БАКЛАЖАНЫ ВКУСНЕЕ МЯСА, Грек жаңғағы қосылған баялды. Қазақша рецепт. Рулетики из баклажан .

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 июн 2024
  • Баршаңызға сәлем! Арнама қош келдіңіздер!
    Бүгін Сіздермен бірге баялды яғни баклажаннан өте дәмді тіскебасар дайындап көрейік. Грузин кухнясында өте көп дайындалатын бұл тағам өте тойымды әрі дәмді. Қонақтарыңыздың көңілінен шығары сөзсіз. Олай болса тездетіп дайындауға кірісейік.
    Ең алдымен баялдыны ұзынынан шамамен қалыңдығы 5 - 6 мм болатындай етіп кесіп аламыз. Оны салқын тұзды суға 15 - 20 мин қойып қоямыз. Судан шығарып, екі жағын сұйық маймен майлап, пергамент қағазы төселген қалыпқа салып қызып тұрған пеште 180 гр . қойып кішкене қызарғанша пісіріп аламыз. (Пештердің ерекшеліктері әр түрлі және баялдының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан нақты уақытын айту қиын сондықтан қарап- қарап тұрып қызарғанда алыңыз).
    Баялдымыз піскенше салмамызды дайындаймыз. Ол үшін грек жаңғағын блендрден өткізіп аламыз. Оның үстіне аз ғана тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш, майонез және жүзім сіркесуын, сарымсақ кинза қосып араластырамыз. Егер салмамыз өте қатты қою болса аздаған таза су құйып араластырамыз. Осымен салмасы дайын болды.
    Енді видеода көрсетілгендей (рулет )орама ораймыз.Қалауыңызша әрлеп үстелге тарта берсеңіз болады.
    Баялды ( баклажан ) 2 дана орташа көлемде
    Грек жаңғағы 150 гр.
    Майонез 1,5 ас қасық
    Сарымсақ 2 тісше
    Тұз 1 шымшым
    Қара бұрыш татамыңызға қарай
    Қызыл бұрыш татымыңызға қарай
    Жүзім сіркесуы 1 ас қасық
    Кинза аскөгі аз ғана
    Сұйық май ( майлауға)
    Міндетті түрде дайындап көруге кеңес беремін : ) БАКЛАЖАНЫ ВКУСНЕЕ МЯСА

Комментарии • 5

  • @Naiman077
    @Naiman077 Месяц назад +1

    Очень полезно для закуски

  • @user-fe2di2zo8y
    @user-fe2di2zo8y Месяц назад +1

    ❤❤

  • @maksut_bauirgan_1076
    @maksut_bauirgan_1076 Месяц назад +1

    Вкусно 😋😋

  • @natalife5297
    @natalife5297 23 дня назад +1

    Здравствуйте, интересный рецепт, классные рулетики, выглядит очень аппетитно, спасибо что поделились, дружеский лайк, удачи и всего самого наилучшего🥰🥰😍😍

    • @aspaz_fari
      @aspaz_fari  23 дня назад

      @@natalife5297 здравствуйте! Спасибо большое! Мне очень приятно! 😍😍 И Вам тоже желаю успехов и удачи во всем! 🌺🌺🌺