Төртінші қара сөз Абай Құнанбайұлы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Төртінші қара сөз
    Абай Құнанбайұлы
    ТӨРТІНШІ СӨЗ
    Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезіңде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым- қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүругежан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым -қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылдағы, сол харекет табу керек һәм кылу керек. Әрбір еңбегіңді сау, с орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа қайғыны, орынды харакетпен азайт!
    Шығар есігін таба алмай уайым- қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де бір антұрғандық жөне әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де қайғы да .
    Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әр ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады.
    Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет- аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.
    Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бүл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күніңде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
    Кулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам
    саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.
    #Аба Құнанбайұлы
    #autumn
    қыркүйек
    #абай
    #абайқұнанбайұлы
    #Абай қара сөздері
    #қарасөз
    #қазақша
    #төртіншіқара сөз
    #Абай төртінші қара сөз
    #аудиокітап
    #АбайҚұнанбайұлы
    #Абайқарасөздер
    #қарасөз
    #қазақшааудиокітап
    #қазақшааудиокітаптар
    • Төртінші қара сөз Абай...
    • Абай Құнанбайұлы. Үшін...
    • Құнанбайұлының Қара сө...
    • Абай Құнанбайұлы Қара ...

Комментарии • 4

  • @erkenaz-ailin
    @erkenaz-ailin 17 дней назад +2

    ❤❤❤❤❤❤каналыңыз ұнайды

    • @okymystylar
      @okymystylar  16 дней назад

      @@erkenaz-ailin рахмет 😘

  • @ДауренБалабасов
    @ДауренБалабасов 17 дней назад +1

    Кушти айтылган❤

    • @okymystylar
      @okymystylar  16 дней назад

      @@ДауренБалабасов иә Абай атамыздың әрбір сөзі ғибрат қой