Қандыағаштың суына бөлінген қаражат жоғалды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 окт 2024
  • Аудандарда да жемқорлық. Бүгін Тәртіптің кеңес отырысында аудандардағы жемқорлыққа байланысты бірнеше іс қаралды. Қандыағаш қаласының тұрғындары үшін ауыз су шектеулі. Олар суды таңғы сағат 6-дан түнгі 11-ге дейін ғана тұтына алады. Оған себеп аудан орталығында су сорғылау станциясының жоқтығы. 2013-2014 жылдары су сорғылау станциясын салу мәселесі қарастырылып, мемлекеттік бюджеттен 185 млн. теңге қаржы бөлінген. Алайда, станциясы мен 5 ұңғыма әлі салынбаған. Осы мәселе бойынша Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қойшекеновтің ісі тәртіптік кеңесте қаралды. Кеңес мүшелерінің жан-жақтан қойған сауалдарынан сасқалақтады ма, Талғат Қойшекенов берген жауабын бірнеше рет қайталап, сөзінен жаңылып жатты. Енді Тәртіптік кеңес мүшелерінің шешімімен бөлім басшысының қызметі төмендетілуі мүмкін. Кеңесте қаралған тағы бір мәселе Қобда ауданы Қызылжар ауылының әкімі Әлібек Нәкештің тәртіптік ісі. Ауыл басшысынан жұмыс сұрап барған жанмен балағаттасып, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Әкім мен ауыл тұрғынының арасындағы дау соңынан қылмыстық іс қозғалып, екеуіне де 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Тәртіптік кеңес шешімімен Қызылжар ауылының әкімі Әлібек Нәкешке қатаң сөгіс жарияланды.

Комментарии • 3

  • @мираскамалов-ъ7ю
    @мираскамалов-ъ7ю 6 лет назад

    Енді Талғат ағаны кіналап жатыр ма?мүмкін басқа біреудің де қатысы бар шығар.сөйлей алмай ұялып тұр ғой.енді недейсіңдер.

  • @ГалымШаймурзин
    @ГалымШаймурзин 6 лет назад

    Кыртыпсын жеп койдык десейш коп болса жумустан кетесин сендерге сот жок кой

  • @120808leo
    @120808leo 6 лет назад

    Мен кандагашта турамын