«Күй құдіреті». Қазанғап Тілепберген. «17 жасар Балжан қыз» күйінің шығу тарихы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 сен 2024
  • Қазанғап Тілепбергенұлы - Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде туып-өскен.
    Жалпы Қазанғап - эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі, өмірдің мәні мен сәні, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады.
    Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады.

Комментарии • 2

  • @user-tf8lf4qk1v
    @user-tf8lf4qk1v 4 года назад

    Өте күшті екен, бастан аяқ тыңдадым. Қазанғап атамыз жайлы деректер, әңгіме аңыздар көп қой. Енді Қазанғап атамыздың бүкіл өмірін қамтитын кино түсіру керек. Басты ролдерді Абдулхамит ағамыз бен Таңат баламыз сомдаса, бүкіл халықтың жүрегінен орын алары сөзсіз. Жастарымыздың өнерге күйге деген құштарлығы артар еді. Қазанғап жайлы Абдулхамит ағамыз әңгімелеп, күйлерін орындағанда, образға қалай кіріп кеткеніңді байқамай қаласың. 17 жасар Балжан қыз күйін Таңат баламыз қандай күшті орындап отыр, қайта-қайта тыңдай бергің келеді. Абдулхамит ағамызға да, Таңат баламызға да үлкен рахмет.Енді Қазанғап атамыз жайлы кино шығаруды қолға алыңыздар, бұл менің пікірім және өтінішім.

  • @ser4430
    @ser4430 Год назад