«БАЛҚАЙМАҚ» Шілденің аптап ыстық күні күйген Нарынның ыстық күннен құмы күйген Сәске түсте салт атты тыныс таппақ Жапандағы жалғыз үй- құрым үйден Көріп келед, бір сиыр інген менен Көкпекке жайылып жүр изен менен Бір кемпір тезек толы қабын төгіп, Қазан-ошақ басында күйбеңдеген Күбір етіп бейтаныс сәлеміне Кірісті ана ас қамдау әлегіне Жолаушы атты арқандап, үйге енді де Бас қойды тәтті ұйқының әлеміне Еркінсіп өз үйіне келгендейін Сағынтқан өз анасын көргендейін Бел шешіп, кең тыныстап жатқаны осы, Тәңірі көктен тілеуін бергендейін Құрым үй-қоңыр салқын, түрулі ірге Құс ұйқылы ед, оянды сергіп мүлде От басында қам жасап қарт ана жүр Қарағаштай қақталған ыстық күнге Шоқта қара шәугімде шай қайнапты Кәрі адам дастарханын тек жаймапты Ыстық көмеш таба нан қолмен турап, Бір шара әкеп қойды балқаймақты Жолаушы жанарының жасығанын Көрсеткісі келмейді, жасырады Балқаймақтың дәмі мен нан иісі Қиялын бала шаққа асырады ... Анасы марқұм астың шебері еді Дәмге қоса мейірімін төгер еді Сүт қайнатып, қаймақ сап, ұн себелеп Сап-сары балқаймақ қып берер еді... Келтіріп түйе сүті шайдың өңін Жолаушы шөлі қанып , алды демін Қарт ана қысқа сөзбен дәм үстінде Өзінің иендегі айтты жөнін Кімнің қалай жанбағын маңдай бағы Алла білер,пәле аз ба қай-қайдағы Шал сапарға кетіпті білмек үшін, Жалғыз ұлдың жағдайын айдаудағы Үй иесі бұдан соң ашылмады Ал, жолаушы көңілі басылмады Сұрады ұстап көрсем бола ма-деп, Домбыраны кереге басындағы Домбыра қарағайдан бітеу шапқан Ширатып қой ішегін ысып таққан Жолаушының қолына түскен бойда Боздаған, бебеулеген,жүйткіп аққан Күйді бей-жай тыңдауға әл жетер ме Сәл тұрса, қараша үй де әндетер де Жаулығының ұшымен көздің астын Сүртеді ана. Жас па екен,әлде, тер ме? Таң әуенді құлаққа кім ілмеген Бес саусақ перне қуып жүгірген ең Қос ішек бала болып, ана болып Шаттана уілдеген,гуілдеген Тәтті саз нұрға бөлеп тұнық түсті Тар үйді, түндік тіреп биікке ұшты Қанша күй иі қанбай төгілмеуші ед, Мына күй балқаймақтай ұйып түсті «Анажан, жастан құрғап өңіріңіз Ұлыңыз кеп, жайнасын өміріңіз Бұл күйді басы бүтін сізге тарттым Риза-хош болғай деймін көңіліңіз» «Жаратқан, мынау ұлдың жолын оңда Қыдыр ата, қайда да өзің қолда Расымен бұл күйді маған берсең, «Балқаймақ»-деп күй атын қойдым онда» ...Тыңайып қалған ерттеп сарала атты Қараша үйге қимай бір қарап апты Жорға аяңмен артына қайрылмастан, Сағымға сіңіп күйші бара жатты....
«БАЛҚАЙМАҚ»
Шілденің аптап ыстық күні күйген
Нарынның ыстық күннен құмы күйген
Сәске түсте салт атты тыныс таппақ
Жапандағы жалғыз үй- құрым үйден
Көріп келед, бір сиыр інген менен
Көкпекке жайылып жүр изен менен
Бір кемпір тезек толы қабын төгіп,
Қазан-ошақ басында күйбеңдеген
Күбір етіп бейтаныс сәлеміне
Кірісті ана ас қамдау әлегіне
Жолаушы атты арқандап, үйге енді де
Бас қойды тәтті ұйқының әлеміне
Еркінсіп өз үйіне келгендейін
Сағынтқан өз анасын көргендейін
Бел шешіп, кең тыныстап жатқаны осы,
Тәңірі көктен тілеуін бергендейін
Құрым үй-қоңыр салқын, түрулі ірге
Құс ұйқылы ед, оянды сергіп мүлде
От басында қам жасап қарт ана жүр
Қарағаштай қақталған ыстық күнге
Шоқта қара шәугімде шай қайнапты
Кәрі адам дастарханын тек жаймапты
Ыстық көмеш таба нан қолмен турап,
Бір шара әкеп қойды балқаймақты
Жолаушы жанарының жасығанын
Көрсеткісі келмейді, жасырады
Балқаймақтың дәмі мен нан иісі
Қиялын бала шаққа асырады
... Анасы марқұм астың шебері еді
Дәмге қоса мейірімін төгер еді
Сүт қайнатып, қаймақ сап, ұн себелеп
Сап-сары балқаймақ қып берер еді...
Келтіріп түйе сүті шайдың өңін
Жолаушы шөлі қанып , алды демін
Қарт ана қысқа сөзбен дәм үстінде
Өзінің иендегі айтты жөнін
Кімнің қалай жанбағын маңдай бағы
Алла білер,пәле аз ба қай-қайдағы
Шал сапарға кетіпті білмек үшін,
Жалғыз ұлдың жағдайын айдаудағы
Үй иесі бұдан соң ашылмады
Ал, жолаушы көңілі басылмады
Сұрады ұстап көрсем бола ма-деп,
Домбыраны кереге басындағы
Домбыра қарағайдан бітеу шапқан
Ширатып қой ішегін ысып таққан
Жолаушының қолына түскен бойда
Боздаған, бебеулеген,жүйткіп аққан
Күйді бей-жай тыңдауға әл жетер ме
Сәл тұрса, қараша үй де әндетер де
Жаулығының ұшымен көздің астын
Сүртеді ана. Жас па екен,әлде, тер ме?
Таң әуенді құлаққа кім ілмеген
Бес саусақ перне қуып жүгірген ең
Қос ішек бала болып, ана болып
Шаттана уілдеген,гуілдеген
Тәтті саз нұрға бөлеп тұнық түсті
Тар үйді, түндік тіреп биікке ұшты
Қанша күй иі қанбай төгілмеуші ед,
Мына күй балқаймақтай ұйып түсті
«Анажан, жастан құрғап өңіріңіз
Ұлыңыз кеп, жайнасын өміріңіз
Бұл күйді басы бүтін сізге тарттым
Риза-хош болғай деймін көңіліңіз»
«Жаратқан, мынау ұлдың жолын оңда
Қыдыр ата, қайда да өзің қолда
Расымен бұл күйді маған берсең,
«Балқаймақ»-деп күй атын қойдым онда»
...Тыңайып қалған ерттеп сарала атты
Қараша үйге қимай бір қарап апты
Жорға аяңмен артына қайрылмастан,
Сағымға сіңіп күйші бара жатты....