Шымкентте құтырған ит қауып, ауруханаға түскен 28 жастағы азамат қайтыс болды
HTML-код
- Опубликовано: 8 ноя 2024
- Шымкентте құтырған ит қауып, ауруханаға түскен 28 жастағы Бағдат Әшірбаев қайтыс болды. Жұмыс күні болғанда балам аман қалар ма еді дейді әкесі. Өйткені ит қапқан күні сенбі болғандықтан, дәрігерлерді табу қиынға соқты деген еді. Ал құтырған ит қапқан жағдайда не істеу керек? Мамандар жедел түрде екпе еккізу керектігін ескертеді. Артынша дәрігерлер ұсынған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет дейді. Олай болмаған жағдайда, екпенің әсер ету күші жойылуы әбден мүмкін екен.