Саналы бала/ Санжар Керімбай: Заманауи методикаларды мойындамаймын...

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • Қазақстандағы сұранысқа ие методкамен бала оқытқыңыз келсе, астындағы сілтемеге өтіп, тегін сабаққа қатысыңыз⏬
    sana1.kz/
    Санжар Керімбай
    Instagram: www.instagram....
    Аюбек Айгерім
    Instagram: www.instagram....

Комментарии • 224

  • @БотакозОрынтай-ъ4т
    @БотакозОрынтай-ъ4т 7 месяцев назад +207

    Біз мен 3 жаста болғанда 1993 жылы Монғолиядан көшіп келдік. Қарағанды облысында тұрдық, көршілеріміздің ойнайтын балалардың бәрі орыс 6 жасымда көршінің қызы 1 сыныпқа баратын болды, менің де тілім орысша шығып кеткендіктен орыс мектебіне берсек деген ұсыныс түсті, мен Монғолиядан туыстарыммен сөйлесе алмай қаламын қазақ мектебіне барамын деп келесі жылы қазақ мектебіне бардым. Оқуда озат болдым, қазақша оқыдым, бірақ жұмыста іс қағаздарын орысша жүргізетінбіз. қазір балаларымның орыс тіліне жұтылып кетпеуін қадағалаймын, мұсылман екенімізді естеріне салып отырамын, менің үздік маман болғаннан гөрі балаларыма дұрыс жол нұсқағаным маңызды екенін мойындаймын және сол бағытта жұмыс жасаудамын.

    • @ҒалымжанКерімов
      @ҒалымжанКерімов 7 месяцев назад +11

      Казір балға Қазақ мектетінде білім алғаны дұрыс...

    • @Гульнар-ц5г
      @Гульнар-ц5г 7 месяцев назад +14

      Дұрыс жасағансыз❤Орыс тілінің болашағы жоқ.

    • @НурмаханКарабалаев
      @НурмаханКарабалаев 7 месяцев назад +13

      Керемет игі іс нағыз патриоттық Құдай қолдасын.

    • @ЕржанХаныкей
      @ЕржанХаныкей 7 месяцев назад +6

      Дұрыс

    • @Azhar-i8s
      @Azhar-i8s 6 месяцев назад +8

      Мен ұлымды 1-кластан орысша оқыттым уйткені өзім шетелден көшіп келіп,алматыда орыс тіліннен абден көресінді көрдім,қазақтардың өзі орысша сөйлемесең қарамайтын мәңгүрт болды,бірақ балам қанша орыс тілінде оқысада қазақша ойлайды қазаққа буйрегі бұрылып тұрады ,себебі бізде баламыз кішкентай кезде қазақ ертегілерімен сусындаттық соған қуанамын😊

  • @БерикБаймурат-я6у
    @БерикБаймурат-я6у 6 месяцев назад +73

    Неге қазақ теле арналарында осы Санжар ағымызды көрсетпейді, қайдағы жоқ бағдарламаларды бергенше....

  • @ГаухарЖолмаханбет-э9п
    @ГаухарЖолмаханбет-э9п 7 месяцев назад +82

    Қазақта "Ер туған жеріне" деген сөз бар. Туған ауылындағы мектептен соң оқымай, вино ішіп, темекі шегіп, қайда вешір, қайда төбелес деп жүрген, жасы 24-30 дың арасындағы отыз шақты жігіттерді жаз бойы бір тиын алмастан оқытып, одан әкеліп Алматыға жоғарғы оқу орындарына түсіріп жіберген еңбегін ерлік деп айтуға тұратын шығар.
    Ең алғаш осы ісін естігенде- ақ бұл кісіге құлап түскенмін. Қазір сол жігіттердің бәрі өмірден өз орындарын тауып, бақытты өмір сүріп жатыр. Және олардың біразын танимын, өмірде араласамын.
    Санжар ағаның осындай айқайламай, өзін жарнама жасамай, міндетсінбей жасаған талай істеріне өзім куәмін. Сол себепті де жақсы көремін, сыйлаймын, құрметтеймін. Шығарған кітаптарын әлеуметтік желі бетінде барынша насихаттауға тырысатыным да сондықтан.
    Бұл подкаст бұрынғы подкасттан өзгерек екен. Бала тәрбиелеп отырған барлық ата- ана мен мұғалімдер көріп шықса деймін.

  • @AdilbekNabi
    @AdilbekNabi 7 месяцев назад +60

    Санжар көкемнің Ақдалада мектеп ашып, 30 ға келген жігіттерді тем более ішіп шегіп жүрген жігіттерді оқытып университетке түсіргенін естідім. Егер оларды оқытпаса қаншама адам жұмыссыз оқымаған адам болып ауылда жүрер еді. Нағыз ағартушы көке

  • @erke_qr
    @erke_qr 7 месяцев назад +71

    Санжар аға айтқан инстаграмда отыра беретін еріншек ата-ананың бірі мен екенмін. Қыздарым қазақ мектебінде оқыса да, тек орысша сөйлеп жүр. Таза қазақша сөйлеуге тырыссам да, 2-дегі ұлым да қыздарға еліктеп орысша сөздер айтып келеді. Өзбекәлі, Бейсен ағаларымыз туралы, Қуыскеуде кітаптарын оқып шықтым. Жылап тұрып оқыдым ғой кей жерлерін. Балаларыма Әлдиден эпосқа дейін кітабынан күнде бір шығарма оқытуды бастадым: оқып шығып, мазмұнын айтады. Түсінбей, қиын деп жылайды😂 Басында улап-шулап оқитынбыз, енді тек түсінбеген сөздерін келіп сұрап алады. Осыны дәстүрге айналдырып, бұйырса қиссаларды да жаттап бастаймыз деген үміттемін🙏🏻 Осындай ағартушы ағаларымыздың еңбектері жемісті болсыншы! Балаларымыз саналы, ұлтжанды болып өссе болды емес пе, қалғанының бәрі бар елімізде! Рақмет керемет сұхбатқа❤️

    • @ЖанатРайысова-и1ч
      @ЖанатРайысова-и1ч 7 месяцев назад +10

      Лайым барлық ата -ана сендей ойласа ұрпағымыз жақсы,тәрбиелі ұрпақ болып шығар еді.Еңбегіңнің жемісін көр!

    • @janelsakenkyzy
      @janelsakenkyzy 6 месяцев назад +2

      Пікіріңізге бас ием,тыңдарман.тыңдаушымызда құлақ ассақ болар еді.арнаға бөлімбей өзен болып қосылады,түбі теңіз.

  • @АлмагулУмаргалиева
    @АлмагулУмаргалиева 6 месяцев назад +43

    Санжар мырза сізге көп-көп рақмет!Санама сілкініс бердіңіз!Ұйықтап жатқан нейрондарымды ояттыңыз!Жасым 50 ден кетсе де,шіркін, сол сіздің лагеріңізде оқысам ғой деп армандаймын.Отыз жігітті оқытуға сара жол салғаныңыз ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ОТЫЗ ҒАЛЫМ ҚОСҚАНЫҢЫЗ деп білемін. Аман жүріңіз, бала-шағаңыз бақытты болсын!

  • @Baha-w8o
    @Baha-w8o 7 месяцев назад +76

    Санжар Керімбай нағыз Мәдениет министрі болатын адам ғой негізінде

  • @АкмаралБатырова-ю4ы
    @АкмаралБатырова-ю4ы 7 месяцев назад +61

    Мына подкасты көрген кез келген көзі ашық жан жазғы каникулда өз туыстарының бала-шағасын жиып дәл осы Санжар ағайдай жыр жаттатып қолданысқа кезек күттірмей көшуіміз керек

  • @ГульжазираДаумбаева-т7х
    @ГульжазираДаумбаева-т7х 7 месяцев назад +16

    Бала тәрбиесінен бала қалыптасады. Бала бұл осы елдің болашақ адамдары. Мен бала психологы. Балабашда жұмыс істеймін. Балалар ұйықтар кезде ешқандай сурет көрсетпей ақ өзім кішкентай екі кейіпкері бар ертегіні дауыстарын салып рөлге кіріп айтып беремін. Балалар тып - тыныш жатады. Әрі 5 - 7 минут. Содан кейін бала ұйықтап кетеді. Тұрған соң сол кейіпкерлерді талқылаймыз. Күнде түстен кейін энспц. бір жануар, жәндікті оқимын. Жеке меншік балабақша. Бәрі оқып, есеп шығарып тұр…. Айтпағым көбірек кітап оқып, оны әртіс сияқты оқу керек. Бала мықты болады. 🙏❤️🫶

  • @ЖұлдызАят
    @ЖұлдызАят 7 месяцев назад +46

    Құрметті, Санжар ағай! Ақпараттық семіздікті көтере алмай, бағытымызды анықтай алмай жүргенде Сіздің әдіс бізге - КОМПАС болды! Халел Досмұхамедовтің сөзі­мен айтсақ, «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөй­лесең, бұл - күйініш» екенін БЕКІТІП БЕРДІҢІЗ. Әрі бойымыз мазасыздықтан арылып, жыр жаттап, сары кітаптарды оқудан артық берекелі істің жоқтығын ТЕРЕҢНЕН ТҮСІНІП бір жасап қалдық. Болашаққа СЕНІМ, СЕРГЕКТІК, КҮШ-ҚАЙРАТ сыйладыңыз!

  • @Qasietkluby
    @Qasietkluby 7 месяцев назад +33

    Сұхбатты жүргізушіге де сұхбат беруші Санжар бауырыма да алғысым шексіз!
    Құдай қуат берсін, тіршіліктеріңізге береке берсін!!!

  • @Бакдаулет-и6ы
    @Бакдаулет-и6ы 6 месяцев назад +20

    Ассалаумалейкум қазақ халқы. Санжар ағаның бір өзі халықты ағартуға аздық етеді. Оған көмек ретінде баршамыз өз семямызда жыр-дастанды жаттап үлес қосуымыз жөн болар!

  • @АйгүлХудайбергенова-щ5ш
    @АйгүлХудайбергенова-щ5ш 7 месяцев назад +21

    Баламды кішкентай кезінен ағылшын, орыс тілін үйрене берсін деген қисық түсініктен құтқарып қалдыңыз. Рақмет, сізге Санжар аға!

  • @yerzhikyessenov5857
    @yerzhikyessenov5857 7 месяцев назад +24

    Мына подкастты көріп кеудеміздің қуыс, миымыздың тақыр екенін сезіп, Санжархан ағамызға жол тартуға ниет еттім😊

  • @ЕркинМейрамбекович
    @ЕркинМейрамбекович 7 месяцев назад +15

    Санжар сен анызга айналып жатырсын,озин осыны сезесин бе.Мен сенен улкендеумин жас жагынан,кезинде Баукен жайлы Акикат Пен аныз шыкквнда катты Асер алган едим,енди сен шыгып отырасын мына бейбит кунде.Оте ризамын .Максат муратына жете Бер айналайын.

  • @aijanzhorashova3709
    @aijanzhorashova3709 7 месяцев назад +17

    Қаншама құнды ақпарат алдым!Санжар ағайды шынымды айтсам енді танып келе жатырмын.Осы уақытқа дейін білмегенім үшін өкінемін.Бала тәрбиесіндегі құнды кейстерді де өз тәжірибемде қолданамын деп шештім. Расында фин, жапон, кәріс т.б. шетелдіктердің білім беру технологияларын үлгі етіп ала бергенше ұлттық төл технологиямызды жандандарыу керек. Қазіргі оқу үдерісіне осы айтылған дүниелерді қоссақ қандай күшті болар еді.Ол кезде үлгерімі төмен оқушы болмайтын шығар.

  • @БерикТанирбергенов-ъ4в
    @БерикТанирбергенов-ъ4в 7 месяцев назад +11

    Тууу мына Сәкеңнің әңгімесін-ай ааа бүкіл жастығымды есіме салдау ааа😊😢😂

  • @ГаухарЖолмаханбет-э9п
    @ГаухарЖолмаханбет-э9п 7 месяцев назад +22

    Ақдаладағы лагердегі оқу барысына бастан- аяқ өзім куәмін. Бір өтірігі жоқ әңгіме. Сұхбат керемет! Әйгерім сізге рахмет!

    • @АрысАрыссс-ф9ъ
      @АрысАрыссс-ф9ъ 6 месяцев назад

      😂😂😂😂турмеге жапкызган балдарше сен не былесын

  • @АйнашАбеновна
    @АйнашАбеновна 7 месяцев назад +12

    Санжар мырзаның берген сұхбаты мен кітаптарын қарап керемет рухани ой түйіп, көкірек көзім ашылып, ұлттық тәрбиенің құндылығын мойындадым. Қазіргі жас ата-ананың бала тәрбиесіне ойланбай бағыт алар темірқазығы - ұлттық тәрбие болуы керек!

  • @Bekershi
    @Bekershi 7 месяцев назад +15

    Санжар ағамыздың ғұмыры ұзақ болсын! Мәдени майданның майталманы!

  • @газизтугамбаев
    @газизтугамбаев 7 месяцев назад +14

    Алла ғұмыр берсін.Осындай ағаларымызды барында қадірлеп жүрейік. Насихаттарын тындай қана қоймай, іс іәрекетке көшуіміз керек. Отан от басынан басталады дегенді кеш түсініп жатқанымыз өкінішті. Әр адам өз отбасына Санжар ағамыздай, Санжар ағамыз айтқандай қараса болашағымыз мәнді болмақ.

  • @МаржанТоктарбекова-у3н
    @МаржанТоктарбекова-у3н 7 месяцев назад +28

    Керемет подкаст болды. Мықты идея келіп басыма, көршілер тобына 7-13 жас аралығындағы балаларды өз үйімде салт- дәстүр, әдеп, ырым тиымдар, Қисса, аңыз, жыр, ертегі үйретемін, смартфонсыз уақыт деп жазып жібердім. Залымды балаларға дайындап қойдым. Бұйырса бөлісемін ғой. 😊😊

  • @АигульБаев
    @АигульБаев 7 месяцев назад +12

    Санжар ағаның ғұмыр жасы ұзақ болсын. Ғибратты әңгімелерін тыңдай бергің келеді...

  • @faridaakbaeva2373
    @faridaakbaeva2373 7 месяцев назад +13

    Қызық сұхбат болыпты! Күшті!!! Көп ақпарат алдым! Әйгерім, сұрақтар жүйелі болды. Көп рақмет!

  • @user8063
    @user8063 5 месяцев назад +3

    Ғылыммен қара бастың қамы үшін емес, халық үшін айналысып жүрген азаматтар ғой, Финляндияны оқып жатырмын, Снелманға Санжар ағайды ұқсатамын, Отбасы Хрест қандай кітап шығарса бәрін алып оқи беретін болдық…
    Бұрын 5 жасар баламның сұрақтарына жауап таппай абдырап қалатынмын, қазір “Адам да, құстар да, жануарлар да Құдайдың жаратқан жәндігіміз..” деп өзі жаттап алған Отбасындағы 30 сабақ кітабымен жауап берем…
    Құдай қарасып, осындай ағалар келіп тірі қалаған қазақпыз ғой

  • @daniyar.yergesh
    @daniyar.yergesh 7 месяцев назад +23

    миым жарылып жатыр) жасым 24те турик лицейин битиргем, казактын мадениети тарбиеси , улттык кундылык, батырлар жыры тагысын тагы жайлы осы жылы уйренип билип жатырмын, Озбекалинин китабын окып одан кейн Куыскеуде окып, енди планда кооп отбасы хрестоматисынын китаптары тур, бирге талкылап окып синиретин адам табу керек буйырса

    • @МеруертДутбаева
      @МеруертДутбаева 7 месяцев назад +2

      Қай қаладансыз? Алмтыда қосылып талқылайды

    • @daniyar.yergesh
      @daniyar.yergesh 7 месяцев назад +5

      @@МеруертДутбаева алматыдамын, әрине мен пока ойланып жүрмін может Бейсен және болмысты алармын жақында, бірақ Яссауи Феномені мен Қисса сул Әнбиә да қызықтырып тұр😍😂

    • @aygulzhubaikyzy3381
      @aygulzhubaikyzy3381 7 месяцев назад +4

      Бағың бес елі бала екенсің

    • @МеруертДутбаева
      @МеруертДутбаева 7 месяцев назад +5

      Охоооо міне енді ұқтым, біз балабақша орысша болса да неге қазақи боп қалдық десем , ата апамыздың үйінде үнемі батырлар жырын оқып жұтылғаннан аман қалған шығармыз.

    • @ЕспенбетоваАйман
      @ЕспенбетоваАйман 7 месяцев назад +3

      Алматыдан болсаңыз, Білгім келеді деген клуб бар, әр сенбі күні сағат 15:00де офиста, мкр шұғыла, 340/3, 17 осы адрессте өтеді, қалаған адам, жасына, жынысына, статусына, дәрежесіне қарамай бәрі келеді. Сонда барыңыз, керемет сергіп, тың ойлармен қайтасыз.

  • @aygulzhubaikyzy3381
    @aygulzhubaikyzy3381 7 месяцев назад +10

    Көктен іздеп шарқ ұрып, кембриж боламыз ба қайтсек оқу үлгерімі жақсартам дегенді Санжар ағай тегін ақ айта салыпты ғой. Практика мен іс жүзінде дәлелдепті неше қайта. Соңғы туған балаларда ет пен сүйектен жаралыпты ешқандай альфа бета айфонмен алты аласы бес бересі жоқ екен ғой. Ата аналар мен мұғалімдерге жақсы лайфхактар айтылды. Тез жазып, тез біреулермен бөлісе қояйық. Әйтпесе ақпараттың тасқыны жұлып әкетеді.

  • @kulyashzhumasheva9780
    @kulyashzhumasheva9780 7 месяцев назад +11

    Иа,1992ж кейін ата/ана балаларын алысқа жібермеді,өз қаламыздағы ЖОО оқытты.Керемет сұхпат!Санжардың әңгімелері бір біріне ұқсамайды.

  • @megos9999
    @megos9999 7 месяцев назад +9

    Менде 1 жыл болды бақылап жүргеніме Санжар ағамды қолданып жатырған методикасы керемет және дәлелденген бұйырса АЛЛА қаласа болашақ балдарыма қолданамын. Сұхпат керемет болды сұрақтар орынды ал жауаптарға келсек жауап фактімен тәжірибемен берілді бір сөзбен қайталап тындайтын сұхпат іші толы хикмет екен.

  • @martaoryntay8516
    @martaoryntay8516 7 месяцев назад +14

    Керемет, ата-аналар чаты мен мектептің мұғалімдері отыратын чаттарға бөлісіп қойдым. Қолымыздан келетіні әзірге осы болып тұр. Айтудан да жалықпаймыз, бірақ олардың жетесіне жете алмаудамыз... тағы да басқа чаттарға бөлісіп қойдым. Сіздер де солай істеңіздер

  • @ГульзадаЖалмагамбетова
    @ГульзадаЖалмагамбетова 7 месяцев назад +9

    Рахмет! Керемет құнды ақпарат ,саналы әңгіме болды.Санжар қазақтың маңдайына біткен жұлдызы.Темірбек Журген аталарымыздың жолымен келе жатыр екенсіз Күш- қуатты болыңыз!

  • @ФаридаЖумаканова-п8в
    @ФаридаЖумаканова-п8в 7 месяцев назад +10

    Керемет әдіс,алдымен өз тілін біліп,өз ауыз әдебиетімен сусындаған баладан ертең ел тұтқасын ұстар мықты азаматтар шығады.Санжар аға,үлкен рақмет! Еңбегіңіз еселене берсін.Таптырмас кеңес беріп жатырсыз.

  • @zubayrabarbolova9924
    @zubayrabarbolova9924 7 месяцев назад +12

    Өте құнды әңгіме айтылып жатыр.Санжар Керімбайдың кітаптарын оқып жүрмін.Мына әңгімесі арқылы кітапты қалай оқуды үйрендім,рақмет!Санжар Керімбайға шығармашылық табыс тілеймін.Өз ұрпақтарымды қалай тәрбиелеу жолын түсінген сияқтымын

    • @Borte__Borte__1
      @Borte__Borte__1 7 месяцев назад +3

      Кітапты қайдан алуға болады?

  • @arginbekaqtailaq556
    @arginbekaqtailaq556 7 месяцев назад +9

    Санжар Керімбай, тамаша ағартушы азамат еді. Қош,келдіңіз. ...қазір де сол баяғы жаңа жылды тойлаймыз- деп, желтоқсанның ортасынан ба, басынан да ма, жаңа жылға дайындалып кетеді.Оқу жайында қалады.Қазір онлайн деген бар.Ауа райына байланысты тағы сытылып кетеді....Осылай оқуға немқұрайлылық басым.

  • @EngwithAnbiya
    @EngwithAnbiya 7 месяцев назад +11

    Керемет, нағыз рухани азық ретіндегі сұхбат болды . Санжар ағаны дер кезінде танып, іздеп , барлық сұхбатын тыңдап мәз болып жүргеніме 1 айдың шамасы болды . Әттеген-ай менде осыдан 2 жыл бұрын ана атанып, қызымның тілін екі тілді қыламын деп біресе ағылшын , біресе қазақ тілінде сөйлеп баламның басын айналдыра жаздаппын ғой , деп ойланып отырмын. Шынымды айтсам , жаным да қаламай жүрген еді тілінің шүлдірлеп алманы “эпл” деп сұрағанын естігенде 😄 осы қазақылықтың үні екен ғой неғыласың ағылшынды , өз тіліңді қатырып ал деп тұрған) Әлдиден эпосқаны сатып алып, қуырмашты оқып бастап кеттік ) Ризамын сізге, ғұмырлы болыңыз, үйретуден , ағартудан талмаңыз🌱

  • @yelpatsalimzhan7147
    @yelpatsalimzhan7147 7 месяцев назад +9

    Санжар ағаның әңгімесі өте керемет екен. менде 4-5 жасар балама Мұқтар шахановтың отырар дастаны, Абай, Мұқағали , Қалқаман Сарин өлеңдерңн жаттаттым, Бала-бақшадан бастап әр тақпақты жаттатып, 10-15 шумақ өлеңдердң де жаттатым, әлі жаттап келеді. қызығы тұңғышыма жаттатқан едім, келесі бала өзі ойнап жүріп жаттап алады екен. сабағы жақсы... мынадан кейін аз жаттатып жүр екенмін деген ой келді....

  • @АйгүлХудайбергенова-щ5ш
    @АйгүлХудайбергенова-щ5ш 7 месяцев назад +5

    Қайырлы күн! Менде 5 және 3 жастағы ұлдарыма "Әлдиден эпосқа дейін дегі" тақпақтарды, батаны жаттатып жатырмын. Телефон, телевизор көруге уақыттары жоқ. Ата ана жігерленіп қолға алса, бала сол бағытқа ауысады екен. Рақмет сіздерге! Өте көп сұрақтарыма жауап алдым.

  • @ГульмираГульмира-е4щ
    @ГульмираГульмира-е4щ 7 месяцев назад +9

    Өте өзекті мәселелер қозғалыпты. Әр бір ата ана өзіне нұсқаулық етіп алуы керек сұқпат ❤❤❤.

  • @Aibat_Omirzhanuly
    @Aibat_Omirzhanuly 7 месяцев назад +12

    Санжар аға керемет.Том том кітап жазылатын адамсыз ғой.

  • @Ainagul-qm8yf
    @Ainagul-qm8yf 5 месяцев назад +5

    Керемееет сұқбат болды.Мен қуаныштымын осы бағытта келе жатқанымызға .Шүкір Алла бізді сақтаған.Қызым 14 жаста жыр айтады артынан еріп келе жатқан сіңілсі де күнделікті естіп аудиал болып сіңіріп келеді.Әр сенбі жырау шайға барамыз әртүрлі студент оқушылар жырдан төккенде екінші қызымда жаттала бастайды сіңіріп Алла қаласа биыл Абай, Шәкәрім , Әуезов таныстыру мақсатымен Семейге Жидебайға жоспарланды.Ахмет бабамыздың зияратының әдеп дәстүрімен бастау алып Алла қаласа.Санжар ағай айтқандай болғалы тұр екен.Туған мекенім іздің ірі тұлғаларымен тереңнен танысу болады.Қазақстанымзды сол мақсатта шарлап М.Жүсіпті де тыс қалдырмаймыз.Алла амандығын берсін.Мамыр айында Сәтін салсын Алла бір өзі жар болсын.Сіздерге де көп рақмеет бағытымызға бағдаршам болғандарыңыз үшін бар болғандарыңыз үшін.Халыққа қызметте істеріңізге берекетін арттырсын❤❤❤

  • @_sherbaevna.91
    @_sherbaevna.91 7 месяцев назад +12

    Маған ұнады. Керемет!!! Мен өзім мына инстаграмды көргелі баланы қалай тәрбейлемін деп аласұрдым. Содан бір кітапқа тапсырыс берип алдым. Бір кітаптан ұқаным сондағы балаң сенің айнады көрінісің деген еді. Содан өзімді тәрбиелеймін деп курс семинар аралап шықтым. Тегін бар ақылысы бар. 😅 Давлатоты көріп уау деп бір шықтым, ақшам болмай оған қолым жетпеді. Сосын орамал таққан келиншектің балаға жыныстық тәрбие беру керек деген қағидасына тағы иланып жүрдім. Оның пайдасын көргенім шамалы😊. Содан Сандар Керімбай подкасын көріп құлағыма әсер еткені сонша, барлық подкастарын жата жастана тыңдап бала тәрбиесі жөніндегі сұрақ ең оңай әрі тиімді әдісін таптым. Откен аптада ғана Гүлнар апайдан отбасы христоматиясының екі кітабын алдым. Мен бастадым.

    • @Borte__Borte__1
      @Borte__Borte__1 7 месяцев назад +1

      Кітапты қайдан алуға болады?.тел.барма?
      Шымкент темін

    • @ЖанатРайысова-и1ч
      @ЖанатРайысова-и1ч 7 месяцев назад +2

      Сәттілік!Еңбегің жемісті болсын!

  • @gulzatabdrassilova9935
    @gulzatabdrassilova9935 7 месяцев назад +17

    Неге мен жылап отырмын,білмеймін. Күліп,рақаттанып,өзімше сіздермен сөйлесіп қоямын. Кей тұстарында көзіме жас келіп,жылап та алдым. Бірақ бұның себебін түсіне алмай отырғаным. Не деген,от сұхбат мынау. Рақмет,сіздерге!!!

    • @kanatsarsenbin4271
      @kanatsarsenbin4271 7 месяцев назад +4

      Жүрегіңіз тазарып , рухани байып қалғансыз ғой

  • @manarbekazhibekov3501
    @manarbekazhibekov3501 4 месяца назад +3

    Ее, Санжар ағамызды тыңдаудан жалықпайтын болдық қой. Құйындатып ғылыми деректерді құлағыңа құяды кеп.

  • @ЕрланЕртолес
    @ЕрланЕртолес 7 месяцев назад +8

    Қазіргі қазақ қоғамының болашағы саналатын жас жеткіншектерге ең керекті тәрбие құралын қалыптастыруда жасаған санжар керімбаи бастаған топтың рухани еңбегі өте өзекті ,қос өкпемізден қысқан түрлі жат идедиологиалардың сынақ алаңына аиналған қазіргі қазақ қоғамына мәдени маиданның бұдан да зор ауқымды жүргізілуі қат қажет,сұхпат тамаша сауатты,сәлихалы жүргізілген....

  • @назгульесембаева
    @назгульесембаева 7 месяцев назад +8

    Рахмет өте құнды ақпараттар айтылды. Мен өзім педагогпын, бір демде көріп шықтым !

  • @ЕркинМейрамбекович
    @ЕркинМейрамбекович 7 месяцев назад +8

    Не деген ойлар,Рахмет Саган казак батыры.Ханым да оте сауатты Адам екени коринип тур.

  • @АйгульАмангелдиева-ф4р
    @АйгульАмангелдиева-ф4р 7 месяцев назад +6

    Не істеймін? Қалай істеймін? Қайтсем дұрыс болады ? Қалай тәрбиелеймін? Қалай тәрбиелеген дұрыс? Ол үшін нені пайдалам деген кісілерге нақты жауап ауыз аштырмастай! Жақсы подкаст болыпты👏👏👏👏

  • @УлдайКалбаева
    @УлдайКалбаева 4 месяца назад +4

    Санжарға зор денсаулық тілеймін. Алланың рақымында болсын

  • @abzalesbai
    @abzalesbai 7 месяцев назад +9

    Оқыған тоқыған жастарымыз көп болса ала алмайтын қамалымыз болмайды .

  • @АсылбекБагиев-ч3г
    @АсылбекБагиев-ч3г 7 месяцев назад +6

    Барлық подкасттарын көріп, тыңдап жүрмін бірақ оқуға дайындағанын бірінші рет естіп отырмын керемет азамат

  • @ЛаззатКожамжарова-с9л
    @ЛаззатКожамжарова-с9л 7 месяцев назад +14

    Өркениетті қазақтың ұл -қыздарын тәрбиелейтін Санжар құрдасымыздың еңбегі өрлеп тамырлай берсін . Ата дәстірімізбен сусынданып ,жер ана құндылықтарын бойына сіңірген шәкірттпріңіз көбейсін .Керемет сұқбат сөзім жоқ 👏👏👏❤❤

  • @БақытгүлТемірқызы
    @БақытгүлТемірқызы 7 месяцев назад +5

    Керемет. Ағай бала тәрбиесіне қатысты тегін методикасында, тәжірибесінде бөлісіп көп инсайт берді. Ата-Ана, барлық бала тәрбиесіне қатысты адамдар бұны қолданып, жалғастырса сел қозғалады.

  • @DauletDaulet-m4v
    @DauletDaulet-m4v 7 месяцев назад +3

    Жоқ дегенде 2 мультфильм канал ашу керек қазақша дубляждалған. Әлемдік мақтаулы аниме мультфильмдердің бәрін аударып ютуб канал жасап ашса. Қазақша білмейді деген қазақ баласы болмайтын еді. Ересектерге қазақша сөйлету үшін әлемдік мақтаулы фильм сериалдарды қазақша дубляждап ютуб канал ашса орыс тілді ересектер азаяр еді.

  • @МеруертДутбаева
    @МеруертДутбаева 7 месяцев назад +7

    Мәәәссаған, мақта теретін жерде тұрмағаным қандай жақсы. Алма теруге түстен кейін ғана бардық қой

    • @Borte__Borte__1
      @Borte__Borte__1 7 месяцев назад +1

      Біз Хрущевтың кезінде жүгері тердік😂

  • @БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН
    @БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН 7 месяцев назад +5

    Астанадв осындай лагерь болса ғой,менде үш немерелерімді қуана берер едім.Санжар мырзаға көп рахмет.

  • @БахытгульТуякова-ж5с
    @БахытгульТуякова-ж5с 7 месяцев назад +5

    “Саналы бала” каналына рахмет біріншіден. Екі жыл бұрын сіздердің балаларға арналған сабақтарыңызды алып оқығанбыз. Өте керемет! Пайдасы көп болды. Мына сұхбатыңыз өте дер кезінде бір берілген балалар тәрбиесіне пайдасы өлшеусіз ақпарат болды. Смартфонның пайдасы зор әрине, бірақ уы басымырақ болып тұр осы заманда. Өйткені дұрыс бағытта пайдаландыра алмай жүр едік балдарымызға. Дұрыс емес екенін түсінеміз, бірақ шарасыз күйде едік. Тек “Таста, таста” дегеннен басқа бақылауымызда ұстай алмаймыз. Смартфонның уына “Противоядие” тапқандай әсер алдым. Соны енді дұрыс қолдануымыз ғой енді маңыздысы. Осындай бағыттағы лагерьлер көп болса жақсы болар еді. Лагерь туралы ақпаратты қайдан алаламыз?
    Санжар мырзаға алғысым шексіз! Осындай керемет саналы азаматтарымыздың бар болғанына Аллаға сансыз шүкір🤲 Не деген тіл байлық, не деген білім, риясыз еңбек. Риза болып отырмын. Және осындай азаматтарымыз барда, Еліміздің болашағы жарқын, керемет дамитынымызға, бай болатынымызға кәміл сенімдімін!

  • @АйдынбекТойлиев-п7ъ
    @АйдынбекТойлиев-п7ъ 7 месяцев назад +6

    Сайрамбаевқа рахмет құдай екі дүниесін абат қыдсын

  • @лейла4689
    @лейла4689 7 месяцев назад +6

    Өте құнды подкаст болды,жарайсыңдар.Санжар інім рақмет.

  • @БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН
    @БЕЙСЕНБАЙЕВАБАЯН 7 месяцев назад +5

    Керемет,өте пайдалы сұхбат болды,рахмет Сіздерге.

  • @лейла4689
    @лейла4689 7 месяцев назад +4

    Біздерде Өзбекстанда декабрге дейн,мақта терімде жүретін едік.Бірақ келіп сессияға дайындалып түнгі 4 ке дейн сабақ дайындап күні түні библиотекадан алған кітабымызды дайындалып үш ақ сағат ұйықтап,емтихандан өткенбіз.Көп нәрсе есіме түсті

  • @МаржанЕрходжаева-ь9з
    @МаржанЕрходжаева-ь9з 7 месяцев назад +3

    Тамаша, бөлісейік, аналар аға айтқан методпен бала миына құяйық, 10жылдан соң жаймендеп өз ұшқынын көрсете бастар

  • @aygulzhubaikyzy3381
    @aygulzhubaikyzy3381 7 месяцев назад +5

    Жалқау екенмін. Смартфоннан көріп жүр едім.

  • @ЗамираЖолшиева
    @ЗамираЖолшиева 7 месяцев назад +5

    Керемет құнды сұхбат болды,рахмет.

  • @ЖандосБайбулатов-м8р
    @ЖандосБайбулатов-м8р 7 месяцев назад +3

    Санжар ағанын семинарларына қалай қатысса болады.Білетіндер болса аитындаршы

  • @ГульнараАиджанова
    @ГульнараАиджанова 7 месяцев назад +5

    Сіздерге көп рақмет өте жақсы түсіндірдініздер.

  • @Recordkkk
    @Recordkkk 7 месяцев назад +4

    Ұлды болсам, есімін Санжар деп қоямын бұйыртса

  • @СоветканЖуконев-г2е
    @СоветканЖуконев-г2е 7 месяцев назад +3

    Санжардың кітаптарын оқып, әңгімесін тыңдайдаған бала ғана емес жасы ұлғайған адамдар да бір жасап қаламыз, болашағымыз бар екеніне сенемін

  • @АрдакШаймарданова
    @АрдакШаймарданова 7 месяцев назад +5

    Білім министирі осы кісі болса ғой...

  • @aydosa6922
    @aydosa6922 5 месяцев назад +2

    Мен 1998 жылы 1ші сыныпқа оқуға барған кезде, қазақ тілі мен әдебиетті тереңдетіп оқитын сыныпта оқығам. Бізді 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін "Ұлттық халық дәстүрі деген сабақты оқытқан. Әр сыныпқа кішкентай жұқа кітабы болатын. Осы кішкентай жұқа кітаптын арқасында іргетасым құламай келе жатыр. Қазір ойлаймын. Сол кітап жұқа емес қалың болғанда, ішіндегі ақпарат молырақ болғанда нұр үстіне нұр болар еді. Есімде тыйымдарды оқи бастағанда үйге келіп: мама осы қазақтарда неге тыйым көп. Анау болмайды. Мынау болмайды не бұл сонда? - деп келгем
    😅

  • @ҚазақКөктүрік-у7ю
    @ҚазақКөктүрік-у7ю 7 месяцев назад +8

    Жарайсыңдар қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы азаматтары. Еңбектеріңіз жана берсін!!!

  • @КарлыгашБакаева-ф8ъ
    @КарлыгашБакаева-ф8ъ 6 месяцев назад +2

    Санжар, сіздей адам мыңнан біреу ғана шығар. Сіздің ағартушылық қызметіңіз басқаларға үлгі болса, сіздей сұңғыла, данышпан адамның әңгімесін тыңдаудың өзі ғанибет қой. Қаншама адамның көзін ашып, көкірегін оятып, қарлығаштың қанатымен су сепкен жүректеріне, санасына қазақы тәрбиені, қазақы болмысты құйып жатырсыз. Сіздей адамды танып- біліп жатқаным мен үшін үлкен бақыт деп білемін. Қазақтың бүкіл болмысы қаныңызға, жаныңызға, әрбір клеткаңызға сіңіп кеткен нағыз ұлтжанды азаматсыз деп білемін. Отбасыңызға амандық, тілеймін. Қызметіңіз өрлей берсін, сізге, отбасыңызға, ұжымыңыға Алла амандығын берсін

  • @БауыржанБайжан-ж4б
    @БауыржанБайжан-ж4б 7 месяцев назад +7

    Санжар Керімбай керемет білімді тоқыған кісі

  • @СаулеИдинова
    @СаулеИдинова 7 месяцев назад +2

    Керемет әсер алдым көп рахмет осы тәжрибені қолдануды қолға алу және насихаттау керек екен.❤❤❤

  • @АжарСагымбаева
    @АжарСагымбаева 7 месяцев назад +7

    Ал, қазағым!есімізді жинайық!

  • @Sandi_oner
    @Sandi_oner 6 месяцев назад +1

    Саламатсыз ба!
    Сүйсіне бағдарламаңызды тыңдадым! Қуыскеуде кітабын оқып шықтым!!!
    Керемет жазылған!!!
    Қаламыңыз ұштала берсін!!!

  • @ҚанжарЖайлыбек
    @ҚанжарЖайлыбек 7 месяцев назад +2

    Ассалаумағалейкум
    Санжар ағаймен қалай байланысуға болады кім? біледі

  • @Дилара-ж1ы
    @Дилара-ж1ы 6 месяцев назад +2

    Алла разы болсын рахмет іші күйгендер боқа аунасын😂Санжар Мырза Алла қуат берсін

  • @danagularonqyzy3933
    @danagularonqyzy3933 4 месяца назад +2

    Санжар аға керемет философ, ақылшы кісі екен👍🏼

  • @СветланаТұмар
    @СветланаТұмар 7 месяцев назад +6

    Керемет сұхбат болған екен🤩🤩🤩

  • @Moldir0829
    @Moldir0829 7 месяцев назад +2

    өте құнды ақпараттар
    Баламды сіз айтқандай өлең,жыр жаттауға,тәртіпке салуға ниеттеніп отырмын
    Алла разы болсын !!!

  • @hairbekutepbergenov5199
    @hairbekutepbergenov5199 6 месяцев назад +2

    Балаға осылай ұлттық тәрбие сіңіру туралы бұл ақпаратты білмей тұрып, сонау 90 жылдар аяғында тәжірибеге жүзеге асырғанмын. Өзінің оң жемісін берді.

  • @ТаласкульЕлеусизова
    @ТаласкульЕлеусизова 7 месяцев назад +2

    Керемет мәнін мағынасын түсінген жанға біраз азық болды келешекте демалыс орынын ұйымдастырған кезде балаларға қолданылатын көптеген материалдар бар екен Санжар ағамызға рақмет қазақ тілі қазақ әдебиеті деген пәндерге осындай тектіліктің қайдан келгенін тілді жетілдірудің жолын бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына сонымен қатар мидың жұмыс жақсы жасауына көптеген көмегі бар екенін айтып отыр мен қосыламын ата бабаларымыз балам құйма құлақ бол деп бата беріп жатады түп төркіні осыда жатырау

  • @КарлыгашПрмагамбетова
    @КарлыгашПрмагамбетова 7 месяцев назад +3

    БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН СҮРЕ ЖОЛДЫ ЖААҢҒЫРТЫП БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН ҮН ТАСТАП ОТЫРҒАН СІЗДЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС АЛЛА ҚОЛДАП БАБАЛАРДЫҢ ӘРУАҒЫ ЖЕЛЕП ЖЕБЕСІН КӨӨП РАХМЕТ

  • @ЕрзатК-е9и
    @ЕрзатК-е9и 7 месяцев назад +6

    Керемет тамаша сұхбат

  • @aisulu_zhanadilkyzy
    @aisulu_zhanadilkyzy 7 месяцев назад +4

    Қандай куштііі әңгіме👍

  • @AdilbekNabi
    @AdilbekNabi 7 месяцев назад +7

    Санжар ағаға респект!

  • @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ
    @ӘЛҺАМДУЛИЛЛАҺ 7 месяцев назад +1

    МАҚТА ТЕРГІЗУ, ОВОЩ ЖИНАТУ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ, ЕЛГЕ КӨМЕКТЕСУ. АҚША ТАБУ.

  • @Daurenbekkyzy
    @Daurenbekkyzy 6 месяцев назад +1

    Әйгерім ханым, Жарайсыз! 🥰👍Ісіңізге береке берсін! Санжар ағайды қанша тыңдасақ та жалықпаймыз🤗

  • @kingschildren
    @kingschildren 3 месяца назад +1

    Декларация: осы жазда балаларыма ертегі -аңыздар оқып, кем дегенде 1 жыр жаттатамын🎉🎉🎉🎉🎉

  • @sagyngaliseitzhan2840
    @sagyngaliseitzhan2840 7 месяцев назад +1

    Пенделердің ішіндегі адамы десем қателеспеспін. Қарапайымдылығының ішінде үлкен ұлылық бар.

  • @AigulKaiirova-r5s
    @AigulKaiirova-r5s 7 месяцев назад +2

    Білім министірі болып отыратын жігіттерғо

  • @ablaysymbat
    @ablaysymbat 7 месяцев назад +6

    Мен де мойындамайтын болғам.

    • @ablaysymbat
      @ablaysymbat 7 месяцев назад +7

      Қисса жырмен меңіреуліктен суырып алдық

  • @ZoyaYeskaliyeva
    @ZoyaYeskaliyeva 7 месяцев назад +5

    Керемет!!!

  • @easymath86
    @easymath86 5 месяцев назад +1

    Қатарымның барлығы: бірі бизнесмен тағы бірі отбасылық бизнеспен байып мені артта қалып қалған бейшар қылып ватсап тізімінен шығарып тастап, өзімді қор санап жүр едім! Бұл маған үлкен мотивация болды! Мен енді өз жолымды тапқандаймын! Бизнеске қаншама әркекет қылсамда жолым болмады шыны керек

  • @ҒалымжанКерімов
    @ҒалымжанКерімов 7 месяцев назад +4

    Керемет сұбат болды

  • @БауыржанБайжан-ж4б
    @БауыржанБайжан-ж4б 7 месяцев назад +3

    Айгерім ханым сізбен сөйлессем жауап бер қиын сіздерге

  • @АйнурБайузакова
    @АйнурБайузакова 6 месяцев назад +2

    Біздеде осындай керемет азаматтар бар ғой бірақ, оларды билікке жібермейді ғой әттең

    • @easymath86
      @easymath86 5 месяцев назад

      Бұл кісілердің билікке бармағаны жақсы! Ары қарай өзіңіз түсініп алыңыз

  • @misterkazakh4533
    @misterkazakh4533 3 месяца назад +2

    Кайдагы жок калаулым караганша осы кисиден улги алу керек

  • @БауыржанЖумекенов-н8к
    @БауыржанЖумекенов-н8к 7 месяцев назад +1

    Керемет подкаст, өте пайдалы. Жазарыңыз бен айтарларыңыз көп болсын, еңбектеріңіз жемісті болғай деп ниетімді білдіремін 🙌✊

  • @АйзатБимбетова
    @АйзатБимбетова 7 месяцев назад +1

    Шұға деген клубымыз бар еді ғой Айгерім оқыған кітапты талдайтын