"Өткірдің жүзі". Белгілі Мұрат Әуезовтің 80-жылдық мерейтойы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 фев 2025
  • Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі жазушы, мәдениеттанушы және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өткірдің жүзі» атты кездесуі өтті.
    Салтанатты шара Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының қолдауымен өтті. Мұрат Әуезовты мерейтойымен құттықтау үшін Алматыға Altyn Qyran Foundation қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов және Altyn Qyran Foundation қорының бас директоры Әлібек Әлденей барды.
    Өзінің құттықтау сөзінде Altyn Qyran Foundation қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов Мұрат Әузовтың қазақ руханиятындағы ерекше орнын атап өтті:
    «Бүгін біз, бір жағынан, білікті ғалым, мәдениеттанушы Мұрат ағамызға, екінші жағынан, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовке құрмет көрсетіп отырмыз. Әкелі-балалы Әуезовтер - ерекше құбылыс, сирек феномен.
    Мұрат ағамыздың философиялық, ғылыми және әдеби еңбектері әлі терең зерттеледі деп ойлаймын. Замандастардың берген бағасы бір бөлек. Ал болашақ зерттеушілер өз бағасын беретіні анық» - деді ол.
    Сонымен бірге, кездесуге мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, еліміздің ерен тұлғалары - Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Төрегелді Шарманов, Алмаз Шарман, Асанәлі Әшімов, Мұхтар Құл-Мұхамед, Сағымбай Қозыбаев, Эльдар Қонаев қатысты.
    Мұрат Әуезов - 200-ден астам шығарма мен жарияланым авторы. Оның «Времен связующая нить» (1972), «Иппокрена. Хождения к колодцам времен» (1997), «Уйти чтобы вернуться» (2002), «Главпочтампт» (2018), «Ділім» (2018) атты еңбектері қазақ әдебитенің алтын қорына енді.
    Одан бөлек, Мұрат Әуезов әкесі - кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың асыл мұрасын сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге зор еңбек сіңірген. Мұрат аға - . қазақ мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттауға бағытталған «Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.
    Altyn Qyran Foundation қоры Мұрат Мұхтарұлын 80-жылдық мерейтойымен шын жүрекетен құттықтайды! Сізге мықты денсаулық, мол қажыр-қайрат тілейміз!

Комментарии • 2