ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) СОҢҒЫ КҮНДЕРІ 🌙МҰХАММЕД (с.а.у ) ПАЙҒАМБАРДЫҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • Мұхаммед с.а.у пайғамбардың соңғы күндері
    Алла Тағала қасиетті Құранда әрбір жан иесінің өлім дәмін тататындығын айтқан. Мәңгілік өмір - тек қана ақырет өмірі. Мына дүниенің өткінші екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Қанша ауыр болса да, қанша қимасақ та әйтеуір бір күні не біз жақындарымызды, не жақындарымыз бізді мәңгілік сапарға шығарып салатындығы сөзсіз.
    Сол секілді Алла елшісін (с.ғ.с.) өз жандарынан да артық жақсы көрген сахабалар да, қанша қиналғанымен, қайғыдан қан жұтқанымен ардақты Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) қимай қоштаса отырып, соңғы сапарына шығарып салды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүние салмас бұрын біраз күн қатты сырқаттанып қалғаны белгілі. Бірақ, ол кезде сахабалардың Алла елшісінен (с.ғ.с.) айырылып қаламыз-ау деген ойлары болмаған да шығар. Дегенмен, Алла елшісінің (с.ғ.с.) аузынан шыққан әрбір сөзге асқан ықтияттылықпен қарайтын серіктері Ол кісінің соңғы сәттегі өсиеттерін де жадыларында берік сақтап, кейінгі буынға қаз қалпында жеткізіп кетті. Алла Тағала қасиетті Құранда әрбір жан иесінің өлім дәмін тататындығы жайында: «Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке әрі мақсат-мұратына жеткені. Бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан басқа түк те емес» (Әли Имран сүресі, 185 аят). Бұл аятта әрбір адам баласының мына өткінші де, алдамшы дүниені тастап, мәңгілік өмірге аттанатындығы анық. Ал мәңгілік өмірде жұмақ пен тозақ екеуі күтіп тұр. Ендеше, ақылды адам осы дүниеде жүргенде өзіне берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмаққа кіруіне себеп болатын ізгі амалдарды атқарып қалу керек. Міне, сол адам нағыз бақытты адам. Қияметте жұмаққа кірген адамның қуанышынан артық қуаныш болмайтындығы сөзсіз. Себебі, жұмаққа кіре алмау - тозаққа кіру деген сөз. Ал тозақтың азабы адам төзгісіз өте ауыр екендігі белгілі. Үмму Сәләмә және Әнас ибн Мәликтен (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісінің (с.ғ.с.) ең соңғы өсиеті: «Намазға берік болыңдар, намазға берік болыңдар және қол астыларыңдағының (әйел, бала-шаға, құл-қызметші, мал-мүлік) ақысында (яғни, оларға қиянат жасауға, зұлымдық етуге, дүние-мүліктің зекетін бермеуге) Алла Тағаладан қорқыңдар», - деген сөз болған екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығы кезіндегі құтпасында: «Мен сендерге бір нәрсе қалдырып барам, оны берік ұстасаңдар, еш адаспайсыңдар, ол - Құран. Сендер мен жайлы сұраласыңдар, сонда не айтасыңдар?» - деді. #пайғамбар с.а.с #шпа #намаз #тахаджуд

Комментарии • 2