Қайтемін сезімді (Текст 2017) Қателікті ұғуға біршама уақыт қажет, Қырсығасың өзіңше, сезімге болып өжет. Мен барлығын ұғынам, әрине, бәрін сезем, Мүмкін, арамызда орнап тұр, белгілі бір кезең. Шыңға біткен шынардай алыстап барасың ба, Өткен күннен алыс жоқ, шаң басып қаласың ба?! Суық қамалды қалап, көшелер арасында, Адасып кеткендейміз сезімнің жағасында.. Қ-сы: x2 Қайтемін сезімді мен ғана сезген, Қайтемін махаббатты бізден безген? Сен болмаған соң менің бақытым, Өзгені қайтем, өзгені қайтем?!.. "Қалайша? Қалай" деген түрлі сұрақтар, Біз жаққа бұрған назарын неше түрлі құлақтар. Қызық қажет қоршаған бізді мұнша адамға, Алдамшы екенін білесің, сөзге сеніп алданба. Түрлі-түрлі таң атар, бірде мұң-күлкі сыйлап, Басқа пәле тілеп қойдым, өз-өзімді шын қинап. Үрей толы кеудемде, үрей толы көзімде, Қорқыныш үдеп барады саған деген сезімде.. Қ-сы: x2 Қайтемін сезімді мен ғана сезген, Қайтемін махаббатты бізден безген? Сен болмаған соң менің бақытым, Өзгені қайтем, өзгені қайтем?!..
Қайтемін сезімді (Текст 2017)
Қателікті ұғуға біршама уақыт қажет,
Қырсығасың өзіңше, сезімге болып өжет.
Мен барлығын ұғынам, әрине, бәрін сезем,
Мүмкін, арамызда орнап тұр, белгілі бір кезең.
Шыңға біткен шынардай алыстап барасың ба,
Өткен күннен алыс жоқ, шаң басып қаласың ба?!
Суық қамалды қалап, көшелер арасында,
Адасып кеткендейміз сезімнің жағасында..
Қ-сы: x2
Қайтемін сезімді мен ғана сезген,
Қайтемін махаббатты бізден безген?
Сен болмаған соң менің бақытым,
Өзгені қайтем, өзгені қайтем?!..
"Қалайша? Қалай" деген түрлі сұрақтар,
Біз жаққа бұрған назарын неше түрлі құлақтар.
Қызық қажет қоршаған бізді мұнша адамға,
Алдамшы екенін білесің, сөзге сеніп алданба.
Түрлі-түрлі таң атар, бірде мұң-күлкі сыйлап,
Басқа пәле тілеп қойдым, өз-өзімді шын қинап.
Үрей толы кеудемде, үрей толы көзімде,
Қорқыныш үдеп барады саған деген сезімде..
Қ-сы: x2
Қайтемін сезімді мен ғана сезген,
Қайтемін махаббатты бізден безген?
Сен болмаған соң менің бақытым,
Өзгені қайтем, өзгені қайтем?!..