Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында электр стансасының құрылыс алаңына капсула салынды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 ноя 2023
  • Салтанатты шараға «Түркістан БГҚ» ЖШС басшысы Асқар Құсайынов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және жобаның мердігер ұйымдарының басшылары қатысты.
    «Бұл Түркістан облысының тарихындағы ең ірі инвестициялық жоба - қуаттылығы 1000 МВт электр стансасы. Ол жүзеге асқанда өңіріміздегі энергия тапшылығы толығымен шешіледі. Сонымен қатар, бұл ірі кәсіпорындар мен өндірістің серпінді дамуына мүмкіндік береді», - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
    «Түркістан БГҚ» ЖШС басқарма төрағасы Асқар Құсайынов Түркістан облысының әкіміне дайындық жұмыстарының барысы туралы хабарлады. Учаскеде инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық іздестіру жұмыстары аяқталды.

Комментарии •