Шәкірт тілегі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 сен 2024
  • Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы Байқадам Қашқынбаев атындағы жалпы орта мектеп ұжымын, мектеп директоры Нұрмаханова Лаура Игенқызын және 2000 жылғы түлектердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшіміз Мәдібекова Күләш Бейсенбекқызын мерейлі мереке ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын 😘💐💐💐
    📚 Шәкірттері мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де , білім теңізіне жетелеген ұстаздарымыз бен балалық шағымыздың талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя - мектебімізді әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырамыз.
    Шәкірт едім кеудем толы күш жалын
    Алға тартқан арман жолын нұсқадың
    Кете бардың жүрегіңнен от салып
    Келді дағы бір өзіңе ұқсағым
    📚 Мың алғыс сізге ардақты ұстазым!!
    Сізге шәкірттік сезіммен зор алғысымызды білдіре отырып, деніңіз сау болып, шалқар шабытыңыз шыңдалып, күш - жігеріңіз еселеніп, еңбегіңіз еленіп, атақ-абыройыңыз асқақтай беруіне тілектеспін!
    Ізгі ниетпен шәкіртіңіз - Гүлнұр Жаңабекқызы
    Мерейлі мерекеңіз құтты болсын, ұстазым😘💐
    #ұстаздаркүні
    #ұстазыңдыұлықта
    #ұстазымұлағатым
    #ұстазұлыесім
    #медиаұстаз

Комментарии • 2

  • @almikow
    @almikow Год назад +1

    қандай приложение арқылы жасадыңыз?!