Киви пайдасы мен зияны🥝

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • 🥝Біз кивиді жеміс деп атаймыз. Негізінде бұл азық жеміс емес, жидектер қатарына жатады екен. Оны жаңазеландықтар АҚШ-қа тасымалдауды бастағанда оның бастапқы «қытайлық қарлыған» деген атауын өзгертіп, «kiwifruit» деп атады. Бастапқы атауын өзгерту себебі - сол кездегі салқын қытай соғысы мен жидектерге деген қымбат ақы.
    🥝Кивиді қабығымен жеп көргендер бар ма? Негізінде, кивиді қабығымен жеуге болады екен. Әсіресе испандық селекционерлер шығарған «кивиньо» сортын. Кивиньоның қабығы жұмсақ келеді.
    🥝Кивидің қабығыың құрамында антиоксиданттар мол. Ол асқазандағы зиянды бактерийлердің көбеймеуін қадағалап, зарарсыздандыратын қасиеті бар.
    🥝Алайда кивиді қабығымен жеу алдында жақсылап жуу керектігін ұмытпаңыз. Сонымен қатар киви қабығы аса сезімтал тілді ауыртып, уылдатып жіберуі мүмкін.
    👩🏻‍⚕️Дәрігерлер кивиді 5 жастан кіші балаларға бермеуге кеңес береміз. Зерттеу нәтижелері бойынша балаларда жұтқыншақ, көмей дерматозы, тілдің ісуі туындауы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық әсер беруі де ықтимал.
    🥝Кивидің емдік қасиеті бар ма?
    🔻Нәзік жандылар үшін кивидік емдік қасиеті бар. Ол шаштың ерте ағаруынан сақтап, ағзадағы артық салмақтан арылуға көмектеседі. Қыжылдан құтылу үшін де бір кивиді жеу жеткілікті.
    🔺Ересек адамдарға кивиді қан қысымын және ағзадағы холестерин көлемін азайту үшін жеуге болады. Сондай-ақ кивидің құрамында иммунитетті нығайтып, ағзаны жасартатын С дәрумені баршылық. С дәрумені ағзаға зиянды нитрат, нитриттардың енбеуін де қадағалайды. Сонымен қатар кивидің құрамында қан ауруларын емдейтін темір молынан бар.
    👍Бет терісінің сымбаттылығын сақтау үшін де кивині пайдаланып, маскалар жасауға болады.
    #кивипайдасымензияны #кивидіңпайдасымензияны #кивиқұрамы

Комментарии • 1