Архив мамандарының мәртебесі төмен - депутат
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Премьер-Министр Олжас Бектеновке архив саласының өзекті мәселелеріне қатысты депутаттық сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, салада жинақталған проблемалар шешуді қажет етеді. Ол архив ғимараттарының жай-күйі, цифрландырудың төмен деңгейі, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы және саланың мәртебесін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Депутат архив қызметкерлерінің еңбегі тиісті деңгейде бағаланбайтынын, олардың жалақысының төмендігі білікті мамандардың тапшылығына әкеліп соққанын айтты.
Архив құжаттарының цифрланбауы халыққа да қиындық тудырып отырғанын жеткізген Сатыбалдин халықаралық тәжірибені үлгі ретінде атап өтті.
«Архивтер - өткеннің үнін сақтап, болашаққа жол сілтейді. Әрбір құжат - тарихтың тынысы, әрбір парақ - уақыттың куәсі. Архивсіз мемлекет бейнесі көмескі, ал болашағы белгісіз»,- деді Ерболат Сатыбалдин.