Әуезов мұражайы қайта ашылды | Tańsholpan. Таңшолпан - 28.04.2023

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 сен 2024
  • 27 сәуір күні - М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қайта жаңғырту мен музейлендіруден кейінгі ресми ашылу салтанаты өтті.
    Салтанатты іс-шараға Әуезовтің балалары мен немерелері, шәкірттері мен әдебиет әлемін зерттеуші ғалымдар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысып, құттықтау тілектерін айтты. Олардың арасында ғұмырын Абайтану саласына арнаған, Мұхтар Әуезовтың мектебін көрген, арнайы шеберлігінен өткен Мекемтас Мырзахметов те бар.
    Шара барысында М. Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай жарық көрген ұлы қаламгердің 5 томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
    Заңғар жазушы М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына байланысты
    ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қолдауымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің көмегімен, «Қаз ММ ҒЗЖИ» компания авторлық жобасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін қамтитын көрме залдарын қайта жаңғыртып, 7 бөлімнен тұратын жаңа музей экспозициясын дайындады.
    Музейдің ғылыми қорынан арнайы қолжазбалар, кітаптар, жазушының киімдері, тұтынған заттарынан тұратын және туған-туыстарына қатысты, жалпы жиыны 200-ге жуық жәдігерлермен толығып, жасақталды.
    Заманауи тач экрандар, QR кодтар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ақпараттар, ғылыми қорда сақталған қолжазбалар, құжаттар, фотосуреттердің көшірмелері, деректі фильмдермен толығып, музей қонақтарының назарына ұсынылды. Сонымен қатар, музейдің ғылыми қорындағы портреттерден, мүсіндерден арнайы галлерея залы ашылды.
    Музейде Әуезов туралы деректі фильм тамашалауға арналған кино-зал да бар. Арнайы келген қонақтар бейнетаспадан жазушының дауысын естіп, өсиетін өз аузынан тыңдай алады.
    Бұл экспозициялық көрме Мұхтар Омарханұлының 100 жылдығына орай 1997 жылы салынған болатын. Араға 25 жыл салып, мұражай күрделі жөндеуден өтті.

Комментарии •