№143 мектеп- лицей

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 фев 2025
  • Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицей базасында 2025 жылдың қаңтар айының 5,6,8 күндері Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының басшылығымен , әдіскер Балжан Ермекбайқызы мен мектеп-лицей әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Шетелдік тағылымдама» жобасы аясында Сингапурда тағылымдамадан өткен информатика пәні мұғалімдерінің 3 күндік оқу-практикумы өткізілді. Алматы қаласы бойынша өткен оқу-практикумға қатысушылар Сингапурдың үздік білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, Python программалау тілі, инновациялық технологиялар, жасанды интеллектті қолдану салаларын үйрету арқылы оқыту сапасын жақсарту және оқушылардың цифрлық дағдыларын дамыту бойынша практикалық жұмыстар жасады.

Комментарии •