"Арқаның Айбозы" І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы аяқталды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • Көкшетау қаласында Қажыбай Жахин атындағы І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы бастау алғандығын хабарлаған едік. 17-қараша Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында байқаудың 2 іріктеу кезеңі өтті. Қарашаның 18-і "Көкшетау" Мәдениет сарайында екі күндік байқаудың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
    Байқауға ҚР еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Еркін Шүкіман, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова қазылық етті.
    Солтүстік Қазақстан облысының қатысушысы Еркебұлан Қарыпов 3-дәрежелі дипломмен және 600 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. 2-дәрежелі дипломмен және 800 мың теңге ақшалай сертификатпен Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Өзгеріс Шерікбай марапатталды. Ұйымдастыру алқасының 1-дәрежелі дипломы және 1 млн теңге ақшалай сертификатымен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Алуа Қалымбекова марапатталды.
    Көкшетаулық Бауыржан Нұрмұханов 20 қатысушының арасынан топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, бас бәйге - автокөліктің иегері атанды.
    #Kokshetau #Kokshekontent
    Сайт - kokshe-kontent...
    Instagram - ....
    Facebook- / 3855

Комментарии •