#10тамызАбай
HTML-код
- Опубликовано: 2 ноя 2024
- 10 тамыз -қазақ халқының ұлы ақыны, классигі, ойшыл дана Абай Құнанбаевтың туған күні. Хакім Абайдың асыл мұрасы ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес алтын қазына.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы» - деген болатын. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ғалымның жыр данасы - ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, шамшырақ етіп алары сөзсіз «№21негізгі орта мектебі» кітапханасы осы айтулы күнге орай « Абайды оқы - таңырқа» атты қаламыздағы Абай ата ескерткіші алдында дауыстап оқу сағатын өткізді. Дауыстарап оқу сағатын кеше ғана мектебімізге тарыдай болып кірген 2 «а» сынып оқушысы Терещук Владислав ана тілімізде Абай атасының «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін оқыды, дауыстап оқуды жалғастырған мектеп мақтанышы 4 «б» сынып оқушысы Мухамеджанова Найля Абайдың « Күз» өлеңін мәнерлеп оқыды. Кітапхана белсендісі 8 «б» сынып оқушысы Сайфудинов Артем Абай атасының «Қыс» өлеңін оқып берді. Мектебіміздің домбырашылар үйірмесінің мұғалімі Тоқтаров Айтбек Абай атамыздың « Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады. Біз бүгінгі ұрпаққа айтарымыз: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы» демекпіз.
#10тамызАбай күні
#АсылсөздііздесеңАбайдыоқы
#Абайқазақтыңбасақыны
10 августа -День рождения великого казахского поэта, классика, мыслителя Абая Кунанбаева. Драгоценное наследие Хакима Абая - бесценное золотое сокровище, которое будет продолжаться из поколения в поколение.В своем выступлении Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев отметил: «Абая как бренда нового Казахстана необходимо широко представлять мировую общественность. Это заветный долг нынешнего поколения". В честь этого знаменательного дня библиотека « Основной средней школы №21» провела час чтения вслух перед памятником Абаю в нашем городе “Читай Абая - удивляйся ". В чтение слух начала читат Терещук Владислав ученик 2 «а» класса, которая только вчера научилась читать, прочитала на родном языке стихотворение Абая «Әсемпаз болма әрнеге», продолжила читать вслух школьная гордость Мухамеджанова Найля ученица 4 « б» класса выразительно прочитала стихотворение Абая «Күз». Активист библиотеки ученик 8 «б» класса Сайфудинов Артем прочитал стихотворения Абая «Зима». Учитель кружка домбристов нашей школы Тохтаров Айтбек закончил с песней Абая « Көзімнің қарасы". Мы говорим сегодняшнему поколению: “Если ты ищешь благородное слово, читай Абая".