Сүйек сорпасы қандай ауруға ем? Сүйек сорпасын дайындаудың құпиясы😱😱

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2024
  • Сәлем достар менің каналыма қош келдіңіздер
    Мен бүгін сүйек сорпасының пайдалы қасиеттерін және оны қалай дайындау керегін айтатын боламын.
    Сүйек сорпасы үлкенге де, кішіге де өте пайдалы.
    Адамға қажетті дәрумендердің барлығы қамтылған
    Ал сүйектің өзі - табиғи коллаген көзі.
    Ол буындар саулығына, шаш, тырнақ және тері сұлулығы мен жастығына қажетті коллагенге бай;
    Сүйек сорпасы асқазан-ішек жолының шырышты қабығын қалпына келтіреді және рациондағы ақуыз жетіспеуінің орнын толтырады;
    Сүйек сорпасы тұмау және тамақтан улану кезінде ағзаны қалыпқа келтіреді.
    Және иммунитетті қатайтады;
    Буын, аллергия, қан аздық, өт жолы ауруларына да ем.
    Сүйек сорпасы сүйектер мен тіске қажет кальций, магний және фосфор секілді минералдарға бай.
    Пісіру кезінде әртүрлі сүйектерді (сиыр, қой, балық сүйектерін) араластыруға болады.
    Сорпаның қайнау ұзақтығы - 10 немесе 22-24 сағат. Баяу отта ұзақ қайнату керек. Сонда ғана сүйектің бойындағы керекті элементтер сыртқа шығады.
    Таңдаған сүйегіңізді жуып қазанға саласыз. Алдымен қатты отта көбігі шыққанша қайнатасыз. Содан кейін суын ауыстырасыз. Сөйтіп екінші рет қазанға су толтырып, қатты қайнатып аласыз да, сосын баяу отқа қоясыз", -
    "Егер шамамен 10 литр сорпа қайнатсаңыз, онда 1 лимонды сығып қосасыз. Лимон болмаса, алма сірке суын қосуға болады. Яғни, 1 литр сорпаға 1 шай қасық алма сірке суын немесе 1 ас қасық лимон шырынын қосасыз. Бұлар сүйектегі минералдарды сорпаға шығаруға көмектеседі. Сорпаға дәміне қарай тұз қосып, дайын болған кезде аскөк, сәбіз, жуа қосуға болады. Картоп қосуға болмайды",
    Дайын болған сорпаны електен немесе дәкеден сүзіңіз.
    Жалпы Сүйек сорпасы коллагенге бай. Оны дайындау ұзақ уақытты алады, бірақ ол ағзаға өте пайдалы. Оны мол етіп дайындап қойып, мұздатқышқа 7 күнге дейін сақтауға болады
    Достар Ақпарат пайдалы болса арнама тіркеліп лайк басып, коментари қалдырып қазақша каналдың дамуына үлес қосып кетіңіздер. Сіздермен болған Жанар назарларыңызға рақмет
    #сүйексорпа #сорпа #денсаулық #емболсын #ақпарат #кеңес #пайдалыкеңес #пайдалыақпарат #емболсын #коллаген #сорпадайындау

Комментарии • 7

  • @ЕрдаулетҚамбарбек-г1е
    @ЕрдаулетҚамбарбек-г1е 2 месяца назад

    Керемет

  • @Anara.anarka
    @Anara.anarka 2 месяца назад

    Өте пайдалы сорпа бұл. Мен үзбей ішіп жүремін

  • @mereke_09
    @mereke_09 4 месяца назад

    Өте пайдалы кеңес

  • @jankajanka-cj9by
    @jankajanka-cj9by 3 месяца назад

    тамаша, ешқандай витамин дәрі сатып алмай ақ осы табиғи жолмен сау жүруге болады.
    арнаңыз өте пайдалы екен дами беріңіз🎉

  • @Айгерим-н4ж
    @Айгерим-н4ж Месяц назад

    Осылай қайнатып алдым да, қойып қойдым, бірақ лимон қоспаппын... рақмет 👍 пайдалы ақпарат үшін

  • @АкмолдирАбдирахманова

    Керемет