Сүйген сұлу. Тұсаукесер. Көріңіздер!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • Бұл Садхна және Рагини атты апалы-сіңлілі екі қыз туралы оқиға. Олардың сырт келбеті - олардың қоғамда алатын орнын анықтайды. Садхнаны ата-анасы бала кезінде асырап алған болатын. Ол аққұбаша келген әдемі қыз болып өседі.Бұл сүйкімді қызды барлығы жақсы көреді және оның ойлағаны бірден жүзеге асады. Ал, Рагини қара торы. Сондықтан да, өмірде қандай да бір жетістікке жету үшін, оған көп тер төгуге тура келеді. Бірақ соған қарамастан, екі қыз бір-біріне бауыр басып, туған бауырдан артық бірін-бірі жақсы көреді. Ал, Рагинидің анасы, асыранды қызын жек көре бастайды. Өйткені, аққұба қыз өз қызының бағын байлады дегенге бек сенімді. Мұны білетін Садхна өзін үйде жайсыз сезінеді. Дегенмен, бұл хикаяның басты ұстанымы - әдемілік бақыт кепілі болуы екіталай.

Комментарии • 12