Отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері бекіді | Jibek Joly news

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 сен 2024
  • Елімізде отандық өнім шығаратын кәсіпкерлердің тізімі жасалып, мемлекеттік реестрге тіркеледі. Онда бизнес өкілдерінің жеке мәліметтерінен бастап қандай тауар өндіретініне, өндіріс көлемі мен жұмысшыларының санына дейін толық ақпарат жинақталады. Бұл өз кәсіпкерлерімізді демеп, жаңа нарықтарға жол ашу үшін жасалып отыр. Тізімге алынғандарға ақпараттық сүйемелдеу мен қаржыландырудың жаңа тетіктері ұсынылады. Әрі мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде басымдық беру де қарастырылып жатыр.
    Отандық өнімге басымдық берілсе де, оларға бой бермейтіндер көп. Кәсібін тіркемейтіндер адал табыс табатындарға қолбайлау болып тұр. Өйткені, салықтан жалтаратындар өнімін арзанға сатады. Бұл қатаң бақылануы тиіс. Осы ретте жыл соңына дейін тек заңды жолмен пайда табатындардың ортақ реестірін жасалуы керек.
    Мемлекет ақшасына салынатын барлық құрылысқа енді тек отандық материалдар мен жабдықтар қолданылады. Оны бақылайтын арнайы комиссия құрылады.
    «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
    Бізді RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
    Watch us on satellite TV, RUclips and social networks. Leave your comments under this video!
    #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана
  • СпортСпорт

Комментарии •