"Табындар туралы толғау" - Мұратбек Тәжіғұлов
HTML-код
- Опубликовано: 29 сен 2024
- "Табындар туралы толғау"
сөзін жазған: Бекжұма Нарбай
әнін жазған: Мұратбек Тәжіғұлов
Таптатпаған намысын Ұлы Алаштың
Табындардың басынан құламас күн
Ағым, Тоғым, Бозымнан тараламыз
Бұтағы секілденіп бір ағаштың
1. А-е-е-е-е-ей
Біссіміллә тілім тартынба,
Найзағайдай жарқылда.
Шу асаудай шабайын
Қарқынды қосып қарқынға.
Кіші жүзден тараған
Азуы қарыс абадан,
«Табын» деген ел едік
Тағылым қалған артында.
Ақыл бар және нақыл бар
Ақсақалды қартында.
Жақсы менен жаманның
Айыра білген парқында.
Ақ жаулықты анасы,
Сақтап өткен салтында.
Дүрия киген қыздары,
Дүнияға алданып
Арын сатпас алтынға.
Қарағай садақ асынған,
Жауының құтын қашырған
Жігіттері нар тұлға.
Шабытым бойда туласа
Өлең де алар алқымға.
Табыннан біраз сөйлейін
Әлеумет халқым ал тыңда!
2. А-е-е-е-е-ей
Азаттыққа ғана беттеген,
«Табын» деген текті ел ем.
Тамырын жайып тереңге,
Бәйтеректей көктеген.
Сөз байлығы біздерде
Сорпасын сөздің сапырып
Өлеңменен ет жеген.
Ер байлығы біздерде
Асынып сауыт сайманын,
Қолына алып байрағын
Арпалысқан отпенен.
Әріден сөзді қозғасам,
Шымырлайды-ау от денем.
Шығысханды хан қылып,
Ақ киізді салдырып.
Он екі тайпа ішінде
Табынның аты жаңғырып,
Көтерген еді еппенен.
Беріден сөзді қозғасам
Дастандар қалар көптеген.
Қашақұлы Досжаным
Қазақ деп терін төкті өрен.
Тәкия үйін салдырды
Қасиетті сонау Меккеден.
Өзім деп келген оғланын
Өзегінен теппеген.
Бес күнде мына Табынның
Бес елі бағы кетпеген.
Кешегі жау жайратқан марғасқамдай
Айтқанда бабаларды талмас таңдай
Сәрке мен Бұқарбайдай батырым бар
Қаhары өткір қылыш алдаспандай
3. А-е-е-е-е-ей
Аллаға ғана табынар,
Табынның таудай бағы бар.
Қайсар мінез ерлері
Қасқыр ішік тағынар.
Қалмақ келсе тұсымнан
Қаңбақтай басын ұшырған,
Барақ дейтін нары бар.
Асауым атқа қонғанда,
Кескілескен дұшпанның
Кең ауасы тарылар.
Жаралған жаны намыстан,
Намысы биік арыстан
Дәуіттің текті қаны бар.
Аққұмда туған ақберен
Бөкенбайы тағы бар.
Немістің шебін мың бұзған
Әлиядай ары бар,
Қайыспайтын жаны бар.
Қасқыр көрген қойдай боп
Дұшпаны шетте жамырар.
Батырлығым бір төбе
Ақындығым тағы бар.
Төлеген Айбергеновтей
Айданда жарық шамы бар.
Жиенбаев Сағидың
Сөздері шәрбәт сары бал.
Табындар міне осындай
Танымасаң ТАНЫП АЛ!!!
Табындар алға алға алға❤❤❤❤❤❤
Велекий Табын сила🇰🇿🇰🇿🇰🇿🫶🫶🫶
Ұранымыз: Алаш, Бөкенбай, Барақ, Сәрке, Бұқарбай!!!
ЖАСАСЫН ТАБЫНДАР АЛҒА
САУ бол Табындар🇰🇿🗡️⚔️☝️👏👍👎👳
ЖАСАСЫН ТАБЫНДАР
Өте керемет! Тек Табын емес, бүкіл қазақты рухтандыратын толғау!
Мұратбек інім жарайсың мерейің үстем болып шабытың шалқи берсін
Мұратбек красавчик тек алға мына өлең шыныменде рух береді алға тек қана 👍
❤❤❤❤
ТАБЫНДАР АЛГА КАРАЖОНДАР АЛГА НОКИСТЕН САЛЕМ
Жарайсың бауырым өркенің өссін.
Мұратбек інім керемет,сөзі де әні де,орындалуы да жарасымды.Өнерің өрлей берсін,аман бол !!!
Балам талабына Алланың нуры жаусын Өте керемет өлең Муратбек балам айналаиын мереин үстем болсын өзине Букил казакты рухтандырып әсерли жигерлендиреди .Алла куат берсин өзине жануя бауыр жан-жағына .
Әмин, рахмет!
Ассалаумағалейкум ҚАЗАҚ ЕЛІ.Алға қазағым
👍👍👍👍👍👍
👏👏👏🤩
Бакытын жана берсын кереметттт
❤❤❤
Өте әсерлі.
Жарайсың бауырым
Керемет алла разы болсын👍👍👍
Керемет рзамын
Керемет