Астарлы ақиқаттан ұлым үшін кеттім/Дина Төлепберген⠀

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 май 2024
  • “Қашан туасың?” сериалы🗓️
    03.04.24📌
    Uide RUclips каналында👉🏻
    youtube.com/@UIDEKOR?si=cK_7W...
    Мамский әңгіменің кезекті қонағы - журналист, тележүргізуші, медиа менеджер Дина Төлепберген. «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан кетуінің себебі, ұлының дерті мен өзін баласының алдында кінәлі сезінетіні жайлы сұхбат барысында айтып берді. Сондай-ақ, күйеуі мен неге оны жұрттың жүзінен жасыратынын сөз етті. Ал неліктен Дина әрбір қыз баласына жеке үй алуға кеңес береді?
    / @dina_tolepbergen
    Подписывайтесь на наш канал - / @momskiy_angime

    Дорогие мамы подкаста Mom’sкий әңгіме! Представляем Вам нашу первую линейку «Mom’sкий», в коллаборации с Arté - брендированный и оригинально оформленный органайзер-планер для мамочки, которая хочет всё успевать 😇

    Только для Вас, по промокоду «Mom’sкий» будет Бонусный подарок 🎁
    / arte_kz

    Мы сняли для вас подкаст на женские и мамские темы. Главная наша цель - делиться полезными мыслями и мотивировать вас.

    Женский подкаст
    Ведущая: Айнур Ильясова / Ainur Ilyassova
    / ainur_ilyasova

    Гость:
    Дина Толепберген
    dina_tolepb...

    Редактор
    Мадина Дәулетқызы
    / makeshi_

    Визажист
    Жоргенбаева Акгуль
    umbetova_007?ig...

    Стилист
    Мэра Нурмышева
    mera_nurmys...

    00:00 Тизер
    01:00 Таныстыру
    01:50 Динаның жобалары
    04:55 Неліктен күйеуін көрсетпейді?
    06:20 «Отау құрғанымызға 13 жыл»
    10:32 «Тұрмыс құруға өзім ұсыныс білдірдім»
    14:05 Қыздардың кеш тұрмысқа шығуы
    17:52 «Күйеуім Стив Джобстың ізбасары»
    20:20 Жүктілікке дайындық
    24:20 Қашан туасың?
    28:50 Жүктілік және босану
    33:58 Босанғаннан кейінгі кезең
    39:46 Екінші балаға жүктілік
    48:26 Ұлының диагнозы
    01:02:30 Балаларға көңіл бөлу
    01:05:20 Елге көмектесу мақсаты
    01:09:40 Ұлының қазіргі жағдайы
    01:11:40 Әкесіне деген реніш
    01:14:00 Бала адамға не үшін беріледі?
    Если вы хотите поддержать подкаст и сделать анонс выпуска на своих страничках, то весь материал (постеры и тизеры): t.me/momskiy_angime

    #dinatolepbergen #динатолепберген #динамамский #динатолепбергенмамскийангиме #динатолепбергенподкаст #динатолепбергенбиография #динатолепбергенмуж #роды#отношениямужжена#саморазвитие #самопознание #осознанность #просветление #дети #психологияотношений #Momsкийәңгіме #момскийәңгіме #mamskiyangime #momskiiangime #мамскийангиме #момскийангиме #мамскийподкаст #женскийподкаст #момскийподкаст #momskiypodcast #mamskiypodcast #momskiypodkast #mamskiypodkast #AinurIlyasovа
  • РазвлеченияРазвлечения

Комментарии • 887

  • @akbotakosherbaeva3916
    @akbotakosherbaeva3916 Месяц назад +606

    Сәлеметсіздер ме!
    Қазір менің жасым 21 де.
    Менің анам мені жалғыз тәрбиелеген. Мені ата-апама тастап, жас кезінен әр жерде жұмыс істеп, көп қиналды. Жатаханада, подселение’де тұрып, әр сенбі маған ауылға келіп тұратын.
    3 сынып оқып жүргенде, анама былай дедім, “мам, сенен ештеңе сұрамаймын, ақша көп құртпаймын. Мені жаныңа Алматыға алып кетші, семен тұрғым келеді”. Мамам мені алып кетті.
    Өмірде анам көп сүрінді. Қаншама адамға сенді, ол адамдар менің анамды қатты ренжітті, көңілін қалдырды, жылатты. Мен оның барлығын көріп өстім. Бірақ ешқашан анамның жанында әкем жоқ.
    Мен тіпті әкемнің болуы мүмкін деп ойламаппын. Оны ешқашан көрмегендіктен, ол туралы естімегендіктен, бастауышты бітіргенше дым қызықпаппын.
    Кейіннен, әрине түсіне бастайсың. Анамның көп қиналғанын көргендіктен, әкем туралы сұрауға уялатынмын. Әлі де. Мен әлі де анамның аузынан әкем туралы бір де бір сөз
    естімедім. Мен сұрамаймын, анам айтпайды.
    Ол туралы ақпаратты өзім іздеп, туысқандардан сұрастырып біліп алдым.
    Алғашында қызығушылық болды. Қатты көргім келді, құшақтағым келді, әңгімелескім келді. Өзім күттім, маған хабарласып қалар деп.
    Күте күте сарғайып, 15-16 жасымда жек көрініш сезімі пайда болды. Жек көрдім, қарғадым, жыладым, кінәләдім. Маған осы уақытқа дейін неге хабарласпайды деп.
    16 жасымда тегімді екінші әкемнің тегіне ауыстырдым. Тегімді ауыстыру үшін, туған әкеме хабарлама жіберілді. Ол кезде келуіне болар еді, егер қарсы болса. Жоқ. Рұқсат берді.
    Туған қыздарыңызға, туған балаларыңызға қалай бұлай бейбарақат қарауға болады, ер кісілер?
    Айтпақшы, мен журналистика мамандығын бітірдім. Дина Төлепберген айтқандай, мені әкем көріп теледидардан, өкінсін деген ой болды.
    Бұл реніштер өміріме кері әсерін тигізбей қоймады әрине.
    Осыны түсіне келе психологияға жүгіндім. Өмір менікі, өз өмірімді құртқым келмейді деп шештім.
    18 жасымнан қазіргі 21ге жасқа дейін оқыған мыңдаған кітаптар, подкасттар, әңгімелерден кейін, қазір әкемді қабылдадым.
    Жасаған қорытындыларым:
    - Ол кісі менің анамды, анам ол кісіні жақсы көріп қалмағанда, мен болмас едім. Шынында, мен таза махаббаттан туылған қызбын. Анам мен әкем 2 жыл жүрген екен. Кейін уйленіп, жарты жалдан соң ажырасқан. Ол таза сезімнен мен туылдым. Қазір керемет өмірді, солардың арқасында сүріп жатырмын.
    - Менің әкеме ренжуіме хақым жоқ. Иа, Ол көп қателік жасады. Бірақ, өз ісіне өзі жауап береді. Мен тек рахмет айтамын.
    Неге?
    Егер бұл сынықтар болмағанда, мен қандай
    қыз болар едім? Сенімдімін, қазіргі деңгейде болмас едім.
    Әр сынақ Алладан жай ғана берілмейді. Әр сынақтан өзіңе “выгода” табу керек.
    Жылап, әкеңді, анаңды кінәләп жүргенде, қаншама уақыт өткізіп алады екенсің. Өз өміріңді қолыңа алып ол травмамен жұмыс істемесең, ол өзі жазылып кетпейді, немесе біреу келіп, ой травмаңды жазып берейін демейді.
    Әкем болмады, иа.
    Енді? Енді сол.
    Жылап жүрсем, ертең өмірім не болады. Құрсын, дені дұрыс жігітте табылмайды😂
    Әкеңнің сондай адам екенін түсініп, қабылдап, жақсылық тілеп, өз өміріңмен айналысу.
    Мені жылжытқан осы ойлар.
    100% әкемді қабылдадым деп айта алмаймын. 70% точно бар.
    Ол тек басы.
    Соңына дейін оқыған болсаңыз, рахмет үлкен! Әкесіз өскен қыздар мықты болады. Ол да мақтанатын зат емес, бірақ неге оны жақсы жаққа бұрмасқа?

    • @gulzhainat8727
      @gulzhainat8727 Месяц назад +31

      Жәәәәәнііііммм, жүрегіңнен айналайын. Өмірің мәнді болсын, сіңілім. Бәрі жақсы болады, бәрі әсте әсте.
      Әкеңнің қасыңда болмағаны өміріңдегі ең үлкен ресурс. ❤❤❤❤

    • @user-lm9cs2ye2i
      @user-lm9cs2ye2i Месяц назад +27

      Өте сауатты жазылған мәтін, дұрыс ой👍

    • @user-yu6tt8le6x
      @user-yu6tt8le6x Месяц назад +17

      Молодец, өте өжет қыз екенсің? Тек алға!

    • @altynaisembek1946
      @altynaisembek1946 Месяц назад +18

      Ақылыңнан айналдым❤ Дұрыс жол таңдаған екенсің, бағытыңнан тайма🙏 21 жаста өз-өзіңді қамшылап осындай деңгейге жеткізген жанның өмірі ғажайып боларына сенем🙏 Сәттілік серігің болсын, ақылды сіңілім💐

    • @Zhubatkan.Nazerke
      @Zhubatkan.Nazerke Месяц назад +3

      Ме ңеққ у еңнкйм тбһ🎉үһдгьвьқт

  • @user-km8cr5lm2z
    @user-km8cr5lm2z Месяц назад +139

    Дина Толепберген өте сауатты, таза казакша 😍 ари оз басынан откенын жасырмай айтып, болисип жатыр 😘

  • @alala010
    @alala010 Месяц назад +92

    Динаның қазақшасына тәнтімін. Тап таза ғой, шіркін. Нағыз журналист деп айта аламыз. Ойын нақты-нақты айтып. Өте саналы, ұшқыр ойлы адам. АДАМИ тұрғыдан қатты құрметтеймін. Тек алға Дина❤

  • @user-gv5yz3rk5i
    @user-gv5yz3rk5i Месяц назад +57

    Мен үшін "Мамский әңгімедегі" - бұл ең топовый подкаст бірі болды. 🤯😍Дина ханым, Айнұр ханым сіздерге көп рақмет таза шынайылықтарыңызбен бөлісіп жатқандарыңыз өте әсерлі! Бір жарым уақытта өте көп инсайттар алдым, олар:
    1-ші сенің ішкі жан дүниен тыныш болса, баланыңда көңілі тоқ болады.
    2-ші ол қыздың - әкесімен байланысы, қарым-қатынасы (ішімдегі мазалап жатқан сұрақтарымның бір шешімі табылды-ау) және де
    3-ші өте терең қойылған сұрақ "бала адамға не үшін беріледі?" осы сұраққа өзімнің блокнотыма жазып алып жауап жазамын...♥

  • @user-zz1ti7tu1y
    @user-zz1ti7tu1y Месяц назад +83

    Динадан алатыным өте көп.Қайратына мінезіне тамсанамын.Бақыт тілеймін осы тәтеме.

  • @gulnazotegen8828
    @gulnazotegen8828 Месяц назад +74

    Қызымның іші өтіп, 5 күн тоқтата алмадық, содан самолетке билет алып төркініме бармақшы болдым. Алматыда қар қалың жауып, самолеттер ұшпай, бірнеше сағатқа кешігеді деп, ақыр аяғында ұшпайды деді. Күтіп отырғанда қызыммен бірге ана мен бала бөлмесінде болдым және сол жерде де қызымның іші өтіп, стрессте болдым. Бір кезде ауру балалары бар 2 ананы кездестірдім сол жерден. Біреуінің баласының басында тігілген тігіс жіптері, екінші әйелдің баласы розетканың қасында отырды және баласына то ли кислород па, то ли бірнәрсені үзбей беріп отыру қажет екен, баласына тоқ/электричество обязательно керек екенін түсіндім. Сөйтіп самолет ұшпайтынын біліп үйімізге жиналдық. 2 анаға және олардың қайсарлығына қарап Дина сиякты ойладым, өзімнің әлдеқайда әлсіз екенімді түсіндім. Мен қазір жылы үйіме барамын, қызым сау, тек іш өтуі бар, ал анау екі әйел ауру балаларымен қайда барады және қалай болады жағдайлары деген сияқты сұрақтар мазалады. Содан шүкір дедім. Аллахым, мен бір кішкентай іш өткенге сонша стресс болып, сонша проблема қылып жүріппін, басқаларда одан да қиын екен ғой деп. Баламның жалпы сау боп туылғанына шүкір дедім. Бүгін осы подкастты тыңдап, тағы да шүкір деп отырмын. Динаның баласы жазылып кетсін деген тілектер осы Рамазанда қабыл болсын🤲🏻 Және алдыңғы жылдың аяғында әкемнен айрылып қалдым. Подкастты тыңдап әкемнің болғанына, жақсы әке болғанына, бізді жақсы көріп, бағып-қағып өсіргеніне, тағысын тағы рахмет айтып, шүкір дедім. Аллахым, көп шүкір, Мамский подкаст ұжымы рахмет сіздерге, жұмыстарыңызға мол табыс тілеймін🤲🏻🫶

    • @user-oe7ht3bd6u
      @user-oe7ht3bd6u Месяц назад

      ДИНА ---- БАЛАНЫЗ ЖАЗЫЛЫП КЕТСИН! АЛ АСТАРЛЫ АКИКАТТАН КЕТКЕНИНИЗ ДУРЫС БОЛЫПТЫ ! АУЫРТПАЛЫК БОЛАДЫ, ОНЫ УЙИНЕ ТАСЫДЫНЫЗ! ЖУРНАЛИСТ-- БИСЕН КУРАНБЕКТЕ ДАЛ ОСЫЛАЙ ОЩИНЕ КАНША АУЫРТПАЛЫКТЫ КАБЫЛДАП- * КЕТТИ*

  • @user-oj1wp6fi2i
    @user-oj1wp6fi2i Месяц назад +68

    Смотришь на Дину ,вот красоты ,какойто яркой внешности ведь не видно,и росточком она маловата ее параметры далеки от идеала.
    Но черт возьми сколько,в ней притягательности,ума,харизмы,бешенной энергетики,а этот смех ,открытость в общении,умение расположить человека к себе,буквально с первой минуты.Умница просто.
    Вот действительно человек красив душой и этим всё сказано.
    Любви,удачи,новых проектов,с праздником вас девушки❤❤❤

  • @1977Erga
    @1977Erga Месяц назад +107

    Тууу, Дина қарындасымды өте жақсы көремін, қандай ашық, қандай керемет қыз!

  • @natasharomanova2741
    @natasharomanova2741 Месяц назад +60

    Динаға жетер жүргізуші жоқ-ау деймін...керемет сұқбат болды...балалары аман-есен өсіп елдің тұтқасын ұстар азамат болсын...

  • @Jansell.Jantik
    @Jansell.Jantik Месяц назад +44

    Мен де әкесіз өстім.Анам мені және бауырымды жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді.Анам қиналды,үйде әйел,сыртта еркек болып ақша тапты.Бірақ бізді,ешкімнен кем қылмай өсірді.Облыстағы ең беделді мықты колледжде,содан кейін ең талапшыл,білімі мықты универді бітірдім.Мен тұңғыш бала болғандықтан,өте жауапкершілігім жоғары,лидерлік качеством басым болды.Отличница болдым,мұғалімдерім,директор мені "Біздің колледждің кристаллы"деп атайтын.Мен анамның қиналып жүргенін көретінмін.Алдыма мақсат қоятынмын.Оқуымды 5ке бітіріп мықты мамандық иесі боламын,анам еш мұқтажсыз өмір сүреді деп өзіме уәде беретінмін.Колледжде облыстық олимпиадалардан жүлделі орындар алатынмын.Барлық колледждегі іс-шараларда өзім оқыған 6жыл бойы жүргізуші болып,концерттерді жүргізетінмін.10-сыныптан соң,сабақтан кейін анама барып,сауда сатуға көмектесетінмін.Мен бала кезімде сыныптас және басқа да балалардың оның әкесі жоқ деген сөзін еститінмін.Жүрегім ауыратын,анамнан сұрай алмайтынмын.Анам бауырым екеуімізді жалғыз тәрбиелесе де,біз колледж,универ бітірдік.Ұрлық,басқа да жаман тірліктерден аулақ болдық.Анам саудада жүргенде нағашы апамның жанында қалатынбыз.Нағашы ағам өте қатал,талапшыл адам болды.Бізді 1минут та отырғызбайтын.Соның арқасында еңбекқор,тазалықты сүйетін адам болып өстік.Мен анамнан басқа,қолдаушым болмағандықтан,тәуекелшіл,ештеңеден қорықпайтын ,өз басыммен ойланатын ,өзім шешім қабылдайтын адам болып өстім.Өз жеке ойым,өз тұжырымым бар.Әкесіз өскеніме еш өкінбеймін.Керісінше,батыл,ешкімнің көмегіне мұқтаж емес,қандай жағдай болмасын өзім шешім қабылдай алатын,адамдарды 1-2сөйлескеннен-ақ,қандай адам екенін примерно тұжырымдай алатын адам болдым.Анамнан,басқалардан көмек сұрамайтынмын.Өз күшіммен бәріне жеткенді ұнатамын.Жалғыз анам өсіргеніне еш ренжімеймін.Анама мың алғыс.Зато мен самостоятельная,батыл,ешқандай қиындықтан қорықпайтын жанмын

    • @user-op5oy7ms9e
      @user-op5oy7ms9e Месяц назад +1

      1

    • @mereikin_
      @mereikin_ Месяц назад

      Жарайсыз, бақытты болыңыз👏👏👏

    • @user-dt8wj5mu9l
      @user-dt8wj5mu9l Месяц назад

      Дина сен оте керемет кызсын сены катты курметтеимын баланды Алла коргасын денсаулыгы мыкты болсын омыр жасы узак болсын

  • @Orynbassarova_gaziza
    @Orynbassarova_gaziza Месяц назад +113

    Айнұр, сіз сондай нәзік жансыз. Қандай сұлу болып отырсыз! Осанка, манеры, сұрақтарыңыз, бәрі сондай үйлесімді. Жаңа студияңыз құтты болсын! Сіздің подкастыңызды сондай жақсы көремін. Қазақстандағы #1 подкаст деп с уверенностью айталамын!
    Дина Төлепбергеннен екінің бірі сұхбат аламайды. Өйткені ол өте білімді журналист. Ал сіз ол кісіні кейіпкер ретінде аша алдыңыз. Өзіме көптеген инсайт аштым, көп сұрақтарыма жауап алдым. Рахмет сізге және Дина ханымға. Менде өте қуаныштымын сіздердей замандастарым болғанына👏👏👏

    • @user-ip3qo9en3z
      @user-ip3qo9en3z Месяц назад +8

      Өте жаксы сұхбат болды бір деммен қарадым.Дина қызым маған ұнайды мінезі ашық жарқын,жайдары білімді қыз өте шебер жүргізуші..Айнұр екеуіңізге тілегім шалқар шабыт,зор денсаулық,отбасылық бақыт.Дина ханым балаңыз жазылып кетсін Алла шипасын берсін ❤❤❤🎉🎉🎉

    • @Kuanysheva.A
      @Kuanysheva.A Месяц назад

      😊

    • @user-dg2ql3go5t
      @user-dg2ql3go5t Месяц назад

      Мамскии әңгіме деген не сөз?
      Тек әйелдер үшін бе?

    • @user-dg2ql3go5t
      @user-dg2ql3go5t Месяц назад +1

      Біз сияқты үлкен кісілерге тыңдауға қиын ,мылжың екен...😐

  • @Raushan_Kz
    @Raushan_Kz Месяц назад +217

    Гүлнұр Мамасарипова мен Дина Толепбергеннің Берген Сұқбаттары Өте Керемет,Сауатты Адамдар Екені Көрініп Тұр❤❤

    • @user-xu5gp8ob3e
      @user-xu5gp8ob3e Месяц назад

      Ия дурыс

    • @imsuccessful5989
      @imsuccessful5989 Месяц назад

      Колдаймын. «акыл китаптаргой»

    • @keleshek2023
      @keleshek2023 Месяц назад

      Екі айлық баланы тастап жумыска шығу акылды ма 🤦

    • @user-mg4sv2ev6c
      @user-mg4sv2ev6c Месяц назад

      Шырайлы қыздарғойй

  • @user-jr2dh7wr2l
    @user-jr2dh7wr2l Месяц назад +47

    Мен сол әкесіз өскен қыздардың бірімін. 10 жасымда өмірден кетті. Осы уақытқа дейін қаншама ойларым болды әке туралы. Ал қазір Аллаға шексіз шукірлік айтамын әкемнің о дүниеде екеніне, себебі арақ, отбасылық зорлық-зомбылық, қатынқумарлық менің әкемде болды. Өзінің 1і некедегі баласымен арақ ішетін, 3 жасымда орыс қатын уйге келген, анамды талай соққыға жықты. Осының барлығы 10 жасымда дейін болып кеткеніне, Аллаһ Тағаланың біздерді құтқарғанына шексіз алғыстымын. Қазір Құдайға шүкір жолдасым, 2 балам бар. Анам біздерді өсіріп, жеткізіп барып 2і рет отбасын құрды. Анама шын жүректен тілеймін сол кісімен бақытты, мәнді-мағыналы өмір суруін.

    • @user-ow1bp9ff7q
      @user-ow1bp9ff7q Месяц назад +1

      Аман болшы сіңлім. Молодецсің

  • @aruzhanbaimaganbetova7330
    @aruzhanbaimaganbetova7330 Месяц назад +24

    Мына подкастан дем алдым,эмоцияға ерік бердім,тыныштықты және білімді қоса берген қонақ болды! Рахмет

  • @user-px5pj7fh4k
    @user-px5pj7fh4k Месяц назад +46

    Дина Ханым Пысық Ақылды Еңбекқор Аман болыңыздар 👍⚘

  • @aizhanesengeldi7470
    @aizhanesengeldi7470 Месяц назад +31

    Айнұр ханым, сізге рақмет! Кейіпкерге жағаласпай, сөзін бөлмей тыныш қана отырғаныңыз үшін😂 Өйткені қазір не көп, подкаст көп және ондағы қонақтың сөзін қырық бөлетін «кәсіби емес» жүргізушілер жынға тиеді😫 Дина ханым, мықтысыз! Балалар ауырмасын! Барлық бсстамаларыңызға сәттілік!💐

  • @m1shutkayt913
    @m1shutkayt913 Месяц назад +32

    Динаның өте қарапайымдылығын ай. Құрметтеймін. Қыздар істеріңе сәттілік

  • @aigerimtauken9758
    @aigerimtauken9758 Месяц назад +45

    Мен 25 жаста тұрмыс құрдым. Сол кезде бірден көтере қоймадым. Жолдасым жағынан ешқандайда қысым болмады. Керсінше Енем мен қайын ағам күн бермеді. Неге көтермейсін. Тумайтын əйел алды деп. Содан мен ем көп алдым. Емнің үстінен тағы ем алдым. Сөйтіп, көтергенімді білмей ем алып қойдым. Сөйтсем егіз көтергенмін. Біріншісі ішім мес келгенде ауыратындай ауырып. Артынша түсіп қалды. Ал екіншісі 1 аптадан кейін ішім қатты ауырып, внематочный болып қалдым. Көтермей тұрғанда жолдасыма айтатынмын. 1 ж ішінде көтермесем сені тастап кетем дейтінмін. Жолдасым мен сені тастамаймын. Тумасаң тəуекел деді. Сөйтіп көөөп ем алдым. Бармаған жер баспаған тау қалмады. Жүктілік болмады. Сөйтіп соңғы есік ЭКО Медке бардық. Шүкір Аллаға бас аяғы 10 ж отасқанда алғашқы перзентімді қолға алдық. Менің түйгенім. Неге көтермедің, неге тумайсың деп қыспаққа алмау керек екен.

    • @Moimir18
      @Moimir18 28 дней назад +1

      Кайын агага не жоқ тоба тоба

    • @Moimir18
      @Moimir18 28 дней назад +1

      Биреудин тосегин андып

  • @zulfiyatarazbai
    @zulfiyatarazbai Месяц назад +23

    Осы подкастты ой салатын тақырыптары үшін жақсы көремін. Бұл подкастты тұрмысқа шықпаған қыздар көргені дұрыс деп ойлаймын. Болашақта ана болатын қыздар үшін керемет кеңестер айтылады.

  • @user-is8tp7im7h
    @user-is8tp7im7h Месяц назад +16

    Жылааап карадым бұл керемет подкаст. Дина недеген керемет акылды әйел. Браво❤️

  • @user-so1bu9xv5l
    @user-so1bu9xv5l Месяц назад +9

    Астарлы ақиқат қарамадым,,ұнамады программа, бірақ мында Дина басқаша жағынан таныдым. Өте қарпайым және сауатты, мықты әйел екен!

  • @mysecret.
    @mysecret. Месяц назад +284

    Көрмей жатып лайк себебі Дина Төлепберген супер ❤

    • @user-tc3xw6eu9s
      @user-tc3xw6eu9s Месяц назад

      Выфъжжддщддддддэззххзһзөөһөззщққұұұұұұқққө😊

    • @AruNaz13
      @AruNaz13 Месяц назад +7

      Точно ❤

    • @rawajzaripbaev402
      @rawajzaripbaev402 Месяц назад +3

      Дина сени сагындык ❤ каракалпакстаннан жазира

    • @user-gw3uk9hs3o
      @user-gw3uk9hs3o Месяц назад +1

      Ёёёёё😊ё😊😊😊😊ъ

    • @KulmashKerimova
      @KulmashKerimova Месяц назад

      ​@@rawajzaripbaev402q7975❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-rj2go4tt3x
    @user-rj2go4tt3x Месяц назад +7

    Шымкенттин кыздары керемет, осындай ❤Дина ханым, кыз туып ал🤲🤲🤲🤲

  • @user-ks8lp5vj5y
    @user-ks8lp5vj5y Месяц назад +14

    Бір түсінгенім бекер айтпайды екен ғой "Каждый человек, которого ты встречаешь, сражается в битве, о которой ты не знаешь ничего. Будь добрым. Всегда!"
    Сырт көзге Дина Төлепберген, ал ол кісінің ішінде не болып жатқанын ешкім білмейді Мықты болыңыз Талай жанға үлгісіз Өзім бүгінгі сұхбаттан кейін сізге деген көз қарасым өзгерді Жақсы жаққа әрине ❤

  • @Albina87Dariya
    @Albina87Dariya Месяц назад +19

    Такая как Дина больше нет никого лучше! Она одна такая Умная, Красивая, Харизма так и прет от нее!!! Аман болш Диночка! Пусть сыновья не болеют и выздоравливает сынок❤

    • @saltanatazhibek3762
      @saltanatazhibek3762 Месяц назад

      Потому что южанка

    • @user-yz4ox3ii7i
      @user-yz4ox3ii7i Месяц назад

      Кашан.туасын.казактын.жалпак.сози.онда.турган.ештенке.жок.бастысы.жаман.кабылдамау.керек.кулип.жауап.беру.керек

  • @user-vb8es1tg8q
    @user-vb8es1tg8q Месяц назад +8

    Айнурдың келген қонағын толық ашып, көрерменге ең көркем жағынан танытып беретін керемет қасиеті бар, сондай сыпайы, мәдениетті, сұлу ару
    Жарайсың, Айнұр👍👍👍

  • @user-wf2pw2qp1b
    @user-wf2pw2qp1b Месяц назад +32

    Керемет сұхбат болды. Ақ көңілмен, бар сырын ақтарды Дина. Балалар ауырмасын. Баласы ауруынан айығып кетсін. Емінің шипасын берсін. Айнұр орыс мектебін бітіріп, Павлодарма, Петропавлма қателеспесем сол өңірдің қызы деп естігем. Орыс тілді қыз таза ана тілінде, қазақ тілінде әдемі сайрап отыр. Жарайсың. Керемет бағдарламаны, керемет етіп жүргізіп отыр. Тек алға. Сәттілік тілеймін.👍👍👍

    • @saltanatazhibek3762
      @saltanatazhibek3762 Месяц назад

      Айнурдын анасы Казак акеси Парсы ма озге улттын окили

    • @user-lt3xu4jn6x
      @user-lt3xu4jn6x Месяц назад

      Өскеменің қызы.

    • @user-wf2pw2qp1b
      @user-wf2pw2qp1b Месяц назад

      Қазағым аман болсын! Әз Наурыз құтты болсын ҚАЗАҚ ЕЛІМ.

    • @user-fi5vx9fg1g
      @user-fi5vx9fg1g Месяц назад

      Шымкенттин кызы

  • @user-ic2ml7hu3c
    @user-ic2ml7hu3c Месяц назад +33

    Как открытый разговор с умной подругой! Приятное времяпровождение. Очень хотелось бы получить ее книгу! Очень умная, глубокая смыслом девушка! Всю трудность жизни приняла и привратила в силу идти вперед,покорять вершины.

  • @aidanafaizulla-sf7jg
    @aidanafaizulla-sf7jg Месяц назад +23

    Дина ханыммен сұхбат жақсы өтті,ұнады! Өте шыншыл жан. Астарлы ақиқатты үзбей көремін оқушы кезімнен. Қазір 29 жастамын!
    Менде 1 жасымнан бері әкесіз өстім, уақыт өте келе қабылдадым осы өмірімді,Дәл Дина ханым сияқты ол маған мықты болуды үйретті, жетістікке жетуге жігер берді! Қайсар қыз болдым. Еш өкпем жоқ әкеме, тек аман болсын!
    Қәзір шүкір жан жарым әке орнына менің қамқоршым, тірегім! Кереметтей егіздерді әке-ана болып тәрбиелеп жатырмыз!

  • @user-kn9mv1cj5q
    @user-kn9mv1cj5q Месяц назад +7

    Дина моладец. Өз ойын ашық және турв айтады Қосағыңмен қоса ағарып Бақытты бол айналайын

  • @user-fl8jp8rz4s
    @user-fl8jp8rz4s Месяц назад +24

    Дина ханым өте ақылды ашық мінезді жансыз. Аман болыңыз, балаларыңыз өсіп өне берсін, дендері сау болсын. Шығармашылығыңыз өркендей берсін! Керемет сұхбат болды.

  • @user-fq6ds4uo7j
    @user-fq6ds4uo7j Месяц назад +13

    Өте керемет ашық әңгіме болды. Астарлы ақиқаттан неге кетті деп ойлаушы едім, жауабын білдім. Дина балаңыз алла қолдап жазылып кетсін, отбасыңызға амандық тілеймін! Жұмысыңызға шабыт, жақсылық болсын!

  • @user-qi5ex1kv4m
    @user-qi5ex1kv4m Месяц назад +23

    Басқа әйелдерді білмеймін, Дина ханым өте ақылды үлгі аларлық дана әйел. Сондықтан қандай сұхбат берсе де тыңдаудан жалықпаймын да, қайтпаймын да. ❤👍🏻

  • @user-pk6jw5cc7r
    @user-pk6jw5cc7r Месяц назад +7

    Жаным Дина Сены быз өте отбасымызбен жақсы көремыз Сеның кышкене балапаның аман есен сауығып кетуыне тілектеспіз!

  • @ylove6393
    @ylove6393 Месяц назад +26

    Қандай ақылды әйел. Өте өзекті мәселені көтердіңіз. Жұмыс істейміз деп, балаларымызға жеткілікті көңіл бөлмей өз-өзімізді кінәлаумен жүрген жайымыз бар. Семьяда да, жұмыста да жанталасып жүрген қазақтың қыздарына Алла тағала қуат берсін. Керемет подкаст болды.

    • @rymtaikulzhabayeva3828
      @rymtaikulzhabayeva3828 Месяц назад

      Өте жақсы,сауатты сұқбат болды, тек орынсыз күле берген жерлерің аздап ұнамады.Дина айналайын екі балапаныңның қызығын жолдасың екеуіңе бірге көруді алла нәсіп етсін,арттарынан басқа да іні-қарындастары ере берсін,батыр ана атануыңа тілектеспін)))

  • @Healer0121
    @Healer0121 Месяц назад +9

    Айнұр ханым мен Дина ханымның бірге отырғаны, сұхбаттасқаны, әңгімелерінен демаласың шыныменде, дауыстары да жағымды! Өте керемет подкаст болған! Жаңа студияңыз құтты болсын! Дами беріңіздер! ❤

  • @kymbatkozhayeva1976
    @kymbatkozhayeva1976 Месяц назад +8

    Я кайфанула! Особенно мои уши) благодарю за бесподобный сухбат! Дина Толепберген одна из самых достойных журналистов-ведущих! ❤️

  • @altushamuratbaeva7847
    @altushamuratbaeva7847 Месяц назад +5

    Дина Төлепберген жаны сұлу жүрегі батыр нәзік жан.Қыздарымызға үлгі болсын.

  • @user-ln3qt9rx3h
    @user-ln3qt9rx3h Месяц назад +6

    Мамский әңгімедегі ең керемет, құнды подкаст болды ғой. Динанвң кітабын асыға күтетін болдым. Сөз саптауы, ойы, көзқарасы керемет адам екен

  • @Gaukhar-il5eq
    @Gaukhar-il5eq Месяц назад +29

    Айнуржан көп-көп рақмет сұқбатыңызға! Бүгінгі қонағымыз Дина Төлепберген ханымның сұқбатын ерекше күттім! Тіледім десем болады! Себебі қазақтың заманауи батыр қызы! Сөйлеген сөзі, ойлаған ойы және шынайы эмоциясы, сонымен қатар өз-өзін ұстауы әр көрерменге бір ПАЙДАЛЫ КІТАП оқығанмен бірдей! Көп мағлұмат алдым. Алғысым шексіз! Көп жасай беріңіз! Оқырман саны көбейе берсін! Ютуб каналыңыз дами берсін, Айнуржан!🤲🏻💐😘

  • @user-sj1kn8ld8r
    @user-sj1kn8ld8r Месяц назад +5

    Ен топовый подкасттын бири екен! Баланыз сауыгып кетсин, ауырмасын, елинин бетке устар азаматтарынан болсын!!! Бакытты болыныз Дина!!!

  • @aiaisultanovna2627
    @aiaisultanovna2627 Месяц назад +11

    Кудайга шукир акем мен анам 45 жыл бирге, анама ешкашан кол котермеген, акшасын анама акелип, Ешкандай сурамайтын кайда кетип жатыр деп, 2015 ж анам рак ауруына шалдыгып, барин оз колына алды , шукир казир екеуи Бир бирине дос, жолдас, кейде созге калып келсе де бирге омир сурип жатыр. Бирак психологка барып барлыгын талдап келген кезде мне не хватало со стороны отца телесного контакта, обнимашки откровенных разговоров так как он всю жизнь работал на вахте чтобы прокормить нас. Акелерге айтатыным кыздарынызды коп кушактап, жаксы коремин, сен принцессасын деп айтып отыру керек. А так я надеюсь что я получу книгу Дины Толепберген❤

  • @AigerimOryntai
    @AigerimOryntai 17 дней назад +1

    Қандай сауатты, мықты әйел. Сыртынан қарағанда мұндай проблемасы бар деп ойламайсың. Тағыда адамның өткен өмірін білмей сынауға, жамандауға болмайтынына көзім жетті!

  • @molyamolya7667
    @molyamolya7667 Месяц назад +8

    Керемет сухбат! Тандем 🔥
    Мен оте кишкентай кезимде акемиз анамды 5,3,1 жасар уш баламен тастап Кетти. Менде окпе кишкене болган басында. Кейин оскенде карасам, барлыгынан жаксы киинип, жаксы омир сурдим. Керемет узату жасады жалгыз Ози. Акемди толыктай кеширип, тойыма шакырдым, келмеймин "акшам жок саган беретин" Деген созинен кейин турып кетип калдым, мулдем хабарласпайды казир де. Баримиз окып, биликти маман болдык. Аллага шукир, жагдайымыз ушеуимиздин де кушти. Еки иним Астанада даригерлер, Оз патери, клиникалары бар. Мен Алматынын ортасында, заулим уйде турамын. Акем болса мумкин осылай оспеуши едик па деп ойлаймын. Акеме Рахмет! Анам Сол акемнин орнына да, Оз орнында да мотивация, махабатын, акшасын, енбек терин аямады. Анам казир мактанып, маркайып отырады. Осы омирди сендер ушин кайтадан солай сурер едим деп❤

    • @user-dp1zb6qw7x
      @user-dp1zb6qw7x Месяц назад

      Диана ханымды жақсы көремін жасандылық жоқ шынайы қарапайым

  • @user-vf8cm6kr7g
    @user-vf8cm6kr7g Месяц назад +5

    Әр қашан ана жүрегі баласы үшін соғады!!! Дина ханым, балаңызға Алла шипасын берсін... Өте керемет подкаст болды, рақмет сіздерге 💐💐💐

  • @merkatovna
    @merkatovna Месяц назад +5

    Динаааааа керемет жан, билимди, окыган, токыган, сауатты. Кооооп тындай берген келеди гой 😍😍😍услада для ушей ❤️

  • @user-er4sj3mw3m
    @user-er4sj3mw3m Месяц назад +6

    Отдуши кордым прям рахаттанп тындадым Аллах разы болсын сиздерге еки дуниенин бахытын берсин амиин ❤

  • @user-zo6bo6lp9x
    @user-zo6bo6lp9x Месяц назад +6

    Бейсен сол,стресстен кетты ма деп,ойлаймын,адамдарга каншама жаксылык жасасан да жакпайсын,сыз туралы неше турлы соз айтты.Бырак сыздын жан дуниенызды ешкым укпады,баланыз енды ауырмасын,озыныз аман болыныз!

  • @akmaralrysdauletova5512
    @akmaralrysdauletova5512 Месяц назад +38

    Динаның сөз саптауы құлаққа жағымды👍👍👍

  • @Dashkaar01
    @Dashkaar01 20 дней назад +2

    Сондай жеңіл әрі сауатты сұхбаттардың бірі!😍 Дина ханымның білімі, сана-сезімі, өмірге деген ашық көзқарасы, жеңіл энергетикасы біз үшін, бойдақ қыздар үшін сондай жақсы әсер еткені өтірік емес шығар!
    Дина ханымға шығармашылық табыстар мен отбасылық бақыт тілеймін!👏✨

  • @kz_salt_dastur
    @kz_salt_dastur Месяц назад +5

    Дина ханым басқа жағынан жақсы ашылды, рақмет, Айнұр ханым, керемет сұхбат болды, Алла тағала еш ананы баламен, еш баланы анамен сынамасын, Дина ханым, балапаныңыз толықтай сауығып кетсін! 🙏Өте актуалды тақырыптар қозғалды, баршаңызға мыыықты денсаулық тілеймін!🤲🤲🤲

  • @user-ig3hk5kr1z
    @user-ig3hk5kr1z Месяц назад +7

    Соншама, әртүрлі эмоцияларды сезіндім. Рахмет! Осындай керемет жандар, ортамызда болса, заманымыз дұрыс бағытта жүреді деген сенімдемін. Көптеген терең ойлар түйдім өзім үшін. Рахмет. 🎉🎉🎉 Барлық бастамалары, істері сәтті болсын!!! Керемет❤

  • @Star_Fish01
    @Star_Fish01 Месяц назад +11

    Дина прекрасная!
    Очень позитивная, добрая, честная, искренняя!
    Желаю вам больших успехов и всего самого наилучшего!

  • @user-bk4fs5wr2j
    @user-bk4fs5wr2j Месяц назад +10

    Айнур қыздың сұхбат алғанынынан көп журналистар сабақ алса болды екен, сөзін бөлмей ашылуын күтіп отырады

  • @user-om1du6yk2c
    @user-om1du6yk2c Месяц назад +7

    Айнур сиз оте керемет жургизесиз Диночка биздин Шымкенттин кызы жумыстарына табыс тилеймин Казак кыздары билимди тарбиели екеуи де жаксы унап отыр

  • @user-fp8xe8ip1z
    @user-fp8xe8ip1z Месяц назад +4

    Иий Дина ханум, журогум ооруп кетти, баланыз жакшы болуп кетсин, омуру узун болсун!

  • @aizhanbeisembinova6275
    @aizhanbeisembinova6275 Месяц назад +8

    Өте керемет сұқпат ❤ Дина ханым сондай карапайым екен , балаңызға Аллах шипасын берсін.

  • @martakaussova6968
    @martakaussova6968 Месяц назад +5

    С нетерпением ждём на продаже книгу Дины! Спасибо большое за суперский подкаст! Дина, Вы невероятная! Всего наилучшего Вам и Вашей семье! ❤

  • @user-ws2me5sy6o
    @user-ws2me5sy6o Месяц назад +31

    Айнур, ваш образ просто классный😍 100 из 10

  • @user-en7hj3lr7d
    @user-en7hj3lr7d Месяц назад +5

    Рухы мықты, өзіне өте сенімді. Талапшыл, кез-келген қиындықты жеңудегі ішкі стержені өте күшті. Осындай қасиеттер өкінішке орай көп адамдарда кездесе бермейді.

  • @Buhgalter_ode
    @Buhgalter_ode Месяц назад +3

    Мен өте куаныштымын казактың бір туар қыздары осындай әйелдер тақырыпты қозғап , канша кыз келіншектің оның арасында менің де көзімді ашып жатқан подкаст көп болып жатқанына! Мен өте куаныштымын! Әйел адам , әйел тұлға! Менің де өз ойым , менің де өз өмірім бар …

  • @ZhangulimAzatkyzy-rh1ru
    @ZhangulimAzatkyzy-rh1ru Месяц назад +4

    Өте керемет подкаст, мен үшін орны бөлек болды, не деген эмоция😭😍😍

  • @user-ci1ts4xv9t
    @user-ci1ts4xv9t Месяц назад +1

    Дина ханымның сұхбатын тыңдап отырып тек ерекше сезімде болдым. Бір демде тыңдап, көріп шықтым. Өте қатты ұнады. Әр айтқан сөздері мен түйген ойларын жеткізуі мені тәнті етті. Бойыңдағы мінезіңді түзе деген осы да болар. Қандай жағдай болмасын байыппен,ақылмен қарай отырып саналы түрде үн қату. Бұл сұхбаттың соңы болмаса екен, бітпесе екен, тағы тағы айта берсе екен деп отырдым. Айнұр ханымға рахмет осындай қонақтарыңыз көп болсын! Өтееее ерекше әңгіме мен ой қозғау болды деп айта аламын.

  • @user-fw7kt6cl5u
    @user-fw7kt6cl5u Месяц назад +2

    Динаны тыңдай бергің келеді ғой.Астарлы ақиқатты үзбей көретінмін Динаның сөйлегенде сөз саптауы керемет.Ұлының дертіне Алла шипасын берсін

  • @user-gd6jk8oo3d
    @user-gd6jk8oo3d Месяц назад +4

    Динаның пікіріне жүз пайыз қосыламын өте дұрыс айтып жатыр

  • @user-gh3cl4bn9t
    @user-gh3cl4bn9t Месяц назад +8

    Керемет сұхбат,берері мол болды.Баланыз жазылып кетсін.

  • @user-zf2vl1zj9n
    @user-zf2vl1zj9n Месяц назад +1

    Дина Толоберген мен сизди Кыргызтандан кором, ар бир чыгарылышынызды, астарлы акыйкатты бут коруп чыктым , оз жашоомума канчалаган керектуу кенештерди алдым , жана ой орусум осту, коз караш дегендей. Китеп алсам курсан болом жана ыраазы болом, дагы сиздеги айтылбай калган алтын создорду окуп билгим келет, мен тоолук ишенем отто мыкты китеп болот. Жана окугум келет.

  • @user-eq8jw3wh2x
    @user-eq8jw3wh2x Месяц назад +3

    Сәлеметсіздер ме! Дина ханым, менде де аутоимунная тромбоцитопения болған, неше жыл қиналдым (мұрыннан, ауыздан қан тоқтамау)😔😔😔 сізді толықтай түсінемін, басыңыздан өткерген кезеңдер қазір тура көз алдымнан өткендей, әр ай қан сөздеріңіз мен де тура солай өткен..(өте ауыр жағдай, қазір Аллаға шүкір емделіп жазылдым🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Алла емші ғой, ауырмаңыздар😘❤️

  • @priroda_17
    @priroda_17 Месяц назад +18

    Қандай керемет эфир😔өзімнің басымнан өткен оқиға көз алдымнан бір мезетте өтті ғой😢Мен қызымда дәл осылай жағдай болды, бірақ бізде онкология диагнозын қойды, ең ауыр түрі анықталды😞Бұл ана үшін ең қиын сәт! 😩Бүкіл ғалам төңкерілгендей болалы. Өте өкінішті, мен қызымнан айырылып қалдым😭
    Аналар менің сіздерге айтарым , өздеріңізді бағалаңыздар, бақытты болуға тырысыңыздар… Ең бірінші күйеуіңізбен отношениені реттеу керек🙏ашық сөйлесе алу керек, ал егер бақытсыз болсаңыз, өзіңізді бақытты сезінбесеңіздер, ол бірінші Балаға әсерін тигізеді🙏
    Аллахым еш бір пендені баламен сынамасын🙏
    Балапандар ауырмасын🙏🙏🙏
    Динамен эфир керемет❤сіздерге рахмет”Момский әңгіме”, әр эфирді асығып күтемін, 1 эфирді өткізбей тыңдап келемін😊

    • @user-ct8zs4qw4b
      @user-ct8zs4qw4b Месяц назад

      Сізге Алла сабыр берсін

    • @user-pl1xj7nw5l
      @user-pl1xj7nw5l Месяц назад

      Тромбоциттері канша болды ? Диагноз пункция жасау аркылы койды ма ?

  • @gauharbazarbai437
    @gauharbazarbai437 Месяц назад +22

    Дина Төлепбергенмен көріп отырған екінші сұхбатым. Тыңдай бергім келеді, тыңдай бергім келеді...👍🌷

  • @konayoutube4631
    @konayoutube4631 Месяц назад +2

    Дина керемет жан.Озіме катты унайды ,сол ушін немеремнің есімін Дина деп атаганбыз.

  • @user-un6mg4eb4q
    @user-un6mg4eb4q 25 дней назад +1

    Какая грамотная и в то же время простая женщина, очень светлая и веселая. Спасибо за подкаст ❤❤❤

  • @user-jt4eo9rj8q
    @user-jt4eo9rj8q Месяц назад +2

    Динаны жақсы көремін! Нағыз халқым деген қазақтың қыздары. Осындай кісілерді жоғарыға басшылыққа шақыру керек!

  • @user-yf6xh2kt8p
    @user-yf6xh2kt8p Месяц назад +5

    Дина Халықтың Қызы жарайсың !❤

  • @user-mf7ut5xx3i
    @user-mf7ut5xx3i Месяц назад +4

    Динадай журналист жоқ, сондай сауатты, мәдениетті, өте білімді, еңбекқор, әрбір сөзі кітап секілді. Айнұр да өте білімді, екі қыз да сауатты сұхбаттасып отыр, таза ана тілімізде әңгімелесті..

  • @user-le5tp7ro5h
    @user-le5tp7ro5h Месяц назад +1

    Не деген керемет Жан Дина Ханым ❤❤❤❤ Такая искренняя, честная 😊😊😊 повезло Вашему окружению и Вашей рабочей группе, что несёте свет миру🙏🙏🙏🙏

  • @user-nl9tz8sz1f
    @user-nl9tz8sz1f Месяц назад +1

    Керемет сұхбат! Бир деммен корип шықтым! Соңында әке туралы айтылғанда мен озимди коргендей болдым! Дина айтқандай әкенің болмауынан биздин омирге деген козкарасымыз мүлдем басқа болады екен! Агамыздын киналганын көрген бала солай болады да! Талай киындык болды, бирак Алла жардемши казир остик жолдасымызды таптық, жұмыс жасап жатырмыз, балаларымызды бағып жатырмыз! Аллага сансыз шукир деп айтамын! Әкеге деген реништи жибергенмин!

  • @qurbangulutepova8159
    @qurbangulutepova8159 Месяц назад

    Оте керемет сухбат болды.Айнур ханым исине саттилик Дина Толепберген ғажайым керемет жансын балдарың аман болсын ана бахытын тилеймин сау болындар .Каракалпакстан Нукустен салем.

  • @user-gq2ce3vz5b
    @user-gq2ce3vz5b Месяц назад +5

    Дина ханым менің балам да дәл солай ауырды, 5 жасымызда. БІЗ ЖЕҢДІК! АЛЛАның қалауымен және әрине әрекет. Шортан балықты асып, тек басын алып, басындағы еті мен терісін сылып алып, сорпасына езіп беру керек дегенді естіп, солай жасадым. Тек жылқының етін беру керек, тіпті котлета жасап бересіз. Әйтеуір, ем болды. Биыл Алла қаласа 5-6 айдан кейін учеттан шығамыз.

    • @user-ck4dk2hp2z
      @user-ck4dk2hp2z Месяц назад

      Сәлеметсіз бе, 3 жыл болды менің балам осы диагнозбен әлі ауырады, түсініксіз ауру, балам енді 7 ге толады. Дәрі ішеді үзбей.Сіздің балаңыз қалай жазылды, кеңес беріңізші. Өтініш

  • @AA-fq4xd
    @AA-fq4xd Месяц назад +2

    Дина, керемет сухбат болды, мышление баска екен сизде, баланыз сауыгып кетсин Аллам колласын, комектессин 🙏❤️

  • @user-su9mw7gy8m
    @user-su9mw7gy8m Месяц назад +1

    Өте керемет әңгіме болды. Басынан аяғына дейін тыңдап отырдым. Осындай сауатты қыздарымыз көп болсын.

  • @user-dm3ec3qr8g
    @user-dm3ec3qr8g Месяц назад

    Өте керемет сұхбат, Рахмет Сіздерге, өте үлкен күш қуат бердіңіздер. Аман болыңыздар 🙏🙏🙏

  • @moonzeresmomcooks7158
    @moonzeresmomcooks7158 Месяц назад +1

    Ұйып тыңдадым, рахмет!!!! Әңгімелері мағыналы, дауыстары құлаққа жағымды ❤️

  • @user-ss1im8lh5n
    @user-ss1im8lh5n Месяц назад +1

    Керемет ойға тоқырлық подкаст болды, Дина ханым және сіздерге үлкен рахмет❤

  • @user-zk3kk4ql6m
    @user-zk3kk4ql6m 23 дня назад +1

    Дина керемет жансыз. Сізден көп әңгіме тыңдағың келеді екен.

  • @user-nd3yo5sk6d
    @user-nd3yo5sk6d Месяц назад +4

    Бала -деген ,Алланың аманаты. Аманатқа қандай қарайсың ,-деген Алланың сынағы. Ол баланы сіз өмірге алып келуге себепкерсіз, баланы жаратқан Алла тағала. Балаға сіз қол, көз жасаған жоқсыз, оны жаратқан Алла тағала. Сол аманат арқылы да өз Аллаңды толық қанды табуды нәсіп етсін. Балалар аман есен болсын.

  • @user-tr5dt8iz8x
    @user-tr5dt8iz8x Месяц назад +2

    Кыздар отте керемет действительно казах кыздар акылы ,Дина балдарга Aллаh Шипа берсын ,оздерне саттылик тильеймын.

  • @user-op8xh2em2w
    @user-op8xh2em2w Месяц назад

    Керемет сухбат болды рахаттанып тындадым, озиме коп нарсе алдым. ❤ Менингит акем бар ес билгели келеди, кетеди бирде бар , бирде жок , айткым келгени биз акемиз кандай болса да кабылдауымыз керек!❤

  • @altushamuratbaeva7847
    @altushamuratbaeva7847 Месяц назад +1

    Дина керемет сұқбат болды,өзіне зор ден саулық,төзім, сабыр берсін.Балапандарыңөсіп ізіңді жалғастыратын. Қиындықтын бәрі артта қаласын.Оған күшін, білімнің жетеді.

  • @user-ik6jn3uy1g
    @user-ik6jn3uy1g Месяц назад +3

    Дина сен қазақтың керемет қыздарының бірісің бақытты бол қосағыңмен қоса ағар балаңа Аллам шипасын берсін сенде бәрі жақсы болсын жаным

  • @user-bu3zv2xr5v
    @user-bu3zv2xr5v Месяц назад +10

    Айнура, такой классный макияж😍😍😍
    Дина, обожаю вас, восхищаюсь 👏🏻

  • @gulnoor_bekseyit
    @gulnoor_bekseyit Месяц назад +2

    түууу не деген оптимизм, не деген күш, прямо рахаттанып отырып көрдім! Қандай сауаттылық, қандай сөз саптауы! өмірге деген үлкен құштарлық👍🏽

  • @user-fz5el1gh8t
    @user-fz5el1gh8t Месяц назад

    Оте керемет, асерли сухбат болды озиме , коп нарсе ойга туйдик, Ана журегин балага деген Махабат шексиз болсын❤, балаларымды катты жаксы коремин💞 Аллах шукир🤲, бакытты Аналар коп болсын 🤲😘💐❤❤❤

  • @gulzhanadibayeva
    @gulzhanadibayeva Месяц назад

    Керемет подкаст! Дәл осындай әңгіме керек кезде алдымнан шықты.Ойымда жүрген сұрақтарға жауап алдым. Рахмет

  • @user-vt8yl9yy6g
    @user-vt8yl9yy6g 18 дней назад

    Массаган 😍 маган катты унады. Егер баска конактарыныз Дина сиякты болса куана арбир туындынызды коруге дайынмын. Озиме белгилеп алатын Динанын бастан кешкен окигаларынын туйинин сактап койдым есимде. Керемет киси екен шакырган конагыныз🌸🥰🥰🥰

  • @user-gy3fy4jg4t
    @user-gy3fy4jg4t Месяц назад +1

    Керемет 🎉 Маған подкаст қатты ұнады ❤ Айнұр сізге үлкен рахмет осы сұхбаттар үшін , Дина өте мықты әйел маған қатты ұнады 😊

  • @user-pu2yt4fz2q
    @user-pu2yt4fz2q Месяц назад +6

    Өте сауатты журналисттер қатарында ғой Дина❤.

    • @user-gh3me6qd9f
      @user-gh3me6qd9f Месяц назад

      Айнур уйрен танауынды котермей,дұрыс отырсайш білікті журналист Динанын алдында

  • @AiShasteam-pv3yi
    @AiShasteam-pv3yi Месяц назад

    Керемет,берері көп подкаст болды👍

  • @user-kv5li5mz4r
    @user-kv5li5mz4r Месяц назад +2

    Тоқтаусыз қараған алғашқы подкастм😍 қатты ұнады,таза қазақ тілде түсінікті әрі көңілді подкаст болды😊

  • @gulzhannyrbaikyzy3335
    @gulzhannyrbaikyzy3335 10 дней назад

    Көрмей жатып ❤лайк басатындар біргеміз ✊🏼себебі бұл подкасттан "Ғибрат аларлық, ой түйіп, қаншама алға қадам басуға" МОТИВАЦИЯ беретін керемет бағдарлама🎉әсіресе жүргізуші ханымға ерекше алғыс🌹🌹🌹