"Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы" қалай жазылды? Қолжазбалар сыры | Ф.ғ.к., доцент Төрәлі ҚЫДЫР

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 окт 2024
  • М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Ұлы дала жауһарлары" сериясы аясында, осыған дейін "Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясының" 3 томын жарыққа шығарған-ды.
    Бұл антологияның 1-томына "Исламға дейінгі әдеби жәдігерлер", 2-томына "Қарахандықтар дәуіріндегі әдеби жәдігерлер (ІХ-ХІІ ғғ.), 3-томына "Алтын Орда дәуіріндегі әдеби жәдігерлер (діни-дидактикалық шығармалар)" енді.
    Институтымыздың RUclips арнасында қолға алған жаңа жобамыздың видео-шығарылымында осы еңбектің жазылу барысы, соны жаңалығы, өзіндік ерекшелігі, қолжазбалардың сыры һәм машақаты жайында айтылып, көне әдеби жәдігерлерді оқырманға беру әдісі мен шығармаларды дәуірлеу, сондай-ақ көне түркі, шағатай, көне өзбек тілдері мен түркі-соғды-ұйғыр жазуының түйткілді мәселелері төңірегінде ой қозғалады.
    Сонымен қатар антологияның алдағы уақытта шығатын 4-5 томдарына қандай шығармалар енетінін біле аласыздар.

Комментарии • 17