Перзентханада жүкті әйелді не күтіп тұр?/Роддомның ішіне шолу
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Жүктілік кезінде әйелді көп мазалайтын сұрақтар - ол қалай разрывсыз босансам болады, қандай перзентханаға барамын, акушерка немесе дәрігерді таңдау керек па, мен баратын роддомда жақсы мамандар бар ма деген сұрақтар.
Бұл видеода, мен, Алматы қаласында орналасқан ең мықты перзентханалардың біріне шолу жасадым. Ол акушерия, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу орталығы. Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін бұл орталықта Қазақстанның түпкір түпкірінен тек жүктіліктері асқынған, денсаулығында ауыр ақаулар бар жүкті әйелдер ғана босанған. Қазіргі таңда бұл перзентханада кез келген еліміздің азаматшасы босана алады.
Ол үшін жүкті әйел жүктіліктің 36 аптасында ғылыми-зерттеу орталықтың емханасына келіп, дәрігерге қаралуы керек. Қолына консультативті парақшаны алып, жүктілік бойы қаралып жүрген емханасына апарып беруі керек. Толғағы басталуымен осы перзентханаға келіп, босана алады
Бұл перзентханада тек дәрігер гинекологтар ғана емес, педиатр - неонатолог мамандар да өте мықты. Өйткені бұл дәрігерлер қаншама шала туылған нәрсетелермен, денсаулығында күрделі ақау бар нәрестелемен жұмыс жасап, күнделікті олардың өмірі үшін күрeседі.
Бұл перзентханада ақылы бөлімше де бар. Ақылы бөлімшеде сіз тек қана жақсы мамандар емес, 5 жұлдызды қонақ үйден кем болмайтын сервиске де ие боласыз.
Жүкті әйелдің босануының жақсы өтуіне психологиялық тұрғыда дайындық, дәрігерге деген сенімділік өте маңызды.
Бүгінгі перзентханаға жасаған шолу сізге өте пайдалы болды деп ойлаймын.
Менің инстаграм парақшам @doc.zhanar
Видеодағы перзентхананың инстаграм парақшасы @ncagip_kz
Видеодағы перзентхананың орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық 125.