Біреуге ренжіп, кешіре алмай жүрсіз бе?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 июл 2020
  • Пенде болған соң, әрине, кей кездері біреуді ренжітіп немесе өзіміз ренжитін сәттер аз болмайды. Неге кейде біреуді ренжіте салу оп-оңай да, ал кешіру соншалықты қиын болып көрінеді? Әрине, ол біздің тәкаппарлығымыздың, қаталдығымыздың, менмендігіміздің, яғни нәпсінің құлына айналғанымыздың белгісі.
    Бір адамға ренжісек, өкпеміз қара қазандай болып, айтылған сөз - атылған оқпен тең дегендей, сөзі көкірегімізге оқтай қадалып, не ол оқты алып тастауға әл-дәрменіміз жетпей, не жатсақ та тұрсақ та ойымыздан кетпей әуреге түсетініміз бар. Өкпе кейде кекке айналып кеткенін өзіміз де аңғармай қаламыз. Қазіргі таңда көбіне ұнайтын сөз, орысша айтқанда «нервничать етіп», сол адамға «жынданып» жүреміз. Ал бұл ісіміз дұрыс па?
    Біріншіден, тәнімізге жақсылап «жайғасып» алған реніш, өкпе, ашу-ыза, кек сынды теріс қасиеттер ең алдымен жүрегіміз бен санамызды «әбден кеміріп» болған соң басқа мүшелерімізге көшеді. Өкпелегіш, соны ұзақ уақыт бойы ұмытпай жүретін кек сақтағыш жандардың жүйке жүйесі мен жүрек ауруларына жиі шалдығатынын медицина да дәлелдеген. Жүрек пен сана сау болмаса, басқа мүшелеріміз де, жанымыз да сау болмайды.
    Екіншіден, кешіру дінімізде маңызды орын алады. Оңай кешіретін кеңпейіл, ақкөңіл болу, күлімсіреу - сауапты істер.
    Алла тағала Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!): Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істегін. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма, (наданмен надан болма)», - деп бұйырған («Ағраф» сүресі, 199-аят).
    «Мұсылманға өзі сияқты мұсылман бауырымен ренжісіп, үш күннен артық қатынаспай қоюына болмайды. Екеуінің жолы түйісіп, жолығыса қалса, бір-бірін көргісі келмей теріс айналады. Ал шынтуайттап келгенде, қайсысы бірінші болып сәлем берсе, сол қайырлы», - деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде (Бұхари, әдәб 62; Муслим, бирр 23).
    Кейбіреулер кешіре салу өзін-өзі сыйламайтын, әлсіз адамдардың ісі деп ойлайды. Ол үлкен қателік. Керісінше, кешіре білу - мықты жандардың әрекеті.
    Міне, сондықтан жүрегімізге өкпе-реніш толтырғанша, оны жақсылықпен, мейірімділік пен ізгі амалдарға толтырып, әрі денсаулығымызды да құртпай, әрі сауап алып, әрі Алланың ризашылығына бөленейік!
    #Көңіл #кешірім #өпке_реніш #QaiyrgaliOrdabekOff #KaiyrgaliOrdabekOff #kaiyrgaliOrdabek #kaiyrgali_ordabek

Комментарии • 132

  • @user-xp1xt9te7q
    @user-xp1xt9te7q 3 года назад +37

    Жүрегіңде имандылығы бар адам кешіреді. Ренжіткен адам Алланың алдында өзі жауап береді. Главный дұрыс ниет, сабырлық!

  • @user-kf7sj7kq8s
    @user-kf7sj7kq8s 2 года назад +16

    Мен ол адамды кешіре алмаймын 😭😭

  • @user-wt6ez1qb6b

    Маған бір ғана адам жамандық жасаған жоқ.Сырттай кешірдім дегенмен жүрегімде өшіре алмай келемін.Олардың менің өміріме араласып мені жабық ортаға жауып өмірімді быт-шыт еткендері ...😢

  • @user-uy1sh5px7s
    @user-uy1sh5px7s Год назад +5

    Мен кешіремін жамандықта ойламайм,бірақ араласпауга тырсам.

  • @brokenwings3493
    @brokenwings3493 3 года назад +10

    Мені біреу ренжетсе 1 күн ренжим болды сосын ұмытам 😅

  • @user-uy1sh5px7s
    @user-uy1sh5px7s Год назад +5

    Ия сабыр сақтап үндемей қоясыңғой,бірақ не бір жаман адамдар бар үндемегеніңе де қоймай қыр соңыңнан қалмайды,сосын ол жаманнан қашуга тура келеды.

  • @FishingAseke
    @FishingAseke 3 года назад +24

    😔😔😔 көп адамдар қатыгез

  • @ainakurmanova4086
    @ainakurmanova4086 2 года назад +10

    Өзім жақсы силайтын жақсы көретін адамның мені сыртымнан жамандап тұрғанын өз құлағыңмен естіген қандай ауыр адамға қатты ренжіп жыладым көпке дейін басыла алмады аузым ораза болған соң сабыр сақтадым кей адамдар силағанды басқаша түсінеді екен мен соны білдім Өзім кешірсем де жүрегім кешіре алмайды ойыма түсе жылаймын Мен не жамандық жасадым сонша деп

  • @aimandaylet4198
    @aimandaylet4198 2 года назад +4

    ӨМІРДЕ КЕШІРГЕН САЙЫН ЖАСЫ ҮЛКЕН,САУЛЫҒЫ КЕМ МҮГЕДЕК АДАМДЫ БАСЫНЫП, КЕМІТУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРЫП, ҰРЫП СОҒАТЫН ТУҒАНЫҢ ДА БАР.

  • @user-cc4ks3us2i

    Мені де,Ренжеткен Адамдар бар,Менде Кешеремын,Аллага оздеры жауап береді, откеның барен умитып,кайта ба ка омер бастасам дым,Ренешты сактап керек жок екен,Барен Кешерсі,Аллада Кешереді,Мен Оларды Кешердым🙏🙏🙏😢😢😢😢

  • @assalamualeikum6178
    @assalamualeikum6178 Год назад +14

    Аллаһым жүрегімізге иман мен сабыр берші

  • @QAQPANKZ
    @QAQPANKZ 3 года назад +20

    Тамаша, кешірімді болайық

  • @degtiarevdegtiarev7631
    @degtiarevdegtiarev7631 3 года назад +19

    Умыттым дегеннин озинде иштен жеи береды Аллах разылыгы ушын гана умытасын баскаша умыта алмаисын

  • @user-dr4dr3lz4y
    @user-dr4dr3lz4y 2 года назад +8

    Куйеуиннен конилин калса болды,омир кызыксыз отип жатады екен.Бурын оны суйген кезинди ансайды екенсин.Махаббаттары сакталган отбасын корсен кызыгасын...Вроде кеширген сиякты боласын.Бирак жаксы коре алмайсын бурынгыдай. Сол ушин еркектер айелдерди унеми сыйлап,ауыр соз айтпай журсегой.Келмесе екен деп турган киын екен.Балаларга жаксы болсыншы тек деп журе беруди бакыт деп калдыккой.Барине Шукур Алла деуден баска амал жок.Одан кетсен барар жерин болмагасын.

  • @METALLKZ
    @METALLKZ 3 года назад +16

    Керемет👍

  • @fgggttvxxfg4355

    Басканы кайдам,мен озим бир тал калмакка катты ренжидим.

  • @user-wn2im3xr1m
    @user-wn2im3xr1m 2 года назад +7

    Оте дурыс айтасыз.Омирде барлык нарсе болады.Кеширимди болган дурыс.Сизге рахмет!!!

  • @AkumitIbraimova

    Мен Алладан жазасын сураймын,Өте қатты жаза

  • @missxaua
    @missxaua Год назад +3

    Керемет айтылған

  • @user-ob2ox5uc3p

    Рахмет айтқаныңызға рахмет рахмет!😭