ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
HTML-код
- Опубликовано: 7 фев 2025
- Жуырда Татарстанның Мамадыш қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 12 елінен ең талантты деген тəжірибелі балуандар қатысқан додаға Қазақстан ұлттық құрама командасы да қатысып, туған елге олжалы оралды. Әлемдік додаға Түркістан облысынан жалпы 9 спортшы қатысты. Оның 9-ы ұл балдар және 4-і қыздар. Қорытындыға келгенде түркістандық саңылақтар 2-алтын, 1-күміс медальді олжалап, көк байрағымызды көкте желбіретті.
Белбеу күресінен өткен əлем чемпионатында күрескен Түркістан облысының бір топ жас балуандары өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Атап айтқанда боз кілемде талантымен танылған түркістандық 85 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Кәрім мен 95 келідегі жерлесіміз Алмас Темірбай алтын медаль иеленді. Бұл қос балуан да Түркістан облысының болашағы жарқын дарынды спортшылары. Бапкерлері - Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Қуат Байқожаев.
Сонымен қатар əлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған облысымыздың талантты балуан қызы Ақбота Қыдырәлі 63 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.
Жеңісті күндер көп болсын!
👍👍👍👍👍 Туркестаннын атын Дуние жузiне таныта бер палуан.