Үй жағдайында кілегей дайындаймыз

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • Қайырлы күн достар!!! Қалайсыздар? Тағы да оңай және керек рецепттердің бірі үй жағдайында кілегей дайындаймыз. Ол үшін бізге:
    - сүт 3,2% немесе 2,5% - 225 гр (менде 3,2% сүт)
    - сары май сапасы өте жоғары болуы тиіс 82,5% немесе 72,5% (Менде ДЕП фирмасының 72,5% сары майы) - 180 гр
    қажет болады. Жасалуы: сүт+сары май газда жылы отта қыздырып араластырып аламыз(қайнатпаймыз). Бөлме температурасына дейін салқындатып аламыз. Сосын блендермен шамамен 5-10 мин аралығында араластырып аламыз да 6-8 сағатқа немесе түнгі мезгілге салқындатқышқа салып қоямыз. Салқындатқыштан алып миксердің төменгі жылдамдығында 5 мин тай кілегей болғанға дейін миксерлеп аламыз.400мл сливки шығады. Жасап көріңіздер, сіздерге ұнайды деп ойлаймын.

Комментарии •