«Үркердің» онлайн зертханасы онлайн конференциясы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 сен 2024
  • 16 ақпан күні «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарымен «Үркердің» онлайн зертханасы тақырыбында онлайн конференция өткізді. Конференцияға 100 астам жас журналистер мен журналистика мамандығының студенттері қатысты. Конференция спикерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің деканы - Сағатбек Медеубекұлы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры - Сақ Қайрат Өмірбайұлы, журналист, «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары - Қайнар Олжай, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары - Тұрысбек Сәукетай, «AQ JOL» газетінің бас редакторы - Оралхан Дәуіт, «Kyzylorda-news.kz» порталының бас редакторы - Нұрсұлтан Мықтыбаев, «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі - Гульбаршын Сабаева, «Atyray» радиосының аға редакторы - Слухия Қаттарқызы, Strategy2050.kz порталының бас редакторы - Кайрат Жандыбаев өз тәжірибелерімен бөлісті.

Комментарии • 1