен өрнектеген
Үлгі алар, тұлға едің барлығына.
Мұңдас едің мұңдының мұңдығына,
Жалғандыққа жаны қас заңғар едің-
Сізден көргем, шындықтан шыңды мына,
Ұлың едім, елге ол таңсық емес.
Қасыңнан айналшықтап, ұзамаған,
Сен барда, қамал барма еді бұзалмаған
Соңғы кезде жасқаншақ болып кеттім
Үйден шықпай, сиырдай бұзаулаған.
Айтылмаған сырымыз көп еді шын,
Шырылдаған жан едің бір мен үшін
Сен жайлы, әлі талай жыр жазамын,.
Саған ұқсап болыппын әңгімешіл
Поэзия қазақ әдебиеті шығарма ақын ата ана өмір
Керемет👍Айбек мырза👏
Рахмет.Бауырым
Рахмет сізге. Атамды еске алып жылап алдым😢.
Керемет олен
Керемет мағынасы кушті
Керемет
Тамаша ....
Тыңдай бергің келеді
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Өте әдемі оқисыз!👍
👍👍👍🕊
🫶🏻🫶🏻🫶🏻
Ата туралы сиякты еди… неге тате? Тусинбедим
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
👍👍👍🕊