КӨРЕМІЗ: МАУСЫМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2/ KOREMIZ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 июн 2024
  • Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!
    Атаулы мерекеде “Көреміз” ұжымы жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, көрерменіне есеп бермек!
    - Талдықорғандық Адинаның жағдайы қалай? Жас қыздың мойнын тілгілеген жігіт қанша жылға сотталды?
    - Кенжебек Нұрдолдай туған баласына тегін берді ме?
    - Блогер Дархан Жолшыбек некесіз туған қызына қанша алимент төлейтін болды?
    - ⁠Блогердің бұрынғы ғашығы Айдана Сапарбекованың ұзатылғаны рас па?
    Бүгін 19:00-де «Көреміз»
    Видео астындағы пікірлер тексерістен өтеді. Біз қорлау, зорлық-зомбылыққа шақыру, жала жабу, қарғыс айту, жарнама немесе спам пікірлерді автоматты түрде өшіреміз. Өкінішке қарай, бізде пікірлерді жергілікті уақыт режимінде сұрыптау мүмкіндігі жоқ, сондықтан сіздің пікіріңіз біраз уақыттан кейін өшірілуі мүмкін. Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!
    ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ📌
    Телеграм парақшамыз: t.me/koremiz_1tvkz
    Тик ток парақшамыз: / koremiz_1tvkz. .
    Инстаграм парақшамыз: koremiz_1tvkz?i...
    WhatsAPP: +77053330803

Комментарии • 681

  • @kuttykyz_98
    @kuttykyz_98 4 дня назад +271

    Айдана красавица алғаш рет тұрмыс құрды❤бақытты болсын, Айша қыздың болашағы жарқын болсын ❤

    • @user-jq8ev5yc8y
      @user-jq8ev5yc8y 4 дня назад +13

      Бағдат аға сіз мықтысыз

    • @zanger.bagdat_amandossuly
      @zanger.bagdat_amandossuly 4 дня назад

      @@user-jq8ev5yc8yрахмет:)

    • @user-ne9ex3gq2f
      @user-ne9ex3gq2f 2 дня назад

      Анашым нұрасыл екеуміз поликлиника ❤​@@user-jq8ev5yc8y

    • @user-tj9wh2nk8n
      @user-tj9wh2nk8n 2 дня назад +5

      КЗ аскер катарына шакырганда кызметтiк борышын отеу керек дейдi.. Ал натижесiне келсек, Отанды коргау, аскери жаттыгуларды менгеру емес, керiсiнше офицерлер бipiн-бipiн азаптау, акша жинау, аскер катарында унамаган сарбазды олтipe cалу, ар турлi, айлалармен, сылтаулармен кылмыстык жазадан кутылдыру болып жур😡

  • @nurlanibragimov9812
    @nurlanibragimov9812 4 дня назад +141

    Руслан реальный журналист, Санжар өте жақсы психолог және тәуелділікті емдей алатын нағыз дәрігер. Егер нағыз журналистер болмаса Қазақстан да алға баса алмас еді. Тек, Қазақстан Мас Медиаға тиым салмауы керек, көршілер секілді, Ресей мен Қырғыз елі секілді, диктатура орнатпай. Мастану емес, растануды ұстанған журналистер жойылмауы тиіс.

  • @a5a5kz
    @a5a5kz 4 дня назад +138

    ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ ДЕГЕН АТАҚ БЕРЕР ЕДІМ КӨРЕМІЗ АТҚАРЫП ЖУРГЕН ЖУМЫСТАРЫ ОҢАЙ ЕМЕС ІСТЕРІҢІЗ ЖЕМІСТІ БОЛСЫН АЛТЫНДАРЫМ РУСЛАНДЫ ТУҒАН АНАСЫНАН АЙНАЛДЫМ РАХМЕТ КӨП АЛҒЫС ❤❤💕💕

    • @Марат-д6у
      @Марат-д6у 3 дня назад

      @@a5a5kz көреміз болмаса ештеңе шешьлмеитьн еді көреміз бағдарламасьна мьн алгьс аитамьз күшті бағдарламасы күнде корем Руслан отебаи жақсы жүргізеді бағдарламань аман болсын шешілмеитьн мәселе жок Руслан отебаи мьрза кельп кооемьз бағдарламасыньн тьньсь ашьлгандаи журналистер аман болсын жақсы зерттейді көреміз бағдарламасьньн ғұмыр ұзақ болсын

  • @user-fd9fv2gu5z
    @user-fd9fv2gu5z 4 дня назад +63

    Бәріміз жиналып халық болып «Ең керемет,әділ жүргізуші» деген орден берсек қайтеді Руслан Өтепбайға

    • @user-og8mt9bd8m
      @user-og8mt9bd8m 2 дня назад +2

      Келісіушедім

    • @shugyla5309
      @shugyla5309 День назад +2

      Көмек алған жагдар бас қосып сыйласа боладығо.
      Рахметін айтып

  • @user-lp6df9jh2w
    @user-lp6df9jh2w 4 дня назад +137

    Көреміз ұжымына алғысымыз шексіз.Руслан мырза сізгеде арнайы алғысымыз шексіз деніңізге саулық тілейміз. 🤲💯💯💯👏👏👏🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿.

    • @saodat5528
      @saodat5528 День назад

      ДҰРЫС АЙТАСЫЗ ❗👍👍👍👏

  • @user-lp6df9jh2w
    @user-lp6df9jh2w 4 дня назад +90

    Бүгінгі нәтижелеріне жеткізген мамандарымыздың жеңісі құтты болсын жарайсыздар. Марапаттарыңыз құтты болсын шынайы еңбектің нәтижесі 👏👏👏 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿Жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

  • @user-km5th2yx1s
    @user-km5th2yx1s 4 дня назад +42

    Аллаға шүкір осындай елдің жан тәнін түсінетін бағдарламасы барына. Аман болыңыздар елдің жанашыр Ағаларымыз, аман болыңыздар.
    Бұл бағдарламаның барша ұжымына және халық жанашырлары қоғам белсенділері мен қордың басшыларына үлкен үлкен рахмет.
    Амандықта болайық.

  • @user-xd5np3bd8c
    @user-xd5np3bd8c 4 дня назад +54

    Көреміз ұжымына мың алғыс!!!
    Руслан қарағыма рахмет ❤

  • @user-vo3ks2cn7c
    @user-vo3ks2cn7c 4 дня назад +28

    Русландай иманы мен өмірге ақ көзқарасы мықты күйеубала нәсіп етсін❤

  • @user-mh5bs4mb2l
    @user-mh5bs4mb2l 4 дня назад +48

    Ту Алла разы болсын Көремізге және сарапшы заңгер журналист бәріне момын жандарға қорғаныш болып,әділдікке жол ашқан еңбектеріңізге ел куә Сондықтан сіздерге Алланың әлемді жарық етіп адамзатқа бұйыртқан бар жақсылығын жарық өмірде жарқын көріп,ақыреттік азықтарыңыз мол сауаптан болсын деп жайнаған жайқалған отбасылық бақ береке,құт мереке тілейміз,ғасыр жасап аңызға айналып алтын әріппен жарқыраңыздар Ел жұртымыз тыныш,аяулы халық аман болсын көп болайық,жамандыққа жоқ болайық текті тума Қазағым

  • @user-fb4in5fl2h
    @user-fb4in5fl2h 4 дня назад +60

    Көреміз бағдарламасын үзбей көремін.Руслан мырзаға және бағдарлама ұжымына еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын деймін. Халық үшін әділдіктің туын жоғары ұстап, жылағанды жұбатып жүргендеріңіз үшін сіздерге мың алғыс.

  • @user-bp6ny2io6j
    @user-bp6ny2io6j 4 дня назад +27

    Руслан мырза!!! Каракалпакстаннан жалынлы салем 👏. " Коремиз" багдарламасына табыслар тилеймен. Машакатлы жумысларынызда шаршамай,халык ушын ислеп атырган сауаплы ислеринизге аумет тилеймен.

    • @user-uo7sk4ou1n
      @user-uo7sk4ou1n 3 дня назад +2

      Каракалпактан рахмет мен нокистен

  • @user-kd3nb3yb7b
    @user-kd3nb3yb7b 4 дня назад +61

    АЙ ЖАРАЙСЫЗ РУСЛАН МЫРЗА. ҰЖЫМДАРЫҢЫЗБЕН БІРІГІП КІНӘЛІЛӘРДІҢ МАСКАЛАРЫН ЖЫРТЫП БАСТАРЫНА КИГІЗГЕНДЕРІҢІЗГЕ РАЗЫМЫН. МЕРЕКЕЛЕРІҢЗБЕН ШЫН ЖУРЕКТЕН КУТТЫКТАЙМЫН 👍✊️✊️✊️✌️

  • @user-gb7ek1xb8z
    @user-gb7ek1xb8z 4 дня назад +38

    Жүргізушіде, заңгерлерде , дәрігеріде өте білімді. Қатты ұнайды көрерміз ұжымы👏👏👏

  • @user-dr9iu9qf8v
    @user-dr9iu9qf8v 4 дня назад +25

    Көреміз бағдарламасы , Руслан сендерге мың алғыс .Өте мықты команда .
    Аллам дендеріңе саулық , отбасыларыңа амандық , еңбектеріңе табыс тілеимін.
    Жақсы демалып , үлкен құлшыныспен оралыңдар.
    Сенлдрге сенемін.

  • @user-wb2jc6dc2q
    @user-wb2jc6dc2q 4 дня назад +63

    Руслан саған улкен алғыс,ол халықтық саған деген сенімі.Канша жанның тағдырына араша болдың.Көреміз ұжымына,заңгерлерге,журналистерге барлығына мың алғыс.демалыстарыңыз сәтті өтсін,ата-анаңның жанында,бауырларыңмен бірге өткіз.Жануяның татуылығынан баска бакыт жоқ!Аман бол !

  • @user-qn1bz6og7s
    @user-qn1bz6og7s 4 дня назад +19

    Молодцы осындай адал жумыс жасайтын халыкты ойлайтын мамандарымыз коп болсын

  • @user-bn4st3xi3t
    @user-bn4st3xi3t 4 дня назад +23

    Не деген мықты мықты зангерлер. Руслан ағамыз аман болыңыз камандага журналист кыздарымызга. Сарапшы психолог мықты өте. Оператор барлыгына мың алғыс тілеймін. Ден саулық ауырмандар бакыты. ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-vu1tq6ci2m
    @user-vu1tq6ci2m 4 дня назад +24

    Барлық жетістіктер құтты болсын! ♥ Ең мақсатына жете білетін, нағыз адамгершілік пен қайырымдылыққа толы бағдарлама! 🔥 Жүргізуші де, редактор, тілшілер де, сарапшылар да-супер!👍

  • @user-zt3yq4iv1b
    @user-zt3yq4iv1b 4 дня назад +23

    Мықтылар жиналған, марапатқа лайықты🎉Санжар інімнің әр сөзі керемет 🤘

  • @user-fi9fy9zp2m
    @user-fi9fy9zp2m 4 дня назад +19

    Коремиз ужымына Рахмет жургизуши журналистке. Керемет жургизеди Аман болындар Зан кызметкерлерине де Ден саулык Аман болындар даригерлерге де керемет Жана Казакстан

  • @user-gf2mm4xb8e
    @user-gf2mm4xb8e 4 дня назад +22

    Руслан балам ушул корсотууну калтырбай кором чындык айтылган передача мен сени сыйлайм рахмат

  • @user-ty4yu8me9d
    @user-ty4yu8me9d 4 дня назад +23

    Салам коремиз корсотуусу мен да коп кором Кыргызстандан Санжар мырза Багдат мырзалардын кылган иштерине раазы болом. Баарыназдардан Аллах раазы болсун ишиниздерге ийгилик конулдуу эс алуу каалайм 😘😘😘

  • @KunsuluReimova
    @KunsuluReimova 4 дня назад +23

    5:31 жанымау сарбаз жигитти урып олтирген екенгой😢 оңбагандар канхорлар ешкайсысы мойындамаган едигой😮 не сумдык мынау. Анасына сабыр берсин😢. Аныктап бергенине мың мың ракмет Руслан мырза хамде юрист агайга.❤ Алла разы болсын. Урып олтиргендер жазаларын алсын омирбакый камалсын.😡😡

  • @saodat5528
    @saodat5528 4 дня назад +18

    Бэримиз күткен күшті БАҒДАРЛАМА ❗❤️❤️❤️❤️❤️👍👍👍👍👍👏👏👏

  • @Aiym.nuraslovna
    @Aiym.nuraslovna 4 дня назад +22

    Көреміз бағадарламасы тек алға өрлей берсін 🎉🎉🎉
    Ұжымыңызға толағай табыс тілеймін
    Заңгерлерге де көптен көп рақмет адал жұмыс жасап халқым деп жүрген
    Халықтың тек батасын алып жүре беріңіздер❤

  • @user-jg7nd6gr8z
    @user-jg7nd6gr8z 4 дня назад +27

    Руслан мырза ең зор журналист.мен Ташкенттен узбеи көріп отырамын!!!

    • @abdullaimankulov2152
      @abdullaimankulov2152 4 дня назад +2

      Мен хам доимий кузатаман. Гулистонданман.

    • @mutabarrasulova6396
      @mutabarrasulova6396 3 дня назад

      Мен хам хар доим кузатаман,Навоиданман.

  • @user-cy1zp6bq5d
    @user-cy1zp6bq5d 4 дня назад +13

    Жарайсың РУСЛАН бауырым,
    алла разы болсын,
    бақытты азамат
    бақытты әке болшы.

  • @user-us7xl2tj7e
    @user-us7xl2tj7e 4 дня назад +17

    Жарайсыздар, Жандос мырза білікті заңгер,көреміз бағдарламасы тек алға🎉

  • @user-jy1iw4kf4k
    @user-jy1iw4kf4k 4 дня назад +12

    Алла амандыкпен жуздесуди Насип етсин.Халыктын ойынан орын Таба билген Коремиз багдарламысынын гумыры узак болсын.Руслан мырзаны дуниеге акелген Ата -анасына мын алгыс .Багдарламанын келеси маусымын асыга кутемиз.Саттилик

  • @Марат-д6у
    @Марат-д6у 4 дня назад +16

    Аман болсын көреміз бағдарламасьна мьн алгьс зангерлерге мьн алгьс аитамьн

  • @user-oh9wt7di2p
    @user-oh9wt7di2p 4 дня назад +30

    Ой маладец, Дарханға сауап болды👍

  • @umitbagiyanova2315
    @umitbagiyanova2315 4 дня назад +13

    Көреміз Бағдарламасының ұжымына жұмыстарына табыс, бір ай жақсылап демалып, күш-қуат жинап келулеріне тілектеспін. Рақмет, қаншама адамның мәселесін шешіп, өмірлерін 180градусқа өзгерткен ұжымға мың алғыс. Русланға және ұжымына кім алғыс хат, медаль береді? Халықтың жанашыр бағдарламасы.

  • @user-in1jx9fw6x
    @user-in1jx9fw6x 4 дня назад +14

    Денсаулыгы жок Кенжебек алимент толеп отыр, енди блогер Дархан Жолшыбай 15 0 мын алимент толеп, уялмай доходын жасырмайтын шыгар деп умиттенемиз

  • @user-tp6if8hu2e
    @user-tp6if8hu2e 4 дня назад +12

    Айдана ушин куаныштымын бакытты болсын

  • @Гүл-ь8з
    @Гүл-ь8з 4 дня назад +10

    Керемет заңгерлер... құтты болсын, нағыз ер азаматтар

  • @user-pj3cx8er7d
    @user-pj3cx8er7d 4 дня назад +10

    Руслан бауырым жане ужым сиздерге Алла разы Улкен алгыс сиздерге, коп им битирип жатырсыздар.Зангерлер бари мыкты, Рахмет.Жаксы демалыс тилеймин ❤❤❤

  • @user-ez7gx1lh3o
    @user-ez7gx1lh3o 4 дня назад +11

    Біздің көреміз бағдарламасында жеңіске жеткен мамандарымызға құтты болсын деймін,осындай азаматтарымыз көп болсын.Көреміз Руслан баламыз бағдарламасында қызмет ететін барлық журналистер,операторларға мың алғыс.Мерекелерің құтты болсын,еңбектерін жемісті болсын!!

  • @kobakz5607
    @kobakz5607 4 дня назад +27

    "Көреміз" ұжымына үлкен алғыс білдіремін. Руслан мырзаны ең үздік жүргізуші деп білемін! 👏👏👏

  • @user-vs9wc6kq9d
    @user-vs9wc6kq9d 4 дня назад +13

    Руслан бауырым Рахмет Керемет

  • @naziradarkenbaeva6611
    @naziradarkenbaeva6611 4 дня назад +9

    Жарайсыңдар аллам разы болсын сіздерге жұмыстарыңыз өрге жүзсін істеріңізге береке берсін халықтың жан ашырлары

  • @гамболик
    @гамболик 4 дня назад +25

    Көреміз арнасына мың алғыс көптеген адамдарға көмек беріп жатыр ❤

  • @user-fi9fy9zp2m
    @user-fi9fy9zp2m 4 дня назад +9

    Керемет багдарлама болды

  • @user-fv5eg4eu2b
    @user-fv5eg4eu2b 4 дня назад +13

    Нурболат мырза өтте салмақты азамат екен👍

  • @user-bv2gl9ws7n
    @user-bv2gl9ws7n 4 дня назад +8

    Руслан красавчик!...
    Көреміз бағдарламасына мың алғыс!.. ❤❤❤❤❤❤❤

  • @galagala-fp5uz
    @galagala-fp5uz 4 дня назад +12

    Жоғары жаққа осындай адал оз ісіне жауапты елдің халықтың мүддесін ойлайтын еңбекқор азаматтар мен азаматшалар жиналганда елімізде корупция болмас еді

  • @user-nq6rn9pk4p
    @user-nq6rn9pk4p 4 дня назад +12

    Меруерт! Сози де, тури де кушти! Журналист! Бари ушун, Шын Журек Тен, Куанып отыр! Красавица😂👍

  • @user-yj4jz2vy5o
    @user-yj4jz2vy5o 3 дня назад +5

    Халық үшін ең пайдалы бағдарлама!!! Тек тоқтап қалмаса екен… Әлі де мұқтаж, шешілмеген мәселелер бар халықта.

  • @aizhansabitova458
    @aizhansabitova458 4 дня назад +6

    Қарақтарым әділдік жолында жасап жатқан ерен еңбектеріңмен халықтың ыстық-ықыласына, алғысына бөленіп жүрсіздер, бәрекелді. Сіздердей жандар, білікті мамандар көп болса Жаңа Қазақстан болашағына сенеміз. Сәттілік. Тек қана алға! Жарайсыңдар❤

  • @user-od3to7iq8c
    @user-od3to7iq8c 2 дня назад +2

    КӨРЕМІЗ ұжымына мың алғыс айтам. Қанша адамның проблемасын оң шешіп беріп жатыр. Заманауй қазақ батырлары жарайсыңдар. Сіздерді мақтан тұтам. Осындай заңгерлер мен КӨРЕМІЗ ұжымы бар кезде ешнарсе қорқынышты емес. Заңсыздыққа жол жоқ.

  • @user-gy6hn8pp2k
    @user-gy6hn8pp2k 4 дня назад +20

    Коремиз де оте Адал Енбек етип журген. Ер Азамат тар жур Амандык та журиндер ..

  • @user-hp4vk8lo2q
    @user-hp4vk8lo2q 4 дня назад +12

    Коремыз программасы ,Ен шыншыл ,адыл ,калыктын асыга кутетын программасы,Жаса, Руслан,барыне Рахмет,

  • @user-dx6xr4kl9b
    @user-dx6xr4kl9b 4 дня назад +9

    Елдiн алгысы шексiз. Казак елi аман болсын,осiп онсiн.
    Конiл босап, жүрек катты соғып кортындыны кордiк.
    Асыға кутемiз. Куштi демалып кайтыныздар.

  • @ayimsadykova4234
    @ayimsadykova4234 4 дня назад +20

    РУСЛАН МЫРЗАҒА ЖӘНЕ КӨРЕМІЗ ҰЖЫМЫНА КӨП РАХМЕТ! АЛДА ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС БОЛСЫН! САРАПШЫЛАРҒА ДА КӨП РАХМЕТ!!!

  • @user-si6xf4rn1v
    @user-si6xf4rn1v 4 дня назад +8

    Коремиз ужымы 1 шилдеден бастап демалыска кетеди сентябрь айына деиин..Жаксы Демалыс болсын!!Сагынышпен кутемиз!!!!

  • @user-jb9gb8ws8f
    @user-jb9gb8ws8f 4 дня назад +7

    Халықтың жанашыр адал жандар сіздерге мың алғыс ❤Алланың назарында бақыттың мазарында жүреберіңіздер🤲 Алла тек амандықта қауышуды жазсын, Жақсылап демалыңыздар, халыққа көп қызмет атқардыңыздар, әр жанды мараппаттаған сайын, көзіме жас келіп, кеудемді қуаныш кернеді, сіздердей еліңнің қорғаныш азаматтары тұрғанда, қазақстанның шаңырағы шайқалмайды, Алла жар болсын 🤲❤️❤️❤️

  • @user-vb9vc8ht1d
    @user-vb9vc8ht1d 4 дня назад +7

    Коремиз Ужымына Алгысымыз Шексиз Рахмет Мерекелеринизбен Куттыктаймыз Алла Тагала тил козден сактасын Жолдарыныз ашык болсын......

  • @user-dc6yg8yn2m
    @user-dc6yg8yn2m 4 дня назад +4

    Үлкен рахмет ұжымға! Толағай табыс тілеймін! Қаншама көмекке мұқтаж қарапайым халықтың қамын ойлап еңбектеніп жүрсіздер. Алла риза болсын🤲❤️❤️❤️💐

  • @user-hp4vk8lo2q
    @user-hp4vk8lo2q 4 дня назад +8

    Казактын жыгыттеры Тап сыздердей болсын деп тылеймын,барынызды куттыктаймыз ,Русланнын колынан алган ,марапаттап жаткан енбектерыныз жемысты болсын!❤❤❤❤

  • @KunsuluReimova
    @KunsuluReimova 4 дня назад +4

    Коремиз ужымына мың рахмет. Казакстанда канша киналган жандарга комек берип жатыр. Руслан мырза хамде сарапшылардан Алла разы болсын. Казакстандыктар не деген бакыттысыңдар Руслан мырзадай кушти журналисттериң бар и Коремиз передачасы ужымы бар. Кане енди биздиң Озбекистандада осындай передачалар болсагой канша киналган жандардың проблемалары шешилер еди..!!

  • @user-dx1ui6xi1y
    @user-dx1ui6xi1y 4 дня назад +9

    Керемет жетістік

  • @user-df7bz3ih5t
    @user-df7bz3ih5t 2 дня назад +1

    Барлығының да еңбегі зор. Алла разы болсын. Алладан қайтсын. Осылай марапаттап жатқан, Русланжан, көрегендігің, қарапайымдылығың өте зор. Ата анаңа, осылай тәрбиелеген, Алла разы болсын! Өзіңе Алла жар болсын, тілден, көзден сақтасыншы.

  • @user-dd7cm9qe1t
    @user-dd7cm9qe1t 4 дня назад +9

    Коремиз ужымына мын алгыс! Ерекше алгыс Руслан мырзага! Енбектериниз еселене берсин, отбастарыныз аман болсын! Казак елин бале жаледен сактасын Аллахым!!!

  • @user-jy6rh4sq6q
    @user-jy6rh4sq6q 4 дня назад +7

    Алла сіздерді қолдасын ,мықтысыздар ,әділдік,бар екі жақты тең ұстайтын Русландай мықты төзімді батырымыз бар Алғыс сіздерге

  • @user-xd5np3bd8c
    @user-xd5np3bd8c 4 дня назад +11

    Марапатпарың құтты болсын қарақтарым ❤❤❤

  • @user-us3jq1em2v
    @user-us3jq1em2v 4 дня назад +6

    Руслан мырза мыкты журналист 🧿, Санжар оте оте кушти психолог даригер🔥🧿 Меруерт Ханым акыйкат ушын жанашар аел,Ана🔥. Коремиз угымына саттилик❤🔥🧿

  • @user-rg7zp6oi1s
    @user-rg7zp6oi1s 4 дня назад +7

    Ура ура ура ура ура ура ура сыздерды быз отте жаксы коремыз балыгызга Алла разы болсын Алла сыздерды тыл козден сактасын сыздер бакытты жансыздар

  • @user-vz1uw6hs2k
    @user-vz1uw6hs2k 4 дня назад +8

    KOREMIZ ZOR 👍👍RUSLAN MALADEST 👏👏

  • @user-dc3ym6lq5b
    @user-dc3ym6lq5b 4 дня назад +7

    Руслан керемет жургузуши исине тын аман болыныз сизди азаматтар коп болсын.

  • @user-cy7dj2qz9l
    @user-cy7dj2qz9l 4 дня назад +8

    КОРЕМИЗ УЖЫМЫНА КОП КОП РАХМЕТ АЛЛАНЫН НУРЫ ЖАУСЫН. ЕЛГЕ ТАЛМАЙ ЖУМЫС ЖАСАГАНДАРЫНЫЗГА 🎉🎉🎉

  • @user-bg6xg1uh3f
    @user-bg6xg1uh3f 4 дня назад +5

    Керемет👏👏👏, Асыга кутемиз. Барлык сарапшылар марапатка лайыкты, кейипкерлер бакытты болуга дайыкты. Осындай курдели такырыптарда жумыстанган коремиз багдарламасы 1 ай емес 1 жылга шетелге барып демалуга лайыкты деп укимет каражат болип жиберсе гой ширкин

  • @user-oh9wt7di2p
    @user-oh9wt7di2p 4 дня назад +7

    Күшті демалыс болсын🎉🎉🎉 асыға күтеміііз🎉🎉🎉

  • @user-mh5bs4mb2l
    @user-mh5bs4mb2l 4 дня назад +6

    Демалыстарыңыз жайлы баянды болсын Жеңіске жеткен жақсы амалда аман жүріп пендеге қорған болыңыздар ешкім жыламасын,жаман жағдайлар болмасын Алла тек жарылқасын Көремізді

  • @kolsai658
    @kolsai658 3 дня назад +3

    бағдат, Мейірман, Санжарларға мың алғыс!!!

  • @user-zm6bn2gj3b
    @user-zm6bn2gj3b 4 дня назад +3

    Куаныштымын Коремиздей багдарлама барына! Ужымга Руслан мырзага ризамын! Достойные Азамат и Азаматшалар!!!✊🏻Кейпкерлеримиз ушин де куаныштымын шын журектен! Сиздермен бирге мунайып, енди женистериниз ушин куанып отырмыз! Ар казагым жалгызым! Аман болыныздар!🤲🏻😘

  • @user-dn3bq7jw5f
    @user-dn3bq7jw5f День назад

    Кандай жанга жалау, жарага ем, жыгылганга колын берип аякка тургызатын,елге кажет багдарлама. Коремиздин ужымына Алла разы болсын! Оз мамандыгын менгерген биликти эксперттер, оте грамотный, билимди, арбир созин сараптап сойлейтин жургизуши, карасан козин тоятын, тындасан кулагыннын курышы канатын тил байлык. Казахстанда мамандар жок деуги елим, мына кисилерден кеширим сураймын! Санжар мырза, Багдат мырза, Меруерт ханым тик тик сойлейтин, керемет жандар. Барлыгынызга Алланын нуры жаусын! Комек сурап келип, жанына жалау болар жандар тапкан карапайым халык ушин куанып отырмын. Кезинде токтай алмай жылап отырып корген комек сурап келген адамдардын, жузинде кулки уйрилип, бакытты кулпырып шыккандарын корип куанып жылап алдым. Руслан жане коремиз ужымы, катысушылары, эксперттер барлыгы бакытты болсын!

  • @user-ns4vt3qw8v
    @user-ns4vt3qw8v 3 дня назад +3

    Осы Руслан Отепбайды Казахка АЛЛА ТАГАЛАМНЫН ОЗИ БЕРГЕНГОЙ,Я РАББЫМ АЛЛА ТАГАЛАМ ОЗИН БЕРГЕН Сыйынды озин колдайкорши,озин коргайкорши,АЛЛА ТАГАЛАМ БИР ОЗИН ЖАР БОЛАКОРШИ осы Отепбайдын баласы Русланга,биз сени жаксы коремиз Руслан.
    Щукур АЛЛАМ Щукур АЛЛАМ Щукур АЛЛАМ, ТАУБА АЛЛАМ ТАУБА АЛЛАМ ТАУБА АЛЛАМ Русандай Казахка бала бергенине 🙏🙏🙏🤲🤲🤲💚💚💚🌿🌿🌿💐💐💐🥰🥰🥰❤️❤️❤️
    Барлеринизге АЛЛАМ РАЗЫ БОЛСЫН,шанырактарынызда тек куаныш тойы болсын, АЛЛАМ ЖАР БОЛСЫН 🙏🙏🙏🤲🤲🤲💚💚💚🌿🌿🌿💐💐💐🥰🥰🥰

  • @user-cz4np5bp9x
    @user-cz4np5bp9x 4 дня назад +5

    Коремиз багдарламасына Рахмет

  • @user-zf9fe9zu2t
    @user-zf9fe9zu2t 4 дня назад +3

    Көреміз ұжымына, сол жердегі халыққа көмектескен барлық мамандарға Алла разы болсын🤲🏻Осындай халыққа жаны ашитын жанашыр адамдар барда біз мықты ел боламыз деп сенемін! Тек еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын🤲🏻

  • @Cholpon-rl9ec
    @Cholpon-rl9ec 4 дня назад +3

    Мен дайым кором ушул передачаны.Азаматсынар каанча карапайым адамдарга жардам колун сунасынар.Аллахтан кайтат сиздерге.💐💐💐

  • @user-bw4hn7ui9k
    @user-bw4hn7ui9k 4 дня назад +4

    Таудай талап бергенше бармақтай бақ бер Дима Адал еңбекпен жұмыс стеу керек❤ Алхамдуллаһ

  • @user-ip3qo9en3z
    @user-ip3qo9en3z 4 дня назад +5

    Бағдат мырзаға рахмет Көреміз ұжымына мың алғыс әрқашанда халық сеніміне сызат түсірмеңдер

  • @user-gy6hn8pp2k
    @user-gy6hn8pp2k 4 дня назад +12

    Айналайын дар Бир Батыр да Батыл да Ер Азамат тар

  • @user-py7dd5sk5o
    @user-py7dd5sk5o 4 дня назад +6

    Жараисыңдар Көреміз ге мың алгыс сол жасырып өтірік аитқандары ушін өмір бақига қамалсын талап етеміз

  • @user-nx7xx6op6s
    @user-nx7xx6op6s 4 дня назад +4

    Айналайын ,Русланжан!!!Осы қалпыңнан айнымаш❤Сарапшылардың бәріне мың алғыс❤

  • @NazerkeAzhygalieva-hv2qd
    @NazerkeAzhygalieva-hv2qd 2 дня назад +2

    Айдана бақытты болшы жаным❤ Өте әдемі, көрікті, қазағымыздың сұлу қызы. Айша қызымыз емін алып, аман есен өсе берсін. Алланың көзі түзу болсын. Бір күні Дарханда банкрот болар. Қашанғы жүрет. Адам асыққан мен Алла тағала асықпайды.

  • @user-he2np7ww8t
    @user-he2np7ww8t День назад

    Канша адамга куаныш, канша адамга жубаныш силап журген осы Коремиз ужымына улкен рахмет Алла жар болсын сиздерге, отбасыларынызга. Елимиз тыныш болсыншы, мейырым мен иманымыз жогалмасыншы Аллам

  • @Samsung-wf1lm
    @Samsung-wf1lm 4 дня назад +3

    Керемет бағдарлама❤❤❤❤

  • @user-zc1dw9eo7g
    @user-zc1dw9eo7g 3 дня назад +2

    Көреміз бағдарламасының ұжымы, Руслан бауырым сіздерге мың алғыс. Алла жар болсын. Қазақтың осындай намысшыл, мықты азаматтары істерін адал орындап жатқанына қарап риза болам. Дендеріңіз сау болсын, бастарыңыз аман болсын!

  • @user-ux9by4rv9p
    @user-ux9by4rv9p 2 дня назад +1

    Елдің мұңын көтерген, нәтижеге ұмтылған «Көреміз» бағдарламасының ұжымына мың алғыс. Елге көмегін тигізген сарапшыларға, заңгерлерге де адал қызметтерінің жемісін көре беруіне тілектеспін. Өз ісінің нағыз маманы Руслан Өтепбай мырзаға да халық ризашылығы шексіз, істеріңізден береке табыңыздар❤

  • @user-gu8xl2me5f
    @user-gu8xl2me5f 4 дня назад +2

    Айдана үшін қуаныштымын. Бақытты бол жаным❤

  • @user-nc3yj9hs5f
    @user-nc3yj9hs5f 4 дня назад +4

    Молодец Руслан елге жардам сунуп жалпы сарапчылар дагы кучтуу баарыца рахмат ❤

  • @user-wi6zv3mc1x
    @user-wi6zv3mc1x 4 дня назад +2

    Бағдат мырза азып қалыпты😊

  • @user-nh1vp3hx3c
    @user-nh1vp3hx3c 4 дня назад +5

    Жогарыда отыру кере и енбнк синирген медалди.курметты ааматы КР осындай медальдарды Руслан Отепбайга беру керек!Ким корингенге бермей.

  • @AIJARKYNZAINABIDINOVA
    @AIJARKYNZAINABIDINOVA 4 дня назад +3

    Коромуз ужумуна чоон рахмат. Руслан сага чоон рахмат беккем денсоолук узуун өмүр каалайм.

  • @user-cz4np5bp9x
    @user-cz4np5bp9x 4 дня назад +4

    Руслан мырза жашасын калка кызмети зоор сизге узак омур каалайбыз

  • @user-dv5hi7vl7g
    @user-dv5hi7vl7g 8 часов назад +1

    Алла разы болсын көреміз ұжымына Русланға .Заңгерлерге Нұрлан ағаға Нұрболат Бағдат мырзағаларға Аидын Сандар мырзаға осы отырған барлықтарына мың алғыс Алладан қаитсын🤲👏👏👏

  • @user-sk4lk7hj1t
    @user-sk4lk7hj1t 4 дня назад +4

    Көреміз ұжымына мың алғыс👍🏻

  • @user-kr5uq1jq7q
    @user-kr5uq1jq7q 4 дня назад +2

    Саламатсыздарбы! Ушул Коремиз передачасынын Москва дан узбой коруп журом элдердин кайгысын тен болушуп туйшугун женилдетип жардамыныздарды аябаныныздар учун Аллахым сиздерди ар дайым колдоп журсун сиздерге алкышым чексиз баш ийип таазим этем .

  • @user-py6ty4hq6n
    @user-py6ty4hq6n 3 дня назад +1

    Көреміз бағдарламасының ұжұмына мың алғыс,ризамыз сіздерге,тек толағай табыс,ауызбершілік,қажымас қайрат тілейміз.