Өмірде өз орныңды таба алмай жүрсең || ТТБ#57

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 янв 2025

Комментарии • 203

  • @win-a-games
    @win-a-games 6 месяцев назад +28

    Керемет подкаст болды!Түйген ой:
    1)Адам өзін өмір бойы іздейді
    2)Негізгі мамандықтан бөлек жүрегіңе жақын,тартып тұрған мамандыққа 1сағаттан 1-2 жыл бөлсең сол нәрсенің маманы боларың анық
    3)Не нәрсеге кіріссең де асықпай,сабырмен 1мен-2 мен алыс қашықтыққа шабатындай кірісу керек,нәтиженің болары сөзсіз
    4)тіл білу өте маңызды,тіл үлкен қару,басқалар 20км/сағ жылдамдықпен жүріп бара жатса,сен тіл білу арқылы 40-50км/сағ жүргенмен тең

  • @kenedyloftus6521
    @kenedyloftus6521 6 месяцев назад +75

    Ескендір мырзаны сағынады екенсің. Сол сөйлегенін күтіп отыратын едік қой 😅. Мойындаңдаршы😁

  • @Nurdaulet.S
    @Nurdaulet.S 6 месяцев назад +28

    Керемет тақырып болды сөз жоқ👍
    Мен өзім бірінші мамандығым инженер мұнайшы 5 жыл оқыдым. Кейін 3 жыл мұнай өндірісінде жұмыс жасадым. Бұл сала менікі емес екенін түсіндім. Жастайымнан дінге жақын болдым. Одан сауат ашу курсын оқып, кейін ислам институтында оқып имам хатиб мамандығын алдым. Кейін Татарстанда Казанда оқып 4 жыл оқып теолог мамандығын алдым. Ауыл мешітінен имам болып, қ қаланың мешіттеріне бас имамдық қызметтер жасадым. 13 жыл имам, ұстаз болдым. Кейін түрлі тренингтерге барып, кітап оқып, саудамен және өндіріспен айналыстым. Одан кейін тағы ізденіп оқып жүріп остеопат маманығымен танысып өте қатты ұнады. Москвада Александар Евгенич Смирновтың остеопрактика мектебінде оқып жатырмын. Оқып жатқаныма 2 жыл қәзір көптеген адамдарға пайдам тиіп жатыр.👍 Жасым 40 та әлі талай білімдер алғым келеді… Сондықтан бауырлар тоқтамаңдар дамыңдар, жақсы жаққа өзгеруге, жаңа білім алудан, жаңа мамандық меңгеруден қорықпаңдар… Бүгінгі шығарылым тура маған арнап түсірілген сияқты болды керемет… Айтылып жатқан нәрселер тура менің өмірімде болып жатыр😊 бәрі орынды… Тіл білу керек деген мәселеге де қосылам, тек қазақтілімен шектелмеу керек… Мықты маман болғың келсе басқа тілдіде білу керек… Қәзір енді өзімнің қабілетіме, мақсатыма сай мамандық тапқан сияқтымын… Келген пациенттерге бір жағы рухани, бір жағы емдік физиологиялық көмек беремін👍
    Тоқтамаңыздар дамыңыздар жақсылықтың ерте кеші жоқ демекпін…. Жастарға мүмкін пайдалы болар деп бөлісіп отырмын…. Рахмет ТТБ жігіттері Алла қаласа сіздерменде жолығармыз… Әр шығарылымды жібермей көремін… Ақтөбе қаласынан Нұрдәулет бауырларың🤝

  • @Gulnaz_Asylkhan00
    @Gulnaz_Asylkhan00 6 месяцев назад +7

    Ақылын айтып, жөн сілтеп, жол көрсететін Ел Ағасы бар елміз шүкір Аллаға 💙💎🫂

  • @haiyrlysuhbat
    @haiyrlysuhbat 6 месяцев назад +21

    Аллахумма солли ғала Мұхаммад, салауат айтып жүрейік

  • @bagdauletrakhymuly
    @bagdauletrakhymuly 6 месяцев назад +5

    Өміріңді өзгерту әрқашан оңай емес, бірақ бұл подкаст маған жаңа мотивация берді. Мұнда айтылған кеңестер мен тәжірибелер шынайы өмірде қолдануға тұрарлықтай Рахмет, подкаст авторлары!

  • @Biznes.auylda
    @Biznes.auylda 6 месяцев назад +23

    Менің жасым 27 ге келеді әр мамандықты 8 мамандықты 1 жылдан істеп шықтым қазір повармын осы мамандық өзіме қатты ұнайды
    Өзімді таптым ау деп қуанып бөлісетін жер болмай жүр еді мына подкасттарыңыз ұнады 27 жасқа келіп әрнәрсені көріп жүре берем бе елдер құсап бір нәрсені до конца қуаламаймын ба деп жүргенмін 😂 сөйтсем қазіргі заман талабы осы екен ғой дипломым бар журналист 😅
    Жаныма жақыны поварлық ләззат аламын тамақ жасағаннан жаңа дәмдеуіштер ойлап тапқанды воопще жаным сүйеді

  • @АрманЗауытбек
    @АрманЗауытбек 6 месяцев назад +8

    Ассалам алейкум!
    Менің есімім Арман, жасым 20да. Әкемнің қалауымен өз ойымның болмағанынан заңгер мамандығында 3 курс оқып жүрмін, бірақ уақыт өте бұл маған қатты ұнап кетті, қазіргі таңда осы сала бойынша мұғалім боламын деген шешімге келдім. Бүгінгі подкаст керемет болды үзбей қарап келемін, қосымша ағылшын, түрік тіліне қатысып үйреніп жүрмін. Мұғалімнен бөлек пассивті табыс көзін алып келіп тұратын істермен айналысқым келеді. Подкасттан “Век живи, век учись” деген бір фраза түйгендей болдым. Бос уақытымда өз қиялыммен әңгімелер жазамын, болашақта бәрін қосып бір кітап етіп шығарғым келеді бұйырса. Ерекше алғысымды Қуаныш мырзаға білдіргім келеді, осы кісі арқылы көп нәрселерге ойым өзгеріп келеді. Жұмыстарыңызға береке берсін, тек тоқтап қалмаса болғаны…)
    Рахмет!🫡✊🏻

  • @SakenUtebaev
    @SakenUtebaev 5 месяцев назад +2

    Өмір біз ойлағандай оңай шаруа емес екен. Қазір жасым 43-те әлі өмірден өз орнымды таба алмай жүр. Азаматтардың әрбір айтқан ойы орынды. Артымыздан өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс жол көресетейік. Өте орынды өз ісінің маманы қай кезде де сұранысқа ие. Сондықтан мамандық таңдау, орта жаста мамандықты ауыстыру қателік емес екенін түсіндім. ТТБ жігіттері істерің алға бассын. Әр қазақ сауатты, білімді дүниенің төрт бұрышында еркін жүрсін...

  • @Әлемдеталайқызықбар-и4т
    @Әлемдеталайқызықбар-и4т 6 месяцев назад +11

    Мен 36 озимди табалмай журмин. Военный училищені бітіргенмин. Контракт жұмыс жасадым 8 жыл. Казир 10 жил стройка, такси шаршап кеттим. Сиздердин сухбаттарыныздан кейін ағылшын тілін үйреніп шетелге шығып жалдамалы болсын жұмыс жасап көру. .

    • @olzhekenolzheken5232
      @olzhekenolzheken5232 6 месяцев назад +1

      Бір мамандықты алып соған беріліп жұмыс істеп, білім алып тоздырту керек онда ғана жетістік, өзінің маман иесі болады

  • @НургулТекесбаева-ы8ш
    @НургулТекесбаева-ы8ш 6 месяцев назад +1

    Өте әдемі тақырыпты қозғадыңыздар! Маған өте қатты ұнады, жалпы жетістікке жеткен адамдардан алған білім, инсайттар ұнайды, мотивацияға толы болды. Мен 5 тіл білгім келеді ең кемі: ағылшын, кытай, араб, түрік, орыс тілін.

  • @orda.auto1
    @orda.auto1 6 месяцев назад +2

    Керемет подкаст болды 👏👏👏
    1.Оқу ешқашан кеш емес
    2.Өз кәсібіңде мастер болу
    3.Кез келген салада сапалы өнім жасау
    4.Кешігіп жатырмын деген сезімнің жетегінде кетпей...асықпай шебер жасау
    5.Инстаграмда барынша өз салаңдағы аккауынттарға жазылу керек...

  • @dulattalgat5387
    @dulattalgat5387 5 месяцев назад +1

    у сербов существует поговорка: «Тот, кто зарабатывает до 300 евро, говорит о национализме, войне и земле; тот кто зарабатывает 500 евро - о кафе и пиве; с тысячи евро начинаются разговоры о здоровом питание и отдыхе; с 2000 евро говорят лишь о вине, любви и погоде»

  • @moldirzholdas6205
    @moldirzholdas6205 6 месяцев назад +4

    Әр шығып жатқан ттб 1 кітапқа тең болып шығып жатыр😍👍 ризамын

  • @mamyraiymov.a
    @mamyraiymov.a 27 дней назад

    Мықты кісілер,берекет берсін кәсіптеріңізге🙌

  • @КумисбекАхметбеков
    @КумисбекАхметбеков 6 месяцев назад

    Керемет! Былай айтайын. Тамақ ішкенде тойасынғой. Сондай сезім болды. Көп ақпарат алдым. Күшті күшті. Жарайсыңдар. Мықты болды. Осылай халыққа қызмет етіп жүреберіндер

  • @АйдарАбылкас-я3и
    @АйдарАбылкас-я3и 6 месяцев назад +3

    Өмірдегі өз орныңды табу қазір менде еліңе берер пайдаң мен қалтаға түсер табыс екеуінің арасындағы арпалыспен жүріп жатыр.

  • @altynqonyz
    @altynqonyz 5 месяцев назад +2

    26:05 Мен қаржы бойынша бокалавр бітірген соң, заңгер мамандығына түстім, менің группаластарым болды, 33 и 35 жасар. Сосын олардың әкесі 57 жасар тоже группаласым болды. Сол кезде білім алу кеш емес екенін түсіндім.

  • @АбдуллахАбдукарим-ы2б
    @АбдуллахАбдукарим-ы2б 5 месяцев назад

    Керемет подкаст болды. Сіздер достарыңызға тарат дейсіздер. Алайда бұл ақпаратты қорыта алмай қадірене жете алмайтындар көп екен. Лично өзім Қуаныштың айтқанымен 100 пайыз келісемін.

  • @Сламбек-м4и
    @Сламбек-м4и 5 месяцев назад

    Қайырлы кеш!
    Шыны керек подкас күшті болды. Мен өзім тіс жағынан шорқақпын сол жағынан күшті жақтарын қалай және қандай пайдасы бар екенін түсіндім

  • @duisembai
    @duisembai 5 месяцев назад +2

    Керемет жігіттер, сіздерді бұрыннан қарап келемін, сыни тұрғыдан және сабақ ретінде.
    Саясатқа мүлдем араласпағандарың жақсы - жұмсақсыңыздар, осы бағытта жүре беріңдер алда керемет жетістіктерге жетесіздер ПАНА сияқты))
    Заман талабына сай бейімделіп келе жатқан сапаларыңызға сын табуға мүмкіндік азайуда.
    Толық біліп тамсанған не тамсандырған жөн - себебі, жастар бір бағытта үлгі алушылар сіздің сөздеріңізге сүйене.
    Сол себепті: Тоқаевті емес - Абайды не Абайдай тұлғаларды фактілерге сүйеніп айтсаңыздар өте керемет болар еді, тек сәттілік тілеймін✊🏻🇰🇿

  • @gulia_29.90
    @gulia_29.90 6 месяцев назад +3

    Мен химия мұғалім мамандығын оқығанмын. 1ж істеп декретте жүріп ағылшын тілін оқыдым.Керемет білемін деп айталмаймын. 8ж кейін мектепке лаборант болып кірдім. Жайлап мұғалім боламын деген ойым болған. Бірақ қазір ынта жоқ меніңкі емес секілді. Өзімнің кәсібімді табуға мен сияқты кәсібін табалмай жүргендерді Алла қолдасын🤲🏻

  • @Perizat_Moldashova
    @Perizat_Moldashova 6 месяцев назад +7

    Қуаныш Шонбайдың Ересек адам жасау керек іске күш табады деген жігерлендірді😢. Ойлап,қиындатып жүрген нәрсеме бір ауыз сөзіңіз көмек қой…

  • @АбдуррахмануалиСикуатов

    22 жастагы маган оте керемет билим болды

  • @Nurishka.brr099
    @Nurishka.brr099 6 месяцев назад

    Керемет рухани бай подкаст болды🫶1 сағаттық әңгіме 5 жылдық опыт бергендей❤Аллах разы болсын!!!

  • @meirzhany
    @meirzhany 6 месяцев назад +2

    Мен үшін дәл уақытында шыққан подкаст болды. Өз өзімді таппай жүр едім. Енді Қуаныш мырза айтқандай тіл үйрене беремін

  • @Erasyl-h2s
    @Erasyl-h2s 6 месяцев назад +1

    Бұл подкаст мен көрген подкасттардың ішінде ең керемет подкасттардың бірі болды.

  • @КамхаШегебаева-я4р
    @КамхаШегебаева-я4р 6 месяцев назад +2

    Абайдың:"Сен де бір кірпіш дүниенің, кетігін тап та, бар қалан "-дегеніне келіп тұр, айналып келгенде.

  • @АманкосПримбетов
    @АманкосПримбетов 5 месяцев назад

    Мықты асықпау керек деген өтті
    Мен как будто қалып баратырғандай болып жүр едім.Мына асықпа деген өтті👍👍👍

  • @ЕрболБошкулов-г1ж
    @ЕрболБошкулов-г1ж 5 месяцев назад

    Қуаныш мырза дұрыс айтады, тілді көп білген сайын адамның дүние танымы арта түседі, пайғамбарымыз (с.ғ.с)қанша тіл білсең сонша адамсың деген,яғни төрт тіл білсең төрт адамсың!

  • @Қалдықыз-ы4н
    @Қалдықыз-ы4н 6 месяцев назад +1

    Білімдеріңізбен, тәжірибелеріңізбен бөліскендерідеріңізге рахмет.Керемет пайдалы эфир болды 🔥🔥🔥🔥Көп инсайт алдым ♥️

  • @ДильназЖумабекова-ь9е
    @ДильназЖумабекова-ь9е 6 месяцев назад +2

    Өте жақсы тақырып . Менің мамандығым тәрбиеші . Дәл қазір ұнайт . Тағы да оқып диплом алғым келет 😅👍

  • @Tabigat.
    @Tabigat. 6 месяцев назад

    Ассалаумағалайкум
    Өте жаксы отырыс ,тек шамның жарық жағы емес көлеңке жагы да айтылды.
    Шонбай бауырым бір отырып
    Әңгіме қыламыз Алла қаласа ,өзің бір дурыс адам екенсің.

  • @marzhan_01
    @marzhan_01 6 месяцев назад +2

    Мен негізі дәрігер болуды қатты қалаған едім, оқуға түсетін кезде химия биология таңдағанмын. Бірақ менің балым медицинаға жеткен жоқ, ол кезде үйдегілерде ақылы оқытуға мүмкіндік болмады, оқуға түсетін кезімде де тек айтатыны тек грантқа түссең болды деген болды. Оқуға тамақ өнімдерінің өндірісі деген мамандыққа түстім, грант болған соң 4 жыл оқып бітірдім. Ондай мамандық бар екенін оқуға түскенде білдім. Сол кезде 1 жыл оқуға түспей, тағы дайындалып түсу деген бірдеңеден қалып кететін сияқты болыппын, өзіңмен қатарлар оқығанда қалып кететіндей болып. Оқуға енді түсіп жатқандарға айтарым 1 жыл қалып кетуден мүүүлде қорқпау керек екен.Тіпті мен екінші мамандыққа математика пәнінің мұғаліміне түстім, оны 2 жыл оқып мүлдем мұғалім болғым келмейтінін түсіндім. Мен әлі де өзімнің ішкі қалауымды, өз саламды іздеудемін.

  • @TyrsinaiBaiboloba
    @TyrsinaiBaiboloba 6 месяцев назад +61

    Азамат Скаковтын сен кітабын оқып уйкым реттеліп сағат таңғы бесте турып журмін 40 кундей болд

  • @АйгеримКадырбай
    @АйгеримКадырбай 6 месяцев назад

    Подкаст өте қатты ұнады.Кезінде менде де қалып бара жатқан сияқоы сезім болатын,қазір ол сезім мүлде жоқ деп айта алмаймын,бар кішкене.менің өсуіме көмектескен ол мықты досым кітап болды.Потребностьқа байланысты кітаптар оқи берщім.қазір кез келген білімді деген адаммғн айтатын тақырып бар.Кітапты жақсы көремін,бірақ оқи алмаушы едім,қазір кітап оқып энергия аламын.өзіңе ұнаған істің қыр сырын білу үшін ең алдымен пайдасын зиянын білу міндетті түрде керек дее ойлаймын.
    Қуаныш Шонбайдың қазіргі уақытта “Екінші шанс” кітабын оқып жүрмін.
    Азамат Скаковтың “SEN” кітабын да оқып жүрмін.
    Пайдалы контент жүргізгендеріңіз үшін Алла разы болсын❤

  • @saniyakudaibergen8504
    @saniyakudaibergen8504 6 месяцев назад

    Тауық болсада қасапшы сойсын дегендей, әр нәрсеге жалтақтап жүргенше, жан қалауыңды тауып,соның жілігін шағып майын ішкен дұрыс, тіл білгенің өз ой өрісіңді дамытқаның, өзіңді дамыту, артыңда қалатын балаларыңа ұрпағыңа жақсы тәрбие беру, тәрбие ұлтымыздың болашағы, осы подкастты шығарғандарыңызға рахмет, Алла разы болсын

  • @ye2728
    @ye2728 6 месяцев назад +1

    мен үшін әңгіме соңында басталды. тіл үйренуден баста дегені ұнады.

  • @ЕрболАйдархан
    @ЕрболАйдархан 6 месяцев назад

    подкасттарыңыз керемет !
    жібермей көруге тырысамын .бүгінгі тақырып қатты ұнады,мыиыма бомба болып тиді . саланы ауыстрамын деп кете алмай жүр едім,енді ауыспаймын деп шештім . рахмет сіздеиге . тағы да керемет подкасттар күтеміз ❤❤❤🎉🎉🎉🎉

  • @МеруертДУЙСЕНБАЕВА-с2д
    @МеруертДУЙСЕНБАЕВА-с2д 6 месяцев назад

    Құдай ау не деген тегін инсайттар. Мына паткастан ақ не деген сабақтар алуға болады ғой. Рахмет сіздерге қаншама ақпараттар мен инсайттарға толы паткас болған екен. 👍👍👍 Әр паткастарыңызды көрген сайын күшті әсераламын. Оқырмандарыңыз көбейіп дами беріңіздер 🙏🙏🙏🫰🫰🫰💐💐💐💐👍👍👍

  • @АйаулымҚұлназар
    @АйаулымҚұлназар 6 месяцев назад

    Керемет подкаст болды.Керемет ақыл кеңес алдым

  • @АааДдд-л4и
    @АааДдд-л4и 6 месяцев назад +1

    Алласын тапқан адам өзін табады!Жалпы подкастан түсінген ойым осы!

  • @ЛюбовьМадиева-я6ж
    @ЛюбовьМадиева-я6ж 6 месяцев назад

    Керемет, тіл туралы пікірлеріңіз өте ұнады.

  • @zhanarassanova5221
    @zhanarassanova5221 5 месяцев назад

    Отиниш, бурынгы Ескендир мырзаны шакырынызшы. Гылыми далелдермен айтады, арбир подкастын гули еди. ЕСКЕНДИР мырзаны шакырыныздаршы🙏🏻

  • @madinaalimova7716
    @madinaalimova7716 5 месяцев назад

    Қолыңнан дым келмесе , ты болмаса 4 тіл ді үйрен деген тамаша сөз болды🎉🎉🎉

  • @JeisonT-j4v
    @JeisonT-j4v 6 месяцев назад

    Бир естелик болсын, окырмандар ушин алган екенсиз,маган бир кепка берсениз

  • @Еркебулан-ы1ъ
    @Еркебулан-ы1ъ 6 месяцев назад

    Ассалаумагалейкум оте керемет ангиме талкылау болды суперр❤

  • @Ramazan0394
    @Ramazan0394 6 месяцев назад

    Керемет подкаст болды❤

  • @darkhan08
    @darkhan08 6 месяцев назад +1

    Өте керемет шығарылым болыпты 👍 👏

  • @temirlannurgaliev3691
    @temirlannurgaliev3691 6 месяцев назад +1

    “Тіл үйрен сосын пожалуйста кел”
    Алла жазса тіл үйреніп барам Қуаныш мырза. Сіздермен бір сұхбаттасқым келеді мүмкіншілік болса.
    Наставник демекші сондай жетіспей жүр қазір маған.
    😊

  • @bakebaibakebai3017
    @bakebaibakebai3017 6 месяцев назад

    Қуанышқа қарап Абай Атамды көрдім.Мейірбекке қарап Марғұлан ағамызды көрдім.Өте пайдалы ұтымды сұқбат.болды.Азаматпен Тайр келесіде сұқпан пен талқыға жақсы да пайдалы әңгімелерін қосады деген ойым бар.Бакеңнен

  • @AlashQazakuly
    @AlashQazakuly 6 месяцев назад +6

    Назарбаев университетинде 2010-нан бери окып келе жатырмын, жасым 32-де, озимди али издеп журмин 😂, уялад екенсин мойындауга

  • @R14-h2g
    @R14-h2g 5 месяцев назад

    Бір тіл ,бір әлем.👍🏼

  • @Inkaralpysbay01
    @Inkaralpysbay01 6 месяцев назад +3

    💫Шығарылым өте қатты ұнады😍
    Қуаныш ағаны ғана танитынмын бірақ қатты қызығып кітаптарын,сабақтарын алып оқымаппын, негізі подкастта қарамаймын 🤗 қызығушылықпен бір ғана шығарылым көріп едім, қазір сіздердің әр шығарылымдарыңызды күтіп отырамын!
    Азамат ағаны да осы арқылы таныдым рахмет сіздерге🫶🏼
    Басқа қонақтар емес тек төртеуіңіз жүргізген шығарылымдар ғана ұнайды👏🏻
    Өте салмақты,салиқалы әңгімелер мен тақырыптар қозғайсыздар!
    Бүгінгі түйгенім: Орта табу,үнемі ізденіс үстінде болу, асықпай бірақ аз-аздан, кәсіпті нәсіпке айналдырып көңіл құлаған іспен айналысу,тіл үйрену!
    Сөз соңында өзімнің жерлесім Ахмет атамның сөзімен …………
    /Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.
    © Ахмет Байтұрсынұлы

  • @temirlannurgaliev3691
    @temirlannurgaliev3691 6 месяцев назад +1

    Негізі бір затты ұғыну керек: көп зат БІЛІММЕН келеді.
    Білімніңда білімі бар. Түсінген адамға…✊🏻

  • @obbegoobbego686
    @obbegoobbego686 6 месяцев назад +1

    Керемет ұнады рахмет

  • @didara5753
    @didara5753 5 месяцев назад

    Менің түйгенім әркімнің өзінің жанатын уақыты болады,оны жандыру істеген іс әрекетіңе байланысты болады.Ізденіс жасамайтын адам шелекте тұрған су сияқты тұрып тұрып сасиды,ізденген адам ағып жатқан су сияқты тазарып отырады.Сол сияқты ізденіп өзін өзі іздеген адам түбінде өзінікін табады және әркімде ол әрқалай жолмен әртүрлі уақытпен😊Ізденісті тоқтатпау керек !

  • @bota7270
    @bota7270 6 месяцев назад +1

    Өз өзіңді табу деген әр кез актуально тема сияқты 😃
    1. Ең алдымен мен үшін есте қалған бір мамандықпен өзіңді шектеп тастау - ақымақтық. Өсетін адам жан жақты өзін дамыту арқылы ғана орысша айтқандай өз предназначениесін таба алады.
    2. Егер өзіңнің не қалайтыныңды білмесең, не қолыңнан келеді соны жасап кету арқылы жасағанда ләззат алатын кәсібіңді табу ықтималдығы артады.
    3. Кез келген жаста білім алу керек және міндетті, себебі өмір ағымы ол даму, жаңғыру, өсу тағысын тағы…
    4. Мен әр кез бастаған істі аяқтамағаныма өзімді сөгетінмін😅, бірақ та шешіміңе сенімді болсаң ол дұрыс таңдау
    5. Осы подкаст дәл алдымнан шықты себебі кеше ғана бакалавр дипломымды алып , енді тревожно мен кіммін деген сұрақтар мазалауда , сол үшін де түйген ойларыммен бірінші қадамды бастап кетемін🎉
    Және де всегда кәсіп пен бизнес бір нәрсе деп ойладым , бірақ қазір өз кәсібіңнің шебері болғанда ғана бизнеске айналдыруға болатыны айтылады.
    И напоследок осы ттб ұжымына алғысым шексіз, білімдеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет🙌🏻

  • @Думан-с5ф
    @Думан-с5ф 6 месяцев назад

    Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың

  • @АскарНазаркулов
    @АскарНазаркулов 6 месяцев назад

    Облыс зың болды, барлығы түсінікті гәп болды, Қуаныш айтқандай

  • @MirasValikhanov
    @MirasValikhanov 6 месяцев назад

    Ассалаумагалейкум. Меним басым дәу!

  • @shyngyskhann
    @shyngyskhann 5 месяцев назад

    Асекең және Мейірбек,Таир мырзалар красавчик!

  • @ТуркестанДей10
    @ТуркестанДей10 6 месяцев назад

    Азамат ағаның тыңдауы күшті, Қуаныш мырзаны ұйып, кішкентай бала сияқты тыңдап отыр😅

  • @balgynbekch
    @balgynbekch 5 месяцев назад +1

    қызық факт. Неге осы жақсы жұмыс орындарында дінді ұстанатын ағалар жоқ? Мешітке барғанда да сыртта тұрған көліктер мен адамдарға да қарасаң көрініп тұрады. Көшбасшы адам жоқ пример ретінде жоқ дегім келеді. Адамдар жетістікке жеткен адамдарға қарайды. Ал олардың көрсетіп жатқан өмір-салты діннен алыс. Дүниелік жетістікке жеткен адам керемет адам емес қой, ал оны ақшаны қатты жақсы көретін халыққа түсіндіру қиын.Халыққа жәй ғана дінді ұстана отырып керемет жетістікке жетіп жатқан адамды көрсету керек, яғни дұрыс дінді ұстанатын мұсылманды көрсету керек сияқты. Түйін: Адамдарды тәрбиелеп жатқан адамдар дұрыс болса екен😊

  • @sauletasim7970
    @sauletasim7970 6 месяцев назад +1

    Диплом керек емес деген таяз ойды тереңінен түсіндірді. Менің жеке басымдада болған. диплом керек емес деген. Бірақ диплом болмаса іштей өзіңе сенімсіз боласың. Мына подкасттан кейін магистратурага тапсыру идеясы келді. Бір тіл бір адам дейді ғой. Түріктер. Сондықтан тіс мәселесінде толық аштыңыздар. Көпппп рақметтттт сіздерге. 🇰🇿🤝😍🫶🤲👍

  • @СембекНурымов
    @СембекНурымов 6 месяцев назад

    Жақсы тақырып!

  • @СлСл-д4и
    @СлСл-д4и 6 месяцев назад

    Сіздерді көре беріп қазір 22:00де жатып 06:00де тұрып жүрмін😅🙌🏻

  • @ДианаӨмірбай
    @ДианаӨмірбай 6 месяцев назад

    Түйген ойларым:
    1. Өзіңе ұнайтын, қабілетің жететін істе қиындықтар кездессе де сынбай, соңына дейін жеткізу мен өзіңдікі еместігін ұнынған істі жарты жолдан тастамау керек (деген қате пікірді) ажырата білу керек.
    2. Оқып, білім алу ешқашан да кеш емес.
    3. Қандайда бір сала игергіміз келсе, нәтижеге (бәрінен қалып бара жатқандай)асықпай, бүт тірлікті тастай сала кіріспей, күнделікті аз- аздан уақыт бөліп, біліктіліктілігімізді арттырып, тәжірибе жинауымыз керек.
    4. Кәсібіңнің, салаңның сонымен қатар санаңның өсуіне тіл білудің маңызы өте зор.

  • @МедетАлда
    @МедетАлда 6 месяцев назад

    Ұнады.рахмет керемет

  • @uldanakapalbay4906
    @uldanakapalbay4906 5 месяцев назад

    Подкастан түйген ойлар:
    • Бір кәсіпті жақсылап меңгеріп алсаң сен жерде қалмайсың. Әрине оған сенің жігерің болуы қажет.
    • Биік шыңға жеткің келсе асықпау қажет, аз аздан үздіксіз еңбекпен жетесің. Бастысы тоқиап қалмау. Тоқтасаң қайта тұру.
    • Өзіңді әр саладан танып білуің қажет. Қарым-қабілетің жақсы дамыған салада биік шыңға жете аласың.
    Подкаст өте пайдалы болды.

  • @asetrozaasetroza4805
    @asetrozaasetroza4805 6 месяцев назад

    Кепка кепка кепка деп жазсам ұтам ба, мен де саясат тану оқып сосын шетелде оқып соңында, Қуаныш Шонбай сабағын алып көз ашылған, көп рахмет психология өте сирек кездеседі өмірінде бірақ ең керек нәрсе екен, жасай беріңіздер жігіттер

  • @rami_bags2587
    @rami_bags2587 4 месяца назад

    Қосымша тағы бір тіл білу 50% проблемаң шешіледі ғой негізі😅😅❤

  • @АнуарбекБелгибаев
    @АнуарбекБелгибаев 6 месяцев назад

    Азекең ең красавчик, бірақ Мәкеңнің сұрақтары бомба, бәрі красавчиктерғой негізі

  • @nurdaurennazhmutdin
    @nurdaurennazhmutdin 5 месяцев назад +1

    #57 шығарылым тақырыбынан бастап ауыр тиді негізі, көп ойларды, инсайдтарды асықпайй тыңдап,екі қайтара тыңдап жазып алдым.
    Мамандық жайлы басталғаны ұнады, себебі мен мектепті бітіретін кезле екі таңдау тұрды: біреуі Педагогика (АГУ), екіншісі Медиыина (Асфен). Содан қатты қаладым деп айта алмаймын, үйде дәрігер болмағасынба бәрі әсер етті енді қатты.Сөйтіп Медке тапсырам деп шешіп тапсырдым. Грантқа (ОМ) түскенде қуанғанда жоқпын, эмоция болмады мүлде.Бірақ өзіме педагогика жағы ұнайтын қатты, кураторлық, сабақ беру, түсіндіру деген. Бірақ қазір 2 ші курс оқып жатырмын, әрине бірааз қиын, соданда болар ойлар келе береді, четам нестейміз деген.Бірақ барынша басып, аяқтап шығам деп сөз берем қайта-қайта. Мүмкін сол "LOSER" боп қалу сезіміма, бәлки ата ана үмітіма, соңына дейін барайын дедім.Иә өте көп жыл кетеді (9-10). Бірақ осы 2 курстада барынша дамып, кітап оқып, орталар құрып, сол аптаның демалыс күндерін сарп етемін. Бірақ білем ол екі күн мені көбірек бақытты етеді, чем алдыңғы 5 күн. Білім жолы қиын болары анық, бірақ мен еш тоқтамаймын бұйырса, келесі курстан бастап өз мамандығымды мықтап оқып, болашақ Врач образын енгізе берем.Осы подкаст қатты әсер етті негізі.
    Мен сенемін негізі и сеземде, что маман иесі болу иә маңызды, бірақ қандай маман дегенде сұрақ қой. Яғни не кәсіп (мамандық) болсада,өз ісіңді шебер істесең повар болсаңда озасың. Ал меніңше оқымай, секіріп-бұғып өткен медик, тозған Врач болатын сияқты. Мен сол үшін коммуникациялық, рухани, кәсіби, қаржылай, этикалық барлық білімдерді алып,сіңіріп қалуға тырысудамын. Алла қаласа сіздер сияқты өмірде өз орнын тапқан, тау тасқа ұрынып болсада, бақытты, өмірді, баяу түрде, асықпай әдеемі сүретін күнге жету бұйырсын. Барша ақыл, ойларыңызға рахмет ағалар!🔥✊🏼👍🏼

  • @yerkebulan.turyszhan
    @yerkebulan.turyszhan 6 месяцев назад +4

    ТҮЙГЕНІМ:
    1) Өзіңе ізденуге мүмкіндік беру! Мұндағы Мейірбек мырзадан бастап барлығы да түрлі оқу мен жұмысты көрген екен!
    2) Белгілі бір істің, мамандықтың шебері болуға ұмтылу!
    3) Тіл білудің артықшылықтарын тиімді қолдану!
    4) L=v*t, сондықтан да асықпай, өз-өзіңе уақыт беру!

  • @gulnurauezova9365
    @gulnurauezova9365 6 месяцев назад

    Алла береке берсін

  • @sonyablade1813
    @sonyablade1813 6 месяцев назад +1

    Алдынғы жұма қатты күткен жаңа шығарылым шықпай қалып көңіл күйім түсіп еді, бүгін қатты ұнады, басыма жаңа инсайдтар келді, әсіресе тіл үйренуге келгенде. Бастысы тоқтамаңыздар❤

  • @i-ew8mi
    @i-ew8mi 6 месяцев назад

    Ассалаумағалейкум ағалар сіздердің еңбектеріңіз жансын .
    Расында бүгін берген білім бөлек болды .
    Осы бір кезде Қуаныш мырзаның күніне 1-сағат бөліп бір тіл үйрену деген сөзі жүрегіме өтіп кетті. Расында біз өзіміз қыйындатып қашып сылтаулар іздейміз. Сізге Азамат мырзаға қарап расында тіл үйрену қыйын емес деген көз қараспен қарап бәріне жеңіл қарау керек деп ойлаймын .
    Расында ТТБ подкаст біз үшін тегін беріліп жатқан жақсы біліп деп білемін. Әр біріміз осы бір ТТБ көріп жүріп ақырындап өзімізді дамытуға жол ашатыны анық. Мейірбек мырза сіз айтқан сөзіңіз орынды деп білемін әрбір адам өзінің біліміне ақша құйып еңбектеніп оқып , бар энергиясын салса сол білім жемісін бермей қоймайды деп ойлаймын .
    Бар ойым сыйлық алу емес сіздерді қолдап жазу.
    Өзім негізі комментарии жазбаймын. Тек көңілім қалаған кезде жақсы жерге лайықты жерге жазамын.
    Бұйырса істеріңіз алға бассын осы ТТБ подкасты тоқтамасын,бізге берген білімдеріңіз екі еселеніп өздеріңізге келсін .🔥

  • @atalai-kz
    @atalai-kz 4 месяца назад

    ЖАНА ШЫГАРЫЛЫМ КАШАН ШЫГАДЫ ЕКЕН😢

  • @НурсатИлияс
    @НурсатИлияс 6 месяцев назад

    Ттб өте мағанылы поткасть асыға күтем әр шығарлымын үзбей көріп әр сөзден жігер мотивация аламын

  • @ddosslesh6083
    @ddosslesh6083 6 месяцев назад +1

    *Ескендір Бестай мен Азаматты батлға қою керекқой* 😅

  • @nurgissasultanmakhmutuly5158
    @nurgissasultanmakhmutuly5158 6 месяцев назад

    Түрік тілін, КТЛ-ды сөздеріне қосқаны қуантады екен

  • @КанатКанат-е4щ
    @КанатКанат-е4щ 6 месяцев назад +1

    Куаныш мырзаның көп сөйлнуінен, Азамат мырза мен Таир мырза ашыла алмай жатыр.
    Сол кісілерді де тыңдағым келеді.

  • @englishwithaidanaaitukyzy7299
    @englishwithaidanaaitukyzy7299 6 месяцев назад +1

    The best!

  • @КуанышКурмамбаев-я1э
    @КуанышКурмамбаев-я1э 6 месяцев назад +1

    12 жыл сату болиминде истедим, маркетолог боламыз дедик, валберис дедик, кытайдан тауар каспий, биткойн кордик сомен, фас фуд ойластырдык сонымен минустан бырак шыктым. Енди сату болимине баргым келмеди айналысатын касип жок откан сооол! Сату болиминде басшы немесе сату маманы ремесло ма алде уакытша нарсе ма?

  • @Simonkz70
    @Simonkz70 6 месяцев назад

    Жәй ғана рахмет айтқым келіп тұр,тілдің маңыздылығын шегелеп тұрып айтып бердіңіздер.Тілдің талай есіктерді ашатынын шамалап білетін едім,бірақ бүгін толықтай көзім жетті .Миым сенді😅

  • @erekeEreke-sf9bn
    @erekeEreke-sf9bn 6 месяцев назад

    Кызыл кепка супер буйыртса аламын😮

  • @БауыржанОспан-з5к
    @БауыржанОспан-з5к 6 месяцев назад

    Кепка кутты болсын

  • @kadiko803
    @kadiko803 6 месяцев назад

    Таргетолог болып фейсбуктың сертификатын алуға мотивация болды

  • @talgat.asselia
    @talgat.asselia 6 месяцев назад

    Ескендір ағаны хотя бы қонақ ретінде шықырыңыздаршы, өтініш, сағындық🤭

  • @Ulzhan.Bakkeldi
    @Ulzhan.Bakkeldi 6 месяцев назад +6

    Жақсы тақырып талқыланды, тіл білгеннің тағы бір артықшылығы ақпаратты тез аласың, мысалы бір жаңалықтар ең бірінші ағылшын тілінде шығады ғой, содан кейін ғана жайлап басқа тілдерге аударыла бастайды. Өтірік емес Қытай тілін білгенімнің арқасында жапон тілінен Қытай тіліне аударылған кітаптарды оқып бастадым олда осы өз ісіңді табуға байланысты. Және осы шығарылымды көріп отырып менде осында болғанда ғой шіркін деп отырдым ғой 😊

  • @afruzqodirov8468
    @afruzqodirov8468 6 месяцев назад

    1темани 4 тилмен козкарас идеасы отте катты унады

  • @nurbolatizbanov4894
    @nurbolatizbanov4894 6 месяцев назад

    Ооо Ассалаумалейкум Тәкелер айтып, айтып тастаңыздаршы

  • @nurbolatizbanov4894
    @nurbolatizbanov4894 6 месяцев назад +2

    Интернет маркетолгтың курсын оқып едім рассрочкамен.
    Өмірімді өзгертем деп, бірақ қайтадан стройкаға кіріп кеткенсіңғо объемдар кетіп бара жатыр көздің алдынан. 😊

  • @nazgulbalabekova5236
    @nazgulbalabekova5236 6 месяцев назад +1

    Good luck to the best youtube show in KZ!

  • @Жанна-ф1е
    @Жанна-ф1е 4 месяца назад

    🎉🎉🎉 1:14:12

  • @АбдуллахАбдукарим-ы2б
    @АбдуллахАбдукарим-ы2б 5 месяцев назад

    Бастап койып 20 жыл жумыс жасап пенсияга шығып кеткенмін.

  • @قازاق-شيپاگەرلىگى
    @قازاق-شيپاگەرلىگى 4 месяца назад +1

    кепканың қазақшасы ШӘПКЫ!

  • @Султанбек-й2к
    @Султанбек-й2к 6 месяцев назад

    Прямой эфир жасасаныздар

  • @ВсегдаЛюбима
    @ВсегдаЛюбима 6 месяцев назад

    Сіздерден біраз сабақ алдым😊 рахмет