ҚУАНЫШ ШОНБАЙ: "АПАТТАН КЕЙІНГІ 11 КҮН ЕСІМДЕ ЖОҚ" | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | 50 ШЫҒАРЫЛЫМ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 янв 2025

Комментарии • 376

  • @КанРаймонд
    @КанРаймонд 2 года назад +93

    Шіркін ай, осындай ойды қозғап отырған сіздер,тыңдап отырған біздер үшін мына уақытымыз бақыт емей немене..... Адам бол, адаммен бол ! Рахмет сіздерге

  • @muslima7650
    @muslima7650 2 года назад +43

    Амандықтарыңызды тілеймін. Алланың назары түсіпті Қуаныш мырзаға. Амандығыңызға қуаныштымыз. Алла тіл-көзден сақтасын. Қазаққа керексіздер. ТТБ-ны сағындық, күттік. Қазақпен бірге болыңыздар.

  • @МЕЙІРБЕКСАҒЫНДЫҚ
    @МЕЙІРБЕКСАҒЫНДЫҚ 2 года назад +26

    Еркек басыммен бір жылап алдымау…Қатты, өте қатты ойландырдыңыз Қуаныш мырза. Рахмет сізге, бала шағаңыздың қызығын көріңіз сіздей ағалар бізге керек байқап жүріңіз! Әр тақырыптан әр сөзден бір ой түйіп отырмыз, көп мәнбермитін нәрселерге мән беріп, бір нарсе түсінгендей болып отырмын, әліде жазарым көп, бірақ кішкене миым тынышталғанда тағы жазам! Рахмет сіздерге ағалар!!!!

    • @saf_altyn
      @saf_altyn 2 года назад

      Өте әсерлі, ой салатын әфир. Қазақтың арландары, аман болыңдар🤲🏼

    • @nassibao
      @nassibao 2 года назад

      Жиен қалайсың?

  • @dauletbektursin
    @dauletbektursin 2 года назад +67

    Еріксіз жылатты, "Ақмаржан ханымға мен сізді жақсы көрем" деген кезінде көзіме жас келіп көңіл босады, білмеймін неге, плов жасап жатқан едім, әлі пиязды турамағанмын. Сосын қарындасыма да жақсы көретінімді айттым деген сәтте тағы да сол сезім, көзден еріксіз жас ақты. Өзім қазір Оңтүстік Корея елінде жүргеніме 2,5 жылдай болды, отбасымды, балаларымды көз алдыма елестеттім, осы кезде бір сезім бұрқ етті. Автоматты түрде Қуаныш мырзаның орнына өзімді қойып, Қуаныш мырзаның күйімен жақындарыма жылы сөзді айтуға тиіс екенімді ұқтым. Көз жас сол үшін төгілген сияқты. Қуаныш мырза аман болыңыз. Сіздей азаматтың әлі елге берері көп деп ойлаймын. ТТБ ең ықыласпен көретын бағдарламам. Қол жұмыста болса да құлаққаппен үнемі тыңдаймын. Сондай ақ, Құлан мырзаның біз лайықты әке не аға болып жүрмізба деген сөзі де дәл осы сәтте ой салады. Ескендір мырзаның адамның құндылықтары туралы тұжырымын әр адам санаға түйіп, пайдалануға тиіс. Ескендір мырзаны ғылыми көзқарастары өте қажет. Сұхбаттың жүйелі, пайдалы ақпараттарды қамтуда Мейірбек мырзаның еңбегі теңдессіз👍 Шығарылымдарыңызды жиі шығарарсыздар деп сенеміз. Кейбірін екі- үшреттен көрдік. Әсіресе Ұлт Ұстазы жайлы сұхбаттан соң сериалды екі рет көруге тура келді Ескендір мырзадан қалмайын деп😃. ТТБ өте пайдалы, достарыммен әңгіме кезінде үнемі сіздерде көтерілген ойларды айтып ТТБ көруге шақырамын айналамдағыларды.

  • @Galimjanybyrai5695
    @Galimjanybyrai5695 2 года назад

    АЛЛА ШИПА БЕРСЫН
    БУЛ ЖОБА ЖАБЫЛМАСЫН КАЗАКТЫН ЖАСТАРЫНА КЕРЕК
    ЖЫГЫТТЕР ЖАРАИСЫНДАР
    КЕРЫСЫНШЕ ТТБ НЫ УЛКЕН БЫР ЖОБАГА КОТЕРЫНДЕР
    ЖАСТАР ЖАКСЫ ТАРБИЕ АЛЫП ЖАТЫР !!!!👍👍

  • @Ботагоз-ъ6к
    @Ботагоз-ъ6к 2 года назад +2

    Қуаныш мырза,Аллам сізге улкен сынақ пен қатар улкен Бақыт сыйлапты.Бұл өмрдің мәні неде екенін,қаншамамыз билмей келеміз ғой.

  • @g_dosanqyzy
    @g_dosanqyzy 2 года назад +18

    "Алланың берген нығметтеріне шүкір деуге себеп таппай жүрген адамдарға жібер" дейтін подкаст болыпты👍

  • @НурдаулетБуркитбаев-к1ь

    Денсаулықтың қадірін ауырғанда білеміз, уақыттың қадірін қартайғанда білеміз, Аллах тағалам қазаққа мол білім беретіндей уақыт пен денсаулық берсін Қуаныш Шонбай мырза! Сауығып кетуіңізді тілеймін ертерек👏✊👍🇰🇿

  • @АйткулУматова
    @АйткулУматова 2 года назад +2

    Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мухаммед (с.а.а) :-
    Таразыдағы ең ауыр келетін амал көркем мінез : көркем қарым қатынас деген екен таныйық танымайық бір бәрімізге деген көркем қарым қатыста болайық Қазағымның бір туар азаматтарына бір алла жар болсын🤲🤲🤲

  • @ЛЯ-ЛЯменКОЛЯ
    @ЛЯ-ЛЯменКОЛЯ 2 года назад +16

    Ассалаумағалейкум! ТТБ ұжымына мың алғыс Алла разы болсын сіздерге!

  • @salimsalim-xu5ho
    @salimsalim-xu5ho 2 года назад +28

    Қазіргі заманның зиялылары осы кісілергой ✊

  • @ГульфайрусАбдильданова-р2ш

    Алла шипасын берсін Қуаныш мырза! 100 жасаңыз!

  • @zangartimes
    @zangartimes 2 года назад +4

    ТТБ жалғасын тапса екен, Қазақы, заману дамыған тақырыптар бізді алға жетелеуге себепшісіздер, сағынып қалдық. Жүректе ауырып қалды, ойландырып, толғандырып тастадыңыздар. Айтар сөз, түйген ой көп, Я, Алла Мерйірімің, қамқорлығың шексіз, Я Аллаһым сені қатты жақсы көрем, жар бола көр Қазағыма, әмин!

  • @АйтансыкКоптлеуова-ь7д

    Ттв ның барлық эфирлері мен осы эфирді салыстырғанда ең құнды ең маңызды ең бірінші ең алғашқы адамзатқа ең пайдалы шығарылып болды...деп ойлаймын өйткені сіздер айтқан барлық әр бір сөзді кунделікті өмірде пайдалансақ бізге дуниелік байлықтың бәрін Алла беріп қояды.... асығыс болып тұрмын тағы қосарым бар еді кейін айтамын ок

  • @stones2000
    @stones2000 2 года назад +4

    берген садақа мен зекеттің арқасында, қазақ халқына жасап жатқан жақсылықтарыңыздың арқасында аман қалған шығарсыз! көп рахмет, аман болыңыздар!

  • @dinakabylbekova
    @dinakabylbekova Год назад

    Аман болыңыздар, Алла разы болсын сіздерге ❤ Алла жар болсын ❤

  • @ГүлфайрузИманғалиқызы

    Ата-бабамызға алғысым шексіз. Шешен халқы, Қазақ халқынна құрмет көрсететіндей жақсылық жасап кеткен. Жақсылықтары ұрпақтарынын алдынан шығып жарылқап жатырғанына.
    Аман болыңыздар қазақ жігіттері. Сіздер үлгісіздер

    • @Dinara_Assylbekkyzy
      @Dinara_Assylbekkyzy 2 года назад

      Жақсы әкенің аты балаларына 40 жыл азық деген осы

  • @aktang15
    @aktang15 Год назад

    Аман есендігіңіз ұшін қуаныштымыз, біздің қазақ өмірді жақсы қортындылаған ғой, кездейсоқ болатын істерден құдай сақтасын дегег сөзбен медет тіледі, адамның қолынан көп іс келеді, бірақ кездейсоқ оқ-іс жағдайлардан сақтану қиын, сондықтан оған оқтай іс деп құдайдан сақтауды тіледі, бұйрық, бақ, тәлей, құт деген сияқты керемет қортындылар бар еді, қазір тек діннің жолымен жүреміз деп, қазақтың неше мың жылдық философиясын ұмыттық, әуелі шірк , қарам деп сырып тастадық, аластау , ұшықтау, дем салу дегендерді қайырып қойдық қой…

  • @kzoldboy3347
    @kzoldboy3347 Год назад

    Қуаныштың мышлениесі тіпті бөлек космос👍🙏🔥🔥🔥🔥✨✨✨💯

  • @nurkanatakbolat
    @nurkanatakbolat 2 года назад +21

    Өте әсерлі шығарылым😍😍❤. Осы өміріме шүкір. Қуаныш аға тез сауығып кетіңіз, зор денсаулық тілеймін!

  • @динараутельбаева-э1л

    Рахмет сіздерге! Керемет ой түйетін эфир болды. Куаныш мырзаны быраз карамай кетип едим бугин корип отырмын аварияга тускені жайлы. Аллам амандығын берсін. Политикаға бет бұруыңызды қолдаймын.

  • @ГабитАбилдаев-б8ю
    @ГабитАбилдаев-б8ю 2 года назад +3

    Иә ағалар Алла сіздерге ұзақ әрі қайырлы ғұмыр нәсіп етсін. Сіздердей азаматтар саусақпен санарлық.
    Қуаныш мырзаның ойын толық болмасада біраз түсініп отырмын. Соған байланысты болған оқиғамен бөлісейін.
    Осыдан 7 жылдай бұрын сыныптас қызымыз қайтты деген суық хабар келді. Біз жігіттер жиналып көңіл айтуға бардық. Жағдай авариядан болған екен. Сол кезде ағасының айқан өкініші әлі есімде. Рульде осы ағасы болған екен. "Мен бәріне көніп тұрмын, тағдыр, уақыт. Алла берді, Алла алды. Маған 10 секунд уақыт керек еді бар болғаны.Қарындасым мен сені жаксы көремін, алтыным деп айта алмадым. Қатал болғаным соншалық өмірімде қарындасым сені жақсы көремін деп басынан сипамаппын " дейді. Ол ағасы да өзіңіздей қарындасын материально толық қамтып тұрды, окытты-тоқытты. Тек бар болғаны көңіл білдірмепті...

  • @СаяшАбауова-ч9е
    @СаяшАбауова-ч9е 2 года назад +5

    Алхамдулиллах. Қазағымның осындай осознанный жігіттері барына куанамын. Өте әсерлі болды.

  • @Dabbbro
    @Dabbbro 2 года назад +1

    *Керемет* 👍

  • @balgyn.amirkhan
    @balgyn.amirkhan 2 года назад +33

    Аллаһ екі дүниенің бақытын берсін сіздерге,зор денсаулық ,ризық несібеніз мол болсын.Аман болыныздар !!!

  • @zhannur__zhastalapova
    @zhannur__zhastalapova 2 года назад +16

    Әр шығарылым ерекше. Алып жатқан дүниеміз өте көп. Осындай керемет жобаны жасап отқандарыңызға үлкен рахмет! Аман болыңыздар.

  • @АкеркеМағлұм
    @АкеркеМағлұм 2 года назад +19

    Алла жар болсын! Аллаға шүкңр сіздерді тыңдауға бізге нәсіп еткен

  • @Каракат-с2э
    @Каракат-с2э 2 года назад +6

    Қуаныш мырза, жарақаттың ізі де қалмайтындай Алла шипасын берсін. Программаның басынан сіздің жарақатыңызды көріп, жүрегім зу ете қалды. Басқа да елге пайдаңыз бар ғой, бірақ, қазақ тілді контентті кім дамытады, қазақтың жастарын кім оқытады, алға кім жетелейді деген қорқыныш пайда болды. Аман болыңыз!

  • @AMG_9940
    @AMG_9940 2 года назад +6

    Көргеніме қуаныштымын
    Аман есен болыңыздар.

  • @akbotasagyndykova793
    @akbotasagyndykova793 2 года назад +3

    Куаныш мырза Аллам ем шипа берсин

  • @Жизньпрекрасна-е5н
    @Жизньпрекрасна-е5н 2 года назад +4

    Ас салям әлейкум қазақ халқының бетке ұстар азаматтары керемет жоба

  • @АйжанКауынбаева
    @АйжанКауынбаева 2 года назад +5

    Өттте мықты ой түюге себеп болған эфир😭🔥🤝👍👍👍

  • @МадинаСагатбек-в4е
    @МадинаСагатбек-в4е 2 года назад

    Осы көрсетилимде ой келді "Куаныш мырзаға Ескендір мырзаның өзі Алланың сыйығо" деген. Ескендір мырза әрқашан да мағыналы философиялық ойлар айтады. Мен үнемі айтқан пікірлерін жазып алып отырамын. Өте тамаша көрсетілім болды👍

  • @ulbosini8754
    @ulbosini8754 2 года назад

    Өте әсерлі шығарылым. Қуаныш мырза көп рахмет

  • @gulbarshynalserikova
    @gulbarshynalserikova 2 года назад +1

    Эфир үшін рахмет. Өте әсерлі екен.Нағыз қоғамға керек тақырыпты талғылағандарыңыз үшін қуанып отырмын. Дәл қазіргі уақытта осы сезімдерді жеткізу, адамдармен қарым-қатынасты реттеу тақырыбын кеңінен айтып жүрген психолог Төребек мырзаны шақыра аласыздар ма? Осы сөздеріңізді бекітіп, дінімізбен де байланыстырып күшті түсіндіреді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін✊🏻

  • @Q.lazifa
    @Q.lazifa Год назад

    Керемет эфир МашАллах

  • @Gamestore_KAZ
    @Gamestore_KAZ 2 года назад +9

    Алла тағала амандық берсін! Әңгімелеріңіз талай адамға ой салдыратыны сөзсіз! Рахмет сіздерге!

  • @КуанышАкбупеев
    @КуанышАкбупеев 2 года назад +8

    Куаныштымын сиздерди кайта коргениме. Куаныш мырза бари осымен кетсин жаманшылыктар енди болмасыншы . сиздерди катты сағындым .

  • @nargiz_rapikhova
    @nargiz_rapikhova 2 года назад +7

    Очень сильный эфир 🔥 Без слез смотреть невозможно, на многие ситуации смотришь другими глазами! Благодарю вас 🙏

  • @kenendonenbayev1544
    @kenendonenbayev1544 2 года назад +3

    ас саляму алейкум агалар! Куаныш ага Алла шипа берсин. Алла каласа кездесип жатсак теренирек сойлесуге мумкиндик болып жатса арине айтармын, бирак бул жагдай откинши катты уайымдаманыз барлыгы жаксы, менде де болган сиздегидей жагдай еки рет. Алла разы болсын сизге!

  • @baqtiyaraktu6234
    @baqtiyaraktu6234 2 года назад

    Бәрекелді жігіттер 👍. Керемет 👍.
    Қуаныш мырза жақсы нәрселер айттыңыз. Аллаһтың берген сынағын дұрыс қабылдап, өз кемшілігіңізді мойындап даналыққа кемелдену жолы деп түсіндім. Жақсы әсер алдым.
    Әр қайсысыңыз бір төбесіздер ғой! Аллаh сіздерге беруінен танбасын! Аллаhқа бұданда жақынырақ жақындауларыңызға тілектеспін! Аллаh разы болсын жігіттер! 👍. Аман болыңыздар 👍🤝👌.

  • @НурикУстинов
    @НурикУстинов 2 года назад

    Тағы бір ұнағаны мешіттегідей программа біткенде қол алысу керемет болды.

  • @БақытЖүнісбекұлы
    @БақытЖүнісбекұлы 2 года назад

    Қуаныш мырза Алла шипасын берсін! Сізге Алла тағала екінші мүмкіндік беріп тұр. Ақша не үшін табам деген сұрақ туындамайды дедіңіз. Жаныңыздағы кәсіпкер ағалармен бірігіп, кеше үй іздеп жүрген студенттерге жатахана салып берсеңіздер. Нұр үстіне нұр болады. Сол кезде рақыметін аласыз деп ойлаймын.

  • @Merkhat_Kenzhalinov
    @Merkhat_Kenzhalinov 2 года назад +3

    Қуаныш мырза Сіз бен Марғулан Қалиұлын өте қатты сыйламын, Сіздерді тыңдаудан жалықпаймын. Әрқашан аман-есен болыңыздаршы, Сіздердің елге деген қосып жүрген үлестеріңіз өте мол. Ислам діні туралы көзқарасыңыз маған өте жақын.

  • @ne_deidi
    @ne_deidi 2 года назад +4

    Адамды сүй!
    Алланың хикметін сез❤️
    Осы сөзді әдемілеп түсіндіріп берген шығарылым болды мен үшін

    • @zhannatkuanyshbay5147
      @zhannatkuanyshbay5147 2 года назад +1

      ...дүниеде не қызық бар одан басқа...деп Абай атамыз бекер айтпаған ғой. Сондықтан осындай кемеңгер, әулие Абайды туғызған қазақ деген халықты Алланың разылығын алған ұлы халық емес деп ешкім айтпауы керек!!! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤️❤️❤️

  • @ДулатАсембай-л8р
    @ДулатАсембай-л8р 2 года назад +10

    Бір болайық бүлінбей,
    Сынақтардан сүрінбей
    Хақтан безіп түнілмей,
    Сыйласайық күлімдей . Міне бұл бүгінгі ттв-ның берген басты месенджі.

  • @guldaurenaituyeva4844
    @guldaurenaituyeva4844 2 года назад

    Керемет эфир!!!!👏👏👏👏

  • @g_dosanqyzy
    @g_dosanqyzy 2 года назад +8

    Сағынып қалдық ғой сіздерді ) Қуаныштымыз көргенімізге

  • @zangartimes
    @zangartimes 2 года назад +15

    Алла жар болсын сіздерге, Алла ұлық ғой, Қазақтың мықты жігіттері аман болыңыздар. Алланың мейірі шексіз ғой, сіздерді жақсы көрем Алла ризашылығы үшін!!!❤❤❤

    • @БотагозКанатбек-й4ю
      @БотагозКанатбек-й4ю 2 года назад +5

      Ия, Қуаныш мырза, өлім мен өмір ортасында болып көрген адамның өмірге көзқарасы өзгереді екен. Өмірдің мәнін түсіну үшін сондай жағдайға түсіруден сақтасын.
      Менің де басымнан өтті. Құдайдың құдіреті мықты ғой.
      Аман болыңыздар, жастарды тура жолға салып, дұрыс әңгіме айтып жүрсіздер. Ұзағынан болсын. Алла разы болсын! Қазір үлгі алып, ісіне, сөзіне сүйсінер қариялар жоқтың қасы. Сіздердей қариялар болашақта көп болса, еліміз дамиды деп сенем. Сол күнді көруді жазсын.

  • @nassibao
    @nassibao 2 года назад

    Бұрын менде кистадан кішкене өзімді онша емес сезініп қалғанда Қуаныш мырзаға жазған едім. Поддержка беріп, хабарласқан. Алла разы болсын. Мықтысыз

  • @daniyarkalikhan
    @daniyarkalikhan 2 года назад +12

    Көптен күткен ТТБ. Алла разы болсын!

  • @arzigulatagullaeva1954
    @arzigulatagullaeva1954 2 года назад

    Сіздердің ютубтағы сухбаттарыңызды қалдырмай естемін асханада жүріп. Өте КЕРЕМЕТ. Різамын
    Алла буйрса менде сол курсты оплайн оқуға нійеттендім. Жасым 52 ге келседе бізнес бастауға қулшынысым мықты.

  • @ЕнгнКеенү
    @ЕнгнКеенү 2 года назад

    Рахмет Шонбай мырза ашылып айтканызга

  • @СалтанатМырзалимова-ч7ц

    Амандық тілеймін ,жасыңыз ұзақ болсын!

  • @Сақтан
    @Сақтан 2 года назад

    Аман болғаныңыз қандай жақсы! Аманшылық да олжа.Менің күйеу балам, осындай апаттан аман қалмады,артында екі баласы қалды,өкініш.

  • @jaqsiliqnazarxanov5243
    @jaqsiliqnazarxanov5243 2 года назад

    Сіздерге Алла разы болсын керемет шыгарлым. Адам ой салатын.Не істеп журмин кайда баратырмын.Ізнен куып журген затым каншалыкты маган керек.Куаныш мырзанын Шешен халыкы біздерді не ушін курметейді ,олар үшін биздер не істедік деген сөзі кермет ой салды маган.Барымен базар болу керек екенин еш кандай жасанпаздық керек жок екенин тусіндік. Барлыгыздында орныңыс бөлек, сіздердей агаларды тындауга мумкіншілік берген Аллага шукір

  • @DinaraAmanbala2023
    @DinaraAmanbala2023 2 года назад +1

    Керемет! Қуаныш мырза, сіз Алланың сүйген құлынан сияқтысыз, Алла өзі сақтап қалыпты! Өмірде, өзіңіз айтпақшы расында тағы бір сатыға, жоғары деңгейге көтерілгеніңіз көрініп тұр! Барымызды бағалайық! Барларыңызға шүкір! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін, жалған дүние бәрі өткінші! Дендеріңіз сау болсын!

  • @АсхатСағынай
    @АсхатСағынай 2 года назад +1

    Өте өте өте керемет тақырып болды. Инстаграмнанда парақшаңызды қарап отырғанмын. Түйген ойларыңызбен бөліскеніңіз үшін рахмет. Шыныменде адам ұмытқыш келеді, дүниеге беріліп кете береміз. Шынайлық, қарапайымдылықты, бұл өмірдің уақытша екенін жеткізгеніңіз үшін рахмет Алла разы болсын. Алла шипасын берсін. ТТБ осылай керемет пайдалы тақырыптарыңызбен тәжірибелеріңізбен бөлісіп жатқандарыңызға рахмет осылай аман есен жүре беріңіздер🤲🏻

  • @МайяСуенишева
    @МайяСуенишева 2 года назад +3

    Керемет өте дұрыс Нағыз өмір осы

  • @Жанбатыр-х2м
    @Жанбатыр-х2м 2 года назад

    Ассаламу алейкум!Алла қолдасын!

  • @akerkeyessenbekova8187
    @akerkeyessenbekova8187 2 года назад +8

    ТТБ-ны әбдеееен сағынып қалып едім😘

  • @Erik-Hello
    @Erik-Hello 2 года назад

    Қазақ халқына дүйнеде ең жақсылық жасаған көрші бауыр елдер. Олар Өзбібек, ҚараҚалпақ, Қырғыздар, тәжиктер, Афған елі, Ирандар. Мына осы елдер сендерге 1935 жыл көмектесіп, сендерге қыз беріп, қыз алып орыстардан аман алып қалған

  • @BAXA.TURjdjjf
    @BAXA.TURjdjjf Год назад

    Осы ағалардың қасында жүру керек біраз зат үйреніп шығасың
    Видеоларын карап сұмдық ойланып кетем

  • @laylaomirbekova6138
    @laylaomirbekova6138 2 года назад +1

    ТТБ ны корип коп пайдалы акпарат инсайттар аламын, Аман болыныздар Али копшиликке коп пайдаларыныз тиеды асиресе жастарга, Алла разы болсын ниеттеринизге

  • @aydanamurat3094
    @aydanamurat3094 2 года назад +9

    Тарихи шығарылым! Көзіме жас алып отырып қарадым. Өте әсерлі, мағынаға толы шығарылым болды, рахмет көп-көп!

  • @asemjaksybeklogoped
    @asemjaksybeklogoped 2 года назад

    Қуаныш мырза,тез сауығып кетіңіз.Барлық айтылған сөздер орынды.Осындай пайдалы бағдарламалар көп болсын.

  • @маржантлеукен
    @маржантлеукен 2 года назад

    Дурыс айтасыз Куаныш ага сизди тындап сабак алып отырмын

  • @ahmadyugnaki7639
    @ahmadyugnaki7639 2 года назад

    Куаныш мырза Рахмет сізге

  • @Gaiziza
    @Gaiziza 2 года назад +24

    Саламатсыздарма! Сіздерді көріп, естігеніме өте қуаныштымын! Кезекті выпускті асыға күттім) Өте әсерлі болды, көзіме жас келді. Қуаныш мырза тезірек оңалыңыз! Аман болыңыздар! Сіздерді жақсы көреміз!

  • @salamat965
    @salamat965 2 года назад

    Алла шипасын берін Куаныш бауырым аман есен сауығып кетіңіз, керемет бағдарлама болды

  • @Meruyert_Syraiyl
    @Meruyert_Syraiyl 2 года назад +4

    Уааааааааууу, қатты САҒЫНДЫМ. ТТБ ЖАСАЙ БЕР😍🥰🥰😍😘😘😘🌷🌷🌷

  • @aigerimabdimanap9107
    @aigerimabdimanap9107 2 года назад +4

    Қуаныш мырза алла разы болсын😇 сіздің айтқан сөздеріңізбен қаншама нәрсе үйрендік

  • @Kalan7979
    @Kalan7979 2 года назад +2

    Оте керемет болады рухани жангыру или болмаса Адами таным ерекше ой салады мейырым ойанады

  • @АйшаШугаева
    @АйшаШугаева 2 года назад +3

    Люблю вас💕

  • @БаянОралбекова
    @БаянОралбекова 2 года назад +2

    Алла разы болатындай тағдыр нәсіп етсін

  • @magjanaitbek2591
    @magjanaitbek2591 2 года назад +1

    Керемет Алла разы болсын ағалар Қуаныш аға ертерек сауығып кетіңіз ұзақ жалғассын ттб

  • @АбзалШакенов-т1й
    @АбзалШакенов-т1й 2 года назад

    Ассалау маъалейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух. Әльхамдулиллах Жақсы Насихат Аллахты еске салумыз өтте жақсы.Ескерт ескерту адамға жақсылық әкеледі ғой

  • @salimsalim-xu5ho
    @salimsalim-xu5ho 2 года назад +4

    ТТБ - көрсем болды сіздердің жандарыңызда отырғандай сезімде боламын .

  • @НурикУстинов
    @НурикУстинов 2 года назад

    Бақытты жансың Қуаныш бауырым, екінің бірін бұлай сынай бермейді ғой жаратушы, өзің білетіндей сахабалар 3күн проблема келмесе олар өздерін қояр жер таппаған, Алла мені ұмытты деп, ал сен сондай соққыдан түк болмаған, Алланың назарында екенсің бауырым және Алланың алдында тағыда көптеген істер тындыру керек болып тұр ғой. Аман бол бауырым! Қасындағы бауырларым барлығы аман болсын.

  • @galymzhantokebai9026
    @galymzhantokebai9026 2 года назад +2

    Ассалаумағалейкум ,жасай беріңіздер!

  • @Buhgalter_ode
    @Buhgalter_ode 2 года назад

    Моладец Қуаныш!

  • @Дха
    @Дха 2 года назад +4

    Қуаныштымыз,аман болайық

  • @yntamurat
    @yntamurat Год назад

    Жүрекке жеткен жақсы бір подкаст болды❤❤❤

  • @АппакТабынчаева
    @АппакТабынчаева 2 года назад

    Есен Бектай қысқа, нұсқа, аз саз, нақты және мәнді түйіндеді, сөз саптауы тамаша, адамға түсінікті әрі өтімді 👏👏👏

  • @Asmr_terapia
    @Asmr_terapia 2 года назад +1

    Осы эфирді көруді нәсіп еткен Аллаға шүкір😘

  • @englishwithaidanaaitukyzy7299
    @englishwithaidanaaitukyzy7299 2 года назад +5

    Мықты әңгімелер қозғалды 🙌

  • @КенесАлдабергенов-ы2т

    Алла шипасын берсін Қуаныш Шонбай мырза🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  • @АтантайДузанов-о3с
    @АтантайДузанов-о3с 2 года назад +2

    Өте керемет сұхбат болды инсайттар көп болды

  • @berkuteagle
    @berkuteagle 2 года назад

    Ғибрат аларлық шығарылым болды деп ойлаймын! Алда жақсы жобалар шыға берсін!

  • @ВашдругНурали
    @ВашдругНурали 2 года назад

    Өте пайдалы насихат болды

  • @СымбатТилепбай
    @СымбатТилепбай 2 года назад +1

    Алла разы болсын!✊🏻 Керемет подкаст!

  • @СаламатБекпенбет-ф8ы

    Ескендір мырзаның Грамотностына разымын. Нүкте әдемі қойылды...!!!

  • @НурилаКонырбаева
    @НурилаКонырбаева 2 года назад +2

    Өте әсерлі

  • @Бибигуль-с5з2ы
    @Бибигуль-с5з2ы 2 года назад +4

    Рахмет сыздерге үлкен, біз сіздерді жақсы көреміз, Ескендір мырза нағыз философ 🤗

  • @gulzhanmuhambetiyar2152
    @gulzhanmuhambetiyar2152 2 года назад

    Жақсы инсайт, Ескендәр мырза әлемсіз...

  • @АктолкынЖелдыбаева
    @АктолкынЖелдыбаева 2 года назад +5

    Көп рақмет барлығыңызға!❤️

  • @ЕсболУтепбаев
    @ЕсболУтепбаев 2 года назад

    Асслаумагалейкум! Аман болыңыздар!

  • @gangmars9632
    @gangmars9632 2 года назад +3

    Көп күттік

  • @doc_kudaibergenova
    @doc_kudaibergenova 2 года назад +1

    Өлмегенің жақсы екен көрмегенді көресің! Аман болыңыздар! Өзіңе көп алмау керек дұрыс айтасыздар!

  • @ТурсынбекАбдиразак-р7з

    Тамаша✊🙌