Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы | Қияндағы қандастар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • «Қияндағы қандастар» бағдарламасының кезекті шығарылымында - қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге алып шыққан жазушы Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы.
    #ҚияндағыҚандастар #МұхтарӘуезов #ЗифаАлуаМұратқызы #jibekjoly
    Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Біздің басты шоуларды көріңіз:
    Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
    Ақорда LIVE: • Ақорда Live
    Ләйлә Сұлтанқызымен сұбат: • Ләйлә Сұлтанқызымен «С...

Комментарии • 277

  • @usergxtyustyrebn0
    @usergxtyustyrebn0 Год назад +100

    Зифа-Алуа Мұратқызы М.Әуәзов немересі- қазақ руханияты әлеміндегі жарық жұлдыз!!! Сізді көріп терең тебіреністе болдым... Хош иісі аңқыған жусанды далаға не жетсін! Қайда жүрсеңіз де аман-есен болыңыз.🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @user-is1xg5nl9j
      @user-is1xg5nl9j Год назад +7

      Ұлының ұрпағы,тектінің тұяағы,недеген керемет!
      Әрбәр ісінен қимылынан зияалылықтың,терең білімділіктің ,тәрбиліліктің қазаққа тән қонақжәилі ,даламызға ұқсас дарқандықтың ілебін сезесің

    • @user-is1xg5nl9j
      @user-is1xg5nl9j Год назад +7

      Тәрбиеліліктің

    • @dosanmomin
      @dosanmomin Год назад +10

      Мұхтар Атаға ұқсайды!!

    • @user-wg5zt5jd4h
      @user-wg5zt5jd4h Год назад +8

      Әкесіне уксайды бар болсын

    • @user-pp8gt8ws1j
      @user-pp8gt8ws1j Год назад +9

      Зифа Алуа Мурат кызы баска улт болса да жаксы адамга куйеуге шыгыпты, сыйлаганы, жаксы коргени биздин тилде сойлеп балалары да, озимиздин улттын жигитине тисе багалар ма еди бир кудай биледи... Голландияда жап жаксы спокойно турып жатыр, табигаты уйлери кандай жаксы, жанга жайлы...

  • @user-jw3vq4xk9o
    @user-jw3vq4xk9o Год назад +150

    Тектінің тұяғы , алтынның сынығы . Шет жерде жүрсе де , ана тілін ұмытпай , салт - дәстүрді сақтап жүрген қандай керемет білімді жандар . Елде тұрғанда осыншама еңбекпен айналыса алмас еді , .білім - ғылымға Қазақстанда жол жабық . Қай елде тұрса да , қазағым аман болсын .

  • @user-kp6ih3hj2u
    @user-kp6ih3hj2u Год назад +50

    Мұхтар Әуэзовтың осындай керемет немересі бар екенін білмеуші едім, жаным жадырап, қуанып қалдым. Нағашыларына үлкен рақмет, жанына қазақ рұхын сіңіріп тәрбиелегендері үшін, өзімізде жүрген қалалықтар қазақ тілін менсінбейді,сөйлемейді.

  • @user-pk2wu5ls5t
    @user-pk2wu5ls5t Год назад +62

    Зифа-Алуа жан уянмен өзінді жаным тіл көзден сақтасын Алла

  • @user-gk5un1ns1b
    @user-gk5un1ns1b Год назад +59

    Қандай керемет! Аман жүріңдер Қазақтың текті ұрпақтары. Қазақ тілін ұмытпай жолдасы мен балаларына үйретіп отырған Зифа - Алуа апамыз бақытты ғұмыр сүріңіз!

  • @shaizatzhunisbek5823
    @shaizatzhunisbek5823 Год назад +33

    Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады!!!

  • @user-ls5lc9qs9g
    @user-ls5lc9qs9g Год назад +38

    Тектілік ұрпағы, алтын сынығы жерлесіміз Зифа-Алуа бауырым риза болдым, жырақта жүррседе қазақ деп жүрегі соғып тұр.

  • @user-to7nt9jk2o
    @user-to7nt9jk2o Год назад +48

    Зифамен мен Алматыда ауруханада бірге жаттым. 78 - 79 - шы жылдары. Ол кезде оқушы едік. Папасы Мұрат Ауэзов келіп тұратын ауруханаға. Сол кезде Зифа айтатын , скрипкада ойнаймын ,- деп . Екеуміздің төсегіміз қатар болатын , 2 - ші балалар ауруханасында жатқанда . Зифаны көріп, бірден таныдым , еш өзгермеген.

  • @user-su4ly9jg3m
    @user-su4ly9jg3m Год назад +25

    Айналайын Зифа -Алуа -Роберт !Сіздер алыста жүрсеңіздер де біздің жүрегімізден орын алдыңыздар ! Алыста жүріп туркі -қазақ мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосып жатырсыздар ,көп рахмет !Кіші ұлдарыңыз Мұхтар атасына қатты ұқсайды екен ,бақытты болсын !Аман болыңыздар ,жақсы хабарлар күтеміз !

  • @user-dz2zo2rd5j
    @user-dz2zo2rd5j Год назад +75

    Керемет! Асылдың тұқымы аман болыңыз!💐💐💐

  • @user-hy8js5fp8w
    @user-hy8js5fp8w Год назад +64

    Керемет фильм,Рахмет .Қандай білімді адам,тегін сақтап ,сонау жат жерде жүрсе де өз еліне қызмет етіп жүргені көрінеді.

  • @user-tk7ti2ml7x
    @user-tk7ti2ml7x Год назад +77

    Кейіпкер туралы орыс тілінде бағдарлама көрген едім, М.Әуезовтай атақты адамның немересі сондай мәдениетті, білімді екені көрініп тұрды, әттең қазақшылығы жоқ-ау деп топшылағанмын. Бүгін биязы дауысты, көркем мінезді, сегіз қырлы, бір сырлы, бақытын шет ел азаматынан тапқан қазақ қызын көрдім!

  • @yersinay7435
    @yersinay7435 Год назад +70

    Мұрат Әуезовтың әйелі орыс деп естіп едім, Зифаның мамасы қазақ болғанына қуаныштымын. Нағашыларының арқасында қазақи болып өсіпті. Қандай керемет жақсы, үлгі тұтатын әйел екен. Жолдасы да өзіне сай. Бақытты отбасы болыңыздар.

    • @user-em1mx5jr6x
      @user-em1mx5jr6x Год назад +2

      Əкесінің анасы Фатима татар қызы болды,ғой.

  • @user-iq1wn3ze7d
    @user-iq1wn3ze7d Год назад +47

    Роберт біздің депутаттардан жақсы сөйлейд екен қазақ тілін..

  • @Azamat_Sarsen
    @Azamat_Sarsen Год назад +14

    Ұлдарының түрі де нағыз қазақ екен, тамаша бала, бақытты болсын !!!!!!!

  • @gulnarakashkenova7344
    @gulnarakashkenova7344 Год назад +56

    Оте куанышты Мухтар Ауэзов урпагы осылай ,быздын казахтардын мактанышы

  • @user-pf2te7lo7m
    @user-pf2te7lo7m Год назад +36

    Алтын тас су түбінде де шірімейді деген осы ғой, керемет жандар екен

  • @sauleabdrahmanova7024
    @sauleabdrahmanova7024 Год назад +30

    Күйеу бала қазаққа ұқсайды екен. Бақытты баянды болыңдар!

  • @Azamat_Sarsen
    @Azamat_Sarsen Год назад +11

    Ойбой, мына Роберт керемет екен, біздің мәңгүрттерге үлгі болсын.Алуа апайымыз ана тілін ұмытпай, қадір тұтып жүр екен.Тектілігі осыдан көрініп тұр. Мәңгүрттерде не тектілік, не білім жоқ, тек былдырлап орысша сөйлеген болады.

  • @user-sy4fq3sz6m
    @user-sy4fq3sz6m Год назад +43

    Тамаша тарих!
    Тегин сақтап,ұлт өкілдерінің еңбектерин зерттегени қуантады.Алла амандығын берсин!

  • @aimanomirbekova6059
    @aimanomirbekova6059 Год назад +34

    Зифа-Алуа апамызға тектінің тұяғы ғой,Мұрат ағаның өзінен аумайды екен.Жездемізге де мың алғыс қазақ тілін мегеріуге ұмтылып білгені өте керемет қазақтың мақтанышы асылдың тұяғы әркезде сіздермен мақтана берейік.

  • @sholpantulegenova9294
    @sholpantulegenova9294 Год назад +59

    Сіңілім Зифаға, оның жанұясына бар жақсылықты тілеймін!

  • @sergalisergali8263
    @sergalisergali8263 Год назад +70

    Тектінің аты текті ғой! Қазіргі орысша шүлдірлеп, "біз ғұламамыз"- деп кеуделерін соғып жүрген мәңгүрттер осыны көрсін, көрсін де өздерінен түңілсін!

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Год назад +31

    Әкесіне қатты ұқсайды екен! Тектілердің тұяғы! Аман болсын!

    • @mirahamit4883
      @mirahamit4883 2 месяца назад

      Папасынын копиясы екен! Керемет!

  • @user-zh8jm6qq6d
    @user-zh8jm6qq6d Год назад +42

    Зифа-Алуа, очень содержательный и показательный фильм получился. Чтобы, кто- бы не говорил, вы и ваша семья могут служить образцом для очень многих! Я специально пишу на русском, чтобы русскоязычные тоже могли прочесть. Живя в далекой Голландии, вы не только не забыли свой родной язык, но и воспитали детей правильно. А Роберт? Он тюрколог. Как от хорошо говорит на казахском! А ваш перевод книги Махмуда Кашгари на русский язык? Это дорого стоит! Спасибо Вам! Шет жерде жүрсеңізде, ана тілінде сөйлеп, балаларыңызды үйретіп, салт дәстүрді сақтағаныңвзға рахмет! Көп адамдарға үлгі! Сіздің қызыныздың айтқан Абайдың өлені " Айттым салем қаламқас " естең кетпейді. Естігенім бар. Аман сау болыңыздар, қайда жүрсеңізде!Еңбектеріңіз жана берсін! Алла жар болсын!

  • @user-fk5vk4ln9g
    @user-fk5vk4ln9g Год назад +68

    Тектінің ұрпағы екені оның қарапайымдылаған, сөйлеген сөзінен, ақылдылығынан, білімділігінен ақ көрініп тұр. Жұбайы сол орыс тілді қазақтарға үлгі боларлық азамат екен. Қазақтың тарихына үңіліп, оны оқып біліп жатыр екен.

  • @user-fj2wj8ct7i
    @user-fj2wj8ct7i Год назад +30

    Керемет жезде Қазақша керемет,сөйлеп отыр👍👍😍🇰🇿

  • @user-xv8dn6zf1m
    @user-xv8dn6zf1m Год назад +10

    Па-шіркін Зифа-Алуа қарындасымыз туралы 1 рет білдім. Аталарының ізін жалғастырып, қазақ мәдениетін дамытып отырған ғалым екен. Не деген тектілік, телегей-теңіз білім. Амандық тілеймін. Ұрпақтары аман болсын.

  • @user-jg1mu4ql2x
    @user-jg1mu4ql2x Год назад +24

    Өте керемет осындай асылдың тұяқтары қалай жүр , қайда жүр ?! бұл деген өте жақсы сұхббат болды . Зифа - Алуа нағыз білімді ұлы тұлға болып ата жолын жалғастырып жатқан азаматша екенін көріп отырмыз . Қайда жүрседе өзінің елін , жерін ,тегін жалғастырып жатқан қызды мақтан етуге тұрады ! Алла жар болсын ! Ұрпақтары өсіп өне берсін білімді жандар !

  • @user-yf6xh2kt8p
    @user-yf6xh2kt8p Год назад +27

    Аман ьолыңыз қайда болсаңызда Құрметті Мұрат Атамыздың қызы !

  • @user-sg2uj5hp4l
    @user-sg2uj5hp4l Год назад +24

    Керемет, қазақ тілін ұмытпаған, амандық және сәттілік тілейміз!

  • @user-ew9ss8hn8m
    @user-ew9ss8hn8m Год назад +8

    Керемет,асылдың тұяғы аманатқа адал болып қазақ тілінде ұмытпай,жанұясына ,ұрпақтарына үйрете білген екен. Күйеуі ле өзі де көптеген тілдерді меңгерген. Зифа бақытты бол. Шаримрв Алпамысқа да осы жұмысы үшін көп рахмет.

  • @gultanatbeisebekova9822
    @gultanatbeisebekova9822 Год назад +12

    Керемет адам! Зифа - Алуа апайымызға , ол кісінің отбасына Алланың нұры жаусын, аман болсын!

  • @user-pp8gt8ws1j
    @user-pp8gt8ws1j Год назад +21

    Бир басында канша талант бар десейши,пианино скрипкада жаксы ойнайды екен, ари жазушы аои галым ари ана 3 бала туган, жаксы жар жаксы кыз Мурат акесинин, жарайсын барекелди Мухтар Ауезовтин немереси..

  • @zmmz8072
    @zmmz8072 Год назад +24

    Жүрегінің түбінде елге деген сағынышы тұнып тұр.

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 Год назад +4

    Не деген тектілік! Ғажап! Күйеуі нағыз интеллегент! Өсіп өніңіздер! Бақытты болыңыздар! 🙏🏼🙏🏼🙏🏼🙏🏼🙏🏼💕💕💕💕

  • @user-wi4jp2qu5b
    @user-wi4jp2qu5b Год назад +35

    Керемет!!Тектінің.аты текті келеді.Адам.сүйсінетіндей үлгілі семья екенсіздер .Бақытты болыңыздар.Ойыңызды тамаша жеткізіп отырсыз.Немерелерім сіздер сияқты оқыған,көзі ашық үлкен тұлға болып өссін деп тілеймін.Аман болыңыздар.Аумин.

  • @user-dg8fd2wj5s
    @user-dg8fd2wj5s Год назад +22

    Керемет! Жолдасы Роберт казакша биледи. Респект 👍

  • @klaraalisheva5824
    @klaraalisheva5824 Год назад +30

    Мине, текти кыз салт-дастурди сактауы барлык казак кызына улги болары созсиз. Осылай белгили тарихи тулгалар тукымымен таныстырган оте дурыс.

  • @user-ov3dm5vt4g
    @user-ov3dm5vt4g Год назад +8

    Жыракта жүрсе де қазақ тілін ұмытпапты. Керемет! Аман болыңыздар

  • @user-tb8ij1bx8j
    @user-tb8ij1bx8j Год назад +16

    Қандай құндылы - рухани дүние,қазақтар үшін.Керемет.Үлкен рахмет! Алла жар болсын бұл кісілерге!

  • @user-gg3qd2cb6b
    @user-gg3qd2cb6b Год назад +22

    Кеудеңе бір шексіз сағыныш ұялатады екен.Қайда жүрсеңізде аман жүріңіз алыптың ұрпағы.

  • @user-bf1xd8ih7k
    @user-bf1xd8ih7k Год назад +28

    Қазақ үшін жұмыс жасап жүрген тектінің тұйағы аман болсын....

  • @user-tw6xt2xi9q
    @user-tw6xt2xi9q Год назад +28

    Тектмлигин сактаган, керемет! Алла колдасын. Тектилик деген осы гой. Казагым тегин сура деген бекер емес.

    • @sauleshaykebaeva899
      @sauleshaykebaeva899 Год назад +7

      Зифа, кандай керемет жан,жолдарында керемет, бакытты жандар сындар,Алла сиздер секилди жануйя сирек кездеседі,эке,ана,эже тэрбиеси, осындай болу керек,ол кисилерге мың да бир рахмет.Кандай тамаша ул осиргенсиздер,мен суйсине карадым фильмде.Сол кисилерге де рахмет,биздин осындай мэлиметтер билгенимизге.

  • @user-wu9ol5tb4l
    @user-wu9ol5tb4l Год назад +7

    Аман жүріңіз қарындасым, өте риза болдым қазқ тілін ұмытпай сөйлеп жүргендеріңізге, тамаша Алла ұзақ ғұмыр берсін 🤲🤝👍

  • @user-yy2mv9qb6u
    @user-yy2mv9qb6u Год назад +44

    Даже Роберт, муж Зифы, заметил, что алматинские казахи русскоязычные.

    • @akerke3977
      @akerke3977 Год назад +11

      Өзінде орысша жазып отырсын🤦‍♀️

    • @mirahamit4883
      @mirahamit4883 2 месяца назад

      Да русскоязычные, и этим многие гордятся к большому сожалению. Все языки знай, но родной язык знать ты обязан!

  • @user-qv9kx3wb7d
    @user-qv9kx3wb7d Год назад +20

    Керемет отбасы Аман болсын

  • @user-er3fx6ed7p
    @user-er3fx6ed7p Год назад +3

    Осындай ұлы тұлғаның ұрпағын көргеніме өте қуаныштымын, қызы Әкесі Мұрат Әуезовке аумай қалған екен😢

  • @user-jo8ic8sb8j
    @user-jo8ic8sb8j Год назад +14

    Қандай керемет
    Тектінің ұрпағы екені көрініп-ақ тұр
    Қаншама тілді меңгерген!!!
    Рахмет жақсы әсер алдым.
    Қайда жұрседе аманболсын!!!

  • @S-999Almaty
    @S-999Almaty Год назад +9

    Зифа-Алуа асылдың сынығы, тектінің тұяғы керемет жан екен, күйеуі де ұнады, апамызды силап, тамақты да бірінші өзіне емес сол кісіге салып беріп отыр, зиялы отбасы, тәрбиелі балалар, тіпті қазақшасы да жақсы. Бір ғанибет алып, қуанып қалдым. Осындай жақсы адамдардың өмірі туралы түсірілімдер көбейе берсін ❗ рахмет ❗💯👏🤗🍎🍏🇰🇿

  • @user-td1fc3uf6q
    @user-td1fc3uf6q Год назад +15

    Қандай керемет жарайсыз жіг
    ітіңіз, Шіркін ай қазақ болғанда ғой

  • @user-jq9su8dn8j
    @user-jq9su8dn8j Год назад +12

    Бақытты болсын.қайда журсе де қазақтар.

  • @user-pm3yn5bq4j
    @user-pm3yn5bq4j Год назад +21

    Керемет👍 аман-саулықта болыңыздар 🤲

  • @amantayainabekova6816
    @amantayainabekova6816 3 месяца назад +1

    Өте қуаныштымын Сіздің Атақты Мұхтар атамыздың алтын тұяғы екеніңізге. Тамаша өте мәдениетті, сабырлы, білімді екені көрініп тұр. Ұрпақ жалғасы деген осы көп рахмет. Сіздермен мақтанамыз.

  • @user-gp6vg2jx7h
    @user-gp6vg2jx7h Год назад +11

    Зифа-Алуа, сиз казах халынын мактаныш тутатын кызысыз! Шетте журсенизде казах тилин умытпай, салт дастурин сактап,атажуртпен кол узбейгенинизге Рахмет ! Гылымда жеткилигиниз бир болек.отбасынызда жолдасыныз, баланыз казах тилинде сойлегенине риза болып отырмын.Казахстанда турып, оз тилин билмейтин ,менсинбейтин мангурттер коп.Аянышты !

  • @user-kn4qz8qo7z
    @user-kn4qz8qo7z Год назад +23

    Қазақшаны жақсы біледі екен

  • @hadiwaaydjanova5350
    @hadiwaaydjanova5350 Год назад +2

    Қайда жүрсе де аман болсын. Зифа- Алуа сіңілім біздегі орыстанған қазақ қыздарына үлгі болсын. Басқа елде тұрса да өз тілін ұмытпай, күйеуіне де қазақша үйреткен, баласы да қазақша біледі, сөйлейді екен. Асылдың сынығы, қай жерде жүрмесін жарқырап тұрғаны. Тегіне тартқан текті екен қазақтың ғалым қызы. Аман болсын қай жерде де жүрсе де!

  • @user-lt6py7wy1x
    @user-lt6py7wy1x 7 месяцев назад +2

    Керемет 🎉🎉🎉
    Қазақтың қыздары өзге ұлтқа шықсандар осы апамыздай болып айналаныздың бәрін, туған бала шағаларынды да күйеулерінді де қазақшылыққа тартындар

  • @kulpashomarkhanova2283
    @kulpashomarkhanova2283 Год назад +3

    Кандай керемет фильм, бірнеше рет сүйсіне қарадым, текті әулеттеріңізге бақытты ұзақ ғұмыр тілеймін 🌷 🌷 🌷 🌷 🌷

  • @shapagatnagyzqazaq9091
    @shapagatnagyzqazaq9091 Год назад +122

    Американский адам келіп біздің тілде сайрап тұр, ал қазақ қазақша білмегені бұл үлкен Қасрет 😔😔😔😤😤😤

    • @user-ev4gt9fq6x
      @user-ev4gt9fq6x Год назад +3

      Жонгарларды казатармен шатастырма, казакша бiлмесе, толеужаттарына "олмей калган жонгар" деп жазу керек, орысша айтканда не надо церемониться

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Год назад +4

      кім жоңғар,шалдан басқа...

    • @user-ev4gt9fq6x
      @user-ev4gt9fq6x Год назад +7

      @@AaaAaa-vj3fc айттык кой казакша бiлмейтiндер, уйренгiсi, сойлегiсi келмейтiндер.

    • @user-jz1zj4oo6x
      @user-jz1zj4oo6x Год назад +9

      Алуа Мұрат қызы өте керемет қазақшаң жақсы екен сол жақта Зүбайда деген қашып барып паналап жүр сол қызды тауып көмек берсең деймін Қазақстанда туралық айтқаны үшін қуғында жүр сол Нидерланд елінде

    • @nurainur6285
      @nurainur6285 Год назад +5

      Асылдың тұқымы

  • @user-hi9rw7iz2j
    @user-hi9rw7iz2j Год назад +1

    Менімен жасты екен. Текті адам деген түсінікті осындай адамдар арқылы түсінуге болады. Шет жерде жүрсе де отбасымен ана тілінде сөйлеп, өз елінің құндылығын дәріптегені біздерге шексіз қуаныш сыйлап, көзімізге жас әкелді. Алғысым шексіз. Рахмет! Бақытты болыңыздар!

  • @user-uj7nv4jf8o
    @user-uj7nv4jf8o Год назад +37

    Роберт жезде ризамыз акпемізге ризамыз Мұхтар ағамызға бәрі қүсайды Робертте аман сау болыңыздар.

    • @user-ip7mm9hg4l
      @user-ip7mm9hg4l 10 дней назад

      Ой айналайын аман -есен болыңдар. Жами деген Алла Тағала жарлықа дегенді де білдіреді. Амандықтарыңа тілекшіміз. Қуанып қалдым ренжіп отыр едім ....Мықты денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз отбасыңа айналайын Зифа-Алуа.

  • @sholpantulegenova9294
    @sholpantulegenova9294 Год назад +36

    Зифаның нағашы атасы Мәтен ағай Атбасар уезінің сүлтаны болған Мейрам Жанайдаровтың немересі. Ал Жанайдар Кенесарының қолбасшысы болған. Ұлытау облысы Терісаққан ауылында Мейрамның мазары бар. Зерттей берсе, тұнып тұрған тарих. Мұрат аға менің жездем. Ал өзім Жезқазғанда көп жылдар музейде қызмет істегенмін

    • @user-st7eh8yj1i
      @user-st7eh8yj1i Год назад +2

      Керемет..шежіре жазу керек.

    • @user-bc5sq9ks5x
      @user-bc5sq9ks5x Год назад +1

      Һэ
      Керемет !

    • @user-db8xq1zm9y
      @user-db8xq1zm9y Год назад +4

      Тектилер деген осы бакыты болындар Аллах жар болсын кайран казаха, ел аман журт аман болсын.

    • @user-og2mj4ze3q
      @user-og2mj4ze3q Год назад +2

      Анасы да текти жерден болып тур гой.Анасы ким кандай адам болган?

    • @user-bn8mq9bj8m
      @user-bn8mq9bj8m 8 месяцев назад

      ЗифаАлуа атыңнан айналайын.сексенбестегі әжемін.бақытты болыңдар

  • @user-bi3zy3dv6u
    @user-bi3zy3dv6u Год назад +20

    Озы де киеуы де молодцы

  • @user-pn7ic7yy5w
    @user-pn7ic7yy5w Год назад +1

    Қандай керемет! Қазақ тілінде сөйлегеніне , жолдасы да қазақ тілінде сөйлегеніне өте риза болдым. Аман - есен болыңдар! Бұл бізге өнеге!

  • @user-mf9bl6qt8u
    @user-mf9bl6qt8u Год назад +1

    Керемет бағдарлама болды. Зифа апайымызбен таныстырғандарыңызға көөөп рақмет! Ұлы адамның асыл тұяғы. Атасының атына заты сай екен.

  • @TheKing-wu4hs
    @TheKing-wu4hs Год назад +20

    🤍🤍🤍🔥🔥🔥💞💞💞🔥🔥🔥🔥🤍 МУХТАР ӘУЕЗОВ АТАМЫЗДЫҢ ҚЫЗЫ АПАМЫЗ АМАН БОЛСЫН ЖОЛДАСЫМЕН БАЙБАҚУАТТЫ БОЛСЫН 🤍🤍🤍🤍💞💞💞💞🔥🔥🔥🤍🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🙏

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Год назад +6

      Мұраттың қызы,Мұқтар Әуезовтың немересі.

    • @TheKing-wu4hs
      @TheKing-wu4hs Год назад +6

      @@AaaAaa-vj3fc ИЯ РАХМЕТ СИЗГЕ 🤍🤍🤍🤍🔥💞 МУХТАР АТАМЫЗДЫҢ НЕМЕРЕ ҚЫЗЫҒОЙ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЛЫП ТУЛҒАСЫ

    • @dastan96777
      @dastan96777 Год назад +3

      Зипа апайды Бөрліде көргенбіз. Бала-шағасымен келген. Керемет жандар. Нағашы атам Бекен Исабаеа екеуі де турколог ғалым, Мұхаңа қүдай берді, тамаша адамдар деп мақтанып отырды. Атам қайтыс болғанда Зипа апайдың жазған қайғырып көңіл айтқан хатын оқып риза болдық.

    • @user-oi5hb9wq9g
      @user-oi5hb9wq9g Год назад

      @@dastan96777 тамаша! Бекен Исабаев Менин казак тили мен адебиеттен сабак берген устазым! Мен Сол жакта Каскабулакта окып 7-8 классты, Борлиде турдык.

  • @user-li6rm8ko3g
    @user-li6rm8ko3g Год назад +12

    Просто браво👍

  • @user-pr8en2ie6h
    @user-pr8en2ie6h Год назад +2

    Қандай керемет жандар.
    Атасынан Мұхтар Ауезовтан аумай қалған.
    өте қуаныштымыз қандастарымыз өз тілін құрметтеп отырғаны.
    Атасының аруағы ырза болсын.
    Жазушы Мұхтар Ауезов атамызды өте жмқсы көретінбіз.Киелі домбыраның шет елде танымалы болғаны өте қызықтырады,жане қазақ тіліне өте құрметтпен қарағаны ұнады.
    Екі балапандарының қазақ тілін білгені таң қалдырады.
    Ар қазақ менің жанғызым,деп бекер айтылмаған.
    Өте тарбиелі текті тұқымынан шыққандары көрініп тұр.
    Аман-есен болыныздар.
    ар кез кездесіп тұрғанға не жетсін.
    Қазақ елі сіздерді құрметпен қарайды.жақсы көреміз.
    Сұхбаттарынызға үлкен рахмет
    Алланың рахымы жаусын от-басыларынызға.

  • @zhannayergabylkyzy805
    @zhannayergabylkyzy805 Год назад +1

    Қандай ғажап жандар. Асылдың сынығы. Балаларының қазақ тіліне деген құрметіне риза болдым. Аман болыңыз!❤

  • @user-zy5yu3wx5w
    @user-zy5yu3wx5w Год назад +10

    Рахмет! АманЕсен ,бахытты болыңыз!

  • @amantayainabekova6816
    @amantayainabekova6816 Год назад +1

    Атаңыздың жолын берсін бауырым. Көп рахмет. Мұхтар ата қазахымыздың мақтанышы. Әлем таныған Мұхтар Әуезов атамыз.

  • @user-ff1hx5ex8o
    @user-ff1hx5ex8o Год назад +5

    Шіркін -ай дейсейші .бізде ақылды жақсы адамдар сыртта жүр .бізде бағаланбайды .

  • @user-fw9cb7ok1n
    @user-fw9cb7ok1n Год назад +4

    Жарайсың қазақ қызы

  • @user-hc6ux8xk3z
    @user-hc6ux8xk3z Год назад +2

    Қазақта ,, Ұлық болсаң
    Кішік бол ,, дейді ғой . Атақты Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа Алуа сіңліміз осы әңгіме барысында өзінің тектілігін көрсетті . Қандай ғанибет қаншама жылдар бойы шет елде тұрсада өз тілінен жерімей ана тілінде сөйлегені және 9 тілді білудің өзі көп еңбектің жемісі . Ал скрипкада ойнағаны тіпті керемет ! Бұл аспапта абсолюттік тыңдау қабілеті бар адамдар ғана ойнайды . Көп адамға берері бар кездесу болды , сол үшін сізге мың алғыс !

  • @user-yg2pz2ud3b
    @user-yg2pz2ud3b Год назад +8

    Тектіден текті туады
    Тектілік тұқым қуады

  • @user-cp2vs8ze9i
    @user-cp2vs8ze9i Год назад +2

    Рахмет,осындай зиялы адамдар туралы түсірілген фильмдер көп болса екен,анасы туралы айтылмаған екен

    • @user-rb7ps8cr3t
      @user-rb7ps8cr3t 2 месяца назад

      Мен де Анасы туралы айтса екен деп , тосып едiм . Есiмi Корлан екен гой , Хорлан

  • @user-it4ll4bg2r
    @user-it4ll4bg2r 7 месяцев назад +1

    Керемет!!!❤❤❤ Қандай білімді жандар!!!Осындай адамдапдан үлгі алу керек!

  • @user-gr5vb5wo6g
    @user-gr5vb5wo6g Год назад +4

    Жарайсың, Роберт. Баска мемлекетте турап казак тилин биледы

  • @user-yp1kc9no1x
    @user-yp1kc9no1x Год назад +15

    Жарқыраған ай маңдайы атасы Мұхтарға дәл ұқсайды екен

  • @user-jx4zc1ve4t
    @user-jx4zc1ve4t Год назад +19

    Айналайын, Зифа-Алуа! Сенің нағашы әжең Нәзікен апайдың құрдас-достықта өмір сүрген менің анам мен әкем. Қарағандыда жиі қатынап тұратын. Есіңде ме, Алматыда Мәтен атаң, Хорлан анаң, екі қызыңмен біздің үйде қонақта болғансыз. Сәлеммен, Тұңғышбаева-Бөкейханова Райхан Қалжан қызы.

    • @RONALDO_CR-yu6cl
      @RONALDO_CR-yu6cl Год назад +3

      Сәлеметсізбе, сіз Әлихан Бөкейхановтың ұрпағысыз ба?

    • @RONALDO_CR-yu6cl
      @RONALDO_CR-yu6cl Год назад +4

      Жауап берсеңіз жақсы болар еді.

    • @user-dg8fd2wj5s
      @user-dg8fd2wj5s Год назад

      @@RONALDO_CR-yu6cl Алихан Бокейхановтын тек бир урпагы Москвада турады, казакша билмейди. Казакстанға шақыртумен 1-2 ак рет келипти

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Год назад +1

      Сергей Бөкейханов...

    • @RONALDO_CR-yu6cl
      @RONALDO_CR-yu6cl Год назад

      @@user-dg8fd2wj5s рахмет

  • @user-gn8ci2kb2s
    @user-gn8ci2kb2s Год назад +26

    АтасынаКереметұқсайды💐💐💐

  • @user-zm4sb1rp9y
    @user-zm4sb1rp9y Год назад +10

    Кайда журсенызде де аман болыныз .

  • @Rysty_____
    @Rysty_____ Год назад +13

    Керемет. Зифа атасына ұқсайды екен.

  • @AynurSagidoldina
    @AynurSagidoldina Год назад +16

    Не деген білімді

  • @user-oi5hb9wq9g
    @user-oi5hb9wq9g Год назад

    О, керемет! Осы Роберт Менин курастырган казак тили китабимди толыктай карап, рецензия жазган еди 1996-97 жылы, содан мен оны кайтадан дурыстап курастырдым. Оте билимди лингвист профессор! Мын алгыс! Зифа екеуинди корип отырганыма оте куаныштымын! Аман болындар!

  • @janibekxodjanyazov5369
    @janibekxodjanyazov5369 Год назад +7

    Рахмет сау бол

  • @beke155
    @beke155 Год назад +6

    Керемет

  • @Asel-t8c
    @Asel-t8c Год назад +15

    Осы кісі жас кезінде Роберт казакшаныз калай деген передачага катысты

    • @user-ru1gm5bd3m
      @user-ru1gm5bd3m Год назад +6

      Сонау шетте журседе казак зиялыларын урпагына шексиз мактан тутамыз гумырыныз узак болсын

  • @user-gt2lu2zk5l
    @user-gt2lu2zk5l Год назад +17

    Зифа замечательный человек!

  • @user-cr8pt6mb1u
    @user-cr8pt6mb1u 7 месяцев назад

    Асылдың ұрпағы! Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан бақыт, байлық, денсаулық, ырыс, береке ынтымақ кетпесін! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

  • @user-fk9lx3lk6p
    @user-fk9lx3lk6p Год назад +1

    Тектинин тукымы ,мине халхын ,жерин жан танимен суйу деген казакты алемге тануту коп- коп рахмет тусургендеринизге

  • @user-em1mx5jr6x
    @user-em1mx5jr6x Год назад +2

    Керемет !

  • @user-ip7bi2vx6s
    @user-ip7bi2vx6s Год назад +5

    Қандай тамаша. Тектінің үрпағы. Қасқырдан қасқыр туады иттен ит туады

  • @user-dg8fd2wj5s
    @user-dg8fd2wj5s Год назад +12

    Атасынан аумайды екен бет әлпеті, болмысы

  • @TheKing-wu4hs
    @TheKing-wu4hs Год назад +6

    💞💞💞🔥🔥🔥🤍🤍🤍🔥🤍 НЕМЕРЕ ҚЫЗЫ ЗИФА АЛУА АПАМЫЗ ЖЕЗДЕМИЗ РОБЕРТ ФРЕДОМЕН БАҚЫТТЫ БОЛСЫН ЖУЗ ЖАСАСЫН ЖЕЗДЕМИЗДИҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ТАЗА СӨЙЛЕП ТУРҒАНЫН КӨРІП ТӘНТІ БОЛДЫҚ 🤍🔥💞 КЕРЕМЕТ 🤍🤍🤍🤲🤲🤲🙏

  • @user-gn8ci2kb2s
    @user-gn8ci2kb2s Год назад +9

    Кереемет👍👍👍

  • @sholpani4810
    @sholpani4810 Год назад +3

    Керемет!!!!

  • @user-jj8rl5wt9e
    @user-jj8rl5wt9e 7 месяцев назад

    Керемет түсірілім болды! Рахмет! От басы аман болсын! Рахмет!

  • @user-gn8ci2kb2s
    @user-gn8ci2kb2s Год назад +7

    ТамашаКереметАманболыңыздар