Ақтауда 325 дана ағаш отырғызылды. Экологиялық акцияға қала әкімі Ұлықбек Тналиев өз үлесін қосты.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 апр 2024
  • Ақтау қаласының әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты.
    Бүгін Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 325 дана ағаш отырғызылды. Экологиялық акцияға қала әкімі Ұлықбек Тналиев өз үлесін қосып, ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев осы науқан аясында қалада жасалып жатқан жұмыстарды айтты.
    -Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Осы аптада сенбіліктер ұйымдастырылып, қала бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Акцияның екінші аптасына «Киелі мекен» атауы берілді. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл бағытта қалада жасыл желектерді көбейту бойынша жұмыстар атқарылуда. «Өнегелі ұрпақ» деп аталған апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзі бар. Бұл бағыт жас ұрпақты көгалдандыру жұмыстарына баулуға арналған. «Мөлдір бұлақ» атауы берілген бесінші аптада теңіз жағасында тазалық жұмыстары жүргізілуі қажет. Барша қала тұрғындары мен жеке кәсіпорындарды экологиялық акцияға қатысуға және өлкеміздің тазалығын сақтауға шақырамын, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.
    Жалпы жыл басынан бері Ақтау қаласының аумағына 535 қылқан жапырақты, 431 жапырақты ағаш және 10 000 дана бұта отырғызылды.

Комментарии •