Біржан Ахмер, Ерік Омарғали "Күз"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 сен 2024
  • Б.Ахмер мен Е.Омарғалидың күз тақырыбындағы лирикалық өлеңдеріне бейнесуреттеме. @ Сергей Грищук, Музыка Для Души - ♫ Уходящая осень ♫ - box.hitplayer....

Комментарии • 5

  • @РыскенМусабалинова

    Біз күзден хабар күтіп,
    Ақырын жылжыр уақыт.
    Ертістен шағала ұшып,
    Ақынның жырын оқып.
    Біз тағы күзден келген,
    Әуеннен жараламыз.
    Үмітін үзгендермен,
    Әлеммен ораламыз.
    Күз ғой бұл, күз соңында
    Кімге артар жүгін ақыр.
    Жап-жасыл қыз қолында,
    Жігіттің жыры жатыр!
    Ерік Омарғали

  • @РыскенМусабалинова

    Мен күзді неге күтем?
    Бояулы жапырағы.
    Бір қызды елеңдетем,
    Аяулы... алтын жаны!
    Мен күзден бұрын келген,
    Қаздардың қаңқылымын.
    Жібектей бұрымға өрген,
    Ғаламның жарқын үнін.
    Мен енді күзге айналдым,
    Сарғайып отыра мұң.
    Ерік Омарғали

  • @МеруертЖукенова-ж3х

    Супер

  • @РыскенМусабалинова

    Жапырақтар сарғаймайды..
    Жапырақтар сөйлейді бізге қарап.
    Кімдер екен дарытқан күзге қанат?..
    Мен отырмын қиялдың бұрышында,
    Айта алмай түзге жауап.
    Жапырақтар сарғаймайды..
    Ән айтады жапырақ - ару сынды,
    Әрі нәзік, бұл әуен әрі сырлы.
    Күй-жүрегім, күмбірле, күтпе бекер,
    Күз тыңдасын қағысыңды.
    Жапырақтар сарғаймайды..
    Айналады жай ғана сағынышқа,
    Сезінеді жанымен оны құс та.
    Олар ұшты, биледі…
    қарамастан,
    қаладағы сабылысқа.
    Жапырақтар сарғаймайды..
    Сарғаятын біздегі
    жүрек екен…
    Біржан Ахмер

  • @РыскенМусабалинова

    КҮЗ - ЖҮРЕК ПЕН КӨКТЕМ - ГҮЛ ЖЫРЫ

    «Гүлдер неге солады?» - сүймегеннен.
    Бұны, бәлкім, бұрыннан білмеген бе ем...
    «Жүрек неге тоңады?» - сүймегеннен.
    Тулап - ытқып соғатын бұл кеудемнен...
    «Гүлдер неге тұрмайды» - мәңгі жайнап?
    «Солар үшін емес пе?» - жазғы бау-бақ!
    «Жүрек неге жанбайды» - сезім - лаулап?
    «Арманынан аққанат» - таң қылаулап!
    «Жырын оқып» Күз - Жүрек тағы жалғыз.
    «Сырын айтып» Көктем - Гүл ән аулаған...
    ...«Біз қайтеміз?» - жылдардан, сағынармыз?
    Жауындардай сәуірде, жауа алмаған...
    Ерік Омарғали