"Қостанай" арнасы "Тобыл таңы" бағдарламасы. Қостанай ауданы Мичурин орта мектебі Рухани жаңғыру.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 фев 2025
  • «Рухани Жаңғыру» - қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен білімге баулуын дәріптеу, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негізгі бағыты болуы қажет.
    Білім беру мекемелерінде жарық көргеніне 3 жылдан асқан "Рухани жаңғыру" бағдарламасының 12 арнайы жобасы жүзеге асуда.
    Мичурин орта мектебінде оқу жылы басталар бұрын Қостанай аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектепшілік жоспар құрылды. Жоспар барлық 12 арнайы жобадан және аталмыш бағдарламаның жалғасы болып табылатын Нұрсұлтан Әбішұлының 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясындағы жобалардан тұрады.
    Қазіргі таңда оқыту формасы қашықтықтан болып жатса да, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру 100% орындалып жатыр. Оған куә бүгін "Қостанай" арнасындағы "Тобыл таңы" бағдарламасында өткен тікелей эфир көрсетілімі. Тікелей эфир жоғарыда аталған тақырыпқа арналып оған мектебіміздің директоры Даданова Айнаш Молдакишевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Казыбаев Ерасыл Манасович және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульмиран Абильхановна қатысып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылуы туралы сұхбат берді. Эфир соңында бағдарлама қонақтары қашықтықтан оқытудың тиімділігі туралы тілге тиек етіп, "Тобыл таңы" бағдарламасының көрермендеріне таңғы көңіл күй сыйлап, жүргізушілерге жылы лебіздерін білдіріді.
    Тікелей эфирге шақырған "Қостанай" арнасының ұжымына және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруда әдістемелік көмек көрсеткен Қостанай ауданы әкімідігінің "Білім бөлімі" ММ "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылымдық бөлімше жетекшісі Абилькасымова Айгуль Бектурсыновнаға алғыс білдіреміз!
    @qostanaitv
    @otdelobrazovaniiakostanayreg
    @uo_kst

Комментарии •