Төребек Бекбаев: шартсыз өмір, сезімдерді жеткізу, сұрақ қою өнері / Narikbi LIVE #62

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 сен 2024

Комментарии • 1,3 тыс.

  • @NarikbiLIVE
    @NarikbiLIVE  Год назад +373

    Достар, подкастымызды қолдап, қарап жатқандарығызға көп рақмет!
    Ал бізді қолдау үшін ютуб арнамызға жазылуды ұмытпаймыз. Алла разы болсын!
    www.youtube.com/@NarikbiLIVE

    • @КарлыгашДуйсенова-н6в
      @КарлыгашДуйсенова-н6в Год назад +15

      Қүрметті Narbiki Live, мен Төребек мырзаны тек сол кісінің 3 семинарын тыңдап көріп қана иүтервьюға шақырған дұрыс деп ойлаймын. Солай кеңес берер едім. Сонда сізге көп нәрсе анық болар еді деп ойлаймын… Осы сұхбат үшін рақмет! Төребек мырзадан өте көп нәрсе үйрену керек! Өте терең білум машаАлла!

    • @almatbeksalmurzayev2782
      @almatbeksalmurzayev2782 Год назад +5

      Алла разы болсын! Керемет бір сабақ болды

    • @aidatur356
      @aidatur356 Год назад +7

      Сізде взрыв мозга болған сияқты ғой 😅 Құл патша семинарына қатысқанмын. Кеше ғана сол блокнотымды тауып алдым. Ютуб ашсам подкаст👍

    • @indira_ali
      @indira_ali Год назад +3

      Сәлеметсіз бе?!
      Негізі семинар өткен адам сұзбат алса, сұрақтары өзге болар еді

    • @sadiya_mxm
      @sadiya_mxm Год назад +5

      Вы как журналист не задаете точные вопросы и вы так долго думаете какие бы вопросы задать 😅 поэтому чуть неохотно посмотрела, можете ли подготовиться перед подкастами как зритель говорю

  • @farizadaniyarovna4099
    @farizadaniyarovna4099 Год назад +821

    🔷 Өз болмысымызда, кейпімізде өмір сүрсек ешқандай қиыншылық жоқ. Басқа рөлге кіретін болсақ, ол рөлді біз білмейміз и атқара алмаймыз. Қолымыздан келмейді
    🔷 Адам өзін құл деп тану, қабылдаса, өзін табады.
    🔷Құл деген- қожайын емес, шексіз кедей, түгі жоқ, ештеңеге билік жүргізбейді, ештеңені уайымдамайды, ештеңеге бас ауыртпайды.
    🔴Құл тек айтқанды орындайды.
    🔷Патша- бәрін өзі жайғастырады, бұйрық береді, Өзі шешеді, Өзі бұйырады
    🔷Құлда қалаулар емес, қажеттіліктер, сезімдер бар. Құл мұқтаж. Оған барлығын Қожайыны бәрін береді, сол арқылы құлын басқарады, оған бағыт көрсетеді қалай жүру керектігін, сезімдермен оны жүргізеді.
    🔷 Бізге шектеулі таңдау берілген. Алланы тану үшін. Алла Өзін таныту үшін, дәмін таныту үшін бірақ иеленіп алдық біз. Ол менікі болу үшін келмеген, маған қожайындық таныту үшін келген
    🔷Еріктің түсінігі- тәуелсіздік. Құлда тәуелсіздік жоқ. Егер ол тәуелсіз болса, құл болмай қалады. Құдай болып кетеді.
    🔷 Маған бір нәрсені таңдау үшін-> оны тану керек. Таңдау - қиыншылық. Таңдаса - қиналады. Таңдалған нәрсені қабылдаса - жеңілдік. 2 ана болса, қайсысын таңдайсыз? Ал бізге таңдап беріп қойған Алла. Ол ананы қабылдаймыз.
    🔷 2- таңдау
    1- таңдаусыз
    Раббымыз - Жалғыз.
    Раббымыз бәрін бір етіп берген. Қарапайым.
    Өмір, Дініміз, Әке, Ана, Мақсатымыз- біреу
    2 болса 2 есе қиын болады. 1 болса бәрі простой. Алла бізге жеңілдік қалайды.
    🔷Құлдың мақсаты- құлшылық
    Құлшылық- әрекет+ниет
    Әрекет Аллаға арналса- құлшылық. Әрекет өзгермейді. Тек ниет қоссам құлшылыққа айналады.
    🔷Ол жаратты- сезім, ой, дәм. Маған тек әрекет қалды. Сол әрекет кім үшін орындалады? Егер Алла үшін болса, мақсатыма жеттім. Егер ләззат үшін, қарнымды тойдыру үшін болса, онда құлшылық қылу үшін деген мақсатты жойылды, ниетім жарамайды.
    🔷 Тамақ ішуім, өмір сүруім- жәндіктер секілді емес, адам сияқты болу керек. Образ жизни бірдей. Олардың әрекеті тура біздікіндей бірақ санасыз түрде жасайды. Біздің ерекшелігіміз санамызды қосу
    🔷 Өмір сүру үшін ақыл керек емес, ақыл - бізді Жаратқанды тану үшін керек.
    🔷 Бізді адам етіп тұрған ол ақыл.
    🔷 Кез келген істе тек қана Ол үшін. Әр әрекет алдында сұрақ қойса, осознанно жасайды. Сұрақ қоймаса просто так мақсатсыз жасай береді.
    🔷 Маңызды процессте, ізденісте
    Нәтиже маңызды емес.
    🔷 Адасқанын білген адам тура жолды таба алады.
    Адам тура жолдамын деп шешім айта алмайды. Өмір бойы ізденісте.
    Тура жол - сұрақ қояда
    🔷 Құл- ренжімейді себебі шарт қоя алмайды. Шарт қойса, бұзылады. Бұзылғаны үшін ренжиді. Оны ешкім ренжітпейді. Қойған шарты , заңы, шешімі ренжітеді. Қасындағы адам - просто айна, іштегі сезімдерді көрсетті. Менің қандай жағдайда екенім, не істеп жүргенімді , құлмын ба, патшамын ба көрсетеді. Ол маған көмектеседі.
    🔷 Қиын деп мен баға беремін.
    Әулие- мүлдем ренжімейді. Ол практимен соған үйренген, келген. Ешкімге шарт қоймайтын болған. Әр қарым- қатынас көрсетеді менде қандай шарт бар екенін.
    🔷 Менде шарт жоқ, -> қашан болса да бәрібір, мен шешпеймін, мен тек қана қабылдаймын. Қожайыным бар шешетін. ->ренжитін затым жоқ-> көрсеткеніңе шүкір деп тек қабылдаймын. Солай үйренеді образ жизни болады.
    Шарт жоқ - ашуланбайды, ренжімейді, қиналмайдя.
    🔷 Әркім өз шартын бұзады өзінің. Менікін емес. Мен бұзбау керексің деп шарт қоямын. Шартым орындалмаған соң ренжимін.
    🔷 Бала- ата-анаға тәрбие береді, қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Бала- шынайы, өтірік айтпайды, кек сақтамайды, қуану, сұрауды, беруді біледі. Ата-ананың қадірін, қандай ата-ана болу керектігін бала үйретеді. Ол періште, әулие сияқты. Ол сезімдермен өмір сүреді.
    🔷Бұйрық жәндіктерге беріледі. Адамға сұрақ қойылады.
    Оған бұйрық бергенде мен ол үшін шешім қабылдап қойдым, ойлануға, шешуге мұрсат бермеймін. Сен ойланба, сен адам емессің, жануар секілді жүре бер деймін. Мен сенің орныңа ойланамын. Егер сұрақ қойсақ балаға ойлануға шанс беремін

    • @Shamshiddin-u7w
      @Shamshiddin-u7w Год назад +22

      Дайын конспект. 🥰🥰

    • @dinmukhamedkalymbet1711
      @dinmukhamedkalymbet1711 Год назад +5

      👍

    • @akmaralaskarkyzy9497
      @akmaralaskarkyzy9497 Год назад +14

      Алла разы болсын!Рахмет!

    • @medinaassylbek4798
      @medinaassylbek4798 Год назад +1

      😍👍🏻

    • @farizadaniyarovna4099
      @farizadaniyarovna4099 Год назад +52

      Сол кезде ол өзіне жауапкершілікті алады. Сұрақ қойсақ- құрметтейміз оны, бұйрық- құрметсіздік
      🔷 Жақсы көру- беруден тұрады. Бірнәрсе күтсек дұшпандық туындайды. Себебі ол шарт, нәтиже күтеді. Орындалмаса, ашуланады, ренжиді, жақтырмайды, жек көреді.
      Егер адам Алла үшін жақсы көрсе, шартсыз жақсы көреді. Және ол құлшылыққа айналады. Оның қайтарымын күтпейді. Мені жсқсы көре ма, жоқ па деп. Мен кім үшін жақсы көрем сол маңызды.
      🔷Менен басқа ешкім жоқ. Тек мен ғана бармын. Қалған бәрі айна мені көрсетеді. Бір адам негатив эмоция тудырса, менде негатив, шарт барын көрсетеді.
      Бір адамды көріп, ұнамай қалса, ол маған ұнау керек еді деген шарт бар. Ол мені танытты. Менің фокусым тек өзімде болса, мен тәрбиеленемін, жөнделемін. Фокусым сыртта болғаны үшін өзімді ұмытып кеткенмін, жоғалтып алғам, не знаю кто я.
      🔷Сұрақ қою арқылы ойланады, өзін табады.
      Мен кіммін? Құлмын
      Құлда не бар? Ештеңе
      Не жоғалтады? Ештеңе
      Онда ештеңе жоғалтпаса, неге ренжиді, уайымдайды? Неден қорқады?
      🔷Аманатқа қиянат етеді, егер ол зат менікі деп иеленіп алса. Дене, ерік, нәпсі, сезім, дүние, әке-ана, бала менікі емес. Менің қожайын емеспін. Олар маған инструмент ретінде берілген. Иелену үшін емес, қолдану үшін.
      🔷 Ата-ана ұрды и мен Травма десем қиналамын.
      Опыт деп қарасам рахмет айтамын. Себебі олар маған баланы қалай ұрмау керектігін үйретті, мен арқылы қалай ауыратынын сездірді. Солай менің балаларым құтылды. Егер травма деп алсам менің балаларым да таяқ жейді
      Опыт мен ойланам қайсысы дұрыс деп баланы ұрғаным дұрыс па әлде ұрмағаным ба деп ойланамын.
      Травма деп алсам просто копирую. Мені ұрды, менде біреуді ұруым керек., ниче өстік деп. Ойлансам опыт. Мені жаман әке болудан құтқарады. Олар өздерін аямады, қаһарман болды, өздері жаманатты болып, өздеріне қарамай, аямай, бізді құтқарды жаман ана болудан и балаларымды ұрудан құтқарды.
      🔷 Барлық травмалар - опыт. Тіпті ең ауырларында.

  • @marjanrisbek2380
    @marjanrisbek2380 11 месяцев назад +68

    Мына кісіден сабырлықты уйрену керек екен😊

  • @Bilimdi
    @Bilimdi Год назад +123

    Мәссаған, мынау бір взрыв мозга болды! Менің ойымша біз өз орнымызды білмей, өмірімізді қиындатып алғанбыз, тіпті өзімізге сұрақ қойып жауап беруді білмейміз! Керемет подкаст болды, сезімімді айтып жеткізе алмаймын!

  • @СалтанатАйтбай
    @СалтанатАйтбай 8 месяцев назад +186

    Просто күлмей отырғанның өзінде жүзі күліп, нұры төгіліп тұрғой мына кісінің😮. Керемет көркем мінез деген осы шығар😍👍🏻

  • @АнипаЖадигер
    @АнипаЖадигер Год назад +66

    Журналист жігіт қатты қиналды-ау мына кісінің аузынан сөз шығарам деп.

  • @дасаомао
    @дасаомао 7 месяцев назад +11

    Құл деген Құдайдың қалауын орындаушы. Құдайдың қалауын орындау үшін, Құдайды журегімізден тауып, бәрінен артық жаксы коре білсек, шын ниетпе, ішімізден өз қалауымызбен құлшылық жасай алу деген. Құдайдың тобеде отырып, бастық сияқты емес, керемет мейірімді қамқоршы ретінде сезінсең, жақындай бересің. Қамқорлығын кәдімгідей сезініп бастайсың. Куннен кунге Құдайдың аяқ асты беріп жаткан жаксылығын коре бастайсын. Сол кезде шын ниет еркіңмен Құдайдың қалауын орындайсын. Міне осы-құлшылық. Құл дегеніміз Құдайдың баска адамдарға сен арқылы жақсылық жасауы. Әрине сағанда басқа адамдар арқылы Құдай жақсылығын көрсете бастайды.

  • @БАТЫР-н1у
    @БАТЫР-н1у 9 месяцев назад +20

    Білімнің шеті жоқ, ақшаның шеті жоқ, жердің шеті жоқ, тек адам өмірінің шегі бар ....

  • @dinarasuindikova5120
    @dinarasuindikova5120 Год назад +203

    Осыдан 10-15 күн көріп бастап едім осы подкастты ,Төребек ағаны бірінші рет көргендіктен "туу, қалай жәй, асықпай сөйлейтін кісі"деп шыдамай тоқтатып қоя салып едім . Бүгін Алланың қалауымен "бәрі тектен текке мақтап жүрген жоқ -ау осы кісіні" деп тағы қарап бастап, қызығына түсіп кеттім.Қандай сабырлы, білімді,дана кісі МашАллах!
    Шынында сабырлықты осы кісіден үйрену керек екен маған.

    • @АктотыХаным
      @АктотыХаным Год назад +7

      Мен де сол кабылдвй алмай жатрм
      Бүгіннен бастап танып тыңдап отырм

    • @МырзабекСалык
      @МырзабекСалык Год назад +10

      настройкаға кіріп скорость жылдамдықты 1,5 ге қойып тыңдаңыз .Мен сөйтем , сол кезде ыңғайлы, уақытта үнемделеді

    • @ЖансулуАбилдаева-о1ь
      @ЖансулуАбилдаева-о1ь Год назад

      @@МырзабекСалык ж

    • @aidanaabdikerim7141
      @aidanaabdikerim7141 10 месяцев назад

      ​@@МырзабекСалык😊

    • @Айгүл-к4и
      @Айгүл-к4и 10 месяцев назад +1

      Мына психологтікі дұрыс емес. Адамды әлсіз, бейшара етіп, жауапкершілік сіз бір міскін қылмақ.

  • @Бек-ь6и
    @Бек-ь6и Год назад +316

    Ассалаумағалейкум! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Пайдалы подкастқа көп рақмет! Төребек ағаны тағы күтеміз. Алла разы болсын!
    Төменде өзіме конспект:
    Ең алдымен "мен кіммін?" деген сұраққа жауап бер
    Әр адам ешкімге ұқсамайтын ерекше. Сондықтан салыстырып керек емес. Әр адамның ризығы әртүрлі
    Әр істі, тіпті тамақ жеуді не үшін істеп жатқаныңды ойланып саналы өмір сүру керек. Әйтпесе инстинктпен өмір сүретін жануардан айырмашылығың не?
    Реніш - шарт қоюдың салдары. Ал құл шарт қоймау керек.
    Ата-ана баланы тәрбиелей алмайды. Керісінше баладан көп нәрсе үйренуге болады. Бала - күнәсіз. Әулие сияқты.
    Менен басқа ешкім жоқ. Бәрі тек өзімді көрсететін менің айнам.
    Адам - құл. Құлда ештеңе жоқ. Сондықтан жоғалтатын да түгі жоқ. Барлық нәрсе Қожайынның аманаты.
    Аманатқа қай кезде қиянат жасалынады? Сол аманатты "менікі" деп иемденгенде.
    Дене менікі емес. Сезімдер менікі емес. Ерік менікі емес. Нәпсі менікі емес. Ата-ана, бала менікі емес. Бәрі Қожайындікі.
    Қожайын маған аманатты құлшылық жасауым үшін инструмент ретінде берді. Иемдену үшін емес.
    Мен бірнәрсені қолдана алсам, ол менікі дегенді білдірмейді.
    Детская травманы травма демей, тәжірибе деп қарау керек. Сол тәжірибенің арқасында оны балаларың көрмейтін болады. Өмір менікі емес. Дене менікі емес.
    Тағдырды өзгерте алмаймыз. Бірақ тағдырға деген көзқарасты өзгерте аламыз.
    Төребек аға сияқты білімді болу үшін сұрақтар қою керек.
    Нәпсінің 7 деңгейі бар. Қай деңгейде екеніңді білу үшін сұрақ қой
    Гештальт - уақытында жабылмаған қарыз. Оны жапса болады немесе шарт қоя алмайтын құл екеніңді еске түсіріп жібере салса болады.

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад +2

      Йя, адамда 8 түрлі вектор бар. Аллаh біздерді әдейі солай жаратқан, 1-1іне уксамайтын етіп

    • @Dina-bh3sv
      @Dina-bh3sv Год назад +1

      Рахмет сізге жазғаныңыз үшін🙌🙌🙌

    • @Бек-ь6и
      @Бек-ь6и Год назад

      @@Dina-bh3sv оқасы жоқ

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад +3

      Төребек ағай айтып отырған нәрсені туйіндеу үшін итальяндық дәрігер Джузеппе Москати туралы Исцеляющая любовь фильмін көріп шығуға кеңес беремін. Шартсыз сүйген барлық адамды, сол үшін оны жұрт әулие атап кеткен святой Джузеппе деп. Ютубтан бар осы фильм.

    • @karlygashmubarak4789
      @karlygashmubarak4789 Год назад +2

      @@НұргүлНұртасқызы керемет фильм 👍

  • @assembaisary
    @assembaisary Год назад +72

    Подкасты 3 рет қайталап көруге кеңес беремін,әр көргенде басқаша түсінік инсайд қалыптастырады екенсін. Алла разы болсын 🫶🙏. Подкаст 🤩🔥

  • @АсимаАсек
    @АсимаАсек Год назад +35

    Біз құлмыз, бізде түк жок - керемет философия түсінген адамға 😂

  • @zhakeofficial
    @zhakeofficial Год назад +18

    Әсіресе совет заманда өмір сүрген ата аналар осыны тыңдаса екен. Балаға сені тудым , көрмегенді көрдім деп өсіреді осыдан балада кінә сезімі пайда болады. Шартты түрде өсіреді. Өске соң онсызда көмегін аямайды ғой. Міндет қылып көбісі отырады.Әсіресе ауылдың адамдары. Надан боп. Қарғап отыратындары бар ғой. АЛЛА сана берсін😢

    • @assellesbek8210
      @assellesbek8210 2 месяца назад +3

      олар бар білгенімен өсірді, тәрбиеледі. енді бізде сол нәрсені қайталамауға мүмкіндік бар ғой. кіналамау керек сияқты.

    • @МайнурК
      @МайнурК 16 часов назад

      ​@@assellesbek8210дұрыс айтасыз ол кезге қарағанда қазір бізге осындай подкаст тыңдап саналы ойлануға мүмкіндік бар . Осы мүмкіндікті пайдалана ойлана алмай жүрген адамдарда қазір жетерлік сол үшін әр адам өзіне сұрақ қойып саналы өмір сүруге мүмкіндік жетерлік.

  • @gulbanunurgaliyeva3370
    @gulbanunurgaliyeva3370 Год назад +15

    Керемет адам екен.Жана танысып отырмын.Тoребектi насихаттау керек.Мен 65 жаска келсемде коп нарсенi бiлмейдiекем

  • @ИнкарСадуакасова-т3ф

    Жүргізуші жұмысын толықтай ашты деп өз ойымды айтамын! Жарайсыздар! подкаст өте ұнады! түсінбей қалған жерлерді жүргізуші ашып беріп отырды! 👍👍👍

  • @gulmiranussupbekova8647
    @gulmiranussupbekova8647 Год назад +19

    Төребк мырзаны бірінші рет тыңдап тұрмын, бұрын , әсіресе дін туралы тыңдап жүрсем де мағынасын дым түсінбейтінмін, керісінше үрей пайда болатын, бұл жерде өте қарапайым, "мен кіммен?" деген сұрақтың жауабын таптым, қожайын мен құл айырмашылығын сезіне білдім көзімен жас шықты 😢 жеңілдеп қалдым, сосын қуандым... керемеет болды, Аллама шүкір деймін, кім ізденсе соған береді деген, бұл тақырыпты көп іздеуші едім енді міне көөп сұраққа жауап алдым, сол үшін үлкен рахмееет айтамын Төребек мырзаға және жүргізушіге.
    Жүргізушінің шеберлігі деймін, түк түсінбейтін менің орнымда тұрып сұрақ қоя білгені...

  • @СитораИманалиева-т5о
    @СитораИманалиева-т5о 11 месяцев назад +15

    Алла қаласа осы подкастты миллион рет қайталап көремін.Көрген сайын ойым өзгереріне сенімдімін❤.

    • @azizyeszhanov2980
      @azizyeszhanov2980 7 месяцев назад

      "Миллион рет қайталап көремін"... бұл шешім кімдікі?))

  • @АйнашШатенова-й5ю
    @АйнашШатенова-й5ю Год назад +19

    Шіркін,осыны әр адам осы айтылғандарды түсініп...өміріне қолдана алса, барлық адамның өмір сүруі жеңілдер еді-ау...Көп РАХМЕЕЕТ сіздерге,Төребек мырза,Нәрікби мырза!!!

  • @mika_dupbaeva
    @mika_dupbaeva Год назад +15

    Бұйрық жәндіктерге беріледі. Балаға сұрақ қоямыз.🔥 Бұйрық берсек, оны жәндік ретінде көреміз. Сен ойланба, менің айтқаныммен жүре бер. Не деген сөздер💔👍🏻

  • @aigerimaidarquzu
    @aigerimaidarquzu Год назад +20

    Шынымен де бұрын психологияда оқыған дүниелерден басқаша әңгіме айтылды. Себебі, психологияда өзіңді бірінші орынға қоюды үйретеді, қандай таңдау жасасаң да бірінші өзіңдікін істе дейді. Ал, бұл подкастта өмірімізде бәрі сынақ екендігін және әрбір кездескен адам бізге мұғалім (жағымсыз болса да сабақ алатынымыз және оны орыт ретінде қабалдау) екендігі айтылды. Бұл діни тұрғыдағы дұрыс таным... Рахмет, ұйымдастырушыларға👍

  • @bahtiyarnurmaganbetov2910
    @bahtiyarnurmaganbetov2910 8 месяцев назад +7

    Ұзап кетіппін өзімнен, өзімді танытты. Аллаһ разы болсын сізден.

  • @АктолкынАликулова-ю2у

    Травма емес опыт 🔥🔥🔥өте керемет айтылған. Әйтпесе екінің бірі травма деген сөзді жаттап алған 😢Қожайын емес құл 🔥🔥🔥🙏🙏🙏

  • @nazbakirova4210
    @nazbakirova4210 Год назад +84

    АААААААААА Он разорвал мне мозги своей простотой......миым жарылып Кетти. Аганын улыбаться еткени де...ол шарт) ол опыт) ол Айна)))🤯🤯 эгом кылкынып калды!

    • @calipsoo7877
      @calipsoo7877 Год назад +2

      Ахахаха солгой😂

    • @dias7412
      @dias7412 Год назад

      Қазақша жазсвңыз да біз сізді дамыған қазақ деп санаймыз. Бірақ бәрібір орыс бола алмайсыз. Ол үшін мперматазойд орыстан болу керек еді басында, сол үшін ол мода болмаса да қазақша жаза беріңіз

    • @АйымторыТуякбаева
      @АйымторыТуякбаева Месяц назад

      Алла разы болсын.

  • @Sunny_lu-s4t
    @Sunny_lu-s4t 10 месяцев назад +4

    Келісемін, жақсы нәрселер айтылды.Аллах разы болсын. Тек бізде қалау жоқ деген нәрсемен келіспеймін. Йа, бізде түк жоқ, жасауға да қабілетіміз жоқ, бәрі Аллахтан. Қалау сезімін де Аллах берді. Бірақ Аллах бізге қалауымызда кішкентай ғана еркіндік берді, себебі жасаған әрекеттерімізге жауапты болуымыз керек. Жақсылықты қаладық па, Аллах жақсылық жасауға мүмкіндік жасап береді, жамандық қаладық, жамандыққа да жол береді, өйткені Аллах әділ, бізге тандау берді, сол тандауымыз үшін жауап береміз, яғни кукла емеспіз. Білмеймін, мүмкін бұл кісінің пікірін толықтай түсінбеген шығармын

  • @makpalsagidankz2310
    @makpalsagidankz2310 10 месяцев назад +2

    Мәсссссәәәәғааааааааан керемет мен мына жақтан таң қалып күліп отырмын,,өзімнің әрекеттерім көз алдымнан шықты..қанша подкаст тыңдадым мына әңгіме сұхбат,ерекше

  • @Dr.Baktygalievna
    @Dr.Baktygalievna Год назад +45

    Өте терең түсініктегі адам, көп психологтардың жауап бере алмаитын қиын сұрақтарына сауатты жауап бере алды, рахмет!

  • @ЖеңісгүлТлекқабылқызы

    Мәәәсаған😮басында не мыжғылап отыр, тек мен ба түсінбей отырған десем, менде сабырлық жетіспейді екенго😅. Скорость 2х айналдырып тыңдасам бәрі құран мен шариғатты қосып психология тілінде жеткізді👍❤

    • @ГуКа-т3й
      @ГуКа-т3й Год назад +10

      Рақмет за подсказку нервым шыдамайды тыңдасам, тыңдағым келеді бірақ

    • @МадинаТемирова-э8т
      @МадинаТемирова-э8т Год назад +6

      Семинарына барсаңыз не боласыз😂😂😂. Семинары ерекше өтеді

    • @ГуКа-т3й
      @ГуКа-т3й Год назад

      @@МадинаТемирова-э8т семинарларға көп баруға мүмкіндігім аз, ютубта тыңдап жүрмін

    • @Лайла-п1ш
      @Лайла-п1ш Год назад +4

      Асыгу шайтаннан

    • @АкеркеЕралиева-у4ы
      @АкеркеЕралиева-у4ы Год назад +5

      2×ты қалай басады?мен де тыңдағым келеді бірақ нерф ,уақыт шыдамайды

  • @uldanaazretali7404
    @uldanaazretali7404 Год назад +101

    құл патша семинарға қатысқаннан кейін кәдімгідей ойланатын болдым. әрине идеально емес, но жайлап-жайлап)
    Ағай да обычный подкастта емес, семинардағыдай отыр.😂нервқа тиіп, қалай, неге, кім, кім қалап тұр деп сұрақтар қойып, өзінің айтып жатқанын өзі амалмен көрсетіп тұр.
    тіпті подкастерды ойландырып отыр, уже другой уровень капец🔥🔥🔥
    вроде басында ааа деп ашуланып, потом ойланған соң ааа деп отырып, ойыңа шомылып кетесің)
    машаллах, мүлдем басқа деңгейдегі подкаст✨

    • @uniqornrrealll2384
      @uniqornrrealll2384 Год назад +11

      Солғой, ең алғаш семинарына қатысқаным есіме түсіп кетті, осылай нервке тиген😂 сұрақ қойсаң, өзіңе қайтадан сұрақ қойып, сұраққа сұрақпен жауап беріп🔥 ия шынымен де ойландырады ағайдың жауаптары

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад +8

      Төребек ағай айтып отырған нәрсені туйіндеу үшін итальяндық дәрігер Джузеппе Москати туралы Исцеляющая любовь фильмін көріп шығуға кеңес беремін. Шартсыз сүйген барлық адамды, сол үшін оны жұрт әулие атап кеткен святой Джузеппе деп. Ютубтан бар осы фильм.

  • @gibo2013
    @gibo2013 10 месяцев назад +23

    Төребек ағай үйінде әйел бала шағасымен қалай әңгімелеседі екен көргім келеді 😊.

    • @mango_fruits_almaty
      @mango_fruits_almaty 5 месяцев назад +1

      Менде де сол сұрақ😂😂...өте қызықты ия.

    • @ai_qerym.fashion
      @ai_qerym.fashion 16 дней назад

      Оляяя 😂😂😂😂

    • @NurcyltanSatybaldiev
      @NurcyltanSatybaldiev 14 дней назад +1

      Уйундо суйлошпой отурат окшойт

  • @almadosmailova868
    @almadosmailova868 Год назад +54

    Өмірде ағайды кездестіріп,семинарына қатысуға мүмкіндік берген Аллаға мың шүкір!

  • @ДианаНесіпбай
    @ДианаНесіпбай Год назад +5

    МаШаАллаһ негізі көбі осылай айтады бірақ Осы кіседей түсіндіре алмайды....Не деген керемет...Біз тек Алланың құлымыз, құлмыз......

  • @omirva.zhansaya
    @omirva.zhansaya Год назад +44

    Подкаст үшін рахмет!
    Нарикби мырза сияқты болып отыр түрім дым түсінбей “қалай сонда ?” дегеннен басқа қаншама сұрақ қалды ішімде. Барынша ашты тақырыптарды, бірақ өмір салтымыз басқаша болған соң ми түсінбей жатыр.
    Өте сабырлы, әдемі түсіндіреді артық сөзсіз, артық эмоциясыз, асықпай. Төребек ағайдың айтып отырған сөздерімен ісі бір, амал ететіні көрініп тұр. Шартсыз болу қиын секілді өзім үшін. Қазіргі кезде дисциплина дейміз уақыт дейміз, біреуден күтеміз, көп ренжиміз. Алла бәрімізге өз рөлімізге келуімізге осы кісі арқылы түсіндіріп жатыр деп ойлаймын. Тағы да рахмет!🤍

    • @LightJ_us
      @LightJ_us Год назад +2

      Сәлеметсіз бе?! Басында түсіну қиын болуы мүмкін. Өз басым 12 сағаттық бұл кісінің семинарына қатысып едім. Подкастта айтылған ойлар әлдеқайда оңай болды. Сізге кеңес беремін қатысып көруге :)

    • @RAXMETU
      @RAXMETU Год назад +1

      ​@@LightJ_us ассаляму алейкум қайда көруге болады айтасызба?

    • @LightJ_us
      @LightJ_us Год назад

      @@RAXMETU ақылы түрде семинарлары болады ағайдың, оффлайн. Инстаграмнан страницасын іздеп көріңіз ағайдың, сонда бар

    • @БумажнаяРаспаковка-р9з
      @БумажнаяРаспаковка-р9з Год назад +1

      @@RAXMETU көрмейсіз, катысасыз, ол 3 кундик семинар, унеми агайдын инстадагы паракшасын карап журсениз болады, әр калада болады

    • @РахилаАлимкулова
      @РахилаАлимкулова Год назад

      @@LightJ_us12 сағаттық семинарға қалай жазылуға болады аитасызба

  • @besidemysoul
    @besidemysoul Год назад +6

    Подкасттың шыққанына 1 ай болсада,әлі көрмеген екенмін. Бірақ бүгін бұйырып тұр екен. Көкейімді бір сұрақ бар еді,Аллах сол сұраққа жауап табуға мүмкіндік берді осы подкастпен. Альхамдуллилях❤

  • @Urila-f7j
    @Urila-f7j 6 месяцев назад +2

    Прямо от 2 рет корип отырмын шын мына киси керемет тусиндим супер слов нету жеткиз алмаймын эмоциямды❤

  • @BYPMM
    @BYPMM Год назад +67

    В любой непонятной ситуации: “Мен кіммін?”
    😅

    • @rvzhr
      @rvzhr 4 месяца назад

      😂😂😂😂

    • @ЛаураЖарылқасын
      @ЛаураЖарылқасын 2 месяца назад

      🤣🤣🤣

    • @kanykeisoltonbekova
      @kanykeisoltonbekova Месяц назад

      Туура. Мен дагы ушундай кылып баштадым. Мен киммин ал адамды критика кылгандай? Мен киммин шарт койгондой деп. И все, все проблемы решены 😁
      Или ал менин кузгум ал мага эмнени уйротуп жатат деп и озуно фокус койуп издейсин

    • @Мединка
      @Мединка 29 дней назад

      Өте жақсы көмектеседі, мен кіммін? Мен құлмын, құлда ештеңе жоқ. Бір сәтте есіңді жиясың

  • @АйнурЕримбетова-г4ъ

    Ма Ша Алла. Өзіңе сұрақ қою арқылы бәрін шешуге болады дегенді кез кедген психологтардың аузынан естіп жүрмін, бірақ мына кісінің айтқаны жүрекке қонымды болды. Көп нәрсені түсіндім тіпті бәрін түсіндім десем болады. Басында күлкім келіп отырған сондада қарап отырдым. Соңына дейін қарағаныма қуанып отырмын. Өз - өзіме таң қалып отырмын миымды ашып осы білімді құйып жібердіғой. Аллаға сансыз шүкір мағае осындай білім берген. Мен шын бақытты енді түсініп отырмын . Бұл өте таң қаларлық екен. Алланың құдыретінде шек жоқ ❤

  • @perizatorazbai
    @perizatorazbai Год назад +19

    Білімді кісі екен. Тек әркімнің қабылдауы әртүрлі. Біреуге ұнаса , біреуге ұнамайды.Сол себептен мән бермеңіз.Қалаған адам , керегін алар.Еңбектеріңізге рақмет!
    Оразаларыңыз қабыл болсын!✨

    • @Gulmira001
      @Gulmira001 Год назад +1

      Адамның деңгейіне байланысты

    • @perizatorazbai
      @perizatorazbai Год назад +1

      @@Gulmira001деңгейімізді қалай анықтаймыз))

    • @Gulmira001
      @Gulmira001 Год назад +6

      @@perizatorazbai әр адамның рухани деңгейі әртүрлі. Періштелерде АКЫЛ бар НӘПСІ жоқ, сондықтан олар тек қана үздіксіз Аллаға құлшылық етуде. жануарларда АҚЫЛ жоқ, НӘПСІ бар, сондықтан олар құлшылық етпейді тек адам сияқты ішеді көбейеді ұйықтайды тб. Ал адамда НӘПСІ де АҚЫЛ да бар. НӘПСІ ол тән қалаулары:тәтті тамақ жей беру, кино көре беру, ұйықтай беру тб. Ал АҚЫЛ бізге тек қана құлшылық ету үшін берілген. Құлшылық ету үшін біз нәпсіні тәрбиелеп үнемі өзімізді дамытып өзімізді танып коптеген китап окып құлшылықты деген не , оны қалай орындаймыз, не үшін кім үшін деген сұрақтарға жауап табамыз. Құлшылық ол әрекет+ниет. Осы әрекет арқылы біз періштелерден жоғары деңгейге шыға аламыз( Аллаға ұнамды істерді үнемі үздіксіз орындау) , ал нәпсіге еріп (Аллага ұнамсыз істер)жануардан да төмен деңгейге түсіп кете аламыз: арак ишу өсек ,көп ұйқы ғайбат ұрлық тб. Нәпсіге еріп Алланы ойламайтын Алланы танымайтын Алладан алыс болған адам осы подкастты тыңдаса ол ештеңе де түсінбейді. Деңгейі жоғары адам оңай түсінеді. Әркім өз деңгейі қандай екенін тек қана өзі біледі

  • @nuraiymturgynbek7798
    @nuraiymturgynbek7798 Год назад +7

    Әдеттегідей, келген кезекті қонақпен де өткізген 1 жарым сағатымыз құнды бола білді. Мен осындай дана жандармен бір заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Подкаст жоғары деңгейде. Төребек ағайға деген қызығушылығым артты десем де болады. Ізденісте боламын. Өзімді тани білдім. Ағай себепші болды. Неткен жан еді. Подкастты көріп отырғанымда кейбір айтылып жатқан дүниелерді түсінбегенім рас, алайда ағайға риза болдым. Абай атымыздың қара сөздерін де әртүрлі жаста әртүрлі қабылдаушы едік қой, мына подкасттағы дүниені де әр тыңдаған сайын әрқалай қабылдарымыз анық. Осыған дейінгілерде сондай болған менде) Керемет, алғысым шексіз.

  • @ЖұлдызЖС
    @ЖұлдызЖС 10 месяцев назад +4

    Қиындатамыз өзіміз, бәрі оңай, тек бір ғана мақсат ол АЛЛАҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ! Мағынаны түсіну керек.
    Төребек аға сізге рахмет санамды өзгерттіңіз , түсінбей жүрген көп сұрақтарға жауап алдым, Аллаға сансыз шүкір осы түсінікті сіз арқылы жіберген үшін.

  • @zhakeofficial
    @zhakeofficial Год назад +6

    Керемет! Ең бастысы ешкімге шарт қоймау керек. Алла разылығы үшін жақсы көру немесе сыйлау керек. Адамға эмоционалды түрде байланбау керек. Одан қайтарымын күтпеу керек. Өзімді жеңіл сезіндім. Фокусты өзің жақсы көретін іске арнау😊

  • @үйваинеры
    @үйваинеры 5 месяцев назад +1

    Менің Нұрасыл, Алдияр, Ханкелді деген үш ұлыма және Раяна қызыма Алла бастарына бақ беріп, болашақтары жарқын болсын! Жүректеріне иманды беріп, өмірлерінде тек жақсы адамдар кездесіп, тек жақсылық болсын!

  • @КундейКойбагарова
    @КундейКойбагарова 9 месяцев назад +3

    Керемет!,сұхбат болды,сұрақ қоюшы жігіттің өзі Төребектің ілімін білімін жете қабылдай алмаған сияқты,білуші АЛЛА!

  • @АйгульДосмаилова-е3ы

    Қашан Төребек мырзаны шақырар екен, деп күтіп жүр едім. Керемет подкаст болды!👍 Төребек мырзаның үш семинарына қатыссам да, Нарикби ініміздің жан-жақты, терең сұрақ қоя білу өнерінің арқасында, көптеген жаңа ақпарат алдым. Нарикби, енді Төребек мырзаның семинарларына қатысып, қайтадан подкастқа шақыруды Алла нәсіп етсін🤲

  • @titota
    @titota Год назад +10

    Әр бір сөзі жүректен емес оданда терең бір жерді тесіп өткендей! Көп рақмет!

  • @ГульзатАбикеева-э3к
    @ГульзатАбикеева-э3к 6 месяцев назад +1

    Төребек ағаны бірінші рет көріп, тыңдадым, өте ерекше, ойланатындай подкаст болды. Рахмет! Тағы көріп шығу керек сияқты

  • @bakhytaridat333
    @bakhytaridat333 Год назад +5

    Аллаға сансызшүкір
    Қазақтарға әр жағынан дінді түсіндіре алатвн ұстаздар бергендеріне

  • @DinaraKulnazarova
    @DinaraKulnazarova Год назад +3

    Төребек аға сөзсіз керемет, және жүргізуші сұрақтары өте орынды, енді осы сұрақ болса екен деп ойласам, дәл сол сұрақ беріліп отыр, көп рақмет🥰❤

  • @Heartlessbahd
    @Heartlessbahd Год назад +9

    Нарикбиге рақмет. Әр айтылған сөздер талдану үшін, сұрақтар қойып, тақырыпты ашып жатты👏👏

  • @КуралайКурбекова
    @КуралайКурбекова 9 месяцев назад +1

    Кашанша сұраққа жауап тапқандаймын. Басында мына кісінің сонша асықпай сөйлейді деп шығып кетіп, қайта кіріп тыңдадым. Керемет ❤

  • @ГулжанатМедетбекова-и1в

    Мынадай тездіктің заманында не деген баяулық, сабырлылық мына кісіде😁 түсініп тұрып түсінбей қалып жаттым. Екі бөліп көрдім. Инстадан қабылдай алмап едім. Бүгін норм мыйым қабылдады. Өзіме сұрақ қойып шешімін табатынмын. Бүгін қалай дұрыс сұрақ қою керек екенін ұқтым. Рахмет үлкен! 🌹🌹🌹

  • @naimanka94
    @naimanka94 Год назад +1

    Бұл сұхбат жақсы болған себебі шынайы сұхбат. Жүргізуші шынайы өзі білгісі келіп, сұрап отыр. Ал ұстаздың жауаптары ерекше, ешкім ешқайда естімеген, керемет. Просто гениально

  • @akbotabirzhanova7079
    @akbotabirzhanova7079 Год назад +3

    Взрыв мозга! Керемет Ма шаа Аллаһ. Енді соның барлығын миымда қорытып алып өмірде пайдалансам, өмір сүру жеп жеңіл болатын сияқты

    • @MuhtarKishgenekulov
      @MuhtarKishgenekulov 10 месяцев назад

      Осы жерде тағы қазағым жалтақтап әңгіме айтып отыр, осы неге өзіміздің ата бабамыздың тәрбиеге арналған осиеттерін жариаламайсыңдар, салт дәстүрдің өзі қандай құдалық мың жылдық, күйеу 100 жылдық деп, құданың орнын беделін көтеріп қойған, қыз берген құдасын, қыз беріп отыр деп сыйлаған, алыстан келген алты жасар балаға 70 үлкен ақсақал келіп амандасқан деп өсиеттер бар, олардың мағынасын түсініп қарасаң өте терең тәрбие жатыр, соны ұмытып бара жатырмыз және мейірім кетіп барады, қазіргі таңда исламның жолында жүргендер 80%, пайыз, бірақ мен ислам болма деп жатырған жоқпын, исламды түсінбей жастар жүгіріп жүр, біздің аталарымызға қарасам осыдан 20жыл ары қарасаң, дәрет алудың да дұрыс әдісі бар, ал қазір қандай асханаға кірсең соларды күтіп тұрасың және олардан кейін кірсең су жан жаққа шашырап кетеді

  • @akerkeydyrys05
    @akerkeydyrys05 8 месяцев назад +4

    Рахмет подкаст өте пайдалы, осы арқылы өміріміздің мәнін түсініп, толықтай өзгертуге болады деп ойлаймын.❤😊

  • @yerkebulankiikbay
    @yerkebulankiikbay Год назад +10

    Терең ойланатындар үшін керемет азық, Алла разы болсын🎉
    Әйел кісілер ғана пікір қалдырған ба?😁

  • @АрайлымДаулетова-о4л
    @АрайлымДаулетова-о4л Месяц назад +1

    Рақмет сізге Нәрікби мырза Төребек мырзаны жақсы аша білдіңіз. Төребек мырза вобще бомба, осы кісіге қарап қандай сабырсыз екенімді көрдім өзімнен.

  • @АрайлымЕркебаева-и4у
    @АрайлымЕркебаева-и4у 9 месяцев назад +4

    Даааа отбасым үшін қорқатын едім, енді бәрін аллаға тапсырдым❤иншаллаһ

  • @АлтынОкасова-м9б
    @АлтынОкасова-м9б 8 месяцев назад +2

    Балам Ерасылдың алдына қойған арман мақсаттарының орындалуына, адал табыс табуына, Алланың сүйікті құлы болуын және балама адал жар кездестіруін нәсіп етші жаратушы бір Аллам, бір өзіңе ғана тапсырдым

  • @ШайзатРайсова
    @ШайзатРайсова Год назад +5

    Осы кісіні тыңдай бергім келеді, интервьюлері аз өкінішке орай, күнделікті арпалыс, жүгірісте бір мезгіл тоқтап Кім үшін деп ойлану адамды тәубесіне келтіріп, тыныштық береді екен, эфир шығуына атсалысқан жандарға және әрине Төребек ағайға рақмеееет

  • @Розочка-в6н
    @Розочка-в6н Месяц назад +3

    УЛКЕН РАМЕТ СУХБАТ УШИН. ТОРЕБЕК ОТЕ САБЫРЛЫ, БИЛИМИ ТЕРЕН, ФИЛОСОФИЯЛЫК ИЗДЕНИСКЕ БАЙ, ЕРЕКШЕ МИНЕЗДИ ТУЛГА ЕКЕН. ЖУРГИЗУШИДЕ ОТЕ АКЫЛДЫ ЖИГИТ ЕКЕН. ИСТЕРИНЕ САТТИЛИК, ШЫГАРМАШЫЛЫК ТАБЫС, ДЕНСАУЛЫК ТИЛЕЙМИЗ!

  • @Akerke92_
    @Akerke92_ Год назад +4

    Төребек ағаның Білімі Алладан,әрі өте терең,сондықтан сұрақ қою арқылы ойланып қорыту керек

  • @Shamshiddin-u7w
    @Shamshiddin-u7w Год назад +14

    👍👍👍. Осы айтылғандарды өмірде хайырлы түрде енгізуімізге Алла нәсіп етсін. 🤲🤲🤲

  • @gauharomarova2963
    @gauharomarova2963 Год назад +75

    Алла разы болсын 🌷. Әдемі позитвный әсер алдым ❤. Арасында Нарикбидің эмоцияларына күліп те алдым 😂, жақсы түсініп тұрмын эмоцияңызды))

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад +4

      Төребек ағай айтып отырған нәрсені туйіндеу үшін итальяндық дәрігер Джузеппе Москати туралы Исцеляющая любовь фильмін көріп шығуға кеңес беремін. Шартсыз сүйген барлық адамды, сол үшін оны жұрт әулие атап кеткен святой Джузеппе деп. Ютубтан бар осы фильм.

    • @ГульзираНурбекова-в7ъ
      @ГульзираНурбекова-в7ъ Год назад +6

      @@НұргүлНұртасқызы оган кетпейак негызы пайгамбарымыздын Мухаммед(с.а.с) омир баянын окып шыкса арбир адам , осы кисинин айтып отырган дуниесын тусинеды ...Короче создын туйыны барлыгын Алла разылыгы ушин жасауымыз кереккой, Алла разылыгы ушин жаксы корип Алла разылыгы ушин омир суруымыз кереккой.Мен осыны туйдым ойыма.

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад +4

      @@ГульзираНурбекова-в7ъ көп адам оқып уақыт өткізгісі келмейді, фильм арқылы қарай салуды жақсы көреді, өйткені, казир кликовое мышление көп жастарда. Визуально жақсы қабылдайды әлемді, ақпаратты. А так пайғамбарымыздың сирасынан артық нәрсе, насихат, ақпарат жоқ шығар, Құрандағы Аллаh келтірген оқиғалардан кейін

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад

      ​@@ГульзираНурбекова-в7ъ және 2ші 1 ескеретін дүние бұл жерде адам өлтіру туралы айтылмады да, керісінше, адамдарды шартсыз қабылдау туралы айтылды. Сираның ішінде пайғамбарымызға Аллаh Таъала Медина қаласында 700 еврейдің басын шапканы туралы баяндалды ғой, сол себепті көп адам дінге жаңадан келіп жатса, тусинбей қалуы мүмкін ғой, дін мен пайғамбарымыз сондай қатігез, жан алғыш болған ба деп.сол себепті Сираны әркімнің еркіне калдырып именно Төребек мырза айтып отырған тақырыпқа ең жақын дүние - ол жүрек мейірімге шартсыз толу үлгісінде тусирилген фильм осы христиан дінінің өкілі Джузеппе Москати туралы фильм. Ешқандай миға қарсылық тудырмайтын.

    • @АйгеримМамытова-х9ц
  • @НурсейтАлыбаев-н1ц
    @НурсейтАлыбаев-н1ц 9 месяцев назад +3

    2020 жылы уйге келген қонақ болып, бұл кісіге Алла үшін жақсы көріп калдык, Маган катты әсер болды.

  • @assiakaliyeva6127
    @assiakaliyeva6127 Год назад +33

    Төребек мырзаға Алла разы болсын,семинарына бір рет барған адам қайта қайта бара бергісі келеді❤

    • @НұргүлНұртасқызы
      @НұргүлНұртасқызы Год назад

      Төребек ағай айтып отырған нәрсені туйіндеу үшін итальяндық дәрігер Джузеппе Москати туралы Исцеляющая любовь фильмін көріп шығуға кеңес беремін. Шартсыз сүйген барлық адамды, сол үшін оны жұрт әулие атап кеткен святой Джузеппе деп. Ютубтан бар осы фильм.

    • @АрманАхметжанова-х5с
      @АрманАхметжанова-х5с Год назад +1

      Бұл кісі жайлы қалай осыған дейін естімегенбіз?🤔🙂

    • @meru.ulasbek
      @meru.ulasbek Год назад +1

      ​@@АрманАхметжанова-х5с Төребек мырзаның подкасттарын нәзік әлемнен тыңдап көрсеңіз де болады

    • @Doctor_daniar
      @Doctor_daniar 6 месяцев назад

      Себебі стройкада жүрдім деді ғо​@@АрманАхметжанова-х5с

  • @MissYeskabylova
    @MissYeskabylova Год назад +2

    мына кісі ұнайды машАллах. бір ұнамайтын жері толық ашып айтпайды ішім пысып кетті, біз шашып шашып айтып тастағанға үйренгенбіз ғой. Нәпсімен әбден жұмыс істеп оны тәрбилеген кісіге ұқсайды

  • @Laura_Abdimanapkyzy
    @Laura_Abdimanapkyzy Год назад +6

    Бірінші рет подкасты 😂 көрдім Бәрі оп оңай нәрсе Өзіміз қиындатып жүрген екенбіз

  • @КундызТогыс
    @КундызТогыс Год назад +36

    Подкасттың қызық болғаны сонша,1сағат 20минут емес, 15-20минут қана тыңдаған сияқты болдым. Өте керемет сұқбат болды. Рақмет көп 🤗.
    Біраз инсайт алдым.
    Нарикби жарайсыз, әр түрлі сұрақ қойып, тақырыптың одан әрі ашылуына себепші болдыңыз 👍👏
    Жұмысыңыз өрлеп, пайдалы подкасттарыңыз көбейе берсін 🤲🤲🤲

  • @kairat_ala
    @kairat_ala Год назад +10

    Платный нәрселерді айтып қоятын болдым дегендей, толық ашып айтпай отырған сияқты көрінеді екен. 😅 Рахмет сұхбатқа, Нарікби барынша сөйлетуге тырыстың ағамызды.

    • @АрайлымКасымбаева
      @АрайлымКасымбаева Год назад +2

      Төребек ағайдын өз стилi солай, семинарларына қатыссаңыз да көбiрек сұрақ қояды, яғни адамның өзi ойлануына мүмкиндiк жасайды)

  • @ЖаннурменНурай
    @ЖаннурменНурай 2 месяца назад +1

    Ия көркем мінез деген осы кісіде баршылық.Недеген сабырлық,әр сөзді дұрыс жеткізу.Біз пендеміз тек құлшылық жасап өмірді рахаттанып өмір суру деген.Біз әр заттың өз қожаиыны барын түсіну керек екенбіз.Мысалы баламыз біздікі емес ол алла жаратқан пенде,біз оған урсуға,қол көтеруге қақымыз жоқ екен.Барлықтарынызға алла ұзақ ғұмыр берсін 🤲 ниетіміз дүзу болсын 😍

  • @YenglikAitkul
    @YenglikAitkul Год назад +4

    Мә, миды конкретно төңкеретін білімдер ғой мынау👍🏻👍🏻👍🏻

  • @kerekarna
    @kerekarna Год назад

    ағаны жақыннан танымасақта ми қорытпай қалатындай сөз айтады екен. Қызық подкаст болды. Рақмет Нәрікби саған

  • @nazerkenazerke325
    @nazerkenazerke325 Год назад +10

    Төребек ағаның әрбір сөзі ойландырады. Мықты подкаст болды! Рахмет!

  • @РузаИсмаилова-д6л
    @РузаИсмаилова-д6л Год назад +3

    Ма Ша Аллаһ
    Қандай сабырлы ,
    Үйренетіміз өте көп екен ..
    Осы бауырымның әр сөзін бар ықыласпен тыңдадым ..
    Қандай керемет жауаптар
    Нағыз мұсылманның абзал тұлғасы …

  • @mereynomad8162
    @mereynomad8162 Год назад +16

    Ауырлау тақырып екен, ми қорытып үлгермей жатыр😅

  • @АйымМарал
    @АйымМарал Год назад +1

    Оте жаксы дуниелер айтады тусыне алатын адамга. Оте мыкты жол корсетеды. Тек сал тусындыру жагын ашып айта алса екен.

  • @amannurzhanova9166
    @amannurzhanova9166 Год назад +4

    Инвестиция отбасыға, жан жағынызға!!!!
    Керемет!!!
    Алла разы болсын сызге!!!
    Материалдық емес, рухани!!!

  • @ayaulymeralykyzy8937
    @ayaulymeralykyzy8937 Год назад +2

    Аллаһтың нұры жаусын Сіздерге. Күн сайын Төребек ағайды тыңдаудан жалықпаймыз. Аллаһ Тағалам бізге берген ризығы ғой ағай. Әлһамдулиллаһи Роббил Әләмин.

  • @ainurzhanatbekova5353
    @ainurzhanatbekova5353 Год назад +6

    Төребек ағанын семинарына барғам, күштіі болды, но қабылдауға, түсінуге бірааз қиын болдыы, Аллаға шүкір енді енді түсініп практика жасап бастадым, главное жолға шығу тоқтап қалмау екен

  • @ДаржанАлимжанова
    @ДаржанАлимжанова 15 дней назад

    Керемет. Падкаст. Болды. шукир. Аллаға. Осындай. Адам. Көп. Болсын.

  • @sayabolat6818
    @sayabolat6818 Год назад +13

    Менің миым🤯 подкаст үшін көп рахмет! Ең ұнаған сәті нәпсінің ең төменгі деңгейі туралы😢

  • @АлександрШишкин-х3ш
    @АлександрШишкин-х3ш 2 месяца назад

    Маша Аллах оте керемет подкаст🎉 Озимди мазалаган сурактарга жауап алган сияктымын🎉 Джазака Аллаху Хайрон

  • @nurganym1016
    @nurganym1016 10 месяцев назад +3

    Уау 💔бир іздеген сурактын жауабы табылды

  • @Armanimkop
    @Armanimkop Год назад +2

    Мына кісі сұмдық керемет дүниемен бөлісті...Алла разы болсын!

  • @АсылжанБазенова
    @АсылжанБазенова Год назад +17

    Төребек аға туралы көп адамдардан естіген едім. Алайда, мән беріп іздестіріп көрмеппін. Енді, осы подкасттан кейін қызығушылығым оянып кетті. Керемет жағымды әсер алдым, рахмет, Нарикби. Коятын сурактарың да өте орынды, дұрыс қойылады. Аллам осыны көруге нәсіп еткен екен, Аллаға шүкір.

  • @ТилектесМаткаримова-щ7з

    Керемет осы киси осы кисини тыңдаған сайын бир инсайт алам вроде мен билем дисинда бирак мына кисини тыңдасаң дым билмейтинин шыгады

  • @erikkyzy
    @erikkyzy Год назад +19

    Таным да,пайдалы да,қуанышты да,хайырлы да бола білген подкаст!Алла разы болсын!✨

  • @Nurtv-17
    @Nurtv-17 10 месяцев назад +1

    Бұндай деңгейге жету үшін бұл кісі қаншама білім алды екен. МаШа Аллаһ. Мен дайыр нәрсені тыңдап қорыта алмай отырмын даже😂

  • @assem_khalelova
    @assem_khalelova Год назад +28

    Маммаа Нәрікби осындай күшті адамдарды қалай тауып аласыз🤩🤩 Подкаст керемет!
    Негізі сіздің арқаңызда біршама жақсы адамдармен таныстым🙌

  • @ShynarSh-nq7rt
    @ShynarSh-nq7rt 11 месяцев назад +1

    Все что он говорит, есть в Коране. Я каждый день читаю Коран. Намаз, Коран - это всё беседа с Самым Любимым- с Аллахом.

  • @yerbolatalaidar1569
    @yerbolatalaidar1569 Год назад +6

    Ассаламуғалейкум. Нәрікби мырза, сізге үлкен алғыс Төребек мырзаны қонақ еткеніңізге. Өте керемет подкаст болды. Алла сіздерден разы болғай

  • @СаулеА-ш2т
    @СаулеА-ш2т 20 дней назад

    Осы Төребееті көрсем тыңдасам мен Мұхаммед с.ғ.с. бейнесін көргендей боламын,МашАлла,барлығымыз осындай дәрежеге жетсек екен лайым! Даусыда мінезіде,сауатыда,сыйлығының өзі ерекше❤

  • @asylaru_zhann9040
    @asylaru_zhann9040 Год назад +6

    Сұрақтарға жауап мүлдем қанағаттандырмады. Жүргізшінің өзі де ештеңе түсінбеген сияқты🥲 итог: сенде ешқандай құқық- таңдау жоқ, сен құл екеніңді ұмытпа деп тұрған секілді. Ең бір түсінікті болған ол травма жайында болды. Керемет айтылған ой болды. Травма деген терминнің орнына опыт деп қарастыру дұрыс екен👍

  • @ЛидаЖанат-г1т
    @ЛидаЖанат-г1т Год назад +2

    Бұл жерде айтылғандарды түсіну үшін бірнеше рет көру керек сияқты❤

  • @ЖансаяСарбас
    @ЖансаяСарбас Год назад +6

    Мәссаған, басында жыным келіп 1.25 пен тез тыңдап отырған едім... соңында бұл кісі неткен даналықпен білімді адам екеніне көзім жетті,маған бір сұрақтардың шешімін табуға көмектесті рахмет Алла разы болсын, 👍👍👍👍🇰🇿♥️

  • @mikapearl3053
    @mikapearl3053 6 месяцев назад +1

    Жаныыым ағам сізге Алла разы болсын. Оте жаксы корем 🤗

  • @raihanzhoshy
    @raihanzhoshy Год назад +4

    Алла үшін жақсы көру дегенді қанша психологтан естіп жүрсем де, мағынасын енді түсіндім. Керемет, бірінші рет тыңдап тұрмын ағайды, қайта қайта тыңдау керек екен

  • @ДинараПашар-п7э
    @ДинараПашар-п7э Год назад +20

    Өте керемет подкаст👍 Екі тарапта тақырыпты барынша ашты деп ойлаймын. Жүргізушіге де рахмет, қысылмай өз сұрақтарын қою арқылы, Төребек ағайдың қысқа да, нұсқа жауабын кеңірек, бізге түсінікті етіп ашуына керемет мүмкіндік берді😊

  • @ДанагульСагынгали

    Керемет подкаст болды, Төребек ағайдың семинарына бармай тұрып түсіргеніңіз де Алланың қалауымен,шүкір, себебі семинарында болмаған көптеген адамдар бар, солардың сұрақтары да сіздікіндей, барған болсаңыз, сұрақ қоймас па едіңіз, сол үшін өте ашық, біраз сұрақтардың жауабын алатындай түсінікті айтылғандай көрінді маған, ағайдың семинарына жете алмай жүрген адамдарға өте пайдалы болды, барғандарымызға қайталау сабағындай болды, шүкір, рахмет.

  • @ГазизаЖубанова-у9ш
    @ГазизаЖубанова-у9ш 7 дней назад +1

    Бари де тусиниктиго, кайталап тындай бериниз😊

  • @АйданаШекербек
    @АйданаШекербек Год назад +5

    Төребек ағаның сұхбатын көбейтсеңіздер.Көп ақпарат алдым.Амал етсек өмірімізді әлде қайда жеңілдетері анық Аллам өмір жасын ұзақ етсін