Кітаптың арқасында менің туысқан ағам өз жарын тапты. Ол кезде мен студент едім. Өзімнің группамда тәрбиелі группалас қыз болды. Осы қызды қалайда жеңге жасау керек деген мақсат болды менде. Ол қыз кітап оқығанды жақсы көреді және жиі сол тақырыпта әңгімелесеміз. Бір күні Ілияс Есенберлиннің "ғашықтар" деген кітабын оқығанымды, ол жерде қызық оқиғалар суреттелгенін айтып қызықтырдым. Группаласым, -маған берші, оқып болғасын менде оқиын, деді. Осы сәтте пайдаланайын деп, кітап оқымайтын ағама кітап оқыттырдым. Оқып болғасын, группаласыма паркте кітапты беретін болып келістік. Бірақ мен бір шаруалармен бара алмайтынымды орныма ағам алып баратын болды. Сосын екеуі кездескен, кітапты берген, кітап туралы әңгімелескен. Ойлары бір ортадан шыққасын кафеге барып шай ішіп, нөмер алып кездесіп қазір үйлі-жайлы бала-шағалары бар. Кітап оқу арқылы танысу деген осы емес пе? 🙂😊
Жар таңдағанда, болашақ жарыңыздың кітапқа деген қызығушылығы болса қандай керемет иә? 😍 Бірге дамисыз, тек қана асқазанның қамын ғана ойламай, рухани да азықтанып жүресіз. Елестетіңізші, екеуіңіз саябақта отырып, айына кем дегенде бір шығарма талдайсыз. Бір жылда он екі кітап. Бес жылда 60 кітап. Жүзге жуық кейіпкерлер, түрлі көзқарастар, сан қилы тағдыр бір жұптың ортасында талқыға түседі. Сол арқылы өз ара мейірім артады. Жарыңыздың жанын терең бойлайсыз, үнсіз түсінесіз. Бақытты сәттің бірі осы емес пе? ☺️
Мен болашақ жарыммен танысып үйге келгенде анама былай деппін:” Мама, сондай жігітпен таныстым!!!! Қандай? Мен оқитын кітаптарды оқиды екен”😅😅😅 Биыл үйленгенімізге 8 ші жыл. 2 қызымыз бар! Бәрі кітаптан басталады екен❤
Критические мышлениені дамыту керек. Выпускті көріп болып ұнаса немесе орынды болса поддержать ету қажет. Авторды танығандықтан немесе сенгендіктен емес. Әр бір адам қателесуі, әр бір выпуск оншамес шығуы мүмкін. Ал бүгінгі подкаст лайкқа тұрарлық
Үшеуіңіз үш түрлісіздер, соған қарамастан бір-біріңізді өте жақсы толықтырасыздар.👍 Әзіл, ақиқат, ақпарат. Рахмет 👍 соңғы кезде кітап оқу сәті азайған еді, қазір ынтам ұйқыдан атып тұрғандай болдым. Қызықтыра білгендеріңізге үлкен алғыс!
Подкаст үшін рахмет. Керемет шығыпты. Келесі шығарылымда "КІТАП және ФИЛЬМДЕР" дің плюс және минустарын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқыласаңыздар жақсы болар еді. Алдын ала рахмет Негізі бұл тақырыпта ешқандай контент таппадым. Сіздер алғашқылардың бірі болсаңыздар керемет болар еді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Любовь к книге - это особый вид привязанности, который может охватить душу человека. Книга - это не просто набор бумаг и букв, это целый мир, в котором каждый может найти что-то свое, что-то, что коснется его сердца. Человек, который любит книги, знает, что это значит - уйти в свой мир, где все возможно, где можно встретить любовь, приключения, друзей и врагов. В книге человек может познакомиться с историей, философией, наукой, искусством и технологией. Книга - это неисчерпаемый источник знаний, который может расширить кругозор и помочь понять окружающий мир. Любовь к книге может начаться с детства, когда родители читают ребенку сказки и истории перед сном. Потом любовь к книге может перерасти в увлечение, когда человек начинает самостоятельно искать книги по своим интересам. Любовь к книге может стать способом расслабления и отдыха, когда человек уходит в свой мир и забывает о повседневных проблемах. Книга может стать верным другом на всю жизнь. Когда человек возвращается к книге, которую он прочитал много лет назад, он может по-новому взглянуть на свою жизнь и понять, как многое изменилось с тех пор. Книга может помочь человеку научиться мыслить креативно и расширить свои горизонты. Любовь к книге - это нечто особенное и неповторимое. Она может привести к самопознанию и вдохновить на большие свершения. Каждый должен найти свою книгу, которая станет его верным другом и помощником на всю жизнь.
«Күндіз екеу, түнде төртеу» деген ойға Шразаддин ағаның бірден қарсы келгеніне риза болдым. "Кітапта ондай махаббат бар екен деп алданбаңыздар, екі жақтың бақытсыздығы ғой бұл.Ортадағы баланың психологиясы не болады сонда?" деген ойы ұнады.Шыны керек, мен де үнемі осы пікірде жүремін.Қасымдағы адамдарға "ең ұлы сатқындық сол ойша сатқындық емес пе?" деп қоймай бастарын қатырамын.Шахановтың мынадай тармақтары бар еді: «Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен, Махаббатта одан артық қылмыс жоқ!» Демек, саналы түрде қарасақ махаббат жауапкершілік тудыратын болып тұр ғой.Жауапкершілігі жоқ жанға сүймей, ұрпақ жалғастыру үшін ғана отау құру түк емес. Айтылған ойларыңыз арқылы санада біраз төңкеріс болды.Бұрындары жеке өз басым, махаббат деген ұғымға тек сезім керек деп ойлаушы ем.Тым кіршіксіз, бәрі сен қалағандай бал сезім іспетті көрінетін.Сіздердің сұхбаттарыңыздан кейін ақыл екеуін баланста ұстау керектігін ұғындым.Сол баланс арқылы ғана, шаңырақ көтерген жұптар сауатты өскелең ұрпақ қалыптастырады екен ғой.Бір сәт көз алдымнан қазіргі ажырасу, жетімдік, отбасылық зорлық-зомбылық деген мәселелердің әу бастағы түбірі қайдан бастау алғанын көргендеймін.
Жақсы ой түйін жайлы айтатын болсам. Кітап оқу белгілі бір фильтр тәрізді секілді. Оны иман жолындағы адамдармен салыстыруға болады. Яғни иман жолындағы адамдарға белгілі сенім туатындайды жаман ойы жоқ жақсы адам деген сияқты. Кітап оқитын адамдарды белгілі бір кастаға жатқызсақ болады. Білімді, ақылды, жақсы өмін сүруге ыңтасы бар адам деген сияқты. Ол адам байлыққа да тәубеге де жететін адам екеніне гарант тәрізді. Подкаст дами берсін. Білімді қазақ жастары көп болсын. Марғұлан ағамыз айтқан тәсілді яғни бірінші айналана ортаны дайында және оларға өз тауарынды өткізуге онай болады дей келе осы ағаларымның кітаптары жақсы сатылып. Пайдадан түскен ақшадан одан да үлкен форум бірлестіктер құрыла берсін!
Не үшін үйлену керек , Дайындықсыз үйленбе. Осы екі кітапты әр жас міндетті түрде оқуы тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі подкаст та 5 минуттай өтіп кетті, ауыз ашып отырып қалай аяқталғанын сезбей қалдым😅 Қозғалған тақырып өте актуалды ғой біз секілді жастар үшін, алғыс білдіремін👏🏻 Және кітап оқып дамысаң, көзқарас, ойлау қабілет, тіпті ортаң да жақсы жаққа өзгереді, ал жұп-жұп етіп жараттық деген Құран сөзіндей даму жолындағы, жақсы кітап оқитын адамға өзіне лайықты адам табылары сөзсіз
Осы подкастта мына кітаптар есімде қалыпты: 1. «Искусство любить», Эрих Фромм 2. “Пять языков любви”, Гери Чепмен 3. “Не үшін үйлену керек”, Данияр Жігітбек 4. “Шагренавая кожа” Оноре де Бальзак 5. Шұғаның белгісі 6. Махаббат қызық мол жылдар 7. Адамзаттың асыл тәжі 8. “Мартин Иден” Джек Лондон 9. Дайындықсыз үйленбе, Ақан Мергенбай Тағы қалғандары қандай жазып жіберсеңіздер🤝
Сіздерді Түркиядан тыңдап жүрмін. Қазақшаны үйренуімнің жемісін көріп отырмын. Еңбектеріңіздің мыңдаған шақырым алыстағы адамға да пайдасын тигізіп жүргенін біліңіздер. Сіздерге мың алғыс! Алла жар болсын! 💜
Кітаптың әсері сөз саптауда, әдемі сөйлеуде немесе тіпті материалдық жағдайдың өзгеруінде ғана емес екен. Кітаппен адам санасы өседі, кейбір, артынан жүгірген арман-мақсатыңа қолың жетпей кетсе де, оның өміріңдегі нақты құндылығы анықталып, болмашыға ұмтылғаныңды мойындайсың. Демек, бұл да үлкен жеңіс. Және дәл осы подкастта, кітаптың арақатынасқа да ықпалы зор, тәрбиесі мол екені айқын көрінді. Бастысы кітапты таңдай білу немесе фильтр қолдана алу)
Кітап жоғарғы мәдениеттің бір үлгісі ретінде менің өмірімде ерекше орны бар дүние. Махаббаттың ерекше түрі Раббыңа деген махаббат және Раббыңның разылығы үшін жаксы көру махаббат деп білемін. Кітапқа деген махаббат өте ерекше кітап сөресін қарап жүріп өзіңе ұнағанын табасың және сүйсініп оқып бітіресің ерекше сезім. Кез келген жағымды сезім Аллаһтан екенін ұғынар болсақ бұл кітапсүйерлердің көңілін қуантады. Махаббатқа шамаң келсе Алланы сүй әуелі дегендей бастапқы махаббат Аллаһқа махаббат.Ғашықтықты махаббатпен шатастырып өзіңізді махаббаттың көліне тастап жіберуден аулақ болған абзал деп білемін. Махаббат туралы шығармалардың барлығын эталон көруде мейлінше дұрыс емес секілді, әр оқыған махаббат туралы кітаптан өзіңізге керегін алуды үйреніңіз. Шынайы Махаббат- ол бар нәрсе! Қай уақытта сезімнің келіп қалуы белгісіз. Егерде сезім бізге айтып келер болса, бұл өмірде махаббатты ешкімде жырға, өлеңге қоспас еді..
Адам қандай кітап оқиды, соған қарап адамды тани аласың, неге қызығатынын, қандай адам екенін бірден түсіне қоясың Мүмкін қыз бен жігіт танысқан кезде бір біріне кандай кітап окисың деген сұрақтар қоюы керек шығар деген сөзді қырқып рилс жасай аласыздар ма🙌🏻
Және жақсы жігіт жақсы күйеу болатынын білдірмейді, сондай-ақ жақсы қыз жақсы әйел екендігінін белгісі емес деген сөзді Мына жігіт кейін жақсы күйеу бола ала ма деген сұрақ қою керек
Кітап оқыған отбасылардың айтар ортақ әңгімелері болады, гармониялары болады Төменгі таптағы отбасылар адамдарды сөз қылады Ортаңғы таптағы отбасылар оқиғалар туралы сөйлеседі Жоғарғы таптағылар олар идеяларды ортаға салады
Жігіттер көбіне қате қате жазып жатады, кітап оқымағанның кесірі ғой, егер кітап оқыса бұндай болмас еді, сөз саптауы, грамматикасы дұрыс болса, ондай адаммен сөйлескен жағымды, қызық қой Жігіттерге лайфхак
Мәә, Өте керемет бір мәнді, без воды дейдіғой, таза тек пайдалы ғибратты әңгімелер. Алла разы болсын! Бір подкасттан ақ Қаншама кітап оқығандай болып отырамыз. Керемет. Шал болғанша тоқтамаңыздаршы! Үшеуіде, сен тұр мен атайын, Ғұламаларғой. Рахмет көп көп. ✊✊🤲🏻👏
8-ші шығарылымда айтылған кітаптар тізімі: 1. Махаббаттың бес тілі (Г. Чепмен) 2. Бақыт формуласы (Имам Ғазали) 3. Шұғаның белгісі (Б. Майлин) 4. Махаббат, қызық мол жылдар (Ә. Нұршайықов) 5. Мартин Иден (Джек Лондон) 6. Великий Гэтсби (Ф.С. Фицджеральд) 7. Шагреневая кожа (Бальзак) 8. Мәңгілік махаббат жыры (Ә. Нұршайықов) 9. Қалың мал (С. Көбеев) 10. Бақытсыз Жамал (М. Дулатұлы) 11. Абай жолы (М. Әуезов) 12. Жармақ (М. Мағауин) 13. Норвег орманы (Х. Мураками) 14. Рюнеско Акутагаваның новеллалары 15. Адамзаттың асыл тәжі (Д. Ибрагим) 16. Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с) (Р. Хайламаз) 17. Алғашқы мұсылман - хазірет Хадиша (А. Кулькибаев) 18. Не үшін үйлену керек? (Д. Жігітбек) 19. Кармен (П. Мериме) 20. Искусство любить (Э. Фромм)
Өте керемет,жеңіл қызықты подкаст болды.Шразаддин ағаның айтқан Рюнеско агутагавасын мен оқығам.Мектеп кітапханасында әңгімелер жинағы деген қазақша аудармасы бар.Жапон жазушыларының шығармасы ұнады осыдан💗
Мен бірыңғай кітапты кітап алдан алам. 😊ма ша Аллаһ жазушыларға , сол кітаптың шығуына себепші болып жүрген жандарға Аллаһ сәттілігін берсін, мол сауаптан жазсын
Алдыңғы кітап сыйлау тақырыбын көрген едім. Дәл қазір өзім Д.Карнегидің Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері кітабын онлайн пдфпен оқып жүр едім! Қатты ойланып қалдым😂! Сол подкастты көргендер түсінеді!
Атмосферасы өзгеше 2 ші маусымның шығарылымы бастауы ерекше болды алдағы подкасттар ауқымды қызықты болады деп ойлаймын. Жалпы сіздердің миссияларыңыз кітап оқуды дәріптеу болса бізден әрекет керек сол кезде бір ел бірлікте боламыз.Қазақстанда осындай ел халқы үшін жастардың білімін ой өрісін кеңейту мақсатында кемел адамдардың барына қуантарлық жағдай! Бүгінгі подкасттан маған бір әсер еткен инсайт жауапкершілік болған жерде махаббат болады ия өз ісіңді сүйіп жасағанға не жетсін. Айта кетерлік жәйт алдағы уақытта әлем әдебиетінен кітап талдау болса барынша көрерменге қызықты болары сөзсіз!✨️❤️
осы подкасттың шығуын күттім ғой🔥 осындай формат күшті екен, сол жерде қатысып отырған жастардың да көздері ашық екен, бірнеше кітапты атын атап, өз үлестерін қосып отыр. Барлықтарыңыз жарайсыздар🔥 дами берейік📚
Менің кітапқа деген махаббатым кітап оқитын жігітті жақсы көргеннен басталды😅Ол өзін дамытуда, алдына мақсат қоюда жанымыздағы таныстарымыздан бір саты жоғары тұратын, өзін үнемі жақсы жағынан көрсетуге тырысатын, мен сонысына ғашық болғанмын. Үнемі жақсы кітаптар сыйлап,кейде оқып шығуға кітаптар сұрап алатынмын.Шынымен кітап оқыған адаммен, оқымайтын адамның өмірге деген көзқарасы мен пікірі мүлдем бөлек. Сөз саптауына сөз жоқ деп айта аламын. Өзім осы уақытқа дейін діни, психологиялық және көркем шығармаларды оқығанмын. Алайда өте қатты ұнататын жанрым көркем әдебиет деп айта аламын, себебі ол адамды еріксіз баурап, өзіне қызықтырып тұрады. Кітапты өмірмен байланыстырсаң айтар сөзің мен әңгімең таусылмайды, әрдайым бір нәрсе айтқың кеп тұрады.Келесі шығарылымдарда да өзекті тақырыптар талданатынына сенемін🥰подкаст өте қатты ұнады, уақыт зымырап өте шыққанымен,инсайттар ала алдым✨рақмет үлкен, Алла разы болсын, дами беріңіздер ❤❤❤
Ия керемет айтылған ең басты махаббатта мен ойлаймын адамды қалай бар солай қабылдау,точка соприкосновения тауып алу керек, кітап оқитын адам мен оқымайтын адам қосылғанда бір ортақ дүниесін табу, сен үйленіп қойған болсаң және сыйлай білу керек, екі адам бір бірін тұлға ретінде қабылдай алса ,сол ең биік шыңы деп ойлаймын және қандай жағдай болмасын сенім, өте керемет талдау,бірақ әйел адам су секілді кез келген формада бола алады ,көзі ашық оқыған болуы маңызды,дал қазіргі заманда үйде отырып қалатын болса эмоция адамдарымыз самооценкасы супер болсада деградацияға ұшырайды . Махаббатта ия салқынқандылық кейде уақыт керек ,главное зависимостьқа кетпеу керек ,өзіңнің көзқарасың болу керек
Өте керемет подкаст болды, бірнеше мәрте қайталап көру керек деп ойлаймын. Махаббат туралы ойларым, ішкі әлемім, түйсігім төңкеріске ұшыраған тәрізді, миымда түбегейлі жаңа ойлар туындады. Білімімнің аздығына байланысты махаббат тақырыбынан қашқақтайтынмын. Алайда бүгінгі подкасттан түйген инсайттарым болашақта махаббат тақырыбында көмегін тигізетініне сенімдімін. Әсіресе жігітті мақсат ретінде көрмей, белгілі бір үлкен мақсатқа жетудегі дара жолыңда сенімді серігің ретінде көру және “күшті жігіт” жақсы жар болудың кепілі емес екенін ұқтым. Көп-көп рақмет, сіздер біраз адамның келешек өміріне өте үлкен ықпал жасаудасыздар.
Кеш жарық, бір кітаптар болады қанша оқысаңда жалықпайтын, ол кітапты қайта-қайта оқығын келе береді, адамда сондай болу керек сияқты, қызықты,сөйлескін келе беретін, жан-жақты. Біз өмірлік серігімізді(дос яки орта) таңдаған кезде сондай болғаны жөн деп ойлаймын.
Подкастта айтылған "Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед пайғамбар" кітабын алу үшін сілтемені басыңыз. kitapal.kz/book/zhurek-torinen-oryn-alghan-tenhdessiz-tulgha-mukhammed-sallallaqu-alayqi-ua-sall
Маған махаббат жайлы кітаптарда Сара Джионың романдары ұнайды. Оның кітаптары оқуға жеңіл және кітаптары өте ұқсас әрі бұрынғы кітаптарындағы кейіпкерлер кейінгі кітаптарда да кездеседі. Бастысы: жазу тілі жеңіл. Бұл 2-3 класстағы оқырмандарға ұнауы мүмкін. "Фиалки в марте", "Назад к тебе", "Тихие слова любви", "Соленый ветер", "Утреннее сияние" және т.б. кітаптары. "Алхимик" кітабын да көбісі оқыған болар, осы кітапты да ұсынамын. Қатты ұнаған романдардың бірі - "Тәкәппар ғашықтар", яғни, орыс тілінде "Гордость и предубеждение", Элизабет пен Дарсидің махаббаты. Джейн Остин шебер жазушы, бұйырса, "Джейн Эйр" деген кітапты оқу ойда бар. Подкаст мықты шығыпты, осыған дейін 3-шығарылым фаворит болса, енді 2-маусымның алғашқы шығарылымы ең басты фаворит. Және видеоның астында тайм-кодтар үшін рақмет👍🏻 Сол жер өтеееее пайдалы
Әзілхан Нұршайықовтың “Мәңгілік махаббат жыры” кәдімгі дені сау қатынас туралы. Бәлкім феминистерге Әзілханның әйелінің әрекеттері құрбандық көрінер. Бірақ роман қарапайым отбасының қарапайым тұрмысы. Ақша жетпейді, алдады, опасыздық жасады деген кульминациялардан ада, қап-қарапайым шығарма. Просто хюгге ❤️
Барлық Podcast қарап келе жатырмын, рахмет жігіттер, елімізде сіздердей кітап оқитын жігіттер көбейсе бізден мықты ел болмас еді. Осындай иманды, білімді, барлық менің ойымдағы жігіттердің қасиетін сіздерден көріп тұрмын, жақында Даниярдың Не үшін үйлену керек оқып шықтым.👍 Мағанда сондай орта керек. Сіздер орта құрсаңыздар баратын едім. Менде жартымды іздеп жүрмін.
маған керек болып жүрген сұрақтардың жауабын ала алдым, сезімге сараңдық танытын көп адамдармен байланыста өзімшілдікке жол беріп қоятындықтан ол адамдармен кейін сөйлеспей кететітінімді білдім, тыңдап отырып 15 секундтық тикток видеоданда өзіңе керекті жақсы бір тұсын табуға болатынын байқай алдым.
"Махаббат және кітап " өте қызық және дұрыс таңдалған деп ойлаймын. Маған қазақ әдебиетіндегі ақындардың махаббат жайлы жазылған кітаптары ерекше ұнайды ❤ суреттеудегі ұшқыр ойлары,сол заманда өзін жүргендей өз көзіңмен көргендей болып отырасың 💫 Махаббат ол адамзатқа берілген үлкен нығметтердің бірі және оны еш нәрсемен алмастыруға келмейді. Сол нығметті тек дамытып отыру қажет деп ойлаймын. Ал оны дамытуға адамның ізденістері. Ал ізденістердің қайнар көзі ол кітап. Сонымен қатар тек оқып қана қоймай оны практикада қоладана алу да маңызды.
Махаббат туралы тақырыпта 3 керемет кітап бар: 1. "Собор Парижской Богоматери" - махаббаттың 3 үлгісін көрсетеді; 2. "Королёк-птичка певчая " - шынайы өмірдегі бір қыздың прототипіне негізделген роман; 3. "Энн из Зеленых крыш" -кіршіксіз махаббаттың үлгісі.
Кітап адамды кемелдікке алып келеді, кемел адам бойында құндылықтар пайда болады , құндылықтарға арқа сүйеп өмір сүрген адам әрекеттері мен амалдарын көркем түрде жасауға дағдыланады, ал ол көркемдік махаббатта қолданылса , Алла разылығы үшін болған махаббатта , сыйластық пен түсіністік те қалыптасып , ажырасу , келеңсіз оқиғалардың болуын тежеп, екі жастың ,екі жұптың сара жолын әсемдей түседі ма деймін . Демек кітап та дұрыс махаббаттың қалыптасуына сеп болады ☝️❗️❗️❤
Кітаптың арқасында менің туысқан ағам өз жарын тапты. Ол кезде мен студент едім. Өзімнің группамда тәрбиелі группалас қыз болды. Осы қызды қалайда жеңге жасау керек деген мақсат болды менде. Ол қыз кітап оқығанды жақсы көреді және жиі сол тақырыпта әңгімелесеміз. Бір күні Ілияс Есенберлиннің "ғашықтар" деген кітабын оқығанымды, ол жерде қызық оқиғалар суреттелгенін айтып қызықтырдым. Группаласым,
-маған берші, оқып болғасын менде оқиын, деді. Осы сәтте пайдаланайын деп, кітап оқымайтын ағама кітап оқыттырдым. Оқып болғасын, группаласыма паркте кітапты беретін болып келістік. Бірақ мен бір шаруалармен бара алмайтынымды орныма ағам алып баратын болды. Сосын екеуі кездескен, кітапты берген, кітап туралы әңгімелескен. Ойлары бір ортадан шыққасын кафеге барып шай ішіп, нөмер алып кездесіп қазір үйлі-жайлы бала-шағалары бар. Кітап оқу арқылы танысу деген осы емес пе? 🙂😊
Мәссәған керемет екен 😊
😅
Не деген керемет 😍😍😍👏👏👏
Күшті😍😍
Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉
Құтты болсын!
87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤
Шразаддиннің айтқаны:"Жақсы жігіт жақсы күйеу деген емес, жақсы қыз жақсы әйел деген емес''. Ойландырды👍
“Жауапкершілік бар жерде ғана махаббат болады” 👍😍
Жар таңдағанда, болашақ жарыңыздың кітапқа деген қызығушылығы болса қандай керемет иә? 😍 Бірге дамисыз, тек қана асқазанның қамын ғана ойламай, рухани да азықтанып жүресіз. Елестетіңізші, екеуіңіз саябақта отырып, айына кем дегенде бір шығарма талдайсыз. Бір жылда он екі кітап. Бес жылда 60 кітап. Жүзге жуық кейіпкерлер, түрлі көзқарастар, сан қилы тағдыр бір жұптың ортасында талқыға түседі. Сол арқылы өз ара мейірім артады. Жарыңыздың жанын терең бойлайсыз, үнсіз түсінесіз. Бақытты сәттің бірі осы емес пе? ☺️
Сондай қыздар бар ма екен?!😅 Бар болса бір жолықсайшы
иә, пікіріңізді оқып, елестетіп отырмын ғой, әдемі сипаттапсыз🙌🏻
🔥Ең үздік коммент👍👍👍
Мен болашақ жарыммен танысып үйге келгенде анама былай деппін:” Мама, сондай жігітпен таныстым!!!! Қандай? Мен оқитын кітаптарды оқиды екен”😅😅😅
Биыл үйленгенімізге 8 ші жыл. 2 қызымыз бар!
Бәрі кітаптан басталады екен❤
😂😂😂😂
Мирас мырзаның әңгімелері қызық екен))
Толық көрмей тұрып лайк басатындар біз біргеміз❤️
❤
ютуб алгоритмі ондай лайкты қабылдамайды. яғни, продвижение болмайды. соңында басуға тырысыңыздар
Критические мышлениені дамыту керек. Выпускті көріп болып ұнаса немесе орынды болса поддержать ету қажет. Авторды танығандықтан немесе сенгендіктен емес. Әр бір адам қателесуі, әр бір выпуск оншамес шығуы мүмкін. Ал бүгінгі подкаст лайкқа тұрарлық
Үшеуіңіз үш түрлісіздер, соған қарамастан бір-біріңізді өте жақсы толықтырасыздар.👍 Әзіл, ақиқат, ақпарат. Рахмет 👍 соңғы кезде кітап оқу сәті азайған еді, қазір ынтам ұйқыдан атып тұрғандай болдым. Қызықтыра білгендеріңізге үлкен алғыс!
Подкаст үшін рахмет. Керемет шығыпты.
Келесі шығарылымда "КІТАП және ФИЛЬМДЕР" дің плюс және минустарын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқыласаңыздар жақсы болар еді. Алдын ала рахмет
Негізі бұл тақырыпта ешқандай контент таппадым. Сіздер алғашқылардың бірі болсаңыздар керемет болар еді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Шразаддин мырза тұнып тұрған кітапхана ғой😃
Любовь к книге - это особый вид привязанности, который может охватить душу человека. Книга - это не просто набор бумаг и букв, это целый мир, в котором каждый может найти что-то свое, что-то, что коснется его сердца.
Человек, который любит книги, знает, что это значит - уйти в свой мир, где все возможно, где можно встретить любовь, приключения, друзей и врагов. В книге человек может познакомиться с историей, философией, наукой, искусством и технологией. Книга - это неисчерпаемый источник знаний, который может расширить кругозор и помочь понять окружающий мир.
Любовь к книге может начаться с детства, когда родители читают ребенку сказки и истории перед сном. Потом любовь к книге может перерасти в увлечение, когда человек начинает самостоятельно искать книги по своим интересам. Любовь к книге может стать способом расслабления и отдыха, когда человек уходит в свой мир и забывает о повседневных проблемах.
Книга может стать верным другом на всю жизнь. Когда человек возвращается к книге, которую он прочитал много лет назад, он может по-новому взглянуть на свою жизнь и понять, как многое изменилось с тех пор. Книга может помочь человеку научиться мыслить креативно и расширить свои горизонты.
Любовь к книге - это нечто особенное и неповторимое. Она может привести к самопознанию и вдохновить на большие свершения. Каждый должен найти свою книгу, которая станет его верным другом и помощником на всю жизнь.
«Күндіз екеу, түнде төртеу» деген ойға Шразаддин ағаның бірден қарсы келгеніне риза болдым. "Кітапта ондай махаббат бар екен деп алданбаңыздар, екі жақтың бақытсыздығы ғой бұл.Ортадағы баланың психологиясы не болады сонда?" деген ойы ұнады.Шыны керек, мен де үнемі осы пікірде жүремін.Қасымдағы адамдарға "ең ұлы сатқындық сол ойша сатқындық емес пе?" деп қоймай бастарын қатырамын.Шахановтың мынадай тармақтары бар еді:
«Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта одан артық қылмыс жоқ!»
Демек, саналы түрде қарасақ махаббат жауапкершілік тудыратын болып тұр ғой.Жауапкершілігі жоқ жанға сүймей, ұрпақ жалғастыру үшін ғана отау құру түк емес.
Айтылған ойларыңыз арқылы санада біраз төңкеріс болды.Бұрындары жеке өз басым, махаббат деген ұғымға тек сезім керек деп ойлаушы ем.Тым кіршіксіз, бәрі сен қалағандай бал сезім іспетті көрінетін.Сіздердің сұхбаттарыңыздан кейін ақыл екеуін баланста ұстау керектігін ұғындым.Сол баланс арқылы ғана, шаңырақ көтерген жұптар сауатты өскелең ұрпақ қалыптастырады екен ғой.Бір сәт көз алдымнан қазіргі ажырасу, жетімдік, отбасылық зорлық-зомбылық деген мәселелердің әу бастағы түбірі қайдан бастау алғанын көргендеймін.
Каракалпакстаннанман Рахмет!
Интизарлық пенен кутип тамаша қыламан!
Жақсы ой түйін жайлы айтатын болсам. Кітап оқу белгілі бір фильтр тәрізді секілді. Оны иман жолындағы адамдармен салыстыруға болады. Яғни иман жолындағы адамдарға белгілі сенім туатындайды жаман ойы жоқ жақсы адам деген сияқты. Кітап оқитын адамдарды белгілі бір кастаға жатқызсақ болады. Білімді, ақылды, жақсы өмін сүруге ыңтасы бар адам деген сияқты. Ол адам байлыққа да тәубеге де жететін адам екеніне гарант тәрізді. Подкаст дами берсін. Білімді қазақ жастары көп болсын. Марғұлан ағамыз айтқан тәсілді яғни бірінші айналана ортаны дайында және оларға өз тауарынды өткізуге онай болады дей келе осы ағаларымның кітаптары жақсы сатылып. Пайдадан түскен ақшадан одан да үлкен форум бірлестіктер құрыла берсін!
Рахмет жігіттер сендердің арқаларыңда “кітап” бастадым
Не үшін үйлену керек , Дайындықсыз үйленбе. Осы екі кітапты әр жас міндетті түрде оқуы тиіс деп ойлаймын.
Бүгінгі подкаст та 5 минуттай өтіп кетті, ауыз ашып отырып қалай аяқталғанын сезбей қалдым😅
Қозғалған тақырып өте актуалды ғой біз секілді жастар үшін, алғыс білдіремін👏🏻
Және кітап оқып дамысаң, көзқарас, ойлау қабілет, тіпті ортаң да жақсы жаққа өзгереді, ал жұп-жұп етіп жараттық деген Құран сөзіндей даму жолындағы, жақсы кітап оқитын адамға өзіне лайықты адам табылары сөзсіз
бұны жазып отқан тұрмысқа шықпаған қыз ба?
Сүюді ешкім оқытпас,
Оқытам десе шақыртқыз.
Махаббатта жоқ ұстаз,
Бәріміз онда шәкіртпіз.
Өзіңе қажет жерің түртіп алатын керемет подкаст!
Өте көп күттім сіздерге Алла разы болсын осындай подкасттарынызды күтеміз ❤❤❤
Бисмилляхи Рахмани Рахим
Алла разы болсын сіздерге ағалар! Мақсат мұраттарыңызға Аллаһым жеткізсін.🤲
Осы подкастта мына кітаптар есімде қалыпты:
1. «Искусство любить», Эрих Фромм
2. “Пять языков любви”, Гери Чепмен
3. “Не үшін үйлену керек”, Данияр Жігітбек
4. “Шагренавая кожа” Оноре де Бальзак
5. Шұғаның белгісі
6. Махаббат қызық мол жылдар
7. Адамзаттың асыл тәжі
8. “Мартин Иден” Джек Лондон
9. Дайындықсыз үйленбе, Ақан Мергенбай
Тағы қалғандары қандай жазып жіберсеңіздер🤝
10. “Жармақ” М. Мағауин
11. “Қалыңмал” С.Көбеев
Пайғамьарымыз турасында тағы бір кітап айтылды
Жүрек төрiнен орын алған теңдесіз тұлға Мұхаммед,Рашид Хайлымаз
Жапон кітабы қалай еді?
Рюноске Акутагава мен Гэтсби калып койды
Сіздерді Түркиядан тыңдап жүрмін. Қазақшаны үйренуімнің жемісін көріп отырмын. Еңбектеріңіздің мыңдаған шақырым алыстағы адамға да пайдасын тигізіп жүргенін біліңіздер. Сіздерге мың алғыс! Алла жар болсын! 💜
❤❤❤🎉
Абай айтпақшы ғашықтық пен құмарлық ол екі жол, бұл екі жолды ажырата алсақ, махаббатта бақытты кейіпкерлерден боламыз деп ойлаймын!
Мирас мырзаны тындай бергин келеди🎉🎉🎉
Керемет жоба дами берсін👍🏻👍🏻👍🏻
Өте керемет алға🎉🎉❤
2 ші маусым алдыңғы маусымнан да пайдалы, қызықты, ауқымды болсын деп тілеймін🙌🏻
Бұйырса)
Кітаптың әсері сөз саптауда, әдемі сөйлеуде немесе тіпті материалдық жағдайдың өзгеруінде ғана емес екен. Кітаппен адам санасы өседі, кейбір, артынан жүгірген арман-мақсатыңа қолың жетпей кетсе де, оның өміріңдегі нақты құндылығы анықталып, болмашыға ұмтылғаныңды мойындайсың. Демек, бұл да үлкен жеңіс. Және дәл осы подкастта, кітаптың арақатынасқа да ықпалы зор, тәрбиесі мол екені айқын көрінді. Бастысы кітапты таңдай білу немесе фильтр қолдана алу)
Отбасы құратын жастарымыз кітап оқитын жандардан болса, еліміз көркейген үстіне көркейіп, дамыған үстіне дамиды....
Бұл жолғы шығарылымда өте керемет болары сөзсіз!🎉
Кітапқа деген қызығушылықты одан сайын арттырдыңыздар. Керемет. Өзім үшін көп нәрсе алдым.
Кітап жоғарғы мәдениеттің бір үлгісі ретінде менің өмірімде ерекше орны бар дүние. Махаббаттың ерекше түрі Раббыңа деген махаббат және Раббыңның разылығы үшін жаксы көру махаббат деп білемін. Кітапқа деген махаббат өте ерекше кітап сөресін қарап жүріп өзіңе ұнағанын табасың және сүйсініп оқып бітіресің ерекше сезім. Кез келген жағымды сезім Аллаһтан екенін ұғынар болсақ бұл кітапсүйерлердің көңілін қуантады. Махаббатқа шамаң келсе Алланы сүй әуелі дегендей бастапқы махаббат Аллаһқа махаббат.Ғашықтықты махаббатпен шатастырып өзіңізді махаббаттың көліне тастап жіберуден аулақ болған абзал деп білемін. Махаббат туралы шығармалардың барлығын эталон көруде мейлінше дұрыс емес секілді, әр оқыған махаббат туралы кітаптан өзіңізге керегін алуды үйреніңіз. Шынайы Махаббат- ол бар нәрсе! Қай уақытта сезімнің келіп қалуы белгісіз. Егерде сезім бізге айтып келер болса, бұл өмірде махаббатты ешкімде жырға, өлеңге қоспас еді..
Өте құнды кеңестер айтылған подкаст!Керемет!😍👍🏼Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!👏🏼👏🏼👏🏼
Санжар Керімбай ағамыздың "Махаббаттың мәні" деген кітабы махаббат туралы кітаптардың төресі🔥
Адам қандай кітап оқиды, соған қарап адамды тани аласың, неге қызығатынын, қандай адам екенін бірден түсіне қоясың
Мүмкін қыз бен жігіт танысқан кезде бір біріне кандай кітап окисың деген сұрақтар қоюы керек шығар деген сөзді қырқып рилс жасай аласыздар ма🙌🏻
Және жақсы жігіт жақсы күйеу болатынын білдірмейді, сондай-ақ жақсы қыз жақсы әйел екендігінін белгісі емес деген сөзді
Мына жігіт кейін жақсы күйеу бола ала ма деген сұрақ қою керек
Кітап оқыған отбасылардың айтар ортақ әңгімелері болады, гармониялары болады
Төменгі таптағы отбасылар адамдарды сөз қылады
Ортаңғы таптағы отбасылар оқиғалар туралы сөйлеседі
Жоғарғы таптағылар олар идеяларды ортаға салады
Жігіттер көбіне қате қате жазып жатады, кітап оқымағанның кесірі ғой, егер кітап оқыса бұндай болмас еді, сөз саптауы, грамматикасы дұрыс болса, ондай адаммен сөйлескен жағымды, қызық қой
Жігіттерге лайфхак
Түсірілім тобына Ақ жол.
Керемет видео талқылау
Шын жүрегіммен тыңдадым
Мәә, Өте керемет бір мәнді, без воды дейдіғой, таза тек пайдалы ғибратты әңгімелер. Алла разы болсын! Бір подкасттан ақ Қаншама кітап оқығандай болып отырамыз. Керемет. Шал болғанша тоқтамаңыздаршы! Үшеуіде, сен тұр мен атайын, Ғұламаларғой. Рахмет көп көп. ✊✊🤲🏻👏
ең қатты ұнаған серия осы сол барлық подкастардың ішіндегі
8-ші шығарылымда айтылған кітаптар тізімі:
1. Махаббаттың бес тілі (Г. Чепмен)
2. Бақыт формуласы (Имам Ғазали)
3. Шұғаның белгісі (Б. Майлин)
4. Махаббат, қызық мол жылдар (Ә. Нұршайықов)
5. Мартин Иден (Джек Лондон)
6. Великий Гэтсби (Ф.С. Фицджеральд)
7. Шагреневая кожа (Бальзак)
8. Мәңгілік махаббат жыры (Ә. Нұршайықов)
9. Қалың мал (С. Көбеев)
10. Бақытсыз Жамал (М. Дулатұлы)
11. Абай жолы (М. Әуезов)
12. Жармақ (М. Мағауин)
13. Норвег орманы (Х. Мураками)
14. Рюнеско Акутагаваның новеллалары
15. Адамзаттың асыл тәжі (Д. Ибрагим)
16. Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с) (Р. Хайламаз)
17. Алғашқы мұсылман - хазірет Хадиша (А. Кулькибаев)
18. Не үшін үйлену керек? (Д. Жігітбек)
19. Кармен (П. Мериме)
20. Искусство любить (Э. Фромм)
Жапондық новелла туралы айтты. Авторы кім. Білесіз бе
@@Mereey 14 номерде жазылып тұр
@@svnzhvr_ размет
Ракмеет❤
Күткендер 🙌
Жігіттер жәрәйсіңдар. Мына сезонның басы керемет басталды. Ойда мазалап жүрген проблемалардың жауаптары табылғандай. Табыс тілейм бауырлар.
Ютуб арнама подписать етіңізшы.
Шразаддин дұрыс айтады. Барлық махаббат туралы кітаптар тек қиналудан тұрады. Соңы жақсы аяқталмайды.
Жазушы бауырларымыздан жаңа дем күтеміз😊
Жігіттер рахмет көп көп . Білімді жастар көп болсын ! 👏
Кітапты енді бастап жатқан оқырманға “Қызыл Жебе” -ні оқуға кеңес берем өте жеңіл, түсінікті. Автор: Шерхан Мұртаза:)
Өте керемет,жеңіл қызықты подкаст болды.Шразаддин ағаның айтқан Рюнеско агутагавасын мен оқығам.Мектеп кітапханасында әңгімелер жинағы деген қазақша аудармасы бар.Жапон жазушыларының шығармасы ұнады осыдан💗
Джейн Остиннің «Гордость и предупреждение» кітабын оқуға кеңес беремін❤️
Мен бірыңғай кітапты кітап алдан алам. 😊ма ша Аллаһ жазушыларға , сол кітаптың шығуына себепші болып жүрген жандарға Аллаһ сәттілігін берсін, мол сауаптан жазсын
Алдыңғы кітап сыйлау тақырыбын көрген едім. Дәл қазір өзім Д.Карнегидің Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері кітабын онлайн пдфпен оқып жүр едім! Қатты ойланып қалдым😂! Сол подкастты көргендер түсінеді!
Атмосферасы өзгеше 2 ші маусымның шығарылымы бастауы ерекше болды алдағы подкасттар ауқымды қызықты болады деп ойлаймын. Жалпы сіздердің миссияларыңыз кітап оқуды дәріптеу болса бізден әрекет керек сол кезде бір ел бірлікте боламыз.Қазақстанда осындай ел халқы үшін жастардың білімін ой өрісін кеңейту мақсатында кемел адамдардың барына қуантарлық жағдай! Бүгінгі подкасттан маған бір әсер еткен инсайт жауапкершілік болған жерде махаббат болады ия өз ісіңді сүйіп жасағанға не жетсін. Айта кетерлік жәйт алдағы уақытта әлем әдебиетінен кітап талдау болса барынша көрерменге қызықты болары сөзсіз!✨️❤️
Кітап деген мына өмірге әр тараптан махаббат көзімен қарай алатын ерекше жол,істеріңізге сәттілік кітап жолында дами беріңіздер.
Керемет жаңа подкасттың шығуын күтіп жүр едім 👍🏻
осы подкасттың шығуын күттім ғой🔥 осындай формат күшті екен, сол жерде қатысып отырған жастардың да көздері ашық екен, бірнеше кітапты атын атап, өз үлестерін қосып отыр. Барлықтарыңыз жарайсыздар🔥 дами берейік📚
Негизи бул платный контент болу керек, сиздерге улкен рахмет
Менің кітапқа деген махаббатым кітап оқитын жігітті жақсы көргеннен басталды😅Ол өзін дамытуда, алдына мақсат қоюда жанымыздағы таныстарымыздан бір саты жоғары тұратын, өзін үнемі жақсы жағынан көрсетуге тырысатын, мен сонысына ғашық болғанмын. Үнемі жақсы кітаптар сыйлап,кейде оқып шығуға кітаптар сұрап алатынмын.Шынымен кітап оқыған адаммен, оқымайтын адамның өмірге деген көзқарасы мен пікірі мүлдем бөлек. Сөз саптауына сөз жоқ деп айта аламын. Өзім осы уақытқа дейін діни, психологиялық және көркем шығармаларды оқығанмын. Алайда өте қатты ұнататын жанрым көркем әдебиет деп айта аламын, себебі ол адамды еріксіз баурап, өзіне қызықтырып тұрады. Кітапты өмірмен байланыстырсаң айтар сөзің мен әңгімең таусылмайды, әрдайым бір нәрсе айтқың кеп тұрады.Келесі шығарылымдарда да өзекті тақырыптар талданатынына сенемін🥰подкаст өте қатты ұнады, уақыт зымырап өте шыққанымен,инсайттар ала алдым✨рақмет үлкен, Алла разы болсын, дами беріңіздер ❤❤❤
Ия керемет айтылған ең басты махаббатта мен ойлаймын адамды қалай бар солай қабылдау,точка соприкосновения тауып алу керек, кітап оқитын адам мен оқымайтын адам қосылғанда бір ортақ дүниесін табу, сен үйленіп қойған болсаң және сыйлай білу керек, екі адам бір бірін тұлға ретінде қабылдай алса ,сол ең биік шыңы деп ойлаймын және қандай жағдай болмасын сенім, өте керемет талдау,бірақ әйел адам су секілді кез келген формада бола алады ,көзі ашық оқыған болуы маңызды,дал қазіргі заманда үйде отырып қалатын болса эмоция адамдарымыз самооценкасы супер болсада деградацияға ұшырайды . Махаббатта ия салқынқандылық кейде уақыт керек ,главное зависимостьқа кетпеу керек ,өзіңнің көзқарасың болу керек
Көзімды ашатын подкаст, көп рахмет, рахаттанып тыңдаймын
Ютуб арнама подписать етіңізшы.
Өте керемет подкаст болды, бірнеше мәрте қайталап көру керек деп ойлаймын. Махаббат туралы ойларым, ішкі әлемім, түйсігім төңкеріске ұшыраған тәрізді, миымда түбегейлі жаңа ойлар туындады. Білімімнің аздығына байланысты махаббат тақырыбынан қашқақтайтынмын. Алайда бүгінгі подкасттан түйген инсайттарым болашақта махаббат тақырыбында көмегін тигізетініне сенімдімін. Әсіресе жігітті мақсат ретінде көрмей, белгілі бір үлкен мақсатқа жетудегі дара жолыңда сенімді серігің ретінде көру және “күшті жігіт” жақсы жар болудың кепілі емес екенін ұқтым. Көп-көп рақмет, сіздер біраз адамның келешек өміріне өте үлкен ықпал жасаудасыздар.
Шұғаның белгісін оқып бес күн жылағанмын
Ооооо жаңа формат😅
Мәулананың “Бір шоқ гүлі” әлі жүрегімде. Махаббатты керемет суреттейді
Толық барлық санын көріп отырамыз,өте пайдалы подкамт
15 жасар кітап оқитын қыз болса танысар едім , әттең менің айналамда кітапқа қызығатын адам жоқ . Бірақ мен тоқтамай кітапты жарнамалаймын.😊
Кітап оқитын адамның барлығы универде
Подкаст өте жоғарғы деңгейде болыпты, өте әсерлі әрі пайдалы. Рақмет!❤
Өте керемет
Кеш жарық, бір кітаптар болады қанша оқысаңда жалықпайтын, ол кітапты қайта-қайта оқығын келе береді, адамда сондай болу керек сияқты, қызықты,сөйлескін келе беретін, жан-жақты. Біз өмірлік серігімізді(дос яки орта) таңдаған кезде сондай болғаны жөн деп ойлаймын.
Бәрекелді 👍
Аллаһ разы болсын, істеріңізге береке берсін Аллаһ [18:24]
Білім қорын арттыратын ,даналыққа жетелейтін азаматтардың қатары көбейе берсін. Оқы,оқы,оқы және оқы. ⏰📕🔥🌟
Подкастта айтылған "Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед пайғамбар" кітабын алу үшін сілтемені басыңыз.
kitapal.kz/book/zhurek-torinen-oryn-alghan-tenhdessiz-tulgha-mukhammed-sallallaqu-alayqi-ua-sall
Keremet podcast👏🏿
Уақыт өте тез өтіп кетті ғой)
Подкасттан әдеттегідей жақсы ойларды, кеңестерді өзіме алдым.
Істеріңізге сәттілік.
Көп рахмет.
Маған махаббат жайлы кітаптарда Сара Джионың романдары ұнайды. Оның кітаптары оқуға жеңіл және кітаптары өте ұқсас әрі бұрынғы кітаптарындағы кейіпкерлер кейінгі кітаптарда да кездеседі. Бастысы: жазу тілі жеңіл. Бұл 2-3 класстағы оқырмандарға ұнауы мүмкін. "Фиалки в марте", "Назад к тебе", "Тихие слова любви", "Соленый ветер", "Утреннее сияние" және т.б. кітаптары.
"Алхимик" кітабын да көбісі оқыған болар, осы кітапты да ұсынамын.
Қатты ұнаған романдардың бірі - "Тәкәппар ғашықтар", яғни, орыс тілінде "Гордость и предубеждение", Элизабет пен Дарсидің махаббаты. Джейн Остин шебер жазушы, бұйырса, "Джейн Эйр" деген кітапты оқу ойда бар.
Подкаст мықты шығыпты, осыған дейін 3-шығарылым фаворит болса, енді 2-маусымның алғашқы шығарылымы ең басты фаворит.
Және видеоның астында тайм-кодтар үшін рақмет👍🏻 Сол жер өтеееее пайдалы
Керек подкаст 👍
1." Джейн Эйр" Шарлотте Бронте
2. " Поющие в терновнике" Колин Маккалоу
3. " Мөлдір Махаббат " Сәбіт Мұқанов
Тамаша. адеттегидей жогары денгей❤
Мен сені күттім,күттім күттім-ай))
Әзілхан Нұршайықовтың “Мәңгілік махаббат жыры” кәдімгі дені сау қатынас туралы. Бәлкім феминистерге Әзілханның әйелінің әрекеттері құрбандық көрінер. Бірақ роман қарапайым отбасының қарапайым тұрмысы. Ақша жетпейді, алдады, опасыздық жасады деген кульминациялардан ада, қап-қарапайым шығарма. Просто хюгге ❤️
Құнды, пайдалы ақпараттар болды! Сіздерге алғысым шексіз!❤
Өмірімізге керек кеңестер баршылық. Жалғасын таба берін!
Ұзақ күттім осы жолғы подкастты🥲Қайта-қайта кіріп қарап қашан шығады деп)
Рахмет керемет ақпараттар, дами беріңіздер
Барлық Podcast қарап келе жатырмын, рахмет жігіттер, елімізде сіздердей кітап оқитын жігіттер көбейсе бізден мықты ел болмас еді. Осындай иманды, білімді, барлық менің ойымдағы жігіттердің қасиетін сіздерден көріп тұрмын, жақында Даниярдың Не үшін үйлену керек оқып шықтым.👍
Мағанда сондай орта керек. Сіздер орта құрсаңыздар баратын едім.
Менде жартымды іздеп жүрмін.
Подкаст өте пайдалы, керемет
маған керек болып жүрген сұрақтардың жауабын ала алдым, сезімге сараңдық танытын көп адамдармен байланыста өзімшілдікке жол беріп қоятындықтан ол адамдармен кейін сөйлеспей кететітінімді білдім, тыңдап отырып 15 секундтық тикток видеоданда өзіңе керекті жақсы бір тұсын табуға болатынын байқай алдым.
Өте керемет подкаст рахмет сіздерге❤
Ілияс Есенберлин “Ғашықтар” бақытты кездесіп,өмір сүріп,балалы шағалы болатын.
Керемет подкаст болды😅
Үшеуіңіз 3кітапсыздар😍😍😍
Әңгімелеріңізді тындай бергім келеді. Керемет инсайт алдым,рахмет сіздерге. Алдағы шығарылымдарда да сіздерді күтеміз.
"Махаббат және кітап " өте қызық және дұрыс таңдалған деп ойлаймын. Маған қазақ әдебиетіндегі ақындардың махаббат жайлы жазылған кітаптары ерекше ұнайды ❤ суреттеудегі ұшқыр ойлары,сол заманда өзін жүргендей өз көзіңмен көргендей болып отырасың 💫
Махаббат ол адамзатқа берілген үлкен нығметтердің бірі және оны еш нәрсемен алмастыруға келмейді. Сол нығметті тек дамытып отыру қажет деп ойлаймын. Ал оны дамытуға адамның ізденістері. Ал ізденістердің қайнар көзі ол кітап. Сонымен қатар тек оқып қана қоймай оны практикада қоладана алу да маңызды.
Нуман Али Хан, нұр аля нұр мысалы керемет 😍
Махаббат туралы тақырыпта 3 керемет кітап бар:
1. "Собор Парижской Богоматери" - махаббаттың 3 үлгісін көрсетеді;
2. "Королёк-птичка певчая " - шынайы өмірдегі бір қыздың прототипіне негізделген роман;
3. "Энн из Зеленых крыш" -кіршіксіз махаббаттың үлгісі.
Ол не туралы
Саттилик жандарым
Керемет подкаст 🎉 тек дыбыс жағын реттеңіздерші. Өткен шығарылымдарда жақсырақ болып еді, осы жолы дыбысы сәл шумный😅
Кітап адамды кемелдікке алып келеді, кемел адам бойында құндылықтар пайда болады , құндылықтарға арқа сүйеп өмір сүрген адам әрекеттері мен амалдарын көркем түрде жасауға дағдыланады, ал ол көркемдік махаббатта қолданылса , Алла разылығы үшін болған махаббатта , сыйластық пен түсіністік те қалыптасып , ажырасу , келеңсіз оқиғалардың болуын тежеп, екі жастың ,екі жұптың сара жолын әсемдей түседі ма деймін . Демек кітап та дұрыс махаббаттың қалыптасуына сеп болады ☝️❗️❗️❤
Өте пайдалы, бір деммен көріп шықтым. Әр шығарылым сайын подкасттар тоқтамаса екен деп бітпей жатып сағынып жүрмін💔
Керемет шығарылым, тоқтамаңыздар осылай
Дами беріңіздер
Осы каналды үзбей караймын осы каналды карап кітап окуды бастадым қазірге екі ғана кітап бірақ алдағы уакытта осы каналдан тыңдап тағы да оқыймын