Қарилар - Ара зікірі. Ақтау (Субтитр ~ қазақша текст. Аудио нұсқа)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 янв 2025

Комментарии • 93

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +47

    00:37 "ҺУ АЛҚАСЫ". Ахмет Ясауи (текст)
    Һу алқасы құрылды,
    Ей, дәруіштер, келіңдер.
    Хақ сыпырасы жайылды,
    Қалыпқа нәр беріңдер.
    «Қал» ілімін меңгеріп,
    «Хал» ғылымын етіңдер.
    Жоқтыққа шым батыңдар,
    Бардан мейірім алыңдар.
    Жыртып шапқат пердесін,
    Тілеп Дидар уәдесін.
    Ашып көңіл зердесін,
    Мүшахида болыңдар.
    Һу арасын алыңдар,
    Нәпсі басына салыңдар.
    Күні, түні еңіреп
    Хаққа құрбан болыңдар.
    Алқа ішінде һу деңдер,
    Ғашық отына жаныңдар.
    Тәкпір айтып бір деммен,
    Кәусарына қаныңдар.
    «Һу-һу» деп, зар еңіре,
    «Һу» демекте мағына бар.
    Жетіп Хақтың кеніне,
    Ақ жолыңды таңдап ал.
    Құл Қожа Ахмет құл болған,
    Жол үстінде күл болған.
    Одан ғибрат алғанның
    Жүрегінде Нұр жанған.

    • @АйгульЕлеуова-ы6з
      @АйгульЕлеуова-ы6з Год назад +22

      АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН! БАҚЫТТЫ БОЛ! ОҚЫП,ҚУАНЫП ОТЫРМЫН ТАПҚАНЫМА. ЖАЛҒАСЫН ТАПСЫН!
      ЩІКІРДЕН КҮШТІ ҚУАТ АЛАТЫН ЕДІК.
      ЛАЙК.ЖАЗЫЛДЫМ. МИЛЛИОН ЖАЗУЛУШЫ БОЛСЫН

    • @Abzal_rezer
      @Abzal_rezer  Год назад +12

      @@АйгульЕлеуова-ы6з әумин рахмет сізге де Алла разы болсын 🤲🏼

    • @Смсмсм-р5м
      @Смсмсм-р5м Год назад

      Қумаңдар ей сопылар Алланың діні тап таза оған кір кетлтирмеңдер

  • @ГульмираСмагуловп
    @ГульмираСмагуловп 8 месяцев назад +17

    Тамаша ❤

  • @Altyn_ordagoo
    @Altyn_ordagoo 8 месяцев назад +14

    🔥🔥🔥

  • @МукамеджанСерикбай

    Әумин, Аллаға шүкір.😊

  • @СапаргалиОразов
    @СапаргалиОразов Год назад +25

    Зікір жақсығой иманның күшеиеді.

  • @КаламкасДюсембаева
    @КаламкасДюсембаева 4 месяца назад +4

    Алла га Шукир кайта еститин болдык Яссауи тобын.

  • @AliMuhammadov-m2r
    @AliMuhammadov-m2r 21 день назад +1

    Mashaa Allah qozoq birodarlarim juda go’zal man har kuni eshitaman o’zbekistondan Sunni xanafi qozoq birodalarimmizga assalamu aleykum😊

  • @galiaraiymbekova650
    @galiaraiymbekova650 2 года назад +31

    Арасында тыңдап, күш-қуат аламын, Аллаға шүкір

  • @БакытжанСаурыков
    @БакытжанСаурыков 10 месяцев назад +16

    Тамаша

  • @maryiaalseitova1014
    @maryiaalseitova1014 Год назад +23

    Алла разы болсын!🙏

  • @Yerkin-Q
    @Yerkin-Q 4 месяца назад +6

    ҺУ АЛҚАСЫ
    Һу алқасы құрылды,
    Ей, дәруіштер, келіңдер.
    Хақ сыпырасы жайылды,
    Қалыпқа нәр беріңдер.
    Қал ілімін меңгеріп,
    Хал ғылымын табыңдар.
    Жоққа тәнді теңгеріп,
    Бардан мейірім алыңдар.
    Жыртып шафқат пердесін,
    Тілеп дидар уәдесін,
    Ашып көңіл зердесін,
    Мүшәһида болыңдар.
    Һу арасын алыңдар,
    Нәпсі басына салыңдар.
    Жардың жүзін сағынып,
    Жанның зарын шағыңдар.
    Алқа ішінде «һу» деңдер,
    Айтып, естен таныңдар.
    Хақ дидарын білгендер,
    Ғашықтықтан жаныңдар.
    Жан-тәніңмен Аллаға
    Тәкбір айтып, жалбарын.
    Зікір етіп зарлана,
    «Һу-һу» болсын арманың.
    «Һу» демекте мағына бар,
    Жар жамалын таңдағын.
    Жар жамалын аңсасаң,
    Шексіз мейірім алғаның.
    Құл Қожа Ахмет - құл болған,
    Жол үстінде күл болған.
    Одан ғибрат алыңдар,
    Іздегені нұр болған.
    Ахмет Ясауи

  • @Adaibek-w7i
    @Adaibek-w7i Год назад +40

    Осы зікірді 2000 жылдардың басында еститін едім, мешіттің қасымен өтіп бара жатқанда, зонада.Ол кезде намаз оқымаймын. Сұрағанда айтады, біреу біреулерден қашып келіп талға тығылып қалған, оны біліп қалып талды арамен кескен деп. Ұмытып қалдым, білгім келіп тұр.Ол да бір дініміздің тарихы шығар. Аллаху акбар.

    • @imamatkz
      @imamatkz Год назад +19

      Ол Зәкәрия пайғамбар болған.

    • @АйгульЕлеуова-ы6з
      @АйгульЕлеуова-ы6з Год назад +17

      Ассаламағаләйкум.Саулыққа пайдалы.Біздер,кезінде намаздан кейін,салатын едік.уёде жиналып бәріміз.Ораза кезінде.

    • @ДаригаИсахова-и4р
      @ДаригаИсахова-и4р 10 месяцев назад +11

      Зәкәрия пайғамбарға сол елдің патшасы өз қызы өте сұлу болып , өзі әйелдікке алу үшін бір пәтуа шығарып бер дегенде ол болмайды ол азғындыққа жатат дегенде өлтіруге бұйрық береді, Ол қашады да Құдайдан көмек сұрамай ағашқа мені жасыр дегенде қақ жарылып ішіне кіріп кетеді, шапанының ұшы сыртқа көрініп қап кеткенде бір құс келіп шұқып көрсетіп береді да адамдары аралап кесе бастағанда ғана Құдайға жалынғанда қабыл алмайды, менен емес сен ағаштан көмек сұрадың деп, сонда осы ара зікірін айтып өліп кетеді екен

    • @КиножәнеОйындар
      @КиножәнеОйындар 10 месяцев назад +14

      Дәл солай әскерден қашып келе жатып Аллахтан емес Талдан көмек сұраған. Тал құшағын ашып ішіне тығып қойған. Шапаны талға қысылып қалған сонда ішіндегі адамымен күзетшілер талды аралаған. Сол кезде Аллахтан кешірім сұрап осы зікірді айтқан. Қателігі Аллахтан емес Талдан көмек сұрағаны ☝️

    • @ЖагиппаровГалым
      @ЖагиппаровГалым 9 месяцев назад +11

      Закария пайғаибарымыздын қиссасында

  • @ZiraOrikenova
    @ZiraOrikenova 8 месяцев назад +14

    Кайрымды,ракымды
    Рахман,
    Ху алкасына,нур ,жарык,,сауле
    Мирим,
    Каусар,насип етуин,,тилимин
    Бизгеде,урпагыма туыстарыма
    Халкыма,буиыртсын
    Амин❤🎉😊

  • @Айгул26
    @Айгул26 Месяц назад +1

    ❤❤ Аллам жар болсын баршаңа

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +32

    02:52 "ОПАСЫЗ ФӘНИ". Ахмет Ясауи (текст)
    Қайырмасы:
    Лә иләһә илл-Алла,
    Илл-Аллада пайда бар, -
    Білмеген жанға не айла бар?!
    Барар жерің қараңғы,
    Шамшырағың сайлап ал.
    Опасыз фәни - бұл жалған
    Жұтады жуан-жұқаны.
    Малыңа сенбе құлданған,
    Қурайдың ол бір бұтағы.
    Қай жаққа кетті аттанып?
    Пікір қыл соны, ау, көп халық.
    Жетеді қуып ат-табыт,
    Кигізіп жеңсіз лыпаны.
    Қайырмасы:
    Лә иләһә илл-Алла,
    Илл-Аллада пайда бар, -
    Білмеген жанға не айла бар?!
    Барар жерің қараңғы,
    Шамшырағың сайлап ал.
    Аңдыма дүние қапысын,
    Тірлік қыл Тәңірі хақы үшін.
    Жей көрме жанның ақысын,
    Қылкөпір ертең тұтады.
    Ұл-қызың, досың жорықтас,
    Ешбірі жебеп жарытпас.
    Жігерлен, сілкін, ғаріп бас,
    Ғұмырың желдей зытады.
    Қайырмасы:
    Лә иләһә илл-Алла,
    Илл-Аллада пайда бар, -
    Білмеген жанға не айла бар?!
    Барар жерің қараңғы,
    Шамшырағың сайлап ал.
    Құл Қожа Ахмет, тағат қыл,
    Ғұмырыңды қай жан санап тұр?
    Топырақ пен судан жаратты -
    Топырақ қайта жұтады.
    Қайырмасы:
    Лә иләһә илл-Алла,
    Илл-Аллада пайда бар, -
    Білмеген жанға не айла бар?!
    Барар жерің қараңғы,
    Шамшырағың сайлап ал.

  • @АмангельдиноваЛяззат
    @АмангельдиноваЛяззат 3 месяца назад +4

    Ақ Аллам баршамызға Алланың зікірін нәсіп етсін!!! 🤲🤲🤲

  • @МолдирСадуахасова-ь5ю
    @МолдирСадуахасова-ь5ю 3 месяца назад +3

    Керемет! Мә шәә аллаһ!

  • @СапаргалиОразов
    @СапаргалиОразов Год назад +21

    Тыңдасаң жүрегіңе тыныштық береді . маған ұнайды .

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з Год назад +28

    Ассаламағаләйкум! Ораза қабыл болсын! Кезінде зікір салатын едік.
    Лайк.жазылдым

    • @Abzal_rezer
      @Abzal_rezer  Год назад +13

      Уағалейкум ассалам! Бүгін 28 маусым Құрбан айттың бірінші күні. Әумин рахмет қабыл болсын 🤲🏼

    • @АйгульЕлеуова-ы6з
      @АйгульЕлеуова-ы6з Год назад +13

      ​@@Abzal_rezer
      🤲 Дуғалар,зікірлер қабыл болсын! Жаным рахаттанады!
      Алла разы болсын, салғаны
      ңызға видео! Бақытты бол! Екі дүние рахатын көріңіз.Қазақ Елі мәнгі жасасын! Аумин. Жазылғанмын.

  • @AliMuhammadov-m2r
    @AliMuhammadov-m2r 21 день назад

    Mashaa Allah qozoq birodarlarim juda go’zal man har kuni eshitaman o’zbekistondan Sunni xanafi qozoq birodalarimmizga assalamu aleykum

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +30

    06:30 "ЕЙ, СОПЫ". Ахмет Ясауи (текст)
    Ей, сопы, талап қылсаң Хақ Дидарын,
    Жаннан кеш, алқа ішінде жан қинағын.
    Алла үшін тәрік болсын бар жиғаның,
    Талақ қыл түн ұйқыңды - өшсін мұндар.
    Ғашыққа Хақ рахметі жуық шығар,
    Өң - сынық, жүзін жаспен жуып сығар.
    Тамұққа менмендерді қуып тығар,
    Тозақта тәкаппарлар өтпес сын бар.
    Жарандар бұрынғы өткен аулақ кетті,
    Тақ - халас, жасы жуды саулап бетті.
    Сенің де ғұмырың тәмәм - нәубет жетті,
    Тәуба қыл күнің үшін, ей, пәтшағар!
    Не істемес ит-нәпсіге берсең ерік?! -
    Алла - жат, еңіресең де өршеленіп.
    Жеңілсең тіріледі, жеңсең өліп,
    Ұйқыңды құстай үркіт түнде шырмар.
    Шығармас нәпсі деген түрме-құлып,
    Аздырар жолдан бұрып мүрде қылып.
    Шайтанмен сүрдің өмір бірге жүріп,
    Нәпсіні, нәпсіні теп, ей, пәтшағар!
    Тұлдырсың нәпсіге ерсең ақырдемде,
    Қосады діннен қуып кәпірлерге.
    Өлерде иман кетер ғафыл желге,
    Нәпсіден ақылға ер де болғын бизар.
    Перғауын Һарун кетті шайтанға еріп,
    Сондықтан жер жарылды сойқан болып.
    Үлгісін Мұса Кәлим айтар келіп:
    Екеуін үлгі алмаған Құдай қарғар!
    Момындар жинап өтер Ар мен Ғылым,
    Хақ үшін құрбан қылған жан мен ділін.
    Дүние емес, ақыретке пәрменді кім,
    Сол жанға үр мен нөкер - бәрі даяр!
    Намаз бен ораза тұтқан күлер тақтан,
    Бар халық сол бір жанды тілер Хақтан.
    Ондай құл қиямет күні жігер тапқан,
    Ол ұлды періштелер құптап тұрар.
    Хауыз бар жарандарға ем сауда қылған,
    Ғашықтар татады оны тәуба қылған.
    Қайығы тәубасыздың аударылған,
    Ішер-дүр ол бейбақтар улы зәһар.
    Бір күні қияметтің - мың жыл болар,
    Санынша бұл дүнияның құрдым болар.
    Қайым күн жетпіс мың жыл сүргін болар, -
    Тәубашыл құлдар үшін туды баһар.
    Кім Хақтың құлы болса - Хаққа жақсын,
    Тәкаппар, қалай бері аттамақсың?!
    Құл Ахмет, нәпсі тыйып, дат қыламын,
    Пірмұған тағар ма екен ақ тұмарын!

  • @НурияБисенова-е9о
    @НурияБисенова-е9о Год назад +27

    Ұйықтар кезде қосып қоямын. Бірак ұйықтап қаламын. Бір ұйықтап оянғанда вайфайды өшіремін. Жаныма қуаты береді

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +20

    17:00 "ТАҺЛИЛ СОҢЫ". Ақ Ишан (текст)
    Әһлі тақуа опасы - Лә иләһа илл-Алла.
    Әһлі ділдің сапасы - Лә иләһа илл-Алла.
    Сахралардың шаңынша - Лә иләһа илл-Алла.
    Ағаш жапырағынша - Лә иләһа илл-Алла.
    Жаңбыр тамшыларынша - Лә иләһа илл-Алла.
    Озал менен Ақырға
    Көпір болып салынса
    Мағлұм Хақ санынша - Лә иләһа илл-Алла.
    Я, Иләһи, тауфық бер - Лә иләһа илл-Алла.
    Пенделерің жалынса - Лә иләһа илл-Алла.
    Арман бар ма, өлерде
    Хақтың нұры ағылса,
    Тілімізге алынса - Лә иләһа илл-Алла.
    Дін Исламның тірегі -
    Лә иләһә илл Алла.
    Хақтың жолы зікірде
    Жүрегіңді нұрландыр.
    Сенбе өзге пікірге
    Лә илләһә илл Алла.
    Бұл жәннатта тұрған дүр
    Сан мың мәрте қайтала.
    Иманың тұр саламат
    Лә илләһә илл Алла.
    Жетпіс бұтақ иманның
    Зікір деп біл абзалы.
    Сәулеленіп маздағын
    Лә илләһә илл Алла.

  • @ГүлфайрузҚаныбетова
    @ГүлфайрузҚаныбетова 2 года назад +19

    Амиин.Амиин.Амиин.

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +26

    10:45 "ПЕЙІШ ПЕН ТОЗАҚТЫҢ АЙТЫСЫ". Ахмет Ясауи (текст)
    Пейіш-Тозақ таласар, таласуда баян бар,
    Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
    Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! -
    Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
    Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
    Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
    Қайырмасы:
    Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
    Момындардың алдында шексіз нығмет - гүлзар бар.
    Тозақ айтар: мен артық, залым да құлдар бар менде,
    Залымдарға беретін зәһар - менде, зәр - менде.
    Пейіш айтар: мен артық, мен - Пайғамбар мекені,
    Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
    Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
    Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
    Қайырмасы:
    Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
    Момындардың алдында шексіз нығмет - гүлзар бар.
    Тозақ айтар: мен артық, залым да құлдар бар менде,
    Залымдарға беретін зәһар - менде, зәр - менде.
    Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар - төрімде,
    Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
    Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар - қойнымда,
    Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
    Қайырмасы:
    Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
    Момындардың алдында шексіз нығмет - гүлзар бар.
    Тозақ айтар: мен артық, залым да құлдар бар менде,
    Залымдарға беретін зәһар - менде, зәр - менде.
    Пейіш айтар: мен артық, менде - хақ жол тұтқандар,
    Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
    Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
    Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
    Пейіш айтар: мен артық, менде - Дидар-Мұратың,
    Жар Дидарын көрсетер бар Рахман-Рахым.
    Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал
    Құл Қожа Ахмет, не білдің? -
    Білдіруші Алла бар.

  • @КарлыгашСарсенгалиева-м4л

    Ассалаумағалайкум ❤❤❤

    • @Abzal_rezer
      @Abzal_rezer  Год назад +11

      Уағалейкум ассалам

  • @БакытжанСаурыков
    @БакытжанСаурыков 3 месяца назад +3

    Мешітте болсын

  • @Makenzi1223
    @Makenzi1223 Год назад +13

    соңында жасалған дұғаны да жаза кетіңізші (кириллицамен) мүмкіндік болса👍👍👍

  • @LeaidAnireich
    @LeaidAnireich 2 года назад +41

    Түркістанда Үш- Арыс деген мешіт болатын сонда салатынбіз, алқа зікір ара зікір, керемет еді. Шымкентте зікіршілер бар мекен бір жерге жиналып салатын.

    • @Ansaransar-ov5fc
      @Ansaransar-ov5fc 2 года назад +16

      бізде салатын едік

    • @ainazymmix7725
      @ainazymmix7725 Год назад +12

      Үйрететін адам барма екен

  • @АқынИман
    @АқынИман 10 месяцев назад +14

    😢👍

  • @Кажанасыр
    @Кажанасыр 7 месяцев назад +10

    Күшті екен осыны неге мешіттерде салынбайды екен

  • @botadaiynova8187
    @botadaiynova8187 2 месяца назад +3

    Балам осы зікірмен ғана ұйықтайды

  • @НиязканАдильбаев
    @НиязканАдильбаев 5 месяцев назад +3

    Амин❤❤

  • @SakenEsenov
    @SakenEsenov 9 месяцев назад +14

    Ассалаумалейкум уа рахмудулахй уа баракадух неге казір Мешіт те айтылмайды осы Зікір

  • @АкмаралАйтбаева-ц2х

    7.31де айтылган зикр кандай

    • @Abzal_rezer
      @Abzal_rezer  Год назад +12

      Ей сопы хикметі. 06:05 те басталады

  • @madinaabdulkhanova9819
    @madinaabdulkhanova9819 Месяц назад +1

    Зікір жүрегіңдегі кірді тазалайды.

  • @rrvmzess
    @rrvmzess Год назад +14

    🙏🙏🙏🩷🩷🩷🩷

  • @botadaiynova8187
    @botadaiynova8187 Месяц назад

    Мына рекламаны алуға болмай ма админ

  • @АзретСатылганов
    @АзретСатылганов Год назад +15

    Арущвоврв

    • @aycantolobekova1441
      @aycantolobekova1441 Год назад +15

      Ассаламу алейкум
      Ахмед Ясавинин кабарына зыяратка барып келейин деген элем кантип барсам болот.🤲🌳🕋🇰🇬🇰🇬🇰🇬

    • @mereyasker8733
      @mereyasker8733 Год назад +14

      @@aycantolobekova1441 Турлар барғой Түркістанға бүткір әулиелерге бүткіл қасиетті жерлерге апарады 🙌

  • @mekoyel350
    @mekoyel350 Месяц назад

    Kazdoye novovedeniye eto zabluzhdeniye i kazhdoye zabluzhdeniye v Adu

  • @КуляшСимбаева
    @КуляшСимбаева 2 месяца назад

    РЕКЛАМАЛАР БƏРІН БҮЛДІРЕДІ , НАДОЕЛ БОП ТУР.....

  • @БауыржанАхмад
    @БауыржанАхмад 2 месяца назад

    бидғат

  • @ВолкВолк-ш4э
    @ВолкВолк-ш4э Год назад +3

    адасқан есалаңдар секіріп есінен танып қалат өте сақ болу керек бұл зікіршілерден

    • @gulzhazirasagyn8477
      @gulzhazirasagyn8477 10 месяцев назад +15

      Әу қазағымның баласы ау зікір керемет қой, еш жерде жоқ, мұндай гажаап, бақыттың бақыты ғой, іщіңдегі жұдырықтай жүректің қызып сондай керемет күйді сезіну, Жаратқан Йемізді сол жүрекпен еске алу ғой, үлкен сыр ғой ол, бір Алла Тағалам жәрдем бергей баршамызға сол кереметті сезіну ге ❤❤❤

  • @Смсмсм-р5м
    @Смсмсм-р5м Год назад +4

    Адасқан зікіршілер сопылар Аллахтың тура жолын бурмаламаңдар . Алла жазаларыңды берсін сендердің

  • @Смсмсм-р5м
    @Смсмсм-р5м Год назад +4

    Адасқандар зікіршілер

  • @КалаубайИсмагулов

    Керемет. Тек арасына жарнама салғаның болмаған екен. Руханиятты құлқынның қамы үшін, саудаға салу дұрыс емес.

    • @Abzal_rezer
      @Abzal_rezer  Год назад +12

      Сізде қалай екенін білмедім менде видео басталғанда жарнама ойнамады. Болған жағдайда да мен жарнама қоспадым.
      Ютюб өзі танымал видеоларға автордың келісімінсіз де жарнама қосуы мүмкін. Ол үшін сізден алдын ала кешірім сұраймын)

    • @botadaiynova8187
      @botadaiynova8187 8 месяцев назад +14

      Рекламаны ютуб өзі қосады

  • @Смсмсм-р5м
    @Смсмсм-р5м Год назад +2

    Елді аластырмаңдар сопы зікіршілер

  • @MadiMadi-p6j
    @MadiMadi-p6j Год назад +2

    Бул зикирлерин нен тук паида жок ахиретте

    • @lsgucci8115
      @lsgucci8115 9 месяцев назад +13

      Құдайсыңа үкім шығараты

    • @botadaiynova8187
      @botadaiynova8187 8 месяцев назад +13

      Кім айтты? Ахиретте пайда жоқ екеніне дәлел бар ма?

    • @gulzhazirasagyn8477
      @gulzhazirasagyn8477 26 дней назад

      Пайда болғанда қандай, шіркін, Аллаға сансыз шүкіршілік, бере салған 🎉🎉🎉❤❤❤👍👍👍💐💐💐

    • @Жаксылык-ц7я
      @Жаксылык-ц7я 24 дня назад

      Қайдан білесің, бір Алла біледі!

  • @specialone421
    @specialone421 9 месяцев назад

    Адаскандар

    • @gulzhazirasagyn8477
      @gulzhazirasagyn8477 26 дней назад

      Хикметтерін тыңдасайшы, керемет қой Хазіреті Мүбәрак Пайғамбарымыздың берген аманатын Хазіреті Арыстапбаб бабамыз, Хазіреті Яссауи бабамыз ға, неше жыл сақтап әкеліп берген жоқ па, сол осы зікір, түсінсеңіз. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болғай ❤❤❤

  • @AliMuhammadov-m2r
    @AliMuhammadov-m2r 21 день назад

    Mashaa Allah qozoq birodarlarim juda go’zal man har kuni eshitaman o’zbekistondan Sunni xanafi qozoq birodalarimmizga assalamu aleykum

  • @МариямАбиевв
    @МариямАбиевв 2 месяца назад +2

    Тамаша

  • @Abzal_rezer
    @Abzal_rezer  2 года назад +27

    14:05 "ДӘРІЛ БАҚИҒА ӨТУ". Ахмет Ясауи (текст)
    Күн байқалмас Әзірейіл келіп қалған,
    Ыстық тәннен әзиз жанды беру керек.
    Бес-ақ күндік ғұмырыңды беріп қолдан,
    Шара таппай ақыр бір күн өлу керек.
    Ұлың-қызың жылар сонда еңіреп кіл,
    Мүлкің қалар, малың тұрар мөңіреп тұл.
    Дұшпандарың қуанысып жолы боп тұр,
    Мойынсұнып сұлап түсіп көну керек.
    Бар мұраң сол - аяқ пенен бастан байлап,
    Ыстық суды құйып байқар шаштан жайлап,
    Айналаңды алар сонда достар жайлап,
    Алты кез ақ бөзден кебін кию керек.
    (Лә иләһә илл-Алла,
    Илл-Аллада пайда бар -
    Білмеген жанға не айла бар?
    Барар жерің қараңғы,
    Шамшырағың сайлап ал.
    Абыл:
    Лә иләһә илл-Алла - иманымыз,
    Бір имандай болмады жиғанымыз.
    «Кун» деген бір әмірге жолыққасын,
    «Фәякун» енді біздің болғанымыз.)
    Жаназаңа үлкен-кіші тегіс келер,
    Көрстанда көптен бөлек сен ішке енер -
    Жетпіс жерде сұрақ сұрар періштелер,
    Бір-біріндеп жауаптарын беру керек.
    Ғимаратты мазарында підә-көптің
    Түрлі-түрлі ғаламатты қиял еткін.
    Лахат атты есігі бар қияметтің,
    Саясаттық үйге барып ену керек.
    Кіріп көрсең, бір сәуле жоқ - қараңғы ерек,
    Толған қайғы. Жан табылмас алар дерек.
    Сол сағатта кім қылады саған көмек? -
    Қияметтің таңы атқанша төзу керек!
    (Шәкерім:
    Тиянақ көрме жалғанды,
    Қуа берме арманды.
    Пайғамбар мен сахаба,
    Сен түгіл содан қалған-ды.
    Құтырма енді, тек отыр,
    Күнәңа уайым жеп отыр.
    Алдыңда кірер үйің бар,
    «Ақұдай, оңда!» -деп отыр.
    Есің барда елің тап,
    Барғанда кірер жерің тап.
    Жаратқанның құлысың -
    Жағатұғын ебін тап.)
    Ақыры, сөйтіп, болған күні бар іс тәмәм,
    Осы ісіңмен барсаң егер Дәріс-сәлам,
    Адал емес жеген болсаң нәжіс-харам,
    Дәл сол жерден жемісіңді теру керек.
    Құл Қожа Ахмет, тоба қылғын өлмес бұрын,
    Қызыл жүзің көрде жатып сембес бұрын,
    Жылан-шаян көр ішіне енбес бұрын,
    Қаза жетсе риза болып еру керек.

  • @НиязканАдильбаев
    @НиязканАдильбаев 5 месяцев назад +3

    Амин❤❤

  • @AliMuhammadov-m2r
    @AliMuhammadov-m2r 21 день назад +1

    Mashaa Allah qozoq birodarlarim juda go’zal man har kuni eshitaman o’zbekistondan Sunni xanafi qozoq birodalarimmizga assalamu aleykum

  • @AliMuhammadov-m2r
    @AliMuhammadov-m2r 21 день назад

    Mashaa Allah qozoq birodarlarim juda go’zal man har kuni eshitaman o’zbekistondan Sunni xanafi qozoq birodalarimmizga assalamu aleykum