Бронх демікпесі. Астма қазақша. Емі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Бронх демікпесі (БД) - көптеген жасушалар мен жасушалық элементтер қатысатын тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Созылмалы қабыну бронхтың гиперреактивтілігінің дамуына алып келеді, түнде және таң ата жөтел және кеуде бітеліп қалғандай сезім тудырады. Бұл көріністер әдеттегідей кең таралған, бірақ айқындылығы өзгермелі, аяқ астынан, немесе емнің көмегімен қайтатын тыныс жолдарының бітелуімен байланысты.
    Шағымдар және анамнез
    Ентігу көріністері, ысқырықты сырылдар, жөтел және\немесе кеуденің бітеліп қалуы, әсіресе аллергендермен немесе бейспецификалық ирританттармен (түтін, газ, ауа температурасымен ылғалдылығының өзгеруі, мұрынды жаратын иістер, физикалық белсенділік және т.б.) жанасудан соң. Жөтел 3 аптадан асатын «созылған» суық тию ауруларына мән берген қажет.
    Ауырлаған отбасы аллергиялық анамнездің болуы.
    Науқаста атопия көріністерінің болуы: аллергиялық ринит, атопиялық дерматит, есекжем.
    Физикалды зерттеулер
    Клиникалық симптомдардың ұстама тәрізді көрінісі көп мағлұматты: дем шығарғандағы ысқырықты сырылдар, экспираторлы ентікпе, тыныс алу кезінде қосымша бұлшықеттердің қатысуы, тахикардия. Симптомдардың болмауы диагнозды жоққа шығармайды.
    Зертханалық зерттеулер
    Жалпы қақырық талдауында эозинофильдердің болуы.
    Қан сарысуында IgE жалпы деңгейінің жоғарылауы.
    Аспаптық зерттеулер:
    Спирометрия
    Пикфлоуметрия

Комментарии • 6

  • @Moldir-f6e
    @Moldir-f6e Месяц назад

    Емі барма. Менде биыл пайда болды осы жедел жөтел сырылдап қаламын аяқ астынан

  • @user-zm3jd2yp8h
    @user-zm3jd2yp8h 4 месяца назад +3

    Калай емдеймыз

    • @dr.samalerzhan
      @dr.samalerzhan  4 месяца назад

      Саламатсыз ба видеоның соңында нақты емдеу схемасы айтылған

  • @Mira-fc6yv
    @Mira-fc6yv 2 месяца назад

    Сол аллергенді таппай отыр ғой, қаншама ауруханаға жатса да жеңілдемей отыр Санаторийде де болды .Жаттығу қалай жасалады, көрсету керек қой

  • @Mira-fc6yv
    @Mira-fc6yv Месяц назад

    Ешқандай қазақы ем емес, бәрі химиялық ем ғой Аллергенді ешқай жерде таба алмайды .Анықтау өте қымбатқа түседі Қаражат жұмсап жұмсап таппаса қайтпек?😢

  • @user-sw5df2pg2r
    @user-sw5df2pg2r 4 месяца назад

    Әкем ауыратын