Орыстарды 2000 жыл билеген қазақтар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 окт 2024
  • #Түркі #орыс #қыпшақ
    Орыстарды 2000 жыл билеген қазақтар (Түркілер)
    Шыңғысхан Найман, Керей, Жалайыр, Қоңырат, Қият сынды бірқатар қазақ тайпаларының басын қосып алып империя құрғансоң, Шыңғысханның немересі Бату хан солтүстіктегі орыс княздіктеріне жорығын бастады. Түркілер орыс княздеріне елшілер жіберіп қыпшақтарға қарсы одақтасуға шақырды дегенмен орыс княздері Мстиславу Романовичпен, Мстиславу Мстиславич елшілерді өлтіріп тастайды. Алғашқы орыс және орда әскерлері 1223 жылы 31 мамырда Қалка маңында шайқасты. Орыс әскерлерін Киев князі Мстислав басқарды, ал оларға қарсы Сүбедей мен Жебе бастаған түркі әскері соғысты. Орыс әскерлері ойсырай жеңілді. Қалка маңындағы жеңілістен кейін орыс княздері тұтқынға түсті. Елшілердің өлтірілгеніне қатты ашуалған түркілер княздерді жай ғана өлтіріп емес азаппен өлтіру жайында шешім қабылдады. Олар князьдерді жерге жатқызып, үстеріне ағаш пен киіз төсеп той ұйымдастырды. Куәгерлердің айтуы бойынша сықырлап сынған сүйекпен пен азапты айқай бір күнге созылып княздар қиналып өлді.
    Арада 14 жыл өткенсоң 1237-1238 жылдары Бату хан бастаған 150 мыңдық орда әскерлері солтүстік және шығыс ресей аумағына шапқыншылықтарын бастады. 6 күнге созылған қоршауда Рязань - 1237 жылдың желтоқсан айында құлады. 1238 жылы қаңтарда 4 күн қоршаудан кейін Мәскеу құлады. . Бұл оқиғаның алдында Коломна шайқасында Юрий Всеволодович өз әскерімен жауды тоқтатуға тырысуы сәтсіз аяқталды. 8 күндік қоршаудан кейін Владимр қаласы құлады. Одан ары қарай орыстың верь, Юрьев, Суздаль, Переславль, Дмитров,Торжок, Новгород деген қалаларының күлі көкке ұшты халқы қырылып, әйелдер құлдыққа сатылды. Ешкімді аямай қырып келе жатқан түркі әскерлерін көріп орыстар ормандарға, болоталарға жасырынып қашты. Кейбір княздері Венгрия аумағына дейін қашып "Құдайдың қарғысы кеткенге дейін жасырыныңдар" деді. 1240 жылы Бату әскерлері Киевке жетті. Киев қаласы жазық дала болып қалғанша қиратылып, адамдары асқан қатыгездікпен өлтірілді...

Комментарии • 130