7 ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ - СҰЛУ ЖАР!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 фев 2025
  • Әйел ақылды болса, салқынды жылытады. «Ақылына көркі сай» деген халық даналығын жиі айтамыз. Себебі, ажарлы адамның ой-өресі де биік болады. Ақылды арудың өзі де, сөзі де сұлу, ол ылғи да білімге жүгінеді. Қазақ қызы бір ғана ауыз сөзімен ешқандай да қалың тон, жылы көрпе де, тіпті жанып тұрған от та жылыта алмас көңілді жылытады.
    Әйел күлімсіресе - тас боп қатқан жүректерді жібітіп, мейірімділік орнатады. Әрбір әйел - ақ босағаның аруы, үлкен шаңырақтың береке-құты. Оның мейірбан жүзі, парасат-ақылы, сырбаз мінезі қандай жанды болмасын баурамай қоя алмайды. Жылы жүзімен айналасындағыларға шуақ шашып, жарқыраған күндей болған әйел қауымы - шынайы әдеміліктің үлгісі.
    Әрбір әйел өз табиғатынан алыстамағанда ғана бағалы болады. Ол өзiне берiлген табиғи көрiктi жасандылыққа жұттырмай, өз орнымен сақтай алғанда ғана сымбатты болып қала бермек.

Комментарии •