Қадір түнінің қадірі мен хикметі I ЕРЛАН АҚАТАЕВ | МҰХИТДИН ИСАҰЛЫ | НҰРЛАН АНАРБАЕВ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024
  • Ассалаумағалейкум, сіз “Білім-Қазына” қоғамдық қорының ресми каналында отырсыз. Бүгінгі видеода ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректорының ғылыми кеңесшісі, философ, Ислам тәпсірі ғылымының Phd докторы - Мұхитдин Исаұлы ұстаз және белгілі уағызшы, Нұр-Мүбарак ЕИМУ оқытушысы Ерлан Ақатаев, Нұр-Мүбарак ЕИМУ исламтану кафедрасының меңгерушісі, доктор (PhD) Нұрлан Анарбаев “әль-Қадр” сүресінің көптеген адамдар білмейтін ерекшеліктерін сөзге тие кетті. Подкастты соңына дейін тыңдау арқылы сіз өз ісінің нағыз шеберлерінен осы сүре жайлы тың ақпараттар алатын боласыз.
    Қазақстандағы жалғыз Нұр-Мүбарак ислам университетінің ЖАҢА ОҚУ корпусын салуға атсалысу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: dz3a4.app.goo....
    Қазақстанда аналогы жоқ садақа беруге арналған “Қазына” мобилді қосымшасын пайдаланып күніне 10 тг-ден бастап садақа жасау үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: onelink.to/z8xg7e
    Білім - Қазына қоғамдық қоры парақшалары:
    ✅Instagram:onelink.to/z8xg7e
    ✅TikTok: / bilimqazyna
    “Қазына” мобилді қосымшасы парақшалары:
    ✅Instagram: / qazyna.app
    ✅TikTok: / qazyna.app
    Спикер Мұхитдин Исаұлы ұстаздың Instagram парақшасы:
    ✅ / muhiddin_isauly
    Спикер Ерлан Ақатаев ұстаздың Instagram парақшасы:
    ✅ / erlan_aqatayev
    Спикер Нұрлан Анарбаев ұстаздың Instagram парақшасы:
    ✅ / ns_anarbayev
    #иқро #ислам #сүре #құран #аятсыры #дінибілім #мұхитдинисаұлы #білімқазынақоғамдыққоры

Комментарии • 193

  • @musulmandar
    @musulmandar Год назад +55

    Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) отбасына және періштелерге Алланның сәлемі мен игілігі болсын

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d Год назад +3

      Алла Тағалаға Сыйынайық 🕋
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

    • @darhanomarov7818
      @darhanomarov7818 Год назад +1

      Амин

    • @mmisir
      @mmisir Год назад +1

      ​❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

    • @mmisir
      @mmisir Год назад

    • @mmisir
      @mmisir Год назад +1

      ​❤❤❤❤

  • @user-yp4gj5ec7o
    @user-yp4gj5ec7o Год назад +30

    Аллаға шүкір сіздердей ұстаздарды қазақ еліне нәсіп қылған!!! Әрдайым аман жүріңіздер Алла амандық берсін! Алла біліңдеріңізді артырсын және тыңдаушылардыда артыртырсын! Алла білгендерімізге амал қылуды және сол амалдың қабыл болуын нәсіп етсін 🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  • @svetlanasveta9611
    @svetlanasveta9611 Год назад +27

    Осындай ақсақалдар көбиіп,еліміз халқымыз көркиіп,саналы сапалы улмен қызым көбисін. Әумин

  • @user-uo7mt8tx3g
    @user-uo7mt8tx3g Год назад +2

    Ассалаумағалейкум. Подкасттан түйген ең маңызды нәрсем: ЕШНӘРСЕНІ АЛЛАДАН БӨЛЕК ТАНЫТУҒА БОЛМАЙТЫНЫ....Барлық нәрсені тек АЛЛАМЕН байлау. Екінші ұнаған нәрсе: Құран оқу деген-бастан аяқ оқи беру емес, ҚҰРАННЫҢ РУХЫ БОЙЫМЫЗДАН КӨРІНУ....

  • @ZhaiykBidaulet
    @ZhaiykBidaulet Год назад +4

    Әссәләму алейкум!
    Аллаға сансыз мақтаулар, Пайғамбарымызға және отбасына салауат-сәлемдер болсын!
    Қазақта сөз бар ғой, жаңағы «өз қадіріңді қашырма, қадір-қасиетті адам бол» дегендей...
    Осы Қадір түні - Алланың сөзі, яғни Құран аспан әлеміне түскен болса...
    Қадір түні болғандығы үшін қасиетті Рамазан айы айлардың сұлтаны болып, осы айда ораза ұстау - ұлы парыздардың бірі болған болса...
    Қасиетті сол Құранды Пайғамбарымызға (соллааллаһу алейхи уәсәлләм) Жәбірейіл жеткізуші болып періштелердің ең қадірлісі болған болса...
    Ал, сол Құранды жан-тәнімен қабылдау арқылы Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (соллааллаһу алейхи уәсәлләм) пайғамбарлардың падишасы әрі Алланың хабибі, сүйікті Елшісі болған болса...
    Бүгінгі күні көкейінде Құраны бар, күндізі ораза, түні арнайы ғибадатпен өткен құлдың дәрежесі қандай болмақ! Ол құлдың Алланың алдында қадір-қасиеті қандай болмақ!
    Міне саған «самооценка». Мықты болсаң осылай қадірлі бол! Әлсіз болсаң Алла сені қалай қадірлеп жатқанын түсін де басыңды көтер! Қадіріңді жоғалтпа! Алланың алдында қадірлі болуға талпынсаң, басқаның алдында кім болғаның неге керек?!
    Осы Құран үшін бүкіл әлем сонау Адам атадан бастап дайындықта келген болса, бүгінгі күні дайын Құранды сен жақсылап қадірле!
    Алла сені қалай қадірледі! Сүйікті Елшісінің үмбеті етіп, Қасиетті кәләмін оқитын қауымнан қылды! Сол үшін Құранды оқып, амал қылумен Алланы қадірле! Сонда қадір-қасиетті адам боласың...

    • @ZhaiykBidaulet
      @ZhaiykBidaulet Год назад +3

      Абай атамыздың «ақылдыға иман парыз, имандыға ғибадат парыз» дегеніндей, ақылы толыққан адам осы «Қадір түні» туралы ойланса...
      Құранның дәрежесі үшін бұл түннің қадірлі болғандығын ойланса, құранның қаншалықты қадірлі екенін түсінер еді. Құран туралы ойлануы немесе құранды оқып ойлануы оның бар өміріне жетер азық болар еді. Өмір бойы немесе мың айдан астам адасып жүргенінен, бір түнде ақиқатты түсініп бір түнде дұрыс шешім қабылдауы ол үшін хайырлы болар еді.
      Новый год деп сол түнді құрметтеу батыстан келген үрдіс. Асылында мұсылмандардың «Қадір түні» деген ұғымынан ұрланған. Новый годта ұйықтасаң жыл бойы ұйықтайсың деген сөздерге қарағанда біздің «Қадір түніміз» тағдыр түні екендігін оларда білген сынды барынша ұқсатуға тырысқан. Бүгінгі таңда қарыз алсада дастархан жайып новый годты күтіп жүрген қазақ «Қадір түнін» олай күтпейді. Жалпы елде бар жағдай.
      «Қадір түні» түні туралы ойланса деген ойдың тағы бір жағы...
      Қадір - ол Алланың бір көркем есімі. Алланың «Аса Қадірлі», «Құдіретті, шексіз күш Иесі», «Қалағанын жасауға толық күш-құдіреті жетеді» деген мағыналарды береді. Бірінші аятта «Біз оны (яғни Құранды) Қадір түні түсірдік» деуменен, бұл түнді Алла өзінің «Қадір» есім сипатымен атауды қалағанын байқауға болатындай. Яғни, біріншіден «Құран - Шексіз күш-құдіреттің Иесі Алланың сөзі» екендігін ойлауға болады, екіншіден оның түсірілу мақсаты не? Құран не үшін түсті? дегенді «Қадір түнінің не екенін білесің бе?» деген аяттың өзінен байқауға болатындай. Себебі Қадір түні ол Алланың түні. Пенденің Аллаға жақындай түсетін түні. Сол үшін мың айдан хайырлы, сол үшін Жәбірейіл мен басқа періштелер келді...
      «Расында» деген сөзден жалпы ақиқат ұғымын, «оны түсірдік» дегеннен - Құранды, «түнінде» дегеннен - ғибадат уақытын, жалпы жаратылыс галактика, адам дегендей. «Қадір» деген сөзден Алланы көруге болады.
      Яғни, осы сүреде Алланы, Періштелері және олардың дәрежесін, Кітабы - Құранды, Пайғамбарымызды (соллааллаһу алейхи уәсәлләм), «Түн, мың айдан қайырлы, аман-есендік, таң атуы» деген сөздерден - Қиямет пен Тағдыр мәселелерінде байқауға болады.
      Жалпы, сүре осы «Қадір түнін» барынша құлшылыққа арнау керектігін меңзеп тұр.
      Сонда сүреден «сенім» мен «шариғат» тақырыптарын, және жоғарыда айтқан «Алланың сені қадірлеуі» деген сынды түсініктерден «кемелдікке ұмтылу» тақырыбында байқауға болады...
      Дұрысын Білуші Алла!
      Ұстаздарымызға Алла разы болсын! Комментарий жазыңдар дегенге жәй жазғаным. Білуші Алла! Бұл сөздер тәпсір емес. Сүрені тағы бір қырынан жеке түсінуім.
      Алла әрбірімізді ақиқаттан адастырмасын!

  • @user-ft7rx1pm9p
    @user-ft7rx1pm9p Год назад +16

    Ма ша Аллах керемет мен осы подкасттан Рамазанның маңыздылығын тереңірек түсіндім және қадір түнінің қасиетін ұғынғандаймын, Алла күндізімізді ораза ұстаумен ғана шектелмей, түнімізді де құлшылықпен байлағысы келетінін, Алла рамазанда әрбір құлды өзінікі қылғысы келетіндігін түсіндім ,жалпы осы қадір түні қаншалықты Алланныкі бола аламыз, соны дәлелдейтін түн екенін ұғындым!!!
    Алла тағала баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін Альхамдулилляхироббил әламин Алла разы болсын баршамызға!!!

  • @user-vg2ym6mj3y
    @user-vg2ym6mj3y Год назад +2

    Каналдарыңызға Алла берекесін берсін. Бұрындары өзге тілде тыңдаушы едім. Қазір өз ғалымдарымыз шәкірттерін ғана емес, халықты да ойлап осындай канал ашқанына қуаныштымын. Енді өзгелері аударып алсын. Алла тағала біздің ұстаздарға пайдалы білім беріп шәкірттері мен тыңдаушыларының иманын көтерсін.

  • @Meirambekk04
    @Meirambekk04 Год назад +11

    Мың айданда хайырлы болған және Бір жылдық тағдарымызды өзгертуге Ұлы мүмкіндікті берген Аллаға мақтаулар болсын

  • @user-is4mc6no9g
    @user-is4mc6no9g Год назад +15

    Қадір түні елімізге Алланың сәлемі болсын және ұзағынан болсын, рамазан айы аяқталуға жақын қалды құлшылыққа білек сыбанып кірісейік

  • @aizaaiza9889
    @aizaaiza9889 Год назад +3

    Сәлеметсіздер ме!
    Бұл мен үшін бір сабақ болды. Осы сабақтан алған білім:
    1) Қадір түнінің маңызы мен қадірі туралы осы уақытқа дейінгі білімім өте таяз болған екен...
    2) "...Тағдырыңды өзгертуге болады..." дегенді енді түсінгендеймін. "Ол жазылып қойылған тағдыр, қалай өзгертесің" деген ақталуға үлкен бір жауап болды. Қадір түніндегі тағдырың туралы шынайы ниетің, өзіңе тілеген жақсылықты миыңда тарылтпай кеңінен сұрап алуға, сол ниетке жету үшін амал етуге жәрдем тілеу және еш күмәнсіз Алла тағала сұрауыңды беретініне кәміл сену.
    3) Түсіну бөлек, сол түсінікке сай әрекет керек...

  • @user-bx1hu3lz4z
    @user-bx1hu3lz4z Год назад +1

    Қадір түнін 30жастан асқанда ғана бүгін осы бағдарламада Алла маған сіздер арқылы түсіндірді.Алла ұлық!Аллах сіздерге разы болсын🤲🏻

  • @user-el5jv3ki7s
    @user-el5jv3ki7s Год назад +1

    Ерлан ұстаздың тек аудио уағыздарын тыңдаушы едік, видео уағыз-насихаттарын көріп ерекше әсер алудамыз. Барша ұстаздарымыздың күш-қуатын, білімін арттырып, берекелі етсін🤲

  • @user-wf3kj4cw8w
    @user-wf3kj4cw8w Год назад +17

    Ассалаумағалайкум барша мұсылман бауырлар оразаларыңыз қабыл болсын құлшылықтарыңыз дұға тілектеріңіз қабыл болсын, қадір түні барша сауапқа жетуімізді нәсіп етсін Алла тағала.

    • @Bregion44
      @Bregion44 Год назад +1

      Уағалейкумассалам уа рахматуллаһи уа бәрокәтуһ. Әмин🤲🏼Баршамызға қабыл болсын Бауырым

  • @Muslim_Almas.A.S
    @Muslim_Almas.A.S Год назад +2

    МҰХИДДИН ҰСТАЗ НА ВЫСШЕМ УРОВНЕ ҒОЙ КАК ВСЕГДА🎉🎉🎉🎉

    • @hussen2958
      @hussen2958 Год назад

      Тыныш отыр Алмас)

    • @Muslim_Almas.A.S
      @Muslim_Almas.A.S Год назад

      @@hussen2958 ХАССЕН БРАТ ҚАЛАЙСЫЗ ҚАЙ НӨМЕРДАСЫЗ 😊

  • @gazigazi8680
    @gazigazi8680 Год назад +7

    Қадыр Түні туралы терең білімді түсіне бастадым, Аудармашы Нұрлан, ғалым Мұхидден, ғалым Ерлан, қазақтың маңдайына біткен Азамвттары, аман жүрсін❤

  • @JanAyt2106
    @JanAyt2106 Год назад +2

    МашаАлла!, Өте әсерлі де пайдалы сұхбат. Бұл ретте, Ерлан Ұстазымызды тыңдап қана қоймай, көріп отырғаныма Мухитдин Ұстазымызға алғысым шексіз. Жаратқан Жаббар Иеміз Сіздерден разы болсын!

  • @user-eh9yc7jm7l
    @user-eh9yc7jm7l Год назад +5

    Аллахумма салли алаа саиидинәә Мухаммад

  • @serikakhmetgaliyev5991
    @serikakhmetgaliyev5991 Год назад +1

    Соңында ұстаздардың қарапайым айтқанындай келесі жылыңа заказ деп; , өткен жылы рамазан айының түнінде сұрағанымның бәрін беріпті қарап отырсам, қайырсыз болса қайта ала гөр деп қосқаныма шүкір деп отырмын, осы рамазанға өткен жылғыдан жақсырақ дамып жетіп отырғаныма Аллаға шүкір деймін.

  • @user-yout-sr
    @user-yout-sr Год назад

    Ассаламу алейкум, баршаңызға Алланың Сәлемі, Рахымы, Берекесі болсын! Қасиетті Рамазан айы, Қадір түні жасалған құлшылық, дұға-тілек, ізгі амалдарымызды Алла қабыл етсін. Менің түсінгенім қадір сүресінде барлығы ретімен айтылып тұрғандай. Алланың хақысын қадірлеу, Құранның хақысын қадірлеу, Пайғамбырымызға(Оған Алланың игілігі мен Сәлемі болсын) Құран түсу арқылы Пайғамбарлардың Ардақтысы екендігі, Періштелер оның ішінде Жәбірейл(Алланың Сәлемі болсын) періштенің жеке аталуы, Құранды жеткізу арқылы оның Аллаға ең жақын періште екендігі, тіпті Алланың адамның өз жанын қадірлеуді ескерусіз қалдырмағанын көреміз. Раббымыз біздерге "Өз жандарыңды қадірлейтін десеңдер, тозақтан азат болуды қаласаңдар, тозақтан құтылатын он түнді бердік"- деп тұрғандай. Рамазанды Рамазан еткен, Қадір түнін қасиетті түн болуы Алланың түсірген Құран кітабы себепті болғаны аяттардың реттілігінен байқалады. Бір Қадір сөзі бүкіл нәрсенің қадірін сездіріп, пендені Аллаға жақындатады деп түсіндім.

  • @abekesar
    @abekesar Год назад

    Әр бір мұсылманның тілегін Аллахым қабыл етші !Аллахым бізді кешірші . Аллахым осы ағаларымызға рахым ет .

  • @whileyoung4610
    @whileyoung4610 Год назад +4

    Ерлан ага,озиниз сиякты бир шакиртти тарбиеленизши,сиз сиякты жеткизетин,билиминизге береке берсин.

  • @umit5768
    @umit5768 Год назад +1

    Мухиддин ұстаз бөлек кісі ғой. ❤
    Барша ұстаздарымыз керемет.

  • @user-ng5cx2xh4o
    @user-ng5cx2xh4o Год назад

    Түнгі құлшылықтың қадірін түсіндім. Кішкентай баланың түнде өсетінін білеміз, жұрттарға айтамыз. 5 уақыт намаз оқысақта, кейде еріншектігміз ұстап қалады. Нәпсіні тәрбиелеп, Алланың алдындағы дәреженің өсетін уақыты түнгі уақыт екенін білмеппін. Күндізгі 5 уақыт намаздың ләзатын сезіну үшін түнгі құлшылықты тірілтуге ниет еттім. Алла ниеттерімізді қабыл етсін!

    • @user-dy9kl7dp5x
      @user-dy9kl7dp5x Год назад

      Амин.бізге жұғысты болсын.

  • @user-zz3cd6wl6v
    @user-zz3cd6wl6v Год назад +2

    Аллаһу әкбар керемет өте пайдалы ақпарат берілді енді амал жасап сол амалдарымызды Аллаһ қабыл болуын нәсіп етсін. Ұстаздарымызға Аллаһ разы болсын

  • @danaaidarovna
    @danaaidarovna Год назад +7

    Балаларыма тілек! 18мың ғаламшар ішінен жарып шыққан Махамбетіме, Нұрғасырыма, Бексұлтаныма әлемнің бар шындығы мен адалдығын тіледім, бай болыңдар , қуатты болыңдар,рухты болыңдар,дана болыңдар, саналы болыңдар! Төбелеріңнен көк кетпесін, аяқтарың талмасын, зейіндерің ашық болсын! Ұрпақтарынмен иманды да салиқалы болыңдар! Жер бетінде жұмақта болыңдар! Мың жасаңдар! Ғасыр жасаңдар! Көріңдер, естіңдер, рухани бай болыңдар!! *Ата аналарың Елдос Дана*

    • @bilimqazyna
      @bilimqazyna  Год назад

      🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @ashatserikov
    @ashatserikov Год назад +3

    ....Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті жамағат, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж бауырымызға көмек қажет болып тұр! Жалдамалы жұмыс жасайтын бауырымыз қазіргі уақытта денсаулығы сыр беріп, жұмысқа шыға алмай отыр. Өмірлік жары да еңбекке жарамсыз. Ал тұрып жатқан үйлері апатты жағдайда екен! Екінші бір бауырымыз, құрығы ұзын азаматтардың қысымымен, қорқытуымен, айла-шарғысымен қиын жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта, ағайын-туысынан және үйін кепілдікке қойып қыруар қаржы алып, қарыздары қысуда. Қазіргі жағдайда, өзіне тиесілі болған 40 шаршы метр үйінен айырылу қаупі туындап отырған көрінеді. Оның үстіне қарыз иелері де қысып жатқаны ақиқат. Күнделікті тапқан табысы, отбасының ас-ауқатынан артпай отыр. Бауырларымызға көмек қолын созу мақсатында шот ашып отырмыз! Ешкімге салық салайын деген ойымыз жоқ, әркім мүмкіндігіне қарай (1000, 500, 200, 100 теңге бола ма әркімнің өз қалауы) қол ұшын созса деген ой біздікі.
    HALYK BANK: ➕7️⃣7️⃣7️⃣5️⃣8️⃣7️⃣9️⃣1️⃣8️⃣9️⃣9️⃣
    “Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады!”.. ....Ибн Мажә.............

  • @mukazhan_09
    @mukazhan_09 Год назад +1

    Қадыр түні құран түскен ай дегенді енді түсін гендей болдым Алла разы болсын сіздерге құранға жақсылап мән беру керек екен

  • @user-yh1zc3wg8p
    @user-yh1zc3wg8p Год назад

    Ұстаздарым аман болсын Алла тағала өзі жар болсын.
    Иншалла қадір түні дұға тілектеріныз қабыл болсын барша мұсылман бауырларым.
    Алла тағала өзі кешірсін біліп және былмей жасаған күнәлармыз ды.

  • @user-tv6ln2tm1j
    @user-tv6ln2tm1j Год назад

    Ассалаумагалейкум! Ерлан устазым Алланын берген багысызгой бизге! Дениниз сау болсын! Ахиретте Хазрети Пайгамбарымыздын с.а.у колынан су ишуди насип етсин шапагатшыл болуын насип етсин сизге бизге! Алланын кеширилген пенделери болуымызды насип етсин! ❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-ct2qd7yu7k
    @user-ct2qd7yu7k Год назад

    Мәшаалла ұстаздарымыз осы жердің, өзінде бір бірінен ілім жинабатр,мә

  • @user-yh8sv7nk4s
    @user-yh8sv7nk4s Год назад +3

    Ерлана аға сізді көрсем жүрегім тыныштыққа бөленет. Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін сізге. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын. Алла бақытты етсін сізді.

  • @aiyda_b
    @aiyda_b Год назад +4

    Пайдалы арна екен! Раббымыз істеріңізге береке берсін!🤲❤️

  • @user-is4mc6no9g
    @user-is4mc6no9g Год назад +11

    Аллаға мақтау болсын, пайғамбарымызға салауат болсын, қадір түнін қадірмен өткізуді нәсіп етсін, жоқ дегенде бір пара Құран оқып, истиғфар көп айтуға Алла Тағала жәрдем, сәттілік, тауфиқ берсін.

  • @user-ke4ye6dd6k
    @user-ke4ye6dd6k Год назад

    Осы бағдарламанызды қарап отырып, шынайы Алланы тануға терең ой келді. Аллаһ Акбар. Жүректе бір ерекше сезім пайда болды Раббыма деген. Рахмет.

  • @user-tr2er8or1u
    @user-tr2er8or1u Год назад

    Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух Аллаһ Тағала разы болсын сіздерге Ұстаздар!

  • @ermurvt
    @ermurvt Год назад +10

    Алла разы болсын сіздерге❤️🤲

  • @user-ic1fo3mv2h
    @user-ic1fo3mv2h Год назад +4

    Ұстаздарымыз нұр болып тұрғой

  • @Chavgar
    @Chavgar Год назад +1

    📗 Бұл сұһбаттан (сабақтан) алғаным -
    Әрбір құлшылығымыздағы ең түпкі ниетіміз- Алланы бірлеу екенін ешқашан естен шығармау керектігін түйсігіме тағы бір шегелеп алдым .

  • @user-it8px9gv9d
    @user-it8px9gv9d Год назад

    Еңкілдеп жылап алдым, сөз жоқ, құран оқу нығметін берген Аллама барлық мақтаулар мен мадақтар, тағы бір қуаныш салауат айтып жүріп осы каналға жазылдым

  • @user-zr3sk9bt4d
    @user-zr3sk9bt4d Год назад +1

    Ұстаздарымызға Алла жар болсын! Алла қуат берсін. Ар жағы терең дүниелер көп-ақ екен

  • @user-iy6sf9cx3z
    @user-iy6sf9cx3z Год назад +1

    Ерлан Акатаев уагызданыныз керемет

  • @ErbolGauhar
    @ErbolGauhar Год назад +4

    Қадір түні айтылған дұға тілектеріңіз қабыл болсын. Алла баршамызды кәлимә и шаһадат айтып жан тапсыруды нәсіп етсін ИншАлла

  • @user-kz9hs8rs8q
    @user-kz9hs8rs8q Год назад +5

    Ассалаумағалейкум ұстаз. Осындай дарыстар болып тұрса
    Жаксы асерленып калдык.
    Аллаһ разы болсын.!!!

  • @BalabekZhasulan13
    @BalabekZhasulan13 5 месяцев назад

    Менің түсінгенім Қадір түні ол сенің күнәләріңнің кешіріліуі үшін дұға тілейтін жалбарынатын күн

  • @aktotykubaidollaevna8918
    @aktotykubaidollaevna8918 Год назад

    Алла Ұлық ♥️қандай күшті тып-тынық,тап-таза,ешбір қоспасыз подкаст ♥️Алланың қалаумен берекелі екен ! Алланың Разы
    болған құлдарынан болыңыздар ♥️

  • @user-vb9oi2sh5j
    @user-vb9oi2sh5j Год назад

    Ас Салам аллейкум рахматулаху уа баракат. Өте жақсы сұхпат,өте таза ашық сөздер. Осы Устаздарымыз дұгасымен елымыз ал ақ көгереді.. Алла қаласа Алла разы болсын баршамыз ға!

  • @user-hz6xm4hg4b
    @user-hz6xm4hg4b Год назад +4

    Ерлан ұстазым Алла разы болсын! Алла берекесін берсін!

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d Год назад +1

      Алла Тағалаға Сыйынайық 🕋
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

    • @user-hz6xm4hg4b
      @user-hz6xm4hg4b Год назад

      @@user-gm5pk2li7d Алла баршаңыздан разы болсын бауырым!

  • @user-kr6kh4mi6h
    @user-kr6kh4mi6h Год назад

    Ассалаумагалейкум Кадырлы агаларым устаздарым .осы багдарламаларыныз оте жаксы Маган унады.сондай коркем мынездерынызбен.былымдерынызбен.барынша Куран аяттарын не ушын тусыргенын.Аллатагаламыздын. тусындыргендерызге коп коп рахмет токтатпаныздаршы багдарламаларыныз.жалгастыра берыныздершы жакынырак тусынейык Куран кытабымызды.Аллахтагаланын пайгамбарымыз Мухаммед .с.а.с умбеттерыне Берген рахымын ныгметын.быр екы апта болып. Калды сыздердын багдарламаларынызды корып жургеныме кдымгыдей сыздерды тындасам.быр журегым тыныштык тауып отырганын сезынып журмын.сыздердей агаларымыз коп болсын.мынездерыныздын озы керемет .ангымелерынызде сондай салмакты .акылдарыныз былыдерыныз Арта берсын.Алла риза болсын.сыздерге

  • @user-it5hm6qu2n
    @user-it5hm6qu2n Год назад +1

    Аллаһ разы болсын сіздерге

  • @armanserikuly4098
    @armanserikuly4098 Год назад +1

    Уа, Аллаһ Тағала пайдалы білім беріп,пайдасыз білімінен сақта!

  • @user-zn9lh7fh4k
    @user-zn9lh7fh4k Год назад +3

    Әлхәмдулилләһ.

  • @digitalturkistan1857
    @digitalturkistan1857 Год назад +1

    Жалғыз ғана серігі болмаған Аллаға мақтаулар болсын.

  • @user-fh2qc8uv7w
    @user-fh2qc8uv7w Год назад +1

    Дауыстары қандай керемет

  • @armanbaiboriyev96
    @armanbaiboriyev96 Год назад +1

    Ассалам алейкум мұсылман бауырлар! МашАллах керемет нәрселер айтылды! Ерлан ағамызға үлкен рақмет!

  • @Nasr.Abdugappar
    @Nasr.Abdugappar Год назад +3

    Пайғамбарымыз Мұхамедке сансыз салауат болсын

  • @user-tt8sh9et6y
    @user-tt8sh9et6y Год назад +1

    АЛЛА ТАҒАЛА БІЗГЕ ПАЙДАЛЫ БІЛІМ НӘСІП ЕТ. КҮНӘЛАРЫМЫЗДЫ КЕШІР.

  • @misterk7439
    @misterk7439 Год назад

    Ассалама'алейкум уа рахматуллахи уа баракатух ✋
    Рахмет сіздерге ұстаздар

  • @ubaidullamanap9940
    @ubaidullamanap9940 Год назад +4

    МашаАлла ❤

  • @_Karatau_2024_
    @_Karatau_2024_ Год назад +2

    Әр жылы осы түннің қадірін түсініп келемін әрі түсіне беремін деп ойлаймын бұйырса

  • @nrmaanbetova
    @nrmaanbetova Год назад +5

    Субхан Аллах Әлхамдулиллах Ләә Иләәһә иллаллах.Аллаху Акбар.Аллахумма солли ғалә Мухаммадин уа әлә әли Мухаммад кәмә Соләйтә әлә Иброхима уа әлә Әли Мухаммад

  • @user-hc8mi1ov4s
    @user-hc8mi1ov4s Год назад

    Тун көрсең қадір көр кісі көрсең қыдыр көр қожа ахмет яссауи баба өсиетдерінен Алла разы болсын сіздерден каналдарыңыз дами берсін

  • @gazigazi8680
    @gazigazi8680 Год назад +5

    Алла Тағала осындай ғалымдардың сабақтарымен жүрегімізді агсын❤

  • @user-bq5tr8fy5l
    @user-bq5tr8fy5l Год назад +3

    Оте жаксы подкас, Аллах дуние, ахырет жаксылыгын берсин устаздарга.

  • @merekem
    @merekem 5 месяцев назад

    Үш білімді, сабырлы кісінің салихалы әңгімесі болыпты😄 басқа подкастарға қарағанда

  • @musulmandar
    @musulmandar Год назад +4

    Білімдеріңізге, уағыздарыңызға Пәк Раббым берекесін берсін!

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d Год назад

      Алла Тағалаға Сыйынайық 🕋
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

  • @recreativestudio5281
    @recreativestudio5281 Год назад

    Түндеріңіз қадірлі болсын қабыл болсын❤❤❤

  • @idakhar
    @idakhar Год назад

    Әттең,арнаның тіркелушілері аз! Көпшілік білсе ғой бұлар қандай ұстаздар екенін...

  • @user-eg5nh1jo6c
    @user-eg5nh1jo6c Год назад +1

    Алла жар болсын устаздарга

  • @user-re3py5hs9r
    @user-re3py5hs9r Год назад +1

    Керемет болды бір үзбей тыңдадым. Жақын туыс танысқа жібердім.

  • @user-vr9br5mf1z
    @user-vr9br5mf1z Год назад

    Алла разы болсын ағалар! Бірақ дауыстарыңыз жай шығып жатыр!

  • @tot.samyi.08
    @tot.samyi.08 Год назад +3

    Ассалаумағалейкүм уа рахматуллаһи уа баракатуһ мұсылмандар

  • @ulan.mussayev01
    @ulan.mussayev01 Год назад

    Ораза да ихсан киіпінде болғаны туралы,Жақсы ой түйдім,Аллах разы болсын 🤍

  • @user-it5hm6qu2n
    @user-it5hm6qu2n Год назад +1

    Ерлан Ағамыз бен қалаи кезіксе болат

  • @user-mp9dm7vj8q
    @user-mp9dm7vj8q Год назад +2

    Аллаһу Тағала берекет берсін 🤲🤲🤲❤❤❤

  • @financedepcharity1847
    @financedepcharity1847 Год назад +1

    Ассаламалейкум! Алла разы болсын!
    Дауыстарыңыз сәл баяу, анық, нақтырақ шықса жақсы болушы еді, рахмет

  • @user-rw3ke4oe3b
    @user-rw3ke4oe3b Год назад +3

    Маш Аллах оте керемет уагыз. Баракаллаху фикум 😊

  • @madiyar-mu3pq
    @madiyar-mu3pq Год назад +5

    Ассалаумалейкум уа рохматуллахи уа барокатуху курметти устаздар. Сіздерге Алланын рахымы мен берекесі болсын.

  • @atameken4945
    @atameken4945 Год назад

    Алла разы болсын сіздерге.
    Бұрын қадыр түні белгілерін қарап, күн бұлтты күндері құлшылық етуге немқұрайлы болушы едім.
    Толық 10 түнді құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде қадыр түніне кездеседі екен

  • @KanatKaldar
    @KanatKaldar Год назад +3

    Әссәләму әлейкум! Алла разы болсын, ұстаздарға!!!🤲🏻

  • @user-by7vx3ip5y
    @user-by7vx3ip5y Год назад +3

    Аллаға шүкір барлығы жаксы түсінікті ұстаз Алла жар болсын

  • @Meruert_Zhumasilova
    @Meruert_Zhumasilova Год назад

    Менің түсінгенім, періштелерге акцент қоймай, олар оның Салем есімін жеткізуші екенін, акцент жаратушы Алла да болуы керек деген сөздеріңіз көкірегімді ашты. Өйткені бұрынырақ солай періштелер касымда жүр, қасымда тұруы мүмкін деген ой көөп мазалаған екен! Осы сөздеріңізбен оятқандай болдыңыздар! Ең главное Раббым мені көріп тұр! Раббым мені бақылап тұр !!!

  • @user-cq1kg7im3p
    @user-cq1kg7im3p Год назад

    Машаллах керемт подкаст Ерлан ұстазды көптен күтіп едім

  • @mariyammeirim6864
    @mariyammeirim6864 Год назад +4

    Аллаһқа шексіз шүкір осындай ұстаздарымыз барына

  • @ruslanmanap011
    @ruslanmanap011 Год назад +3

    Ассаламу алейкум!
    Алла разы болсын Ұстаздарымызға

  • @user-pj8gs3lh9m
    @user-pj8gs3lh9m Год назад +1

    Аллаға мақтаулар болсын.Алланың арқасында керемет білім алдым.Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уа ала әәли Мухаммәд.

  • @amankeldkelden-kk8xb
    @amankeldkelden-kk8xb Год назад

    Ассалаумагалейкум барша мұсылман қауым Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңызбен Аллаһ Тағаладан тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын. Менің толық аты жөнім Кельдин Аманкелд болады. Анық қанығын әрине Аллаһ Тағала біледі. Біз әр нәрсенің жүрегі бар деп жатамыз. Қасиетті Құран Кәрімнің жүрегі Ясин сүресі. Ясин сүресі 36 сүре. 83 аяттан тұрады. Осындағы 36 мен 83 тің байланысы ҚҰРАН КӘРІМ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ түсті яғни Қадір түнінің қасиеті мен берекеті 1000айдан қайырлы қазіргі жылнамалық 12 аймен есептесек 83 айдан астам болуы Ясин сүресінің 83 аяттан тұруыма деп ойлаймын. Екінші Ясин сүресі Құранның жүрегі 36 сүре. 36 ні кері ауыстырсақ 63 болады. Бұнымен не айтқым келеді дегенімде Ясин Құранның жүрегі /36/ болса АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ, МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ С.Ғ.С ЖҮРЕГІ 63 жасында тоқтауы.
    Үшінші ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ С.Ғ.С -ға 40 жасында пайғамбарлық келуінің тағы бір себебі Анық қанығы Аллаһ ТАҒАЛАҒА АЯН Адам баласы АНА ҚҰРСАҒЫНДА /Көпшіліктің тілінде 9 АЙ 9 КҮН/ болып қалыптасып яғни 40аптадан астамдау дүниеге келуін деме деген ойдамын. Және Қазақта 40 жаста адам баласы толық сана сезімі жетіледі дейді ғой.

  • @user-it5hm6qu2n
    @user-it5hm6qu2n Год назад +1

    ❤❤❤ Алла разы болсын иа кітап қалаи алса болат

  • @Nasr.Abdugappar
    @Nasr.Abdugappar Год назад +2

    Алла ұлық!!!

  • @qwklm_8550
    @qwklm_8550 Год назад +2

    Видио тақырып көбеисін ,күшті

  • @takepaudin4991
    @takepaudin4991 Год назад +2

    Машаалла

  • @IaAmanuAman
    @IaAmanuAman Год назад

    Аи бәрекелді мне нағыз көркем даналық әңгімелер осылаи қаимақ көп шаиқалаберсе маи пайда болғандаи адамдардың иманы рұһы пайда болабередіғои.

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Год назад +8

    Алла баршамыздың көкірегімізді ілімге толтырып, өмірімізді салиқалы амалдармен өрнектеуді нәсіп етсін❤

  • @serikakhmetgaliyev5991
    @serikakhmetgaliyev5991 Год назад +4

    Жаңа видеоларыңызды асыға күтеміз!

  • @Nasr.Abdugappar
    @Nasr.Abdugappar Год назад +4

    Алланың сөзі өте керемет!

    • @user-gm5pk2li7d
      @user-gm5pk2li7d Год назад

      Алла Тағалаға Сыйынайық 🕋
      Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

  • @user-fb3jz5ey9m
    @user-fb3jz5ey9m Год назад +2

    Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар. Қасиетті рамазан айы құтты болсын. Ұстаздарды тірідей көргеніме қуаныштымын. Ерлан ұстаз Нұр- Мүбәрәкта ұстазба?

  • @user-ub9jo1ti1j
    @user-ub9jo1ti1j Год назад +1

    Ассалаумалейкум. Ұстаздарға Алла разы болсын. Керемет сұқпат болды. Ұстаздарымызға Алла амандық, денсаулық, берек бірлік берсін.

  • @BayanmonkhSayakhat
    @BayanmonkhSayakhat Год назад +1

    Аллаһ ілімдеріңізді арттырсын!

  • @user-gm5pk2li7d
    @user-gm5pk2li7d Год назад +2

    Алла Тағалаға Сыйынайық 🕋
    Әруақты Сыйлайық 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызға Құран Хатым бағыштайық 📖 📖 📖 📖 📖 📖

  • @ummahmad7515
    @ummahmad7515 Год назад

    Ерлан Акатаев❤

  • @aqtore__
    @aqtore__ Год назад

    Кешириниздер мен кимнин багдарламасы екенин билмеймин,бирак ортадагы киси жургизуши сиякты коринди,сол себепти ол конактарга коп соз беру керек сиякты,коп создер сол кисиден шыкты.Конактарга кобирек соз беру керек.Айып етпениздер.Аллах устаган оразаларымызды кабыл етсин 🤲

    • @bilimqazyna
      @bilimqazyna  Год назад +1

      Ортадағы кісі Ерлан ұстаздың ұстазы