Көшкенде жылқы айдаймын аламенен, Аулыңа барушы едім даламенен. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен. Қайырмасы: Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген. Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған, Самарқау, осы күнде көңілім шабан. Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ, Дариға осыменен өтті заман. Қайырмасы:
Жаным қазағым ау❤
Еркін ерекше дүние керемет дауыс, осы өлеңді тыңдасам керемет құлшыныс бір керемет жақсы боламын,!
Ой шіркінай, алтын дауысты өз заманының нағыз жауһарлары❤ өмірлік өлмейтін дауыстар , имандары кәміл болсын🤲🏻😌
Ғажап!!! Шіркін халық әндері ,ерекше дарынды орындаушылар!!! Бір жасап қалдық.....
Қазақтың нағыз алтын дауысты, алтын қоры осы кісілер ед! Жанды дауыста көсілте еркін шырқап, керемет әндер айтылатын! 👏👏👏👍
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
Қайырмасы:
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау, осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.
Қайырмасы:
Керемет.
Бала кезімде осы кісіңің орындауында көп әндер берілетің еді рахмет радиоданбір жасап қалдым
Каиран жусекен ай жатқан жерн жаилы болсын әнінді естп тек тамсанамыз танк аламыз мактанамыз
Жатқан жеріңіз жаилы болсын
❤
Керемет аншиии
👍👍👍
Әридашауды кім қосқан?
Қаиран бабаларым аи
Шіркін, бабалардың кең далада мамыражай тіршілігі көз алдыңа келеді.