ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫНА 15 ЖЫЛ | мерекелік концерт 2024 (толық нұсқа)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 мар 2024
  • Ассалаумағалейкум құрметті өнер сүйер қауым, «Өнер Қырандары» театрының ресми каналына қош келдіңіздер!
    Видео сізге ұнады ма ? Онда арнамызға жазылыңыздар және қоңыраушаны басыңыз !
    Лайк басып ❤ Коментари қалдыруды ✍ ұмытпаңыздар !
    #ONERKYRANDARY2024
    #ӨнерҚырандары
    #өнерқырандары15жыл
    ➔ Өнер Қырандары театры - / onerkyrandary
    ➔ Инстаграм - / oner_kyrandary_official
    ➔ Инстаграм - / miko.one
    ➔ Telegram - telegram.me/zvezdakaz
    ➔ VK парақшам - zvezdakaz
    ➔ VK группам - zvezdaqaz
  • ПриколыПриколы

Комментарии • 2,3 тыс.

  • @ONERKYRANDARY
    @ONERKYRANDARY  2 месяца назад +300

    🕌Ораза ұстаймын деп ниет еткен барша ағайын, оразамыз қабыл болсын. 🤲🤲🤲

    • @user-cl8hb1of9o
      @user-cl8hb1of9o 2 месяца назад +6

      Ораза кабыл болсын Агайындар!!! Ризамын Рахмет Улкен, Оте Керемет...

    • @user-fo5dn7ff6d
      @user-fo5dn7ff6d 2 месяца назад +1

      Амин❤

    • @user-ru9sl8xv6u
      @user-ru9sl8xv6u 2 месяца назад

      ​@@user-cl8hb1of9oі

    • @user-he9iv3vq9k
      @user-he9iv3vq9k 2 месяца назад +1

      Әмин
      Театр ұзағынан болсын.Бірліктеріңіз ажырамасын.Нағыз өнер майталманысыздар.Биіктерден көріне беріңіздер!

    • @user-pg9xt3vj3r
      @user-pg9xt3vj3r 2 месяца назад

      ӘМИН! АЛЛАҺУАКПАР!!!

  • @user-wv1eq7ym3f
    @user-wv1eq7ym3f 2 месяца назад +179

    Мен Перзентханада жұмыс істеймін. Перзентхана да действительно әр түрлі Тағдыр бар , кейде оларға қосылып жылап алатынымыз да бар. Әр әйел өз аяғымен кіріп , құшағына баласын бауырына басып өз аяғымен аман есен шығып кетсе екен деп тілейміз біз!

  • @meruert8861
    @meruert8861 2 месяца назад +559

    Перзентхана қойылымы өте керемет жоғары деңгейде қойылыпты! 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 роддомда егіздерімді шала босанып 27 күн жатқанымыз есіме түсіп кетті ғой. Қасымдағы кейбір келіншектердің балалары шетінеп кеткендер де болды. Мені де балаларыммен ән салып қуанып қарсы алды, бірақ мен сол шыққанда өкіріп жылап жібердім. Роддомдағы ұйқысыз түндерім, балаларыма күні түні жасаған дұғаларым, адам болып кете ме деп қиналған түндерім есіме түсіп жылап шықтым. Өте орынды қойылым! Алла разы болсын!!!!💐 Бұйырса Жаңаөзенде болатын 15Наурыздағы концерттеріңізге 5билет алып койдым💐

    • @user-ml3dz4lh5o
      @user-ml3dz4lh5o 2 месяца назад +10

      Балаларыңыз аман болсын! 🤲❤️

    • @user-sg1du6mk6t
      @user-sg1du6mk6t 2 месяца назад +5

      Құдайымай меніңде роддомда 2 ай жатқан кундерім есіме түсіп кеттіғой. 27 аптасында аяқ астынан егіз балдарымды босанған болатынмын. Бір қыз, бір ұл. Қызым 10 кун дегенде шетінеп кеттіғой😢😢😢. Сондағы өмірім өтпей қалғандай болдығой... 😢😢😢😢😢😢

    • @meruert8861
      @meruert8861 2 месяца назад

      @@user-sg1du6mk6t шапағатшыңыз болсын😔 өте жүректі тебіренткен қойылым болды осы “перзентхана” қойылымы. Сол кезде қасымда шала туылған баласы бар келіншектің баласы шетінеп кетіп, баласын емес пакетін құшақтап шыққан, сонда қосылып мен де жылағам оған. 2019ж декабрь есіме түсіп жылап алдым😢😣😭

    • @user-ds4cp2pl6m
      @user-ds4cp2pl6m 2 месяца назад +8

      Балаларыңыз аман болсын! Ұзақ жасасын, Алланың ізгі, тақуа, көркем мінезді, бай, жомарт және білімді, дана құлдарынан болсын! Дендері сау болсын, ауырмасын! Ізгі арман, мақсаттарына жетсін! Еліміздің дамып, гүлденуіне, мәдениетті, иманды, әділ қоғамға айналуына үлес қосатын азаматтарынан болсын! Сіз де аман болыңыз! Амин

    • @meruert8861
      @meruert8861 2 месяца назад

      @@user-ds4cp2pl6m әмин әмин рақмет🌹🌹🌹

  • @ainurabisheva9556
    @ainurabisheva9556 2 месяца назад +743

    Мен Өскемен қаласында мамыр айында босандым.сол кезде директорский обход болды. қасымдағы келіншектер шығамыз ертең үйге деп еды директор айтты ойын сауық,ән айту,киынген аюлар болмасыншы,арақ шарап акеп тойламай акырын ғана шығыңыздаршы үйге деді.менде риза болдым сол сөзіне уйткены бала анасынан айырылып,ана баласынан айырылып жатат.ауыр отадан шығып,жансақтау болімінде олыммен өмірмен арпалысып бала жатат.эх өмыр.рахмет өнер қырандары перзентхананы кушті үлгі еттіңіздер ...

    • @nesybelynsanova
      @nesybelynsanova 2 месяца назад +30

      Ия менде откен ай босандым Аллага шукир толгак басталып скори шакырып кутип отырганда уй калып баражаткан 3балама карап жыладым Алла жар болса екен балапандарыма Аман оралайыкшы деп жыл откен сайын коп ойланады екенсин шукир

    • @user-uf8ld2or9i
      @user-uf8ld2or9i 2 месяца назад +19

      Молодцы әсіресе мүктаж адамдарға комектерін зор.

    • @mambetrzaevakzhol2380
      @mambetrzaevakzhol2380 2 месяца назад +13

      Өнер қырандары тек қана Алға

    • @user-gu4pl7se8u
      @user-gu4pl7se8u 2 месяца назад +16

      Оте дурыс айттыныз!! Колдаймын!!Онер кырандары омир корген оте билимди жигиттер!!!

    • @user-yg6fx7mu3r
      @user-yg6fx7mu3r 2 месяца назад +12

      оте керемет қойылым адамдарга терең ой тастайды

  • @user-hj9ni2gv9f
    @user-hj9ni2gv9f 2 месяца назад +79

    перзентхана койылымын толык карай алмадым. жарага туз сепкендей. шыныменде жакында босанып балам шетынеп озым реанимацияда жатканда музыканы жангыртып дуркыретып тойлатып шыгарып жатканда, соны естып журегым ауырды. сабиынен айырылган адамга оте киын екен естып жату. койылымды жаксы ойлап тапкан екен👍🏻👍🏻

    • @user-uy1jk1rc1z
      @user-uy1jk1rc1z Месяц назад +6

      АЛЛА КУРСАГЫНЫЗГА ЕГИЗДЕТИП САБИ БЕРСИН🤲МУМКИН СЫНАК БОЛАР ОЛДА,МУНАЙМАНЫЗ

    • @user-sn5om5nf3s
      @user-sn5om5nf3s Месяц назад

      😢😢😢😢😢😢

  • @dake_man
    @dake_man 2 месяца назад +711

    Өнер қырандары - нағыз өнер майталмандарынан жиналған керемет театр! Рухани тұрғыдан күлдіртіп де, жылатып та алады. Осындай театрлар қазіргі күні өте аз! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, қасиетті рамазан айы берекелі болсын! Деніміз сау болсын! Осы жылы да тамаша шығыпты!

  • @user-iy7pl9um7l
    @user-iy7pl9um7l 2 месяца назад +431

    Ең мықты әртістер! Халықтың қалаулысы, елінің елеулісі болыңыздар! Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін! Тіл мен көзден аман болыңыздар! ❤

  • @user-jy6ci6yq2t
    @user-jy6ci6yq2t 2 месяца назад +49

    Мен 2021 жылдың 3 інші сәуірінде әйелім мен баламнан айрылып қалғам сол перзентканада казир калган үш баламды асырап отырм жолдасымнын аманаты сол балаларым.қазир сол перзентқана касынан өткен сайын сол сәт есіме түсіп кете береді ...өте ауыр бирак бұл тагдыр

  • @user-mh7ef2rt3l
    @user-mh7ef2rt3l 2 месяца назад +60

    Мен барғой перзентхана да 7 бала туып шықым бир рет гүл алмадым деп кәзде босанып шықтым басқвлар әртүрлі нәрсе әкеп тойлап шықанда көңілім босап кететін. Осыны көріп Аллаға саншсыз шүкір дедім сол кездеде шүкір дегем енди арттырдым шүрлікті❤

    • @user-kc4bu1ek4p
      @user-kc4bu1ek4p 2 месяца назад +2

      Денинз сау болсын 🌹🌹🌹 Сол балаларыныздын рахатын бирге кориниздер.....

  • @almagulbisahan8964
    @almagulbisahan8964 2 месяца назад +211

    Күлдіріп жылататын Өнер қырандары өнегелі әр адамға ой салатын мықты театр.Тек алға барлықтарыңызға Алла разы болсын Ораза қабыл болсын

  • @user-rg7bc5on9f
    @user-rg7bc5on9f 2 месяца назад +194

    Күлдік, жыладық, қуандық, ой түйдік. Ағалар Алла разы болсын. Тіл көзден аман болыңыздар! Берекелі Мерекеге СӘТТІЛІК! Сапарларыңыз оң болсын! Өнердің ҚЫРАНДАРЫ✊🏻🌙👏🏻

  • @user-zc3wn7qc6s
    @user-zc3wn7qc6s 2 месяца назад +13

    Жылап жібердім біршама жыл бұрын менде бір емес үш рет балаларымды каропкаға салып үйге алып келген күндерім есіме түсіп кетті. Еріксіз көзіме жас келді қазір тірі болғандарында мектепке барып қалатын. Аллаға шүкір қазір ұлым да қызымда бар шалабаймен шалагүлім бар шүкір

  • @user-lr9vv6xf1s
    @user-lr9vv6xf1s 2 месяца назад +24

    Жалгызбын деме атасы мен болам деген сози катты отти!!! Перзентхана койылымынан... Саттилик Өнер кырандарына!!!😢😢😢

  • @Xalik-eminen
    @Xalik-eminen 2 месяца назад +217

    Рамазан айына шығатынын білген едім күтіп жүргенмін жақсы болды.барлығын көрсемде қайталап көре беремін 🎉🎉

  • @Gakku82
    @Gakku82 2 месяца назад +157

    Перзентхана көрінісінен соң біразға дейін өз өзіме келе алмадым.төртіншімді босанғанымда жолдасым өмірден өткен еді...біраз қиғалған едім.Қәзір,шүкір,балаларым өсті...

    • @dikaserik5161
      @dikaserik5161 2 месяца назад +12

      Әр қиындық артында бір жақсылық болады деген, балапандарыңыздың рахатын көріңіз

    • @user-ct4er5qg9o
      @user-ct4er5qg9o 2 месяца назад

      Аллам бақ берсін отбасыңызға

    • @altnayalim5970
      @altnayalim5970 Месяц назад +2

      Балаларыңыз Иманды, білімді, опалы болып өссін балаларыңыздың қызығын көріңіз! ❤мүмкін болса жартыңызды табуыңызға тіліктеспін.

    • @user-is9cj1gc8x
      @user-is9cj1gc8x Месяц назад

      Салем

  • @user-he9iv3vq9k
    @user-he9iv3vq9k 2 месяца назад +68

    Нағыз өнер майталмандары.Керемет !Әр қойған қойылымы жоғары деңгейде.Күлдіре отырып,нағыз үлгі аларлықтай ой түюге ой салдыңыздар.Нағыз өнер майталмандары Жарайсыздар!Қазақстандағы N1 әзіл-ысқақ театры.Тек алға,алға,алға!❤

  • @user-rh3zf7dd6n
    @user-rh3zf7dd6n Месяц назад +17

    Men Uzbekman lekin bemalol tushinip kordim Rosa maza qilip kuldim yigladim oylandim oner qirandari teatrini Uzbga gastrol safari bilan kelishini hohlardim Fargonadan alangalik salom🇺🇿🤝🇰🇿

    • @mahkampulatov1308
      @mahkampulatov1308 Месяц назад

      Қазақ өзбек ағайын! Бір туған!🤝

  • @user-tf7gq1hm8e
    @user-tf7gq1hm8e 2 месяца назад +326

    Ауыз бекіткен бауырлар. Оразаларыңыз қабыл болсын🤲

  • @asele4kagame961
    @asele4kagame961 2 месяца назад +243

    Күлдіртіп отырып, жылатып алатын театр ....
    Әр дайым астары бар, күнделікті өмірде байқамайтын нәрслерді еске түсіретін театр....
    Тек алға !!!!

  • @user-nx9or9rg4i
    @user-nx9or9rg4i 2 месяца назад +36

    Өнер қырандары өте жоғары деңгейдегі театр ұжымы. Күлдіріп тұрып жылатады. Сөз саптаулары мықты,қойылымдары ерекше. Кезіндегі Шаншар театры секілді өте қызық. Осындай театрлар өкінішке орай қазір аз,тіпті жоқтың қасы десекте болады. Жандары қазақ деп соққан,осындай мықты театрлар көбірек керек бізге.
    Дами беріңдер,ақ жол!!!
    Өздерің секілді болашақ жастардан тағы бір ұжым дайындап кетіңдер.
    Алға қазақ елі,жаса қазағым!🇰🇿

    • @user-pf1sr8jy2v
      @user-pf1sr8jy2v 2 дня назад

      Дурыс! Оте мадениетти, билимди, соз саптаулары кандай, керемет, манди калжындары, онегели. Оте ризамын! Номер 1 театр!!! Т

  • @aikakosherovaaika9636
    @aikakosherovaaika9636 Месяц назад +9

    50 жылдыкты тамашалауга Сиз бен бизге Аллахым насип ете кор

  • @user-tr5wy6ep8k
    @user-tr5wy6ep8k 2 месяца назад +119

    😂😂😂ой мықтысыңдар👏👏👏👏өнердің қырандары биікке самғаңдар,зал көрерменге толы,барлығы 😂күліп риза болып отыр,театрдың жасы ұзақ болсын,20 жылдық 30 жылдық мерейтойға жетейік🤲 халыққа күлкі сыйлап қуанта беріңдер халқының қалаулы театры🎉🎉🎉

  • @Aktolkin00
    @Aktolkin00 2 месяца назад +118

    Концертте болып ерекше әсер алып қайтқанмын 😍
    Алла разы болсын сіздерге өнерлеріңіз өрге жүзе берсін.Әр берген концерттеріңіз ерекше, асыға күтіп көреміз 👏

  • @akerkeuskenbaeva92
    @akerkeuskenbaeva92 2 месяца назад +22

    Керемет рахмет сіздерге қуана көрдім. Әр концерттеріңізді асыға күтеміз. Бақытты болыңыздар. Өнер жолында жолдарыңыз болсын. Аңсаған армандарыңыз орындала берсін. Еңбектеріңіз еселене берсін. Мэлс ағамыздың ниеті қабыл болып, жолы болсын.
    Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын Қазақ елі. Қасиетті айда тілеген дұға -тілектеріміз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Аллам жаманшылықтан сақтасын жерімізді.Аман болайық, ауырмайық. 🤲🤲🤲

  • @user-fu9co6tk7l
    @user-fu9co6tk7l 16 дней назад +1

    Керемет, Алла разы болсын сіздерге. Отбастарыңыз аман,еліміз тыныш болсын. 20,25,30 жылдықтарыңызды көруді Алла нәсіп етсін

  • @user-dh8vn2ng9n
    @user-dh8vn2ng9n 2 месяца назад +206

    Өнер қырандары ұжымы ораза қабыл болсын, Мэлс үшін менде қатты қуандым көзіме жас келді😢Алла жолдарыңды оңғарсын

    • @user-ln8xo2gs7h
      @user-ln8xo2gs7h 2 месяца назад

      Щ

    • @user-us9dt8ev3y
      @user-us9dt8ev3y 2 месяца назад +1

      Мэлске не болды?

    • @mangadubber4265
      @mangadubber4265 2 месяца назад

      @@user-us9dt8ev3y үлкен қажылықты сыйлағанын берген, соны айтып жатр

    • @user-dh8vn2ng9n
      @user-dh8vn2ng9n 2 месяца назад

      Жолдама бердіғо соңы жағын қараңыз

  • @muslimzharas8167
    @muslimzharas8167 2 месяца назад +233

    Оразаларыңыз қабыл болсын!! 2024

  • @user-eo5kr2zl6n
    @user-eo5kr2zl6n 2 месяца назад +121

    Радомдағы қоиылым менің өмірімен баиланысты аи күнім жетпи туғанымда балам шетінеп мені шығарып алуға келе жатқан кеуім жолда жетпи жол апатына түсіп қаитыс болып мен үшін ең ауыр болған уақытым еді мына қоилымды көріп 😢😢😢😢жылап алдым перзентқанада қаншама тағдырлар бар ғой ол рас тек Аллам жақсы күндерді жазсыншы

    • @user-gm8mp2qm1w
      @user-gm8mp2qm1w 2 месяца назад +16

      😢😢😢жаным алтыным осылай ойлап Менде жылап откам осы сахнада осындай быр кысы бар шыгар корып жылап калган шыгар деп. Бакытты бол багын жансын сабыр берсын Алла Саган иманды болсын жолдасыныз. Окып отырып Менде жылап калдым сызды кушактагым кеп

    • @user-wd1pm3tq7n
      @user-wd1pm3tq7n 2 месяца назад +11

      Иманды болсын жолдасыңыз, балаңыз шапағатшы болсын. Енді тек қуаныштан ғана жылаңыз, Алла екі дүниеде де қайғыртпасын

    • @user-bb6ot6hb8x
      @user-bb6ot6hb8x 2 месяца назад +1

      😢

    • @user-ll4qu6sq9d
      @user-ll4qu6sq9d 2 месяца назад +1

      😭😭😭

    • @saltanatuteeva8710
      @saltanatuteeva8710 2 месяца назад +3

      Алла сабыр берсин ендиги жағында аманшылық болсын

  • @garsim3801
    @garsim3801 Месяц назад +2

    Өнер қырандары номер 1 театр мен үшін . Сендерге Алла разы болсын . Керемет қайырымдылық қорын алып жүр тератр мен қосып . Сендерге творчестволық табыс тілеймін . 🎉🎉🎉

  • @user-lf5so6ux1k
    @user-lf5so6ux1k 2 месяца назад +95

    Біздің қазақтың көңілі шіркін дарханғой! Аллаһ тағала разы болсын! Ораза айында ұстаған оразаларыңыз , тіліген ниеттеріңіз қабыл болсын!!! 🤲🤲🤲

  • @sekaseka9853
    @sekaseka9853 2 месяца назад +94

    Хейтірлері жоқ таза қазақ майталмандары Алла разы болсын!

  • @user-ol3tr3bl1c
    @user-ol3tr3bl1c 2 месяца назад +6

    Оте керемет койылым. Перзентхананы кайта-кайта кордим кулкиден козимнен жас акканша. Жылататын тагдырларда бар, жылапта алдым. Оте дарынды актриса, актерлар. Сиздердей жаксылардын барына Аллага шукир дейн

  • @user-lz2dk1uu8l
    @user-lz2dk1uu8l 2 месяца назад +147

    Сізді 5 жыл оқуға түсірмей жіберген ұстаздарыңыз опық жеді ау...Талант!Браво!

    • @Ereke_P.
      @Ereke_P. 2 месяца назад +5

      Хайыры

    • @akbopesailaubai888
      @akbopesailaubai888 2 месяца назад +30

      Аллаһтың қалауымен ғой, сол 5-ші жылы жұбайы Данамен танысып, үйленді ғой. Қазір бала-шағаларының қызығын көруде. Өмірде ештеңе кездейсоқтық емес. Аллаһтың қалауымен ғой барлығы🥹🥹

    • @user-jo9up6up8n
      @user-jo9up6up8n 2 месяца назад

      Олиьиьтда😂😂😂❤❤❤🎉🎉Олиьиьтда 😹😂😂🤣😂🤣😂🤡🧡💛🧡💛🧡💛🧡💛🧡💛🧡💛🧡💛🧡💛😅😅🤩🤩🤩🤩😹😂

    • @bagzadamaratovna
      @bagzadamaratovna 2 месяца назад +1

      Кімді оқуға түсірмеген? Неге түсірмеген

    • @user-fs5jm2mg3e
      @user-fs5jm2mg3e 2 месяца назад +2

      ​@@bagzadamaratovnaМадияр ағамыз 5жыл қатарынан оқуға түсе алмадым деді

  • @user-gb9fs6ps9r
    @user-gb9fs6ps9r 2 месяца назад +50

    Молодцы. Таланттар. Жаңа нәрсе ойлап табу қиын, өте көп талант пен еңбек керек. Және шыдам керек қой, жұмыс болмай, концерт болмай, ақша болмай кеткен ұзақ уақыттарда. Басында жаңа шыққанда *қалай өзі* деп бұрынғы *Тамаша, Бауыржан Шоу, Уәли мен Жүсіппен* салыстырып қарағанмен, талмай ізденіс, еңбектің арқасында сахнадан өздеріңе сай, орнықты орын алдыңдар. Өте тамаша, жастар осындай *ЕҢБЕКҚОР, ТАБАНДЫ* болса алынбайтын қамал жоқ.❤❤❤🎉🎉🎉

  • @Asylkhan777.
    @Asylkhan777. 2 месяца назад +78

    Керемет бәрі жоғарғы деңгейде.
    Театр интелекты жоғарғы дамыған. Жоғарғы актуалды тақырыптарды астарлап және тікелей айтуда. Және роботты ең алғаш сахнаға шығару... сөз жоқ👍🏻☝🏻✊🏻 тамаша. Бізден тек жақсы тілек дами беріңіздер ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ.

  • @user-rv4jf5ey7p
    @user-rv4jf5ey7p 2 месяца назад +12

    Бәрекелді, нағыз өнердің қырандарысыздар, көз тимесін, жасай беріңіздер 🇰🇿🤲❤️

  • @bakitjannarbaev
    @bakitjannarbaev 2 месяца назад +6

    Ассалаумағалейкум Аллаһ разы болсын сіздерге Нағыз Өнер қырандары деген атқа әбден лайықты жансыздар. Негізгі ешкім жоқ кезде көретін шығарылым болыпты неге десеңіздер айқайлап жылағым келеді балаларымнан қысыламын 😊 Жасай беріңіздер ризамын.

  • @user-xk8kz8mt8w
    @user-xk8kz8mt8w 2 месяца назад +38

    Мән-мағынасы зор түсінген адамға😢Алла разы болсын. Бұданда биік шыңдарға жете беріңіздер

  • @user-gs7tm7qb6d
    @user-gs7tm7qb6d 2 месяца назад +17

    Роддомды корген де катты жыладым...
    1 шы кызымды 34 аптамда босанып койдым..жас болдым ба,нормально деп ойладым....маз болып журмын... мен 7 кунде жаксы болып шыгып кеттым...жанымдагы кыз 4 ай больницада жатып,менын козымше кызы шетынеп кетты😢мены куйеуым,туыс жолдас барлыгы , кушты етып шыгарып салды....2 шы кызымнан бастап,ешкымды келтырмеймын... куйеуым озы гана алып кетеды...уйде тойлаймыз...сол саттен бастап,катты тусындым😢роддомнан барлыгы кунанып шыга бермейтынын

  • @user-lf8pl5nq8g
    @user-lf8pl5nq8g 2 месяца назад +13

    Жандарым өнер қырандары тек биікке самғай беріңіздер !
    Тіл көзден аман болып,халықтың батасын алыңыздар !

  • @white3416
    @white3416 2 месяца назад +5

    15 жыл құтты болсын. Тіл көзден сақтасын. Керемет қойылым. Ораза қабыл болсын баршамызға!!!

  • @ardakbolekbai5859
    @ardakbolekbai5859 2 месяца назад +44

    Өнер қырандары театрының тұрақты көрерменімін.Бұл жолыда күшті деңгейде өткен.Әсіресе,перзентхана туралы көрсеткен қойылымы дұрыс болған.

  • @user-yl8wh4nr5q
    @user-yl8wh4nr5q 2 месяца назад +30

    Өнерлеріңіз өрлей берсін
    Рас
    Перзентханада небір жағдайлар болады мағыналы
    Ол жерде
    Біреуі қуанып жатады дүниеге бала әкелдім деп
    Біреуі жылап жатады денсаулығы жоқ бала тудым деп
    Біреуі өкініп жатады әкесі тастап кеткен бала тудым деп
    Біреуі Отағасынан айырылдым деп жылап отырады
    Бір баланың анасы өліп кетеді болсанып жатып
    Біреудің баласы шетінеп жатады
    Біреуі туып алып сол жерге тастап кетіп жатады😢😢😢😢😢😢😢

    • @user-zu4zw3nv6z
      @user-zu4zw3nv6z 2 месяца назад +1

      Онсызда көзге жас келіп отыр еді.Жазбаңыздан кейін жас төгілді.

  • @aknietkanetova4644
    @aknietkanetova4644 2 месяца назад +6

    Рахмет БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА!!!
    Өнерлеріңіз өрге жүзсін🙏🏻👍🏻!!!
    Мэлс аға, Суандар жасасын, аман-есен барып келіңіз, жолыңыз болсын🤲!!!

  • @BekzatNurmaxanbetov-do9kv
    @BekzatNurmaxanbetov-do9kv 2 месяца назад +6

    Керемет Алла разы болсын сіздерге перзентхана👍👍👍👏👏👏👏☝️🕋🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-tc7zv1hm2b
    @user-tc7zv1hm2b 2 месяца назад +50

    Мұсылманның 40 парызының бірі жамандықтан қайтарып жақсылыққа шақырып жүрген аға бауырларға Аллаһ разы болсын ❤

  • @Leila..2101
    @Leila..2101 2 месяца назад +18

    Жарайсыңдар Өнер қырандары!!! Елге адал қызмет етіп келе жатқан театр! 👏👍 Алланың нұры жаусын сіздерге! 30,40,50,60 жылдықтарыңызды көру, тамашалау нәсіп етсін!!!!

  • @user-se5oi4jm3k
    @user-se5oi4jm3k 2 месяца назад +13

    Өмірде біррет қана келетін ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ ✨✨😘❤️

  • @user-pe7ol6yw1b
    @user-pe7ol6yw1b 2 месяца назад +38

    Сапасын жоғалтпаған театр. 15 жыл ұстап тұру оңай емес, Сіздердің бірліктеріңіз жоғалмасын .

  • @Murager.qz_horses
    @Murager.qz_horses 2 месяца назад +11

    Өнер қырандары- Қазақ сатирасының адал сарбаздары, бәдік сөзге бармай Қазақы қалжыңның құдіретін көрсете білген бауырлар, Алла разы болсын. 15 жылдықтарыңыз ғасырға жалғассын!

  • @Zhansaya_amandyk
    @Zhansaya_amandyk 2 месяца назад +228

    15 жылдықты іздеп, бұрынғыларды қайталап көріп шықтым❤

    • @user-bc4qm3ir6r
      @user-bc4qm3ir6r 2 месяца назад +17

      Менде қайта қайта қарап қоям.Жұмыртқа деген көріністері қатты ұнайды соны көре бергім келеді

    • @user-bq1bs6pu4l
      @user-bq1bs6pu4l 2 месяца назад +6

      Менде 😅

    • @Kuka1994
      @Kuka1994 2 месяца назад +5

      Менде 100 рет кордым

    • @Alasha_bala.
      @Alasha_bala. 2 месяца назад +4

      талақты, тақты қайта қарап шықтым 😂😂

    • @nyrlik1996
      @nyrlik1996 2 месяца назад

      @@user-bc4qm3ir6rмен де сол жұмыртқаны көп көрем 😃

  • @Din.ara.
    @Din.ara. 2 месяца назад +7

    Роддомнан тыныш ғана шығамыз.2019да 36аптасында босанып 35күнінде больницаға түсіп қалдық реанимация түсіп сол жақта шетінеп кетті😢сол кезде үйге баласыз қаййтым😭.2022де қызды болдым 36аптада экс кс. Тыныш ғана фотомызға түсіп қайттық🥰

  • @user-ib1bb6xj2p
    @user-ib1bb6xj2p 2 месяца назад +2

    Алла ,менің балаларым Мөлдір Ақнұр, Толғанай, Таңсұлтан, Нұрисламға жар болсын. Балаларыма өз назарыңды сал, өз қамқорлығыңыа ал. Балаларыма зор денсаулық, мықты иммунитет, ұзақ, саналы өмір бер.
    Балаларыма қай жерде болсада жолын ашып, әр ісіне сәттілік бер.
    Алла, балаларымның қай ұақытта болсада жеңімпаз етіп оны керек жерге дер кезінде өзің жеткіз. Оларды қолда қорға.
    АЛЛА ,балаларымның рухани өсуіне және материялдық баюына өз ықпалын тигізетін жақсы жанашыр, саналы, сауатты жандарды жақындат, ал балаларымның рухани өсуіне және материялдық баюына өз кедергісін тигізетін жандарды олардың өмірінен аман- есен алыстат.
    Алла ,балаларымның зеінін пайдалы, дұрыс білімді игеруге аша гөр.
    Алла, менің балаларымның зейінін пайдалы, дұрыс білімді игеруге аша гөр.
    Алла менің балаларымның өзің қалағандай дендерін сау, саналы бақытты, білімді, қайрымды ете гөр.
    Алла ,мені саналы ұрпақтардың саналы анасы ете гөр.
    Аллам, балаларымды бір өзіңе тапсырдым.
    Әумин
    Аллам, рақым ет.

  • @user-cg8kc8jp7v
    @user-cg8kc8jp7v 2 месяца назад +47

    Құдай тілеулеріңді берсін!!! Өнер қырандары аттарыңа лайықтысыңдар👍👍Тек қана алға!!!

  • @shamshirakergozhaeva897
    @shamshirakergozhaeva897 2 месяца назад +19

    Керемет концерт болыпты. Өнер қырандары театрының әртістері жарайсыздар! Нағыз кәсіби мамандар. Өнерлеріңіз үстем бола берсін. Аман болыңыздар!

  • @user-pn3me2yq2i
    @user-pn3me2yq2i Месяц назад +1

    Өнер қырандарына, алғысым шексіз. Алла сіздерге тек жолдарың ашық болсын. Алға қойған мақсаттарын орындала берсін. Тек қана алға ✊🏿✊🏿✊🏿✊🏿

  • @user-is3wv3bj6h
    @user-is3wv3bj6h 2 месяца назад +7

    Ораза ұстаған жандар оразаларыныз қабыл болсын! 😊

  • @user-hv9sr7sl9q
    @user-hv9sr7sl9q 2 месяца назад +25

    Өнер қырандары керемет театр. Аллам тіл көзден сақтасын 🧿. 20/25/30 жылдық тойлай беріңіздер. Аман есен болыңыздар 👍

  • @aiskhan2691
    @aiskhan2691 2 месяца назад +14

    Күлдіріп отырып,жылатады!Жылатып тұрып,күлдіртеді!Өте әсерлі! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!❤

  • @user-jz2qm3pj4s
    @user-jz2qm3pj4s Месяц назад +1

    Тек алға өнер қырандары өркенденерің өсін алла тағалам бастарыңа бақ берсін астарыңа тақ берсін Мен тілеген бақытың Бастарыңа апкелсін

  • @user-dq5sg2nq3d
    @user-dq5sg2nq3d 2 месяца назад +8

    Әр концерттің соңында гимн айтылғанда еркісіз жылаймын. Сахнаның сыртындағы көгілген тер, кеткен еңбек, бөлінген уақыт бәрі бәрі көз алдымнан өтеді. Мен де сахнаның адамымын❤❤❤❤

  • @user-wi1fh3ew5m
    @user-wi1fh3ew5m 2 месяца назад +41

    Ассалаумағалейкум, жігіттер! керемет, рахмет.Алланың нұры жаусын! Еңбектеріңнің жемісін көріңіздер!

  • @user-vn3cr6vy6s
    @user-vn3cr6vy6s 2 месяца назад +37

    Ең мықты әртістер жарайсыңдар жігіттер 15 жыл құтты болсын 🌹🌹🌹🌹

  • @user-xr2ev1ri6e
    @user-xr2ev1ri6e 2 месяца назад +17

    Алла разы болсын. 4 жыл болды бала күтіп жүрміз. Жұрттар машинасына жазып не болмаса жан жағыма қарасам көңілің түсіп қалады. Өмірде түрлі жағдай болады. Маған ең ақылды әйел бұйырыпты Аллаға шүкір. Қаншама адамдар бар баланың қадірін білмейтін. Алла сынаса дүниемен сынасын баламен, жақындарыңмен сынамасын. Барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін. Бір жылатты ау қырандар.

    • @askarbekovnaa
      @askarbekovnaa 2 месяца назад +5

      Аллах сизгееее коооп салихалы урпак насип етсин, Алланын мейириминен кудер узбениз🤍🤲🏻

    • @nurkhanabdrakhmanov1780
      @nurkhanabdrakhmanov1780 Месяц назад

      Алла ниетіңізге жеткізсін,көп ұлды-қыздың ата-анасы болыңыздар🤲🏼

  • @otabekotajonov8451
    @otabekotajonov8451 2 месяца назад +5

    🇺🇿🇺🇿🇺🇿🇺🇿Oʻzbekistondan salom konsert zoʻr 👍👍💪💪🔥🔥🔥🔥

  • @user-kl5zh6yt5p
    @user-kl5zh6yt5p 2 месяца назад +51

    Өнер қырандары ұжымы ғұмырлы болсын. Барша мұсылмандар, ораза қабыл болсын. Аллах разы болсын, сіздерге. Баршамызға Аллах нәсіп етсін қажылыққа баруды. Қандай керемет көрініс.

  • @islamboranbaev1031
    @islamboranbaev1031 2 месяца назад +56

    Ал оң болсын істеріңе береке берсін көптің қалаулысы болып жүре беріңіздер

  • @user-tv6bs5rj9t
    @user-tv6bs5rj9t 2 месяца назад +2

    Сөз жоқ керемет, жолдасым екеуміз Өнер қырандарының 20 жылдық концертіне баруға Аллам нәсіп етші Аумин

  • @user-cv3te1du7m
    @user-cv3te1du7m 2 месяца назад +21

    Я Аллам, барлық сәбилерді ата-анасынан, бауырларынан айыра көрме

  • @kokeangel278
    @kokeangel278 2 месяца назад +10

    Керемет қойылым болды әсіресе перзентхана туралы!, расыменде біреу біреудің мұңына зарына зияным тиіп кетедау деп ойламайтын замандамыз, перзентхананың сыртында да жалғасадығой сол соқыр қатал қуаныштар, көлігінің артына дейін жазып алады қазақ еліне +1 батыр немесе ару деп, артындағы көлікте мұң зарымен бір ата ана отырған шығар ойламаймыз, ол аз болғандай статуспен интернетке тағы саламыз. Алла бәрімізге көркем мінезбен қарапайымдылықты нәсіп етсін!.🤲

  • @akmaraongar
    @akmaraongar 2 месяца назад +65

    Күтіп отырм, Алла қаласа аман есен көруді нәсіп етсін! Жақсы көрем ғой осы театрды❤

  • @user-yz2oy2tk4l
    @user-yz2oy2tk4l Месяц назад +1

    Керемет! Ең мықты әртістер! Театр ұжымының еңбегі бағалы, жұлдызы жоғары болсын!

  • @user-ff7bg9zb4v
    @user-ff7bg9zb4v 10 дней назад

    Өнер қырандары мерей тойларыңыз құтты болсын. Өнердің шыңынан түспеңыздер. Мерейлеріңіз үстем болсын, еңбектеріңыз жемысті, от бастарыңызға амандық тілеймін.

  • @rashidumbetov1210
    @rashidumbetov1210 2 месяца назад +258

    Ассалаумағаликум Қазақ елім.Келіп жеткен Рамазан айы құтты болсын!Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Әмин

  • @user-vs1rr2td5z
    @user-vs1rr2td5z 2 месяца назад +11

    Аллаһқа шүкір осындай театрдың құрылуын бұйыртқан.
    Өнер қырандары сіздерге Рахмет, қаншама жүректерді жылатып жібітіп отыратын Күлдіріп бақыт сыйлайтын.
    Бірлікте болыңыздар!

  • @user-vo6dz3tt8i
    @user-vo6dz3tt8i 2 месяца назад +2

    Жанболат бөлексің братжан ✊🏻 Өнерің алға бассын 🚀

  • @az4t1k22
    @az4t1k22 2 месяца назад +2

    Алла разы болсын өнерлеріғіз өрге жүзсін ❤керемет қойылымдар болды өнер қырандары өнер майталмандары ❤👍👍😘🤗🤗

  • @user-nn8kg3nk3p
    @user-nn8kg3nk3p 2 месяца назад +31

    Мереке берекелі болсын ағайын.Ораза қабыл болсын!Жарайсыздар өнер қырандары. Аман болыңыздар.Алла разы болсын болсын.

    • @user-jc8cs2sw1z
      @user-jc8cs2sw1z 2 месяца назад +1

      Ораза қабыл болсын әрқашан биіктен көрініп жүре беріңіздер Жарайсыздар өнер кырандары

  • @user-zl1tt5cc4h
    @user-zl1tt5cc4h 2 месяца назад +23

    Қара бауыр қасқалдақ әнінің сөзін терең түсіндірген👏

  • @user-tp6oc2ku9i
    @user-tp6oc2ku9i 2 месяца назад +13

    Мерекелі береке ораза қабыл болсын!!! Перзентхана өте жақсы қойылым болды өзім перзентханада жұмыс жасайм көз алдыңда күнделікті болып жатқан оқиғаны жеткізді неше түрлі тағдырлар әндетіп шулатып алып шығып жатады айтқың келеді біреуі түсінеді біреуі түсінбиді осыдан кейін ой түйсе екен қазағым. Сәттілік сіздерге

    • @user-dy8ee2fj9s
      @user-dy8ee2fj9s 2 месяца назад +1

      Бұл өмір, өмірде қайғымен қатар қуаныш бірге жүреді. Біреу өліп жатқан күні біреу той жасап жатады. Әрине өкінішті жағдайлар болады, оған ортақтаса білу керек. Бірақ әлдекім ұзақ күткен бақыты шығар, алғашқы қуаныштары шығар, қазақта отыз күн ойын, қырық күн тойын деген бар. Сондықтан әркімнің қуанышы да, қайғысы да өзіне. Адамдар біреуді ойлап өмір сүрмейді, әркім өзі үшін өмір сүреді. Роддом мәйітхана емес, қуанышхана. Адам дүниеге келетін жер, қуанатындары әрине орынды. Қайғылы жағдайлар туралы ол адамдар тіптен бейхабар.

    • @user-wu7gq3nv7r
      @user-wu7gq3nv7r Месяц назад

      Оте орынды бирак журекге жетти онер кырандарына рахмет молодец соз жок​

  • @qazaqiya001
    @qazaqiya001 2 месяца назад +1

    Өте керемет,Алланың қалауымен құрылған театрғой.Алла разы болсын,күлкі сыйлап артынан жылатып,өксіп қалдыққой Перзентхана ауыр болды.Мен өзім раддомда ән айтатынмын арасында.Енді айтпайтын болып шештім ,неше түрлі тағдыр бар екенін ойланбаған екенбіз!😶🥺

  • @dakentiygo
    @dakentiygo 2 месяца назад +35

    АЛЛАҺ ТАҒАЛА РАЗЫ БОЛСЫН ИНШААЛЛАХ ЖҮРГЕН ЖЕРЛЕРІ ЫРЫС БЕРЕКЕСІМЕН БЕРСІН 🤲ӨМІРДЕН ТЕК ҚУАНЫШ КӨРІҢІЗДЕР ҰРПАҚТАРЫҢЫЗЕНЕН АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫНАН АЙЫРЫЛМАНЫЗДАР СӘТТІЛІК

  • @user-qm1zp7dv3u
    @user-qm1zp7dv3u 2 месяца назад +19

    Ассаляму алейкум!!Алла разы болсын сіздерге!!Ризамын сіздерге,өте мағыналы әзілдерінізде әдемі шектен шықпайды!!Міне нағыз мұсылман,міне нағыз қазақ деп айтар азаматтар азайып барады!!Сіздер нағыз мұсылман,нағыз қазақсыздар!!Харекет қоры үшін үлкен рахмет Алла разы болсын!!🤲🤲🤲

  • @user-lx3tw5xh4x
    @user-lx3tw5xh4x 22 дня назад +1

    Ма ша Аллах.Әр Қазағыма баспанасы болсын.Әр қазағым иманды, саналы, білімді, бай-қуатты мұсылмандардан болсын

  • @user-oj5sz7cl1c
    @user-oj5sz7cl1c Месяц назад +1

    Нағыз таланттар өнер қырандар жігіттері.Биік белестерден көріне беріңдер.Көріп өте риза боллық.өнерлерің устесін Мадиярдың жігіттері

  • @user-wi1vm3ie8z
    @user-wi1vm3ie8z 2 месяца назад +15

    Күшті театр ,өткенде барғанбыз ,ертең тағы күтіп отырмыз 12 мартта Ақтобеде...,Талаптарыңа нұр жаусын,өнер қырандары

  • @user-ff3gj1qf7g
    @user-ff3gj1qf7g 2 месяца назад +22

    Мықты актерлік шеберліктері өте жоғары өнер қырандары ұзақ күтіп қалдық өнерлерің үстем болсын асыға күттік еңбектеріңнің жемісін көріңдер жақсы көреміз отбасымызбен❤❤❤

  • @user-ej2cl5ew9o
    @user-ej2cl5ew9o Месяц назад

    Керемет,күлдіріп,жылатып қаншама мағыналы ,астарлап шындықты жеткізе білген өнер қырандары ,сіздерге шығармашылық табыс,өнерлерің әрі қарай шарықтай берсін!Бір отбасыңдай тату ,сыйластықта болып,ізденістерін таусылмасын!Жарайсыңдар!

  • @user-nd3xv3fb9s
    @user-nd3xv3fb9s 2 месяца назад +1

    Керемет құтты болсын 15 жылдық концерттеріңіз 40. 50. жылдықтарыңызды тойлай беріңіздер

  • @user-fy1fx1vr8i
    @user-fy1fx1vr8i 2 месяца назад +5

    Жарыгымай жарыгымай жылаттыгой .керемет өнер қырандары. Бакытты болыныздар

  • @Abilaykhann
    @Abilaykhann 2 месяца назад +13

    Ассалаумағалейкум, Қасиетті рамазан айындағы ұстаған Ораза, ниеттеріңіз қабыл болсын мұсылман бауырлар. Өнер қырандары аман болыңыздар. Өнерлеріңіз өрлей берсін, Алла тағала істеріңізге береке берсін. Керемет, жаңа бағдарламаларыңызды асыға күтетін көрермендеріңізбін. Бар жақсылықтарды тіледім, 15 жылдықтарыңыз құтты болсын, 4 көздеріңіз түгел болып Алла 40-50жылдықтарыңызды баршаңыз біргелікті тойлауды нәсіп етсін🤲🏻👍🏻💪🏻✊🏻

  • @user-qx6ws8qw8i
    @user-qx6ws8qw8i 2 месяца назад +2

    өте керемет үлкен ой салат кәзір не бір жағдайлар болып жатырғо тек алла ұрпақтарымыздың қызығың көруге жазсын әмин

  • @user-qe7ji3no9p
    @user-qe7ji3no9p Месяц назад +1

    Керемет.
    Жұмыстарыңыз, өнерлеріңіз шындала берсін. Көп жасаңыздар.

  • @user-zo7qx4lv9o
    @user-zo7qx4lv9o 2 месяца назад +9

    Күлдіре отырып, егіле жылататын тек қана осы Өнер қырандары!!! Жарайсыздар!!! Алла разы болсын сіздерге!🙏🤲🫰♥️

  • @user-nc8sw2kh1z
    @user-nc8sw2kh1z 2 месяца назад +18

    15 жылдықы құті бөлсын өнер қырандарына маған жәқті 😢😢😢😢👍👍👍❤❤❤🤲🤲🤲🇺🇿🇺🇿🇰🇿🇰🇿

  • @azamataminov801
    @azamataminov801 Месяц назад +1

    Онер қырандары самый лучший театр!
    Ассалому Алайкум из Узбекистана.

  • @mAnonim-Us
    @mAnonim-Us 2 месяца назад +18

    Тамаша, өрлей беріңдер өнер қырандары. Тұрақты көрерміңнен сәлем! Рамазан айы құтты берекелі бодсын!

  • @user-et7tx7du8q
    @user-et7tx7du8q 2 месяца назад +12

    Мықты ағалар, Алла ғұмырларыңызды ұзақ етсін! Шығармашылықтарыңыз өрлей берсін 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

  • @user-is3wv3bj6h
    @user-is3wv3bj6h 2 месяца назад +2

    Ораза ұстаған жандар оразаларыныз қабыл болсын!

  • @serikurazov8887
    @serikurazov8887 2 месяца назад +1

    Женеше ден саулыныз мыкты босын Алла ага екекуi ден саулыктарын мыкты босын тек аман есен босын тек аллам сендердiн бала шагын аман есен журеуiне тлетеспiз