ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ: КЕМЕЛ АДАМ БОЛУ ҮШІН... | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | #40

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 ноя 2024

Комментарии • 1,1 тыс.

  • @VersusAcademy
    @VersusAcademy  2 года назад +65

    АРНАЙЫ ҰСЫНЫС
    Қайрат Жолдыбайұлының арнайы ұсынысы бойынша ТТБ тіркелушілеріне ғана оптовой бағада алу үшін: kemeladam.kz/ttb
    Инстаграм парақша: instagram.com/kairatzholdybaiuly/

    • @anarbeknakhan6928
      @anarbeknakhan6928 2 года назад +9

      Тұлғалық даму мен дінді, философияны, бізнесті ұштастыра білген керемет сұхбат болды!!! Кемелдену жолында кемеңгер болайық

    • @gaukharkalymbetova7167
      @gaukharkalymbetova7167 2 года назад +27

      КІТАП АЛУ ҮШІН ПІКІРІМ:
      СҰХБАТТАН ТҮЙГЕНІМ КӨП ОНЫҢ ІШІНДЕ : ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫНЫҢ ЕМТИХАННАН ӨТПЕЙ ҚАЛҒАН СӘТІ. ОЛ ЕМТИХАН ДҮНИЕЛІК ЕМТИХАН БОЛАТЫН. АЛ, СОЛ СӘТТЕ АЛЛАНЫҢ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛҒАН ЕКЕН . СОЛ КЕЗДЕ САЛЫНЫ СУҒА САЛЫНБАЙ БІРДЕН ШҮКІРШІЛІК ЕТІП ХАЙР ЕТІП НАМАЗ ОҚЫП НАҒЫЗ БІЛІМНІҢ КЕМЕЛДІГІН КӨРСЕТТІ. ШЫНДЫҒЫНДА АМАЛЫ БОЛМАСА БІЛІМІНІҢ ПАЙДАСЫ ЖОҚ ҚОЙ. ДӘЛ ОСЫ НАСИХАТТАН КЕЙН ЖОЛЫМ БОЛМАДЫ ДЕП ЕНДІ АЙТУ БӘРІМІЗГЕ НЕГІЗСІЗ СИЯҚТЫ. ЕГЕР САҒАН МЕНІҢ ПІКІРІМ ҰНАСА ҚОЛДАҢЫЗШЫ. КІТАПТЫ АЛЫП ОҚЫҒЫМ КЕЛЕДІ ҚАТТЫ ӨТІНЕМІН ❤

    • @ЖайнаКайбулла-э4ъ
      @ЖайнаКайбулла-э4ъ 2 года назад +8

      Өте тамаша сұхпат болды әр айтылған кейстарды жазып алып отырдым . Түсінгенім адам ешқашан тоқтамай білім іздену керек және әрекет ету керек , проблемалардың әр дайым шешімі табылады басқадан проблеманы іздемей өзіннен бастау керек екен .

    • @НуржанатАбдирасил
      @НуржанатАбдирасил 2 года назад +5

      Әрдайым бір нәрсе жайында айтарда, кідіріс жасап, ой елегінен өткізіп барып айтуды үйренген жөн.
      Өз өзіңді яғни жаныңды, тәніңді тыңдай білу өте қажет.
      Осындай маңызы бар, пайдалы сұхбаттарды зейін қойып ықыласпен тыңдап, соған амал жасай білу керек.
      Әрекет бізден берекет Құдайдан болмақ.

    • @МуратжанБегимбаев-г4к
      @МуратжанБегимбаев-г4к 2 года назад +1

      Керемет сұхбат болды

  • @uatkhanalgabekuly7395
    @uatkhanalgabekuly7395 2 года назад +451

    Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей.- деген секілді ағаларымыздың талқылаған тақырыбы күнделікті өмірде көп мән берілмейтін, тыңдаған адамның сәл де болса ойын қозғайтын салмақты тақырыптардың бірі болды.
    Істеріңізге сәттілік тілеймін!😊

    • @ernisternist3868
      @ernisternist3868 2 года назад +3

      Алгааа!!!🥳🥳🥳

    • @uatkhanalgabekuly7395
      @uatkhanalgabekuly7395 2 года назад +3

      @@ernisternist3868 Рақмет

    • @ernisternist3868
      @ernisternist3868 2 года назад +4

      Seni destekleyen arkanda bir sürü insan var sen hiç merak etme,, iyi şanslar dileriz)))🥳🥳🥳🗿

    • @uatkhanalgabekuly7395
      @uatkhanalgabekuly7395 2 года назад +4

      @@ernisternist3868 Teşekkür ederim kardeşim

    • @uatkhanalgabekuly7395
      @uatkhanalgabekuly7395 2 года назад +4

      @UCILQ5XLvaXirSzi-Gr2Z4qw Чоң рахмат доске👍

  • @Madiyar_baidolla
    @Madiyar_baidolla 2 года назад +199

    Ассалаумағалейкум Алла раза болсын ағаларға. Қайрат ағамыздың басынан өткен оқиғасынан ғибрат алдым. Біз көп жағдайда тек өзіміздің дегеніміз болады деп ойлаймыз, болмай қалса кінәні біреуден іздейміз ол амалдың бізге хайырлы не хайрлы емес екенін тек Аллаһқа аян хайырлы болса пендесінен аямайды хайырлы болмаса жамандықтан қорғайды. Біз қандай амал жасасақта оның нәтижесіне шүкір етіп дамуды тоқтатпауымыз керек.

  • @nazgulmisss8510
    @nazgulmisss8510 2 года назад +12

    ♥️Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл-кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә дал‘йд-дәйни уә ғаләбәтиррижәәли.
    Мағынасы: Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!
    Пайдаңызға жарасам ♥️лайк күтемін. Кітап бұйырсын🌷

  • @medet.amantaiuly
    @medet.amantaiuly 2 года назад +161

    ТТБ #40- менің есімде қаларлықтай,өміріме мәңгі азық болатындай дәрежеде өтті
    "Жақсымен өткен бір күнің- бақыттың мың күні" дегендей мың күнге татитындай рухани азық алдым.
    Бұл біздің рухани өсуіміздің бір бөлшегі десекте болады, үлкен рақмет!
    Баршаңызға Алла разы болсын!

  • @omirozen8
    @omirozen8 2 года назад +112

    Бұл өмірде әр нәрсенің сұрауы бар және орны бар. Айтылған сөзіңе, жасаған іс-әрекетіңе тек өзің жауаптысың. "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дегендей, әр адам бойында төртеу: рухани, психологиялық, физикалық, интеллектуалдық сауаттылық болса, адам түгел болады деп ойлаймын. Осындай гармонияға ұмтылу үшін өзіңмен өте көп жұмыс жасау керек.
    Өзім асыға күтетін, адамға терең ой салатын бағдарлама. Алла разы болсын сіздерге!

  • @НұрбекСапарғалиұлы
    @НұрбекСапарғалиұлы 2 года назад +268

    Тапжылмай отырып көріп шыққан шығарылымдардың бірі болды.Өте қатты ұнады,мысалдар да керемет Алла разы болсын өздеріңізге.Өз басым Қайрат ағамызды толық білемін деп айта алмаймын,алайда әрбір қазақ үшін жасап жатқан әрбір еңбегі әртүрлі әсер етіп,көңілдерінен шығып,жемісін беруде.Алла абыройдан айырмасын,қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар!!!

  • @sozak_kyzy
    @sozak_kyzy 2 года назад +129

    "Бергенде ғана шүкір етіп, бермегеніне риза болмай тұрмын ба?" дегеніңіз, 15 жасар баланың ойлауы 🔥🔥🔥🔥
    Исламды заманауи ракурстан қарап, жиренуге емес, үйренуге шақырып жатқаныңызға үллкеен рақмет 💌❤

  • @АкеркеАбдулла-в4ы
    @АкеркеАбдулла-в4ы 2 года назад +68

    Пайдалы болды.Көптеген инсайттар алдық.Кідіріс туралы ұғымды толық түсіндім.Ой толғандырарлық подкаст болды.Рахмет!💐

  • @Dreamerwomen
    @Dreamerwomen 2 года назад +89

    Алла разы болсын! Студенттік шақта біздің діни көзімізді ашқан кітаптар ғой, "Имани гүл"," Дін мен діл".
    Дінге енді келіп жатқан адамға мен үнемі осы кітапты ұсынамын. 👍
    Енді "Кемел адам" кітабын оқуды нәсіп етсін!

  • @Дха
    @Дха 2 года назад +17

    Ассалаумағалайкум.Енді бағдарлама мықты болды.Қай бөлігін алсақ та Алланың шебер жаратылысы,адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.у.) ның хадистері,Абай атамыздың бүкіл болмысымызды сипаттап берген өлең сөздері,адамның өзінің керемет жаратылыс екені осының бәрін үйлестіріп,мысалдар келтіріп адамның өмірге деген махаббатын одан да жоғары құлшынысын арттырған ағалар,сіздер ге Алла разы болсын.

  • @kairatauelbaev1537
    @kairatauelbaev1537 2 года назад +26

    Ассалаумағалейкүм Қазақ Елі.
    Тамаша сұхбат болды Алла разы болсын жігіттер.
    1.Адал басшы болуымызды Алла баршамызға нəсіп етсін. Əр қайсымыз өз ортамыздың , отбасымыздың басшысымыз əрбір жолда əділ болуды ұғындық.
    2. Сапарда ,жолаушы болып қарияны өзімен атқа мінгізіп , рухын жоғалтып алмауға насихаттауға шақырған уақиға қатты əсер берді.
    3.Кез- келген сəтте "кідіріс" жасаудың маңыздылығын жақсы жеткізді Қайрекең Алла разы болсын. Дана қазақ айтрақшы "жеті рет өлшеп, бір рет кес " демекші. Кідіріс жасап тұруға шақырамыз.
    Байыса Қазағым байысын.
    Еліміз бейбіт болсын.
    Қайрекеңдей ой салып Халқымызға пайдасы тиер Ел ағалары бар болсын (Əумин)
    Қайрат Берікұлы. Астана қаласынан.

  • @МарғұланАлмабай
    @МарғұланАлмабай 2 года назад +94

    Ттб ға көп рақмет. Алла разы болсын. Дінге және дұғаға деген жаңа ойларды білуім болды. Қайрат мырға рахмет осындай біліммен бөлініп, қазақтың көзін ашып жатсыздар. Осындай пайдалы шығармалар шыға берсын!

  • @Akylualikhan
    @Akylualikhan 2 года назад +43

    Керемет сұхбат. Ең ұнаған жерлері:
    *Дұғаның мағынасына терең үңілу. Проблеманың шешімі сол дұға сөздерінде екенін түсіну.
    *Алланың әрбір жаратылысының хикметін сезу
    *Күнделікті тіршіліктен кідіріс алып, өз ойыңмен оңаша қалу.

  • @Makpal_Mukhammed
    @Makpal_Mukhammed 2 года назад +19

    Қайрат Жолдыбайұлын "Имани гүл"кітабынан кейін таныған едім.ТТБ төрінде өнегелі, әдемі әңгімесін өрбітті.Маңызы зор біршама тың ақпаратқа ие болдық, ұжымға рахмет!
    Әсіресе, эмоционалды ойлаудан-рационалды ойлау алаңына жеткенше шешім қабылдамай,сәл кідіру; Адамның ішкі мәдениеті мен табиғат арқылы үлкен өзгерістерге келу; Қарапайым медитация мен Алланың нығметтерін көре отырып оның есімдерін ұлықтау,өміріміздің Алланың таңғажайып көрмесі екендігін айтқаны үлкен ой салды.
    "Кемел адам"кітабы біраздан көңілімде жүрген кітап.Қайрат ағамыз алдағы уақытта да адамдардың тұлға ретінде қалыптасып,кемелдене түсуі үшін озық туындыларын шығарады деп сенеміз.Алла разы болсын!

  • @МейржанКожамсеитов
    @МейржанКожамсеитов 2 года назад +16

    Иа Раббым осы істеріңізге береке беріп разы болсын. Қайрат ағама мың алғыс тағы сұхбатты асыға күтеміз.
    Бүгінгі шығарылым өте керемет түсінікті өтті. Жалпы біз Құранды оқып Алланы танып. Абайды оқып өзімізді танысақ. Мықты мемелекет болатынымыз анық.

  • @ershatoskenbai708
    @ershatoskenbai708 2 года назад +2

    ТТБ ұжымына рахмет ең бірінші.Өте әдемі сұхбат болды.Ертең көруге шыдамай бірден шыға сала көрдім.
    Шүкір намаз нәтиже саған ұнаса да,ұнамаса да оқу керектігін,себебі не хайырлы екенін Алла жақсы білетінін ұқтым.
    Тәфәккур туралы әдемі түсіндірді.Алманы Алланың құдіретін сезіне отырып жеу тамаша түсіндірді.
    Қарыздан құтылу дұғасын әдемі ашып түсіндіріп берді.Алла разы болсын 🤲.Оқыған адамның аты оқыған екеніне тағы көзім жетті.

  • @FF-kr8pu
    @FF-kr8pu 2 года назад +18

    "Күдікпен күрес" кітабын оқып, иманға келдім! Себепкер болғаныңыз үшін Аллаһ разы болсын Қайрат мырза! 2006 жылдан бері иманымды аялап келемін!

  • @ЖулдызДоскараева-т6к
    @ЖулдызДоскараева-т6к 2 года назад +43

    Недеген керемет әңгіме айтылды алла разы болсын . Өзімді жоғалтып неден? Қайдан ? Қашан бастарымды білми жүргендегі тоқтап АЛЛАНЫҢ кереметтеріне мән бермен өзіңді тыңдап үйренуді, сонымен қаттар есеп беруді. Жүректі тыңдау айтылды көп көп рақмет АЛЛА разы болсын 🥰

  • @zhanuzakgarif8492
    @zhanuzakgarif8492 2 года назад +15

    Аллаға мыңда бір шүкіршілік!
    Қайрат ағамызға мың да бір алғыс!
    Сол бір қараңғы кезде Қазақтардың Иманын берік қылуға септігін тигізгені үшін!!
    Аянбай еңбек етіп нәтижесінде көпшіліктің көзін ашты!

  • @jasu1an.m23
    @jasu1an.m23 2 года назад +3

    Менің бағдарламадан түсінгенім .
    Алланың кез келген хикметіне үшкір ете біліу.
    Қайрат мырзаны таныдым осыған деиін бұл кісі секілді исламға жаңа қырынан қарауды заманға сай қырын көріп жатырмын ттб ұжымына көп рахмет осындай керемет кісілерді елге көрсетіп жатырғанына ризамын
    Және Қайрат ағадан алған ең үлкен инсайтым қайғығада қуанышқада.үшкіртете біліу ......
    Кітапты алсам риза болар едім 👍

  • @Рустем-д7э
    @Рустем-д7э 2 года назад +49

    Келесі қонаққа Табиғат Каутайды шақырыңыздаршы😍

  • @ДинаКабикызы
    @ДинаКабикызы 2 года назад +10

    ТТБ шығарылымдары өте ұнайды. Түскі асқа тұшпара түйіп отырып "2 в 1" болып көріп шықтым. "Имани гүл" кітабын оқыған едім, енді "Кемел адамды " оқуға ниет еттім. Сіздерге рақмет!

  • @Kaden-08
    @Kaden-08 2 года назад +20

    Адамдардың Аллаға деген махаббатын ашатын, дүниені тиімді ұстанатын, екі дүниенің бақытына кенелтетін осындай қазақ азаматтары мол болғай! Кемел адам кітабын оқу мен үшін үлкен жетістік болар еді.

  • @ҚұрмангүлДудабаева
    @ҚұрмангүлДудабаева 2 года назад +6

    Қайрат мырза керемет білім иесі.Бүгін Пайғамбарымыздың әйгілі дұғасының мағынасын бүгін түсіндім.Медитатцияныңда мағынасын мәнін ашып түсіндіріп берді.Абайдың бір өлеңімен қаншама мағнаны түсіндіріп берді.Осындай жан жақты білімді адамның қазақ болғанына мақтанам. Алла разы болсын.

  • @НазеркеОразбай-т3н
    @НазеркеОразбай-т3н 2 года назад +24

    Оте керемет сухбат болды! Аллах тагаланын шеберлигине танкалып отырмын!😍 Осы жерде айтылган бираз окигалардан озим оттим жане оз-озимди жинап арекетке кошип бастаган кезим еди... Дурыс жолга тускенимди билдиру ушин Аллах адейы алдыма шыгарган сиякты...♥️ «БАЙ» деген созге жаман козкараспен карауга бираз адамдардын сози асер еткен болатын... Бирак байлык Аллахтын кулына берген мумкиндиги екен гой...✅♥️ ( Айып етпениздер, казак тилиндеги клавиатурам ошип кеткен еди)

  • @kdksoa7825
    @kdksoa7825 2 года назад +16

    Қайрат мырзаға көп рахмет, ойымызда болып жүрген сұрақтарға жауап алып, иманымыз күшейді. Білім жолындағы қиындықтарға мойымай, Алла жолында алынған білімі таң қалдырып қоймай, өзімізде қазір бар мүмкіншіліктерге шүкіршілік айтуымызға себеп болды.

  • @mukhaton
    @mukhaton 2 года назад +13

    Әрбір істі бастамас бұрын,ол нәрсені жақсылып ойланып Алладан шын ниетпен сұрап,дұға етіп,медитация жасау керек екенін түсіндім👍🤲

  • @olzhasalmas4685
    @olzhasalmas4685 2 года назад +5

    Әссәләму'алейкум
    Сұхбат керемет өтті! АЛЛА разы болсын .
    1.Естіген жаңалықтарға кідіру, тоқтау, эмоцияға берілмеу.
    2. Табандылық. Бір істі бастағанда табандылық, төзімділік таныту, сол бастаған ісіңнің түбіне жету.
    3. Барлық нәрсеге жеп жатқан алмаңа, асыңа қарап ойланып Алланың есімдерін айтып жеп, әр нәрседен ләззат алу керек. Және Алланы ұлықтап шүкіршілік ету қажет.
    4. Өз-өзіңмен жеке қалып ойлану, көп ойлану, әрбір нәрсені айтар не істер алдында жақсылап ойлану.

  • @ФархатЖұмабаев
    @ФархатЖұмабаев 2 года назад +17

    Өте керемет, ғибратты, ой толғандыратын шығарылым болды.
    Қайрат ағамызды, ұстазымызды шақырсаңыздар деп едім, Аллаға шүкір мүмкіншілік туды. Сіздерге үлкен алғыс.
    Тоқтамай, үзбей тыңдап барлық айтқан нәрселерді жазып алдым.
    Алла разы болсын!

  • @almasjaki
    @almasjaki 2 года назад +12

    Осындай үлгі боларлық тұлғалардың бар болғаны қандай жақсы. Осылай барлығын ашып түсіндіргенде жаның жай табады. Бұл кісілермен бірге отырудың, дидарласудың өзі- үлкен нығмет.

  • @ДанаДуйсен-щ9й
    @ДанаДуйсен-щ9й 2 года назад +10

    ТТБ үлкен рахмет сізге🤗ИМАНИ ГҮЛ дінді терең ұғынудағы алғашқы қадам болған кітап.Бірақ авторы кім екенін білмейді екенмін,осындай тұлғалармен таныстырғандарыңызға рақмет🤗🤗

  • @userbek_
    @userbek_ 2 года назад +22

    10 ракағат шүкір намазы😍😍Осы оқиға өтті.Көп адамның қолынан келмейтін нәрсе.Күткен нәтижеге жете алмай қалған кезде шүкір айту қиын🥲Бірақ мына оқиғадан кейін барынша тырысамын👏👏

  • @nurainarimankyzyy
    @nurainarimankyzyy 2 года назад +44

    Аллаһ разы болсын 🤍
    Керемет шығарылым🤍
    Өмірдің барлық сферасына қолдануға болатын керемет инсайттар айтылды❤️

  • @ganibekmaganbetov7575
    @ganibekmaganbetov7575 2 года назад +10

    ТТБ ұжымына рақмет! Өте мағыналы пайдалы сұхбат болды. Бағдарлама барысында өте көп пайдалы акпараттар айтылды. Оның ішінде маған қатты өткені бір істі соңына дейін жеткізудегі табандылык. Осы қасиет әрбір адамда болса алға қойған мақсаттарға жету мүмкіндігі 100%. Қайрат аға және осы ттб бағдарламасын жүргізіп жүрген ағалармыздан алатынымыз көп. Қайрат ағамызды танығаныма көп болған жоқ, бірақ алдағы уақытта аталған кітаптарын алып оқып шығуды мақсат етіп қойдым Иншалла. Тағыда алдағы уақытта Қайрат ағамызды асыға ттб бағдарламасында күтеміз. Еңбектеріңіз елене берсін. Үлкен РАҚМЕТ!!!

  • @ЖанарДемегенқызы-х6п
    @ЖанарДемегенқызы-х6п 2 года назад +11

    Сіздерге үлкен алғыс. Осы кітапқа әлі қол жеткізе алмай жүрмін,маған бұйырса екен.
    Бағдарламаны неше рет көрдім .
    Өміріме пайдалы кеңестер алдым.
    Рахмет сіздерге тағы да☺️

  • @ЖалғасЖақсыбекұлы
    @ЖалғасЖақсыбекұлы 2 года назад +36

    Қайрат ұстаз! Алла тіл-көзден сақтасын сізді!

  • @ҰлжамалТәңірберген
    @ҰлжамалТәңірберген 2 года назад +16

    Қайрат ағаны шақырғандарыңызға көп рақмет! Маған қатты ұнады! Медитацияны Тафаккур құлшылығы ретінде керемет түсіндірді. Әрдайым байсалды болуды, өз-өзіңді тануды, өзіңнің ішкі сырыңды тыңдауға арнайы уақыт бөлу керек екенін түсіндім! Көп рақмет!

  • @adilasd7337
    @adilasd7337 2 года назад +20

    Менің түйгенім эмоциямен шешім қабылдар алдында кідіру . Ақыл мен жүректің нақты функцияларын әдемі жеткіздініз.
    Алла разы болсын сіздерге

  • @АрайлымАлдияр-щ3д
    @АрайлымАлдияр-щ3д 2 года назад +12

    Ағалар ,Алла разы болсын 🤲🏻
    Дәннің мысалында өзіме түйгенім : өзім 5 жыл болды бала көтере алмай жүрмін , рухым ,денем құнарсыз болып тұрма деген ойға келдім .Өзіммен жұмыс жасап дамытуға рухымды өсіруге , мен босанған бала үлкен ғұлама - ғалым болатындай құнарлы болуға мақсат қойдым ! Кітапты міндетті түрде алып оқимын Алла қаласа 🤲🏻

    • @АйнурСаулебковна
      @АйнурСаулебковна 2 года назад

      Алла салиқалы ұрпақ нәсіп етсін .Алланы ұмытпаңыэ.Аллада сізді ұмытпайды .Әл Бари ,Әл -Халих көп айтыңыз

  • @erbakshukirbek3389
    @erbakshukirbek3389 2 года назад +13

    Просто так бомба 🤯
    Ойлану адамды шыңға жетелейтін қабілет
    Ойлану арқылы көптеген мәселелердің шешімін табуға қол жеткізесің
    Ойлану үшін адамға 1 тыныштық 2 терең демалу 3 ойға бату 4 баяу әуезді ән керек
    1 сағаттық ойлану
    1 жылдық ғибадаттан артық
    Абай атамыздың жаңа қырларын аша түсті Қайрат Жолдыбайұлы
    Ісің өнімді болсын десең істің ретін тап

  • @aiaulimbgalieva230
    @aiaulimbgalieva230 2 года назад +5

    Шындығында қазір бір сәтке ойланып қарасақ басқалар бізден дамып бара жатқан сияқты болып көрініп анаған үлгеремін мынаған үлгеремін деп, бір сәтке отырып ойланбаймыз. Сосын выгорание боламыз. Бүгінгі шығарылым менің дәл қазіргі көп адамда болып жатқан проблемаларының шешімін тауып берген сияқты. Бірсәтке токтап ойлану, тәкәфур құлшылығы деген сияқты жаңа нәрселермен таныстым.
    Қайрат ағамыздың еңбекқорлығына тәнті болдым. Ттб сіздергеде көп рақмет Алла разы болсын!

  • @nurlybeksamekov374
    @nurlybeksamekov374 2 года назад +22

    Алла еліміздің тәуелсіздігін ақиретке дейін жасатсын. Ең дамыған елдердің бірі болуын нәсіп етсін. Әмин

  • @ulzhan_muratkizi
    @ulzhan_muratkizi 2 года назад +4

    Кемел адам болу үшін дүние мен ақиретті қатар алып жүру керек. Дүниенің уайымына, қызығына беріліп ақыретте өкініп қалмас үшін осындай керемет подкасттардан керек ақпараттарды алып тыңдап, естіп және жүзеге асырып өмірде қолдана білу керек екен. Рахмет! Еңбектеріңіз жана берсін!🔥

  • @Danimotors_kz
    @Danimotors_kz 2 года назад +17

    Өте тамаша болды. Қуанып отырмын. Осындай мәселелерді әдемі ашып, халыққа шайнап бергендеріңізге рахмет!👍🏻👍🏻👍🏻

  • @rinatalgadan2929
    @rinatalgadan2929 2 года назад +5

    Ағаларға үлкен алғыс!.!.!.
    Қарыздан құтылудың дұғасы деп. Менде тұрғанда, жатқанда айтушылардың ішінде едім😁😁😁 Қәзір өткеніме қарап, күлкім келеді!.!.!.! Ол хадистің тәпсірі мықты кетті!.!.! Және медитация, олда бір ашылған тақырып болды , мен үшін!.!.! КЕРЕМЕТ!.!.! Ішіміз құндылыққа толы болса, ол тыныш іште жатпас!.!.!.! Сәттілік бәріне!.!.!.!.!

  • @СерикАргын-е9п
    @СерикАргын-е9п 2 года назад +17

    Расымен де үлкен еңбек, көрегендіктің белгісін көруге болады бұл кітаптың атынан да, Қайрат ағамыздың сөздерінен де. Алла разы болсын! Елімізде "Кемел адамдар" саны басым болсын!👍

  • @abdikenqoblanov1437
    @abdikenqoblanov1437 2 года назад +6

    Осы агамызга жане ТТБ жургузушилерне Алла разы болсын. Жумыстарынызда табыстар тлим. Кемкл адам китабын ким алсада жакс жагынан асер етсын. Мени коментм коп лаик жинап маганда буиырган босын. 🤲

  • @orazaykalymbetov6739
    @orazaykalymbetov6739 2 года назад +3

    Кайрат Жолдыбайұлына Алла разы болсын! "Кемел адам" түсінігіне керемет анықтама берген. Бұл шығарылым руханияттан шөлдегенге керемет жігер силай білді. Төртеу түгел болса бағдарламасына рахмет Рух пен Күш тақырыбында кеңінен сұхбат жүргізіп жүргендеріңізге. Жастарға үлгі болып жүре беріңіздер! "Ішкі Бірлігі мен Берекесі жоқтардың тағдыры сырттан шешіледі" демекші сіздердің жасап жаткан жобаларыңызбен ұжымдарыңызға бірлік, береке тіледім!

  • @НұрболатЖЕКСЕНБАЙ
    @НұрболатЖЕКСЕНБАЙ 2 года назад +8

    Қайрат Жолдыбай ағамызды алғаш “Имани гүлмен” таныдым. Керемет ұнады: логикамен, қисынмен жазылған. Жалпы қоғамда қайраткерлігін тамаша атқарып жүрген кісі. Әр Дін өкілі осындай болса екен. ТТБ-ға үлкен рақмет!!!

  • @Health-wellness_coach
    @Health-wellness_coach 2 года назад +4

    Хадисте Аллаға ең ұнамдылар дін деп дүниесін, дүние деп дінін тастамаған адамдар делінеді ғой. Қайрат ағамыз болса, Сол Аллаға ұнамды болудың біраз сырларымен бөлісті. Өз өмірінен де, өзге де өнегелі мысалдар келтірді. Алла разы болсын. Аздаған уақыт ішінде көптеген өзекті, заманауи медитация, ақшаға қызығу, қарыздан құтылу, эмоционалды интеллект (кідіріс) тәрізді көптеген тақырыптарға қысқа болса да тұшымды жауаптар берілген өте пайдалы сұхбат екен. Ең сүйіп тыңдаған шығарылымдардың бірі болды. Алла істеріңізге береке берсін.

  • @РаушанСыздыкова-х4н
    @РаушанСыздыкова-х4н 2 года назад +12

    Керемет сухбат болды шынымен. Алла разы болсын! Барлығын жік-жігімен әдемі жеткіздіңіздер.

  • @zhanuzakgarif8492
    @zhanuzakgarif8492 2 года назад +17

    Төртеу Түгел болса бағдарламасы арқылы қоғамның ой өрісі дамып, жан жақты салалардан да мағлұмат алып жатырмыз! Бағдарлама жалғасын таба берін! Алла Берекесін беріп, әр адамның өмірін өзгертуге түрткі болсын! Алғысымыз шексіз!!!

  • @Elnur-u9h
    @Elnur-u9h 2 года назад +15

    Алла разы болсын сіздерге! Бұл шығарылымнан "қолыңнан келгенше қарекет қыл және қандай жағдай орын алмасын Аллаға шүкір ету керек екен. Алла қайырлысын береді. Сүрелерді, дұғаларды құр оқымай, түсініп, сөздің мәнін ұғыну, амал жасау керектігін түсіндім. Алланың бізге берген нығметіне тереңірек үңіліп Аллаға мадақ айту, Алланың керемет жаратылыстарынан Алланы тану керек екен. Табиғатқа шығып тұру керек екен.

  • @Foooooot-b
    @Foooooot-b 2 года назад +4

    Өте тамаша.Өзімізге керек көп ақпарат ала алдық.Жұмыстарыгызға береке берсін

  • @ЕрасылАрыстан-м1ю
    @ЕрасылАрыстан-м1ю 2 года назад +31

    Алла разы болсын!
    Осындай әдемі сұхбат үшін.
    ТТБ-ның әр шығарылымы ИНСАЙТқа толы.
    Алған инсайтым:
    1)АЛЛАНЫ ТАНУ
    2)ӨЗІҢДІ ТАНУ
    3)БАЙСАЛДЫЛЫҚ
    4)ТАБАНДЫЛЫҚ

  • @АкмаралЛекерова-ю2к
    @АкмаралЛекерова-ю2к 2 года назад +15

    ТТБ ұжымына және Қайрат ағамызға Алла разы болсын! Бұл шығарылымнан түйгендерім әрдайым шүкір ету, еңбектену, байлыққа деген дұрыс көзқарас, адами құндылықтарды ұмытпау. Нағыз мұсылман қандай болу керектігіне жауап алдым. "Кемел адам" кітабын оқуды Аллам нәсіп етсін!

  • @erkanmedia4264
    @erkanmedia4264 2 года назад +13

    Ассалаумалейкум ттв-ға көп рақмет
    Әр шығарылымда көп ой түйіндеп кемел адам болу.

  • @malikdaneev8405
    @malikdaneev8405 2 года назад +10

    Керемет болды бауырлар. "Қолда амал, жүректе Алла" болу керек. 👍

  • @tolikkz6920
    @tolikkz6920 2 года назад +5

    Өте керемет шығарылым болды. Мотивация алдым. Қайрат Жолдыбайұлы сияқты ағамыз болғанда, қазақ жастары адаса қоймас. Дін жағынанда, тұрмыс тіршілікке керекті ақпараттарды жеткізеді. Жетістікке жету жолындағы қасиеттің бірі ол қайталап жаттыға беру. Күндіз түні оқу арқылы экзаменнен өтіп кеткен. Сосын Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екенін сезіну. Осындай білімді, жанашыр кісілер бізге қоғамға да, биліккеде керек ақ.

  • @banumadieva9748
    @banumadieva9748 2 года назад +27

    Қайрат аға бұл дүниеге келген әр адамның негізгі мисиясы ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРЫП, ЖАМАНДЫҚТАН ТЫЮ керегін , әрі орыс мұғаліміне Құдайды түсіндіру оқиғасымен керемет түсіндірді. ТТБ жасасын!

    • @ҚарашашАхметова
      @ҚарашашАхметова 2 года назад +1

      Қеремет кездесу.ооланып қалдым.Атыңызды естісемде,кездесуге ұмтылмаппын.Амандықта кездесуді нəсіп етсін!

  • @Dreamerwomen
    @Dreamerwomen 2 года назад +4

    "ТІЛІМІЗДЕН ШЫҚҚАН ӘРБІР СӨЗ АУАҒА ҰШЫП ЕРТЕҢ ҚАЙТА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ"
    "ҚОЛЫҢ-ШАРУАДА, ОЙЫҢ -АЛЛАДА БОЛСЫН" прям ой салған тезистер!
    Вроде білетін нәрселер болса да ағамыздың айтуы күшті ЕСКЕРТУ болды!
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН АҒАЛАР!
    СІЗДЕРДЕН ҮЛГІ АЛАТЫН ЖАСТАР КӨП БОЛСЫН!

  • @aurumholdik6230
    @aurumholdik6230 2 года назад +2

    Керемет сұхбат. Ұнады.

  • @МейржанКожамсеитов
    @МейржанКожамсеитов 2 года назад +44

    Осы арнаға ТТБ ұжымына мың алғыс! Адамдардың дамуына өте зор үлес қосып жатырсыздар.
    БҮГІНГІ ИНСАЙТ:
    1. Шүкіршілікті ұмытпау.
    2. Қайда болмасын өзіңді ойламай адамгершілік жасау.
    3. Қаржылай сауаттылық.
    4. Кідіру, Байсалдылық.
    5. Медитация жайлы.
    6. Қарыз дұғасы.

  • @КайратКонысбек
    @КайратКонысбек 2 года назад +15

    Ассалаумағалейкум.
    Керемет сөз жоқ.
    Біз үшін болмайтын алма сияқты көрінген, кішкентай ғана дәнінен, адамның соншалықты төмен санасыз екенімізді дәлелдеп, алманың дәмі мен жаратылуының өзі бір медитация екенін жүрекке жеткізіп айтқызғаны, әр нәрседен Алланың есімін оқу керектігін түсіндім... 👍

  • @naurizizmagambetov827
    @naurizizmagambetov827 2 года назад +13

    Алған пайдаларым:
    1) Алланы тану
    2) Өз-өзіңнен есеп алу және кез келген нәрседен сабақ ала білу.
    3) Табандылық

  • @zholybolgish8244
    @zholybolgish8244 2 года назад +3

    Ассалаумалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
    Машааллаһ інілерім, бұл бағдарламаларыңыз өте қатты ұнады, бірден лайк басып, каналдарыңызға тіркеліп қойдым. Қайрат Жолдыбай ұлын танымаймын, бірақ бірді-екілі кітабын оқығанмын, кейбір уағыздарын тыңдағанмын. Жан-жақтылы білімі мол имам, еліміздегі имамдардың ішінде дараланып тұратын тұлға деп есептеймін. Медитацияны дінімізбен ұштастырып қандай керемет түсіндірді, шариғатқа қайшы келмейтінін түсіндім, бұрын сұрақ болып жүр еді.
    Сосын анау қарыздан, әлсіздіктен құтылатын дұғаны әр күні айтып жүрмем де, толықтай түсінбеппін, пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу ғалайһиуассалам бізге бәрін-бәрін түсіндіріп кеткен екен ғой, бүгінгілер жаңалық тапқандай айтып жүрген нәрселерді. Енді "Кемел адам" кітабы қолыма тигенше байыз табар емеспін!
    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗДЕРГЕ!

  • @Julie_bee111
    @Julie_bee111 2 года назад +33

    Халқым деп еңбек ететін,бар білімін бөлісуге асығатын ағаларымызды көріп -Қазақстанды одан әрі дамытуға деген , мотивация алудамыз.Тек шет елдің жазушыларын ғана емес,төл тұлғамыз Абай атамыздың ,біз түсіне қоймаған сөздерін-айшықтап айтқанда, қазақ әдебиетінің қаншалықты бай екеніне көзім жетуде.Ең соңында бата беруіңіз -ерекше ,әрі тамаша болды(Аумин ).Ағалар аман-болыңыздар ,сіздей патриоттар көбейе берсін .

  • @maksatmaksat7080
    @maksatmaksat7080 2 года назад +6

    Эмоциялық интеллект жайлы айтқаны қатты ұнады, және Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін, тәпсірлеп елге жеткізу жолдары жаңа деңгейге шығып дәріптелсе екен деймін...

  • @НигораМирзадинова
    @НигораМирзадинова 2 года назад +12

    Алла разы болсын Сіздерден! Сондай керемет сұхбат болды! Көптеген инсайттар алдым! Көкейімізде жүрген сұрақтардың жауабын алдым 👍👍👍🤲🏻

  • @user-dp2bk6rl5i
    @user-dp2bk6rl5i 2 года назад +6

    Алла разы болсын!
    Керемет сұхбат болды. Осындай бағыттағы шығарылымдарыңыз көп болсын. Алла күш қуат берсін!

  • @ОлжасСураган-с1х
    @ОлжасСураган-с1х 2 года назад +9

    Қайрат ағаға көп рақмет. ТТБ ұжымына шын жүректен рақмет. Күткен шығарылым болды.

  • @ЕрнурСалманбаев-л3ж
    @ЕрнурСалманбаев-л3ж 2 года назад +9

    Ассаляму алейкум ТТБ ның тұрақты көрермендері. Келіп кірген 2022 жыл баршаңызға хайырлы, берекелі болсын!
    Бүгінгі шығарылым ерекшелердің бірі болды, Ұлы жаратушымызды тануға білімімен бөлісіп жүрген Қайрат ағамызға Алла разы болсын!
    Баршамызды Кемел адам болуға Алла нәсіп етсін 🤲🏻

  • @9395.
    @9395. 2 года назад +14

    Барлықтарыңызға көп көп рахмет, Алла разы болсын.
    Ой қозғадық, ойландық, ой жүгірттік
    Өткенге өкінбей ғұмыр кешіп
    Болашаққа қадам басып, еш сескенбей
    Келешектік кемесіне зор сеніммен
    Аптықпай кідіріс жасап міндік!!!

  • @БекарысЖайлыбай
    @БекарысЖайлыбай 2 года назад +11

    Өте керемет подкаст болды. Жастарға үлгілі, жақсы ойлар салды, мықты әнгіме болды,дін жағынанда,өмір жайлыда. Осындай Ағаларымыз көп болсын.

  • @bakdauletbazarkhanuly5884
    @bakdauletbazarkhanuly5884 2 года назад +11

    Құрметті ТТБ ұжымы сіздерге осы шығарылым үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бір сағаттан астам уақыттымның пайдалы өтуіне және өзімдегі болып жатырған проблемаларды шешудің бір жолын көрсетіп бергендеріңізге, Қайрат ағаммен жақынынрақ таныстырғандарыңызға алғысым шексіз!!! Қайрат ағамның "Кемел Адам" кітабын қатты оқығым келіп тұр. Себебі ол жерде бұданда көп пайдалы және ой саларлық ақпараттар бар екеніне сенімім мол. Барлықтарыңызға амандық тілеймін!

  • @Aizhan_Ayajsj
    @Aizhan_Ayajsj 2 года назад +3

    Жақсы подкаст болды.Қайрат Жолдыбайұлының атын алғаш 6 жасымда естіген шығармын.Үйге мешіт имамы келіп кітап сыйға тартқан.Кітап ИМАНИ ГҮЛ деп аталды.Ол кезде кішкентаймын , жүрекке түйіп, өзімше бағамдайтынмын.Енді уақыт өте келе Қайрат Жолдыбайұлының білімімен қайта қауыштық.Кемел адам меніңше көркем мінезді жан.Ал көркем мінез бұл біздің иманометріміз .
    Жаңа инсайттар пайда болды.Қайта қайта көре бергің келеді екен.Келелі сұхбат үшін алғыс айтамын.

  • @babystroller5337
    @babystroller5337 2 года назад +4

    ТӘФӘККУР, яғни пікірлеу, толғану, ол да ғашықтық секілді, тіпті одан да бай. Ма ша Алла ТӘФӘККУР жайлы жақсы айтты, Аллаһ Тағала разы болсын Қайрат ағаға. ТӘФӘККУР әлдеқайда жарқын, анағұрлым даңғыл, кең жол. Ол, пендені Аллаһтың "ХАКИМ" есіміне бөлейді..

  • @nrazh40a41
    @nrazh40a41 2 года назад +11

    Шеберді ісіне қарап танысақ,Алланы жаратылысына қарап тани аламыз деп ойлаймын.Жиі Тәффаккур жасап ойланып өзімізге есеп беру адамның жаңа деңгейге көтерілуіне себеп болады

  • @zhanargul6805
    @zhanargul6805 2 года назад +5

    Қайрат Жолдыбайұлы мен ТТБ жігіттері! Еңбектеріңізге Алла разы болсын! Келелі ой қозғалған көркем сұхбат болды. Дін адамының жан-жақты сауатты болғаны қандай тамаша!

  • @МайраШынгысбаева-и4ю
    @МайраШынгысбаева-и4ю 2 года назад +17

    Рахмет жігіттер! Істерің оңдасын! Керемет қонақ келді! Алла Тағала пайдалы білім нәсіп етсін! Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Көрермендер млн-ға жетсін. 🤲🤲🤲

  • @ОлжасСураган-с1х
    @ОлжасСураган-с1х 2 года назад +35

    Келесі қонақ Жумабек Жаныкулов көкемізді шақырсаңыздар керемет. Көңілі кең адам. Ашық адам

  • @mdrnmslm
    @mdrnmslm 2 года назад +9

    Аллаһ разы болсын! Өте керемет шығарылымдардың бірі болды. Қайрат ағаның ойлау қабілеті мүлдем бөлек екен.

  • @БалгеримБалгерим
    @БалгеримБалгерим 2 года назад +14

    Мықты шығарылым болды, Медиатация жайлы терең түсіндірдіңіз.Дұға және хадистің мағынасын түсіндіргеніңізге, Ақша жайлы установка жайлы айтқандарыңызға Аллах разы болсын.Пайдалы болды, осындай пайдалы шығарылымдарыңыздың саны арта берсін👍👏

  • @baljankasharbay5009
    @baljankasharbay5009 2 года назад +3

    Абай-таусылмайтын терең қазына секілді. 4 жыл бойы осы Толық адам ілімін зерттедім. Ғылыми жобам республикада алтын медалға ие болды. Қайрат ағаға Алла разы болсын. Осы кітабы арқылы көп адамның көкірек көзін ашылсын. Кітабын қолымызға алып отбасымызбен оқу нәсіп етсін

  • @ОлжасКарим-т4я
    @ОлжасКарим-т4я 2 года назад +5

    Күшті шығарылым болды.
    Қайрат аға өте білімді адам екенін әр бір айтқан сөзінен көрініп тұр. Дін туралы да өте жақсы айтты,асықпай жақсы жеткізді.Қарыздан құтылу дұғасын әдемі ашып айтты түсінікті болды.

  • @АселТурарбековна
    @АселТурарбековна 2 года назад +5

    Салеметсиздер ме!
    Аллаһ разы болсын баршаңызға!!! Көкейімде жүрген сұрақтарға жауап таптым! Әсерлі әңгіме өрбіді, көңілге ой салдыңыздар! Өмірімізді саналы өмір сүру үшін көп инсайт алдым: алмаға қарай отыра Аллаһтың ұлығын шеберлігін көруге болатынын тағы бір дәлелі келтірілді! Рухани байып қалғандаймын! Мәнді мағыналы пайдалы эфирлер көп болсын! Үлкен рахмет!!!

  • @gulzhazirashami8440
    @gulzhazirashami8440 2 года назад +9

    #40 ТТБ әрдайым өзекті мәселелерді талқылайды! Қайрат ағамызбен тамаша сұхбат болды! Ойдағы біраз сұраққа жауап алдым! Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші Алла разы болсын!

  • @aitzhanzhumadullayev4650
    @aitzhanzhumadullayev4650 2 года назад +7

    Алла Разы болсын сіздерге! Қайрат Жолдыбайұлы ағамызға үлкен рақмет. Осындай білімді тұлғалардың ақылын тыңдай зор мәртебе. Рухани қайыршылық туралы инсайт өте керемет болды. Барлығымыздың қателесетін жерімізде сол шығар. Әдемі ашып берді. ТТБ ұжымынада үлкен рахмет, осындай шығарылым үшін🤲✊

  • @atakeldykurmangazy236
    @atakeldykurmangazy236 2 года назад +7

    Аллаһ бәрімізге берекет бергей. ТТБны күтіп жүргем, жаңа подкаст қашан шығады екен деп. Мінекей, тағы бір керемет үлгі боларлықтай 1сағ. уақыт зая кетпегені белгілі. Рахмет ТТБ

  • @БибарысЕмисбеков
    @БибарысЕмисбеков 2 года назад +9

    Елімізде, қоғамға баға мен бағыт бере алатын азаматтар көп болсын. Бұл кісі теңіз екен, бір сағатта бір тамшысын тамызып отыратын.

  • @aspan-learn956
    @aspan-learn956 2 года назад +2

    Кітап-жан азығы ғой. Беретіні көп қазақ тіліндегі осындай кітапқа қалай аңсарың аумайды?! Сұхбат керемет екен, еңбектеріңіз жана берсін!

    • @yeermikebiegezada3883
      @yeermikebiegezada3883 2 года назад

      Сіздің пікіріңіз қатты ұнады. Сұқпатты аша түскендей.

  • @ГульбаршынСейлханова-й9т

    Қайрат Жолдыбай ағамен ең алғаш танысып тұрмын! Өте керемет сұхбат болды. Қазіргі қоғамның ең басты ауруы сол кідіріс (замедление) жоқтығы. Өте күшті техника айтты Алма жайлы өмір бойына сабақ түйдім! Мың алғыс Қуаныш мырза бағдарлама үшін! 1,5 сағат тапжылмай көз қақпай тыңдадым. Өте маңызды өмірдің қырлары туралы әңгімелер қозғалды. Инсайттар көп алдым! Қайталап қарап лекция жазып аламын! "Кемел адам" кітабін алып оқу бұйырсын!

  • @Erzhan-kete
    @Erzhan-kete 2 года назад +6

    Әмин,жақсы сұхпат болды👍🏻. Уақыт бөліп жасап жатқан еңбектеріңізге көп рахмет.Екі есе болып қайтсын.

  • @НазимКопабаева
    @НазимКопабаева 2 года назад +2

    Керемет уағыз,сенімді мағұлмат,тұщымды идея, өнегелі ,мағыналы, пайдалы кеңес,дінмен байланыс ,әсерлі ,заманға сай,жастарға лайық керемет .

  • @Saken13
    @Saken13 2 года назад +33

    ТТБ Рахмет шығармашылықтарыңызға зор табыс тілеймін!
    Адамға пайдасы өте- өте көп.
    Автордың қолы бар кітап алып оқу- Кітап оқушыға бір бөлек кайф ._.

  • @канатбекбау
    @канатбекбау 2 года назад +4

    Ассалаумағалайкум Қайрат ағаны бұрыннан танимын 2012 ден бери букил уағыздарын еки үш рет тындаған едим Қайрат ағамды көрип отырып Кимде Ким Алланы жақын таныған сайын осындай дәрежеге жететинине көзим жетти

  • @БайтлеуЖайлыбай
    @БайтлеуЖайлыбай 2 года назад +6

    ТТБ ға үлкен рақмет осындай ел ағаларымызды шақырып халыққа жастарға пайдалы мәнді де мағаналы сұқбаттарымен бөлісіп жүргендеріңізге!
    Алла бәрімізге разы болсын!

  • @Nurdaulet.S
    @Nurdaulet.S 2 года назад +10

    Кемел адам адамгершілік шыңына жеткен адам...
    Адамгершілік өзіңді тәрбиелеуден бастады...☝️
    Әрине кемшіліксіз адам жоқ...
    Бірақ өз кемшілігін түсіп, оны қайталамау бұл да бір кемелділік...
    Өзімізбен жұмыс жасамай кемелдікке жетем деу бос шаршаудан басқа ештеме емес...
    Алла баршамызды кемелдеушілерден қылсын 🤲
    Жақсылықта кездесейік бауырлар ✊🔥✊

  • @РусланДемеубаев
    @РусланДемеубаев 2 года назад +3

    Каират ага елимизге ,жане бизнес саласына жалпы адам баласына заманга саи ислам аркылы жана козкарастын омир сурудин тетиги.менимше заманын тулки болса тазы боп бак дегендеи.Шаригат тургысынан адамзатты дурыс жолмен омир суру ушин мотивация.