Алматы облысы Шарын өзені ластанып кетуі мүмкін!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Достар!
    Мен Алматы өңірін көп аралайтынымды білесіздер. Демалыс күндері қалада отырмай далаға немесе тауға шығуға тырысамын. Бір айдай бұрын Шарын ұлттық паркіне бара жатқанда жолышыбай бірнеше шақырымдағы өте терең қазылған траншеяны көріп қалдым. Ішінде трубалар жатыр екен.
    Мен таң қалдым, Ұлттық паркіміздің қасында бірнеше шақырым терең траншея кімге керек болды, жануарларға кедергі жасап тұр ғой енді. Зерттесем, бұл траншея «Жетісу Вольфрамы» ЖШС деген фирмаға қатысты екен. Иелері қытайлар болуы керек, себебі қақпасында қытайша жазулары бар.
    Мен тиісті мемлекеттік органдарына хат жазып білдім: бұл фирмаға Шарын өзенімізден жылына 349 мың м3 суды алуға рұқсат берілген екен, яғни күніне 956,7 м3. Ол өте көп, өте.
    Енді сұрақ туындайды, бұл сумен не істемек? Егер өндіріске пайдаланса, сол өндірістен кейін суды бұндай мөлшерін қайда қайтарылмақ? Егер қайта сол Шарынға төгіп жатса, балық не болады, мал, адам не болады? Шарынның бойында қаншама ауылдар тұрып жатыр ғой!
    Бұл сұрақтарды кейіннен емес, өндіріс басталмай-ақ тұрып қою керек деп санаймын. Кейін кеш болуы мүмкін. Тиісті органдар, сол фирманың менеджменті халықтың алдында жауап беруі тиіс. Экология деген өте маңызды мәселе, жер, су ластанып кетсе, ұрпағымызға қиын болады.
    Ал біздің көзіміз ашық болуы керек, құлағымызды сергек ұстауымыз керек. Себебі бұл жердің, бұл судың иелері бізбіз.

Комментарии • 16

  • @БибинурКурмантаева
    @БибинурКурмантаева 10 месяцев назад +5

    ПОДЕЛИЛИ НАШУ ЗЕМЛЮ НА КНЯЖЕСТВА И ПРАВЯТ ?
    ЗАГАДИЛИ ВСЮ ЗЕМЛЮ.
    РАКМЕТ СIЗГЕ, МУХТАР.

  • @UltaiTurganbekova-bv2ov
    @UltaiTurganbekova-bv2ov 10 месяцев назад +7

    Айналайын балам аман есен бол

    • @МусаЕсмурзиев
      @МусаЕсмурзиев 10 месяцев назад

      Бассыз үйдің иті осырақ деген осы. Бардак. Не міндетті түрде еліміздің ұлттық мұрасы тұрған жерді бүлдіру керек пе? Әлде осы жерден вольфрам шығып жатыр ма? Кеше көрсетті: Алтын іздеп немесе цемент заводын саламыз деп Түлкібастын жерін талқан қылған. Козел жамқорлар. Бейнеуден поезға мініп Шалқарға қарай жүрсең ай дала, сол жерге неге салмайды??? Иттер.

  • @ЖенисМолдасанов-ф8б
    @ЖенисМолдасанов-ф8б 10 месяцев назад +2

    Барлық адамдар белсенді болу керек ел , жер керек болса ұрпағымызға не қалдырамыз маубас , енжар , бас көтермес құл болдық дейміз ба

  • @Жулдыз-т1н
    @Жулдыз-т1н 10 месяцев назад +1

    Дурыс баяндаңыз. Рахмет сізге

  • @ХалмуканШаяхметов
    @ХалмуканШаяхметов 10 месяцев назад +1

    Казахтар кул болды гой ,бiр жагынан Расей, бiр жагынан Кытай

  • @НургайшаТулепова
    @НургайшаТулепова 10 месяцев назад +1

    Мухтар Тайжан, дурыс, ісін алға бассын🙏🤗👍🇰🇿✊

  • @Жулдыз-т1н
    @Жулдыз-т1н 10 месяцев назад +1

    Масқара, Қазақ жерін не істеп жатыр

  • @Берік-в1ь
    @Берік-в1ь 10 месяцев назад +1

    Мұхтар дұрыс айтасың

  • @АлияХусаинова-ы7ч
    @АлияХусаинова-ы7ч 10 месяцев назад +1

    Наверное воду тянут для завода, без воды ни одно предприятие не работает! Скоро там вообще все закроют и будет частное предприятие, даже на Чарыне нельзя будет отдыхать...

  • @aimankaltenova7789
    @aimankaltenova7789 10 месяцев назад

    Мұхтар бауырым дұрыс,ешкім мұндай жауапсыздыққа төзбеуі керек.

  • @ArmanBektemirov
    @ArmanBektemirov 9 месяцев назад

    Мұхтар Жетісу облысы емес Алматы облысы сен тұрған жер. Ле өзенінен ары қарай Алматы облысы. Бергі беті Жетісу облысы.

  • @HuindaiSanatov-bb1sh
    @HuindaiSanatov-bb1sh 9 месяцев назад

    96%қытайдікі 3 Қазакстан. Таудан алтын мыс алмас өндіреді . Су шарын өзеннен тартылып жатыр . Хозян қытай

  • @ЕрмекСагынов-г6в
    @ЕрмекСагынов-г6в 10 месяцев назад

    Аллах берекет берсин отбасынызга.ар калада сиз секилди сатылмаитын 10адам болсагои

  • @dikaserikova579
    @dikaserikova579 9 месяцев назад

    Продали все что можно(( Мұхтар мырза , сіз керемет Адам, настоящий Патриот, гордимся и поддерживаем Вас! 🙏🇰🇿🌍✊